1. Бензол молекуласындағы көміртегінің барлық атомдары sp2 гибридтену күйінде болады. Созылған сегіздік пішінді, әрбір көміртегі атомының гибридтік үш электрон орбитальдары сақина жазықтығында көміртегінің көрші атомдарымен екі σ байланыс және сутегі атомдарымен бір σ байланыс түзеді. Бензол ароматикалық көмірсутектердің алғашқы өкілі. Ароматты көмірсутектердің қарапайым мүшесі – бензол С6Н6. Бензолдың құрылыс формуласы:
2. Бензол гомологтық қатар түзеді. Бензолдың молекулалық формуласына біртіндеп гомологтық айырмашылық СH2-ні қоса отырып, бензол қатарының аромат көмірсутектерін: C7H8
C8H10 C9H12, т.б. алуға болады.
Бензол қатарының аромат көмірсутектерінің жалпы формуласы -
CnH2n-6 , n= 6, 7, 8…
3. Номенкулатура және изомериясы
Сызбанұсқа№1
Физикалық қасиеттері. Бензол – түссіз сұйық, улы зат, өзіне тән иісі бар, судан жеңіл және суда ерімейді.
Химиялық қасиеттері.
1.Бензол жанып, өте көп мөлшерде күйе түзеді
2. Бром бензолмен орынбасу реакциясына түседі.
3. Бензол сутегімен қосып алу реакциясына түседі.
4. Бензолға азот қышқылымен реакцияласу тән. Концентрлі азот және күкірт қышқылының қоспасына бензол қосып, қоспаны аздап қыздырса, реакция жүріп ауыр сұйықтық нитробензол түзіледі.
5.Бензол мен хлор қоспасына жарық түсірсе, хлор бензолға қосыла алады. Гексахлоран деген атпен белгілі кристалды зат гексахлорциклогександы осылай алады:
Бензолдың формуласына қарасақ онда дара да, қос та байланыстары бар, сондықтан бензол орын басу және қосып алу реакцияларына түсе алады.
IV. Бекіту. Сәйкестендіру кестесі №1
Сәйкестендіру кестесі №1
Iтоп:
Реакция реагенттері
|
Реакция өнімдері
|
2СН4 --------
|
C2Ag2 + H2O
|
СаО + 3С -------
|
C2H4
|
С2Н2 + Н2 -------
|
C2H2 + 3H2
|
С2Н2 + НСІ ------------
|
CaC2 + CO
|
С2Н2 + Ag2O -------
|
C2H3CI
|
Сәйкестендіру кестесі II топ:
Реакция реагенттері
|
Реакция өнімдері
|
C2H2 + Br2 --------
|
CH3-COH
|
СаC2 + 2H2O -------
|
C2H2Br2
|
С3Н6Br2 + 2KOH -------
|
HOOC-COOH
|
С2Н2 + /O/ ------------
|
Ca(OH)2 + C2H2
|
С2Н2 + H2O -------
|
C3H4 + 2KBr + 2H2O
|
Достарыңызбен бөлісу: |