1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны



бет58/78
Дата09.10.2022
өлшемі229,31 Kb.
#152294
түріСабақ
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

3. Дінтану саласындағы зерттеу әдіснамасын кеңейте түсу керек, оны саясаттану әдістерімен, терең философиямен, мәдениеттанумен, құдайылық іліммен, аксиологиямен байыта түсу керек.
4. Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етуге тек дәстүрлі діндер ғана емес, сонымен қатар бірқатар жаңа діни қозғалыстар мен конфессиялардан тыс дүниетанымдық идеологиялар қабілетті. Осы әлеуетті де толық пайдалану керек.
5. Терроризмге қарсы кешенді әрекет етуде исламистік уағыздаушылардың ықпалының орталығында әлеуметтік қабат ретіндегі жастарға отансүйгіштік және адамгершілік тәрбие беруге ерекше назар аудару қажет. Осы ықпалдардан жастарды жетектеп «шығарудың» айрықша нысандарын табу керек.
6. 2011 жылының қазан айында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы азаматтардың діни сенімдер бойынша еркіндігін бекітеді және нақтылай түседі және ол мемлекеттікконфессиялық қатынастар саласындағы келеңсіз құбылыстармен тиімді күресуге мемлекетке мүмкіндік беретіндігі жайлы атап көрсетілді.
7. Дін қазіргі әлемде геосаясаттың әрекетті тетігіне айналып отыр. Қазіргі таңда көптеген күштер дінді өздерінің прагматистік мақсаттарын жүзеге асыруға пайдаланады. Наразылық қозғалыстарда дінге тарту әдістері қалыптасқан. Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудегі бағдарламаларды жүзеге асыра отырып осының бәрін ескеру керек.
8. Исламистер өздерінің уағыздарында саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени, этносаралық салалардағы болатын қайшылықтарды пайдаланатын болғандықтан қоғамдық дамудың осы салаларындағы нақты мәселелерді шешу қажет
Қазақстан өзі мүше болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында да халық¬аралық экстремизммен күресін жалғастыруда. 2000 жылы ТМД-ға мүше мемлекеттер арнайы антитеррорлық орталық құрған. Орталық ТМД-ның арнайы сала¬лық органы болып табылады және ТМД-ға мүше мемлекет¬тердің құзіретті органдарының арасындағы байланысты үйлес¬тіруді қамтамасыз етеді. 2006 жылы 8 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясын қабылдады. Бұл құжатта БҰҰ-ға мүше мемлекеттер экстремизм мен терроризмнің барлық пішінін бір жақты айыптайды жəне осыған қарсы тығыз ынтымақтастық арқылы əрекет етуге дайын екендігін көрсетеді. Стратегияны əр мемлекет шынайы түрде іске асырып жатса, діни экстремизм мен күрес шын мəнінде өз нəтижесін берер еді.
2005 жылдың 18 ақпанында «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды [2]. Аталған нормативтік-құқықтық актінің 10-бабы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің органдарымен жəне халықаралық ұйымдармен экстремизмнің алдын алу, анықтау жəне жолын кесу саласындағы өзара іс-қимылы» деген нормалардан тұрады. БҰҰ-ның «Ғаламдық террормен күрес» бағдарламасына сəйкес келеді. Еліміз аталған бағдарлама аясында бір жыл бұрын қабылданған заңы арқылы экстремизм жəне терроризмге қарсы басқа мемлекеттермен бірігіп күресу үшін дайын екендігін анықтаған.
1997 жылы ел Үкіметі «Миссионерлік əрекетпен айналысатын шетелдік азаматтарды жəне азаматтығы жоқ адамдарды аккредитивтеу тəртібі туралы Ережені» бекітті. 2005 жылдың шілдесінен бастап миссионерлік əрекет Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы жəне діни бірлестіктер туралы» Заңымен реттеледі. Реті келгенде айта кететін жағдай, қоғамда қалыптасқан пікір бойынша миссионерлік қызметтің заңда берілген анықтамасы күрделі толықтыруды қажет етері анық. Бұл мəселені қазіргі таңда танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар, шығармашық зиялы қауымның көрнекті өкілдері, Парламенттің жекелеген депутаттары мен көкірегі ояу, көзі ашық қатардағы жұртшылық өкілдері жеткілікті деңгейде көтеріп келеді.
2004-2005 жылдары Қазақстанның Жоғарғы соты «Аль-Каида» ұйымын, «Шығыс Түркістанның исламдық партиясын», «Курдтар халық конгресін», «Өзбекстанның исламдық қозғалысын», «Асбат-аль-Ансарды», «Мұсылман бауырларын», «Талибанды», «Боз гурдты», «Орталық Азияның моджахедтер жамаатын», «Лашкар-и-Тайбаны» жəне «Əлеуметтік реформалар қоғамын» лаңкестік ұйымдар деп тауып, олардың Қазақстан аумағында əрекет етуіне тиым салды. 2005 жылы Астана қаласының соты «Хизб ут-Тахрир аль-Исламиді» экстремистік ұйым деп тауып, оның қызметіне ел көлемінде нүкте қойды. Қисыны келгенде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-ші бабы, 3-ші тармағында діни негізде құрылған партиялардың іс-қимылына тиым салынатыны жазылғанын атап өткен жөн. 1999 жылы Қазақстан Республикасының «Терроризммен күрес туралы» Заңы, 2002 жылы 19ақпанда «Қазақстан Республикасында терроризммен күрес туралы кейбір заң актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңы, 2005 жылы Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы күрес туралы» жəне «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері жайлы кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдары қабылданды. Аталған заң актілеріне сəйкес, экстремистік жəне террористік əрекеттер үшін жауапкершілік күшейтіле түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет