1. Бие байларда қандай ырым Мәтіннің бірінші бөліміне жасалады? лайықты такырып



бет100/122
Дата06.04.2020
өлшемі6,49 Mb.
#61631
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   122
Байланысты:
OKU SAUAT 2019 (1)-2 (1)


2111 – Нұсқа
1-Мәтін
Тау басын қар түсіпті. Тау басынан аса алмаған жырым-жырым ақша бұлттың бауырынан өрт шалғандай, аспандағы жалынның алауы парттай қызыл перде боп әр үйдің әйнегінде жүр. Қарағайлы алқаптың жықпылында қара киімге жасырынған ақ жамаудай іркілеп тұман жатыр. Апта бойы толастамаған нөсер тайғаны да есеңгіреп тастапты: тым бұйығы, самалы таусылып, сызы ғана қалғандай, бұрынғысынан да аспандап, керме иық мінез көрсетеді.Көк жүзіне сіңбей
282

кемер- кемерге іркіліп қалған ақша бұлттардың сүт реңі мұздай суық, шызынаған көк шағыр аспан ызғар ескендей. Еркімен өріп өз аяғымен қайтатын мал да бақайының сықырын байқатпай бүрісіп, ауылға ұрланып кіріп жатыр.




  1. Мәтінде қай жыл мезгілі суреттелген

А) жазғы тұрым В) жаз С) күз D) қыс


Е) көктем

2.Мәтін мазмұнында сөз болмайтын табиғат сипаты

А) мөлдіреген таңғы шық С) қарағайлы алқап



Е) тау басы


В) толастамаған нөсер D) көк шағыр аспан




2- Мәтін
«Көптік құдіреттіліктің бір белгісі» дегенді айтқан қазақ қандай шаруаға болса да жұмыла қимылдаудың артықшылығын пайымдаған сондай істері арқылы бауырмалдығын, ынтымағын, бір біріне ізет құрметіне танытып отырған. Ел ішіндегі күш қайраты жоқ, жалғыз ілікті қарт адамдарға қамқорлық жасау арнай ұйымдастырылады. Кеудесінде жаны бар қазақ қанша қалжыраған халі кетсе де, ары мен намысын жоғары ұстайды. «Жаным арымның садағасы» дейтіні содан. Қандай қамқорлық жасаса да ол сөз адамның намысына тимеуі керек. Барлық шара сол негізде құрылады. Сондай шараның бір түрі асар. Жалғыз басты қарт адамдардың бітпей жатқан жұмысына ауылдың жігіт желеңдері жабыла қолғабыс беріп, тез тындырып тастау әдісін қазақтар «асар» деп атайды. Мұның өмірлік, қоғамдық және әлеуметтік мәні бар. Жұмыс күші кем, ісі бітпей жатқан адамдар осы шараның арқасында шаруасын тындырып алады.

Асардың да ел қолдаған жон жосығы бар. Кез келген кісі асар салмайды. Ел назарын аударған, жұрт қолдаған сипаты сақталады.Күші мығым қайратты жігіттердің құрдастарын жәрдемдесуге шақыру асарға жатпайды. Асарды үйіне қайратты кісісі жоқ не науқасқа шалдығып қалған, шаруасының науқаны өтіп бара датқани адамдар жасайды. Ағайын жұрты мұны қолдайды. Сөйтсе де асар салушы жинаған қауымды қанағаттандыратындай дәрежеде дайындалады. Жұмыс істеушілердің қажетіне керектіні толық әзірлейді.


Асар қазақ арасында біріне бірі көмек көрсететін ымыралы салт.Ағайынын разы ету үшін қандай қиындық болса да көптің біріккен кқшімен қатар тұрып жеңудің амалы нақты шара


  1. Мәтінде қозғалатын мәселе

А) жолдастық С) шыдамдылық Е) аяушылық
В) туысқандық D) қамқорлық

  1. Асты сызылған сөзге балама болатын нұсқа

А) келісімге келу С) тіл табысу Е) ақылы көмек беру В) жоспарлы көмек беру D) бірлесіп көмек беру

  1. Берілген мақал –мәтелдердің қайсысы мәтіннің бірінші бөлімінің мағынасын ащып тұр А) көп түкірсе -көл В) қолы қимылдағанның, аузы қимылдайды

С) жаманбұзар, жақсы түзер

D) барымен базар, жоқты қайдан табар
Е) қайраты жоқ кісінің берекеті жоқ ісінің


  1. Мәтін бойынша асар сала алмайтын адамдар

А) үйінде ер адамы жоқ қауқарсыз жандар
В) күші мығым қайратты жандар
С) шаруасының науқаны өтіп бара жатқан қауқарсыз адамдар

  1. үйінде қайратты адамы жоқ балалы шағалы әйелдер Е) жалғыз басты қарт адамдар


3- Мәтін
Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүпірлей қалыпты. Анау темірқазық. Анау жетіқарақшы. Анау ақбота, көкбоз... Анау Аңырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой! Жарықтық, бұдан ұсақ , бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ соған қарамастан қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр ау! Оның сиқыры неде екен? Әлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз. Неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайток еді! Жаздың

283


жаңбырлы, құрғақ , ыстық жайлы жайсыз болатынын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды.Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар. Бәлкім, олар мынау ұйытқымасы көп аласапран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана аман қала алатын шығар...
Жолға шыққанда Үркердің маңдайынана туғанын жақсылыққа жорымаушы ма еді?! «Үміт артсаң, Үркерге қара» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдында жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе! Үркердің қарсы алдынан туғаны маңдайыңның ашылайын дегені ме екен?!


Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттан боса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді! Енді не де болса бір үміт бар емес пе!


Ендеше мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи да осылай үміт шырағы туып тұрғандай.


  1. Мәтіндегі Үркер сипаты

А)Ұсақ, солғын шоқ жұлдыз D) таң алдында ғана көрінетін жұлдыз В) тез туып, тез сөнетін жұлдыз Е) Ерекше жарық жұлдыз С) түсі көгілдір, оқшау жұлдыз

  1. «Халық не себептен «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деген?

А) Дәстүрді құрметтегендіктен D) таң алдында ғана көрінетін жұлдыз В) Жақсылыққа жорығандықтан Е) Ерекше жарық жұлдыз С) түсі көгілдір, оқшау жұлдыз


  1. Автордың « ... Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басып соққан контері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!» деп аяқтауының мақсаты қандай?

А) Келешегінен қорқу С) Өткенді дәріптеу Е) Болашаққа сенім арту

В) Болашаққа алаңдау D) Өткеніне налу


  1. Автордың жұлдыздар мен түнгі аспанды суреттеген жыл мезгілі

А) Жаз В) Күз С) Қыс D) Көктем Е) Жазғытұрым




  1. Мәтін мазмұнына сәйкес «бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!» деу арқылы автор қандай нәрсеге назар аудартады?

А) бірлікке С) сабырлыққа Е) сыпайылыққа

В) сенімділікке D) турашылдыққа


  1. Мәтіннің тақырыбы қандай?

А) дала халқы С) күндізгі аспан Е) сабырлы халық

В) ырымшыл халық D) жайлы ауа райы


4- Мәтін


  1. Тау іші .Иен жайлау . Ұшқөан құс, жүгірген аңнан өзге тіршілік белгісі білінбейді.

Жаз жәрмеңкесі тарқап, таулы өлкеге қоңыр күз қонақтаған. Аспан да жер де сұп-сұр. Жапырақтар сарғайып, өсімдік атаулы күзгі ызғырық желге елбеңдей бас ұрып, тәубеге келген сопыдай күбірлейді. Тек қия жартастарды жарып шыққан қайсар қарағайлар ғана өңін бермей, тәкаппар басын тік ұстапкөкке шаншыла қарап тұр. Сай-ссаладан құлай ағып жатқани көк қасқа бұлақтар жаздағыдай шу салып, асып-таспай , салқын сабырмен жуасын ғана сырғиды.




  1. Малшы ауылдар бұл өңірден әлдеқашан арылып, етекке түсіп кеткен. Тегіс-тепсең жерлерде, бұлақ бойларында жараның орнындай болып киіз үйлердің көшкен жұрттары көрінеді.




  1. Кеш батысымен иен жұртқа аш қасқырлар келіп, емін- еркін тіміскілейді. Қош жолдарына, айдалған мал ізіне түсіп, тұмсықтарын көтеріп, ұзақ-ұзақ қарап тұрады. Сүйек қажалап, тері-терсек, жүн-жұрқаны жұлмалайды. Бұтаның арасында қалып қойған тоқты- торымды іздеп сандалады. Жердегі жемістес досына қарайлап, көкте құзғын айналады...




  1. Жаздың шіліңгір ыстығында басынан бұлт кетпейтін Етікші шыңы бұл күнде бозғылт мұнараға оранған. Бұл Тарбағатай сілемдерінің бір- бірімен ұшарласа келіп, күрт көтерілген тұсы.Нардың жалғыз өркешіндей болып, көзге алыстан шалынады.




  1. Арғы бетке өтетін жолаушы қиын болса, көбінше осы шыңның желкесімен асатын. Өйткені өркеш-өркеш тауларға, терең құздар мен терең өзендерге соқпай өтетін ең төте жол осы. Юиік

284


жалдың басында жыртқыш аңдар да аз жүреді. Етікшінің жотасына шықсаң, таудың күнгейі мен теріскейі табанының астында жатады.


  1. Жолға шыққанына төртінші күн дегенде ұзын бойлы, қапсағай қара шал осы Етікші асуының бір оқшау биігіне көтеріледі. Бар салмағын таяғына салып, тізесі дірілдеп, зорға жылжып келеді. Кеудесі сырылдап, өкпесі аузына тығылып, әлсән-әлі тоқтап дем алады. Бірақ алдында көлденең сұлап жатып алған қырсық асудың төбесіне ббір шықсам-ау деген арманы қолтығынан демеп, өрге қарай өшіге, өршелене қайта ұмтылады.




  1. Күн тас төбеге көтеріліп, ес кетіп, жан шыққанда асудың ұшар басына да жетті-ау. Қыр жалдың үстіне шыға келгенде, гуілдеп соққан қара боран жолаушыны ұшырып әкете жаздады. Таяғына сүйеніп, төрт тағандап әзер қалды. Күні бойы жеткізбей, діңкесін құртқан шыңға ерегісті ме, болмаса «мұндай биікке үнемі көтеріле бермеспін» деді ме, әйтеуір осы арада біраз аялдағысы келді. Аппақ шоқша сақалы желге желпілдеп, сығырайған кәрі көзімен айналаны шолып, қарт жалдың басында бірталай тұрып қалды.

  2. Салқын ызғар қамсауы жоқ, көне шекпеннен лезде өте шықты. Терлеп, жіпсіп келе жатыр еді, тұла боцын суық қармап сірестіре бакстады. Ол шырқау биіктен жан-жағына соңғы рет көз тастады да, ілгері жүре кетті.




  1. Бірі тәуірі, ендігі беталысы төмен, еңіс екен. Ылдиға қарай құлдырап тез төмендеді. Көк жалап, жылтырланып алған сірі шоқайы киіздей ұйысып жатып қалған бетегеден тайғанап, тоқтамаған соң, жан дәрмен отыра қап құйрығымен сырғанады.




  1. Жалаңаш жотадан көп төмен түсіп, қалың жынысты қойнауға жеткенде, жел басылып, күн жылынайын деді. Титығы құрып, әбден қалжыраған қарттың бұдан әрі жүруге халі келмей, тәлтіректеп барды да, шоқ қайыңның түбіне қисая кетті. Арқасындағы қоржынын басына жастап, бір сәт сұлық жатты. «Әйтеуір, қиын асудан өттім ғой» - деді талмаусырып жатып, жолдың көбі кетіп, азы қалды».



  1. Кейіпкердің мақсат еткен асуын бағындырған кезі суреттелген азатжол

А) алтыншы

С) оныншы

Е) жетінші

В) тоғызыншы

D) бенсінші




14. Табиғат көрінісі суреттелген азатжол




А) бірінші

С) үшінші

Е) сегізінші

В) екінші

D) алтыншы



15. Жолаушының Етікші шыңының жотасымен жүруді таңдау себебі

А) ауыр жол С) ұзақ жол Е) қатерлі жол

В) төте жол D) жеңіл жол

16.Мәтінде суреттелетін жыл мезгілі

А) жазғытұры В) көктем С) қыс D) күз Е) жаз



  1. «Әйтеуір, қиын асудан өттім ғой, жолдың көбі кетіп, азы қалды» деген ойы арқылы автор кейіпкердің қандай сезімін көрсетеді?

А) асығыстығын

С) шарасыздығын

Е) үмітін

В) қиналысын

D) қамсыздығын




18. Мәтіннің стилін анықтаңыз




А) ғылыми

С) көркем әдебиет

Е) публицистикалық

В) ауызекі сөйлеу

D) іс қағаздар




19. Мәтінен кейіпкердің арманы сөз болатын азатжолды көрсетіңіз

А) екінші В) үшінші

С) оныншы D) сегізінші Е) алтыншы




  1. Кейіпкердің жас мөлшерін анықтаңыз

А) жігіт ағасы С) қарт адам Е) жігіт

В) орта жастағы адам D) бозбала



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет