1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны



бет22/78
Дата09.10.2022
өлшемі229,31 Kb.
#152294
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

Қазақстандағы ГУЛАГ лагерлері
Кеңес мемлекетінің жазалауға арналған жүйесінің тарихындағы,осы уақытқа дейін лайықты түрде зерттелмеген қасіретті парағын КСРО Халық Комиссиаралары Кеңесінің 1930 жылғы 7сәуірдегі «Еңбекпен түзеу лагерьлері туралы» ережені бекіту жөніндегі қаулысы ашады.Осы қаулыны қабылдау әміршілдік төрешілдік басқару әдістерін бекітумен,соның ішінде елдің қоғамдық саяси және халық шаруашылығы тыныс тіршілігін барлық салаларында қисынсыз қуғын сүргін тетігін кеңінен пайдаланумен сабақтасады.Еңбекпен түзеу лагерьлерін ұйымдастыру мен басқаруды жүзеге асыруға арналған орган ретінде ОГПУ ды таңдау кездейсоқ болған жоқ.Соның тікелей күш жігерімен ерекше міндеттегі Соловецкий легері,ГУЛАГ тың болашақ бөлімшелерінің үлгісінің құрылғаныны белгілі. Лагерьді Солтүстікте,Оралда,Қиыр Шығыс пен Орта Азияда ұйымдастыру көзделді.1930-1931 жылдар арасында бірқатар лагерьлер,атап айтқанда,Беломор Балтық,Темниковский,қарағанды,Вишерский, және Қиыр Шығыс лагерьлері ұйымдастырылды.Олардың әрқайсысы нақты шаруашылық міндетті шешу үшін құрылды.Мәселен Беломон Балтық лагері канал құрылысымен,Темниковский лагері-ағаш дайындаумен,Қарағанды лагері-ауыл шаруашылығы өндірісімен,Вишерский лагері- ағаш дайындаумен,және целлюлоз қағаз комбинатын салумен айналысты.Содан кейінгі жылдарда осы лагерьлерідің қатарына Дмитровский,Сібір,Дальстрой,Свирский және т.б лагерлер қосылды.Жалпы Еңбекпен түзеу Бас Басқармасы мен НКВД колониялары кезінде Кеңес Одағында Дальстрой,Свирский және т.б лагерлер қосылды.Жалпы Еңбекпен түзеу Бас Басқармасы мен НКВД колониялары кезінде Кеңес Одағында 63 лагерь болды,онда қамалғандардың саны 2 199 535 адамға дейін жетті.Қазақстан аумағында 1931- жылы құрылған Қарағанды лагері (КАРЛАГ) болды.Әр жылдарда саяси айыппен қуғындалған мыңдаған тұтқындар ГУЛАГ тың осы алып лагері арқылы өтті.Қазақстан аумағында Карлагтан басқа Степной,Песчанный,Луговой,Дальный деп аталатын лагерьлер де жұмыс істеді. 1930 жылғы 25 сәуірде лагерьлерді басқаратын ОГПУ құрылып, бір жылдан кейін ГУЛАГ ОГПУ атала бастады. қазақстанда 1930 жылдардың басында лагерьлер жүйесі калыптасты. 1930 жылы мамыр айында КСРО ХКК «Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру туралы» қаулы қабылдады. 1931 жылы 19 желтоқсанда «Гигант» кеңшары ОГПУ-дің Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері болып қайта құрылып, қысқаша «Қарлаг ОГПУ» аталды. Қарлагта 1 млн-дай тұтқын тіркелген. Тұтқындар құрамы үнемі өзгеріп отырды. Жаңадан леклегімен адамдар әкелініп, кезең-кезеңмен өзге лагерьлерге жәнелтіліп жатты. ГУЛАГ жобасы бойынша Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал, шын мәнінде, мұнда 75 мыңға жуық адам отырды. Тұтқындар санын арттыру Қарлагқа жүктелген халық шаруашылығы міндеттерімен-Қарағанды көмір алабын игеру, Жезқазған және Балқаш металлургия комбинаттарын салу құрылысымен тығыз байланыста болды. Сонымен бірге тұтқындардың көпшілігі ауыл шаруашылығы жұмыстарына да тартылды. Қарлаг жүйесінде мал шаруашылығы фермаларымен қатар, жеміскөкөніс өсіру, жер жырту, кірпіш зауыттары, әк өндіру карьерлері, тас көмір шахталары болды. Тұтқындар Балқаш мыс қорыту зауытының құрылысында, халықаралық атом электр станциясында, темір жол желілерінде еңбек етті. Кеңестік биліктің қуғын-сургін саясаты 1937-1938 жылдары өзінің шарықтау шегіне жетті. Толық анықталмаған кәрсетулер бойынша қазақстанда 103 мың адам сотталып, олардың 25 мыңнан астамы өлім жазасына кесіліп, атылды. Сөйтіп, өз азаматтарың жою ісінде кеңестік билік фашистік жүйелерден асып түспесе, кем түскен жоқ. 30-жылдары «отанына опасыздық жасады» деген желеумен сотталған кісілердің жарларын қамауда ұстайтын лагерьлер ашылды. Солардың бірі «Отанына опасыздық жасағандардың жарларының Акмола лагерінде» (АЛЖИР) С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ж. Шанин, С. Асфендияров, М. Тәтімов, Т. Жүргенов, Н. Нұрмақов, С. Сармолдаев, С. Есқараев және басқа белгілі қайраткерлердің жарлары қамауда ұсталды. 1938 жылы 6 қаңтарда, мәселен, мұнда 1-3 жас аралығында балалары бар 50 әйелден тұратын алғашқы этап келіп түседі. Олар ерлері саяси айыпкер ретінде сотталған, өздері жас сәбилерімен тұтқынға алынған аналар болатын. Балқаш түбіндегі әскерилерге арналған лагерьдегі жерлеу орындары Соғыстан кейінгі кезеңде тұтқындардың жаңа категориясы пайда болды: бұрынғы әскери тұтқындар, басқыншыларға көмек-тескендер, жер аударылған халықтар, тұтқын немістер мен қылмыскерлер үшін КСРО ішкі істер комиссариатының ерекше лагерьлері құрылды. Мұндай лагерьлер қатарыңа қазақстандағы далалық лагерь жатқызылды. Далалық лагерь тұтқындары «Қазмысқұрылыс» тресі мен Жезқазған руда басқармасында жұмыс істеді. Ресми құжаттарда «Қарлаг», «Степлаг», «АЛЖИР» деген атпен белгілі болған лагерьлер осы.Гулаг жүйесінің бір бөлімшесі болып табылады. Ал Гулагтың құрамына әр түрлі салалық өнерқәсіп басқармалары енді. Осылайша НКВД жазалау-куштеу органы бола отырып, шаруашылық-экономикалық мекемелердің жұмысын атқаратын орынға айналды. Қазақстанда 1939 жылы 21 еңбекпен түзету лагерьлері мен колониялары орналасты.Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Гулаг жүйесі одан әрі кеңейе түсті. Оның құрамында 56 еңбекпен түзету лагерьлері, 910 лагерь бөлімшелері, 424 еңбекпен түзету колониялары орналасты.1953 жылы 1 қаңтарда қазақстанда 1 млн-ға жуық арнайы қоныс аударылғандардың 13 мыңга жуығы лагерьлерде, колонияларда және түрмелерде тұтқында отырды. Арнайы қоныстанушылардың ішінде 450 мыңы неміс, 245 мыңы шешен, 80 мыңы ингуш, 37 мыңы грек, 35 мыңы поляк, 33 мыңы Грузиядан, 6,5 мыңы Қырымнан жер аударылған аз ұлт өкілдері еді.
26. ХХ ғ. басында қалыптасқан қазақ қоғамындағы саяси ойдың дамуы ерекшелігін сипаттаңыз.
XX ғасырдан бастап Қазақстанның әлеуметтік және қоғамдық өмірінде күрделі өзгерістер болды. Қазақ қоғамында демократиялық ой-пікір , ұлттық сана өсті . Отаршылдық –әкімшілік басқару жүйесі қазақ халқының алдыңғы қатарлы азаматарының сана –сезімі , ұлттық намысының оянуына түрткі болды.
Патша үкіметінің Қазақстандағы саяси тәртібі , оның салдары және соған байланысты қазақ қоғамында саяси –қоғамдық ой –пікірдің қалыптасуы дамуы туралы ғылыми зерттеулер жазылып, кеңестік дәуірге сәйкес бағасын алды. Бірақ оларда қазақ ағартушыларының және зиялыларының еңбектеріндегі саяси-құқықтық идеяларына ұлттық мүдде тұрғысынан баға берілмеген.
XX ғасырдың алғашқы ширегінде орын алған I орыс революциясы, ұлт –азаттық қозғалыс, Ақпан және Қазан төңкерістері ж/е т.б оқиғалар қазақ қоғамдық- саяси ойдың дамуына зор ықпал тигізді . Осы оқиғалармен қатар ел өміріндегі саяси өзгерістер қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуына әсерін тигізді . Ұлттық интеллигенция тобы қазақ қоғамдық –саяси ойдың дамуына елеулі ықпалын тигізді . Мысалы :
1. А.Байтұрсынов *Маса *, М.Дулатұлы *Оян қазақ!* кітабін жазып , қазақ халқының сол кездегі ой-санасын оятты .
2. Ә.Бөкейханов неше түрлі саяси-құқықтық идеялар мен бағдарламалар жасаумен айналысты.
3. 1913 жылдан бастап жарық көрген *Қазақ* газеті либералдық демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді . * Қазақ* газеті арқылы Алаштың зиялы қауымы қазақ халқының саяси сауатын ашты .
4. Қазақтың тұңғыш магистрі Ж.Ақбаевтың саяси күресі мен құқықтық идеялары қазақ халқының ұлттық –саяси бағытын айқындауда зор рөл атқарды
Қорыта келгенде, қазақ халқының қоғамдық- саяси ойдың дамуы қазақ ұлттық интеллигенциясымен тығыз байланыста болды . Ол болмаса қазақ халқының қоғамдық –саяси сауаты ашылмай , мәңгі түнекте қалар еді.
Қазақ балалары үшін білім алу өте маңызды рөл атқарды . Елдің дамуы үшін,саяси көзқарастың өзгеруі үшін , қазақ халқының жер бетінен ұлт болып жойылып кетпеуі үшін саяси интеллигенцияның тұрақты түрде қалыптасуы, білімділердің саны артуы маңызды рөл атқарды. Тарих сахнасына жаңа білімді, саяси интеллигенция толқыны келген сайын , саяси көзқарас өзгеріп отырды. А.Бөкейханов , Т.Рысқұлов бастаған саяси топ осының дәлелі еді. Ол кездегі басты мақсат ҚАЗАҚ ұлтын сақтап қалу , Егеменді тәуелсіз ел құру еді
27. Кеңес өкіметінің білім, ғылым саласын реформалаудағы қайшылықтары, сауатсыздықпен күрес, қазақ тілінің араб алфавитінен латын және кириллицаға көшірілуінің салдары
Сауатсыздықты жою, халыққа білім беру жүйесінің дамуы және саяси ағартушылық.
1920жылдары бейбіт өмірге көшу жағдайында сауатсыздықты жою, кадрлар даярлау, бұқара халықтың мәдени деңгейін арттыру қажеттілігі туындады.
КСРО - ның басқа аймақтарындағыдай Қазақстанда да сауатты, зиялы қауым ат төбеліндей аз болатын. Халықтың басым бөлігінде бастауыш білімде жоқ болатын. Сол себепті Қазақстанда «мәдени революция» жасау керек деп шешті.
Қазақстандағы мәдени революция басты екі міндетті шешуге тиіс болды:
Біріншіден мәдени артта қалушылықты жою.
Екіншіден білім беру, ғылыми және мәдени мекемелердің жаңа кеңестік жүйесін қалыптастыру.
Соған байланысты1920 жылы тамызда Партияның Орталық Комитетінде үгіт - насихат бөлімі құрылды. Осы жылы қарашада РКФСР Ағарту халкомы жанынан Бас саяси – ағарту комитеті іске қосылды. Бұл екі партиялық және мемлекеттік орган мәдени революцияға басшылықты жүзеге асыра бастады.
Мәдени революцияның міндеттері:
Қазақстанда мәдени революцияны түпкілікті жүзеге асыру үшін бірқатар міндеттерді шешу керек болды.
- Жергілікті жерде нақты мәдени база жасау үшін сауат ашу және саяси білім қажет болды.
- Қазақстандағы оқу - ағарту мекемелерін бір жүйеге келтіру, оқытуды бірыңғай оқу бағдарламасымен жүргізу.
- Рухани өмірге жаңа мазмұн беру үшін, қазақ социалистік музыка мәдениетін дамыту.
- Кеңестік мемлекеттердің тұтас аумағында бірыңғай мәдени кеңістік жасау үшін өлкеде өнердің жаңа түрлерін – театр, кино, бейнелеу өнерін т. б. қалыптастыру.
- Қазақстанда ғылымды қалыптастыру үшін ғылыми мекемелер жүйесін құру.
- Жергілікті халықтың қоғамдық және жеке өмірдегі рулық және діни наным - сенімдерін жойып, кеңес адамының жаңа өмірдегі салтын енгізу.
- Социалистік қоғам құру міндеттерін шешу үшін ұлттық кадрларды даярлау.
- Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім жүйесін құру.
Осылайша 1920 - 1930 жылдардағы партияның мәдени саясатының мазмұны партиялық және мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, сондай - ақ рухани саладағы мекемелер
Мен ұйымдар арқылы «жаңа кеңестік сана» қалыптастыру ісіне бағытталды.
Партия біртұтас социалистік мәдениет қалыптастыру үшін бір жағынан - халықтың білімі мен мәдениетін көтеруге, екінші жағынан – шығармашылық саласын халыққа жақындата түсуге тырысты. Біртұтас кеңестік мәдениет құру идеясы ұлттық мәдениеттің өрісін тарылтып жіберді.
Осы кезеңдердегі реформалар Қазақстанды негізінен орыстандыру саясатынның арқасында жүргізілді. Қазақ тілінің аясы тарылып, жергілікті халыққа қысым жасалды. Қазақ мектептері өте аз болды, тіпті болғандарының өзі жабылып жатты. Жергілікті халықтың бұрыннан қалыптасқан сана сезімі мен менталитеті аяқ асты болды. Осының салдарын Қазақстан халқы әлі күнге дейін зардабын шегіп келуде
28. Кеңес өкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктерін талдаңыз. 1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс. Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды. Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды. Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917ж. ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкетісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет — жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевик- тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкі- мет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды. Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады. Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқаев тағайындалды. Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды. Ол қандай шаралар: -ескі мекмелер, оның, ішінде уақытша өкіметінің комиссарлары, отарлау-шенеуіктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйелері жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады; Ескі мемлекеттік аппараты қирату отарлау саясатына берілген үлкен соққы болды. Ол еңбекшілердің кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай жасады; -шіркеу мемлекеттен, мектеп шіркеуден ажыратылды; -ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды, адамдардың сословиеге бөлінуі жойылды; -төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссиялар, милиция құрылды; -кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды -заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды; -кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады; -облыстық кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынастарды реттейтін комиссиялар құрылды; -жерге жеке иелік ету жйылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай қазақ-орстардың, патша шенеуіктерінің иелігінде болып келген, срндай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет