1 билет Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық еңбектері


билет 1. Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы және Алаш қозғалысы. Бірінші жалпықазақ сьезі және оның шешімдері



бет19/28
Дата08.02.2022
өлшемі147,59 Kb.
#119642
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Байланысты:
1 билет азіргі аза стан жазушылары мен композиторларыны шы ар

20 билет
1. Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы және Алаш қозғалысы. Бірінші жалпықазақ сьезі және оның шешімдері.
2. XX ғ. 50-60 жылдарындағы Қазақстан өндірісі мен энергетикалық дамуындағы жетістіктер мен қайшылықтар. 1959 жылғы Теміртау оқиғасы.
3. Қазақстандық модернизация: жоспарлы экономикадан нарыққа көшу.


1) Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері аз уақыттың ішінде ұлтымыздың мәдениетін тек өз елімізде ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге таныта бастады. 1995 жылы ЮНЕСКО ауқымында ұлы Абайдың 150 жылдығы, ал 1997 жылы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойлары, 1996 жылы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 80 жылдығы, дарынды ақын, халықтар достығын жырлаушы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерей тойын тойлау еліміздің тарихындағы жарқын оқиға болды. Еліміздің Президенті жарлығымен 1997 жыл жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланса, 1998 жыл – Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп атап өтілді. Тарих жылы 23 ірі-ірі ғылыми форумдардың өткізілуімен ерекшеленді. Соның ішінде Республика ұлттық ғылым академиясы тарихында тұңғыш рет АҚШ, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Жапония ғалымдарының қатысуымен отандық тарих проблемаларына арналған арнайы сессия өткізілді. Сондай-ақ, “Жібек жолы және Қазақстан”, “А.Байтұрсынов - ғалым, ағартушы, қоғам қайраткері”, “Қазақстанмен шекаралас аумақтардың тас дәуірі” сияқты халықаралық және көптеген республикалық ғылыми конференциялар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Республиканың барлық облыстарына, сондай-ақ, көрші елдердің шекаралас аудандарына ірі-ірі 24 ғылыми экспедициялар аттандырылды. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірінде, Ордабасы тарихи-мәдени аймағында, Орталық Қазақстан аумағында археологиялық зерттеулер жүргізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1999 жыл - Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп жарияланды. Осымен байланысты өткен ғасырлардан жеткен орасан зор мәдени-тарихи мұраны сақтап, оны жинақтап келешек ұрпақтың игілігіне айналдыру міндеті қойылды. Өйткені еліміздің аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени объектілер бар, олардың 8 мыңнан астамы мемлекеттің қорғауына алынып, 10-ы ЮНЕСКО-ның Бүкіл дүние жүзілік мұраларды сақтау орталығының жасалған тізіміне енгізілген. Қазақстан полиграфиялық баспаларынан тарихи-мәдени мұраларды, әлем әдебиетінің ең үздік үлгілерін жарыққа шығару жандана түсті. Соңғы жылдары “Қазақстан ұлттық энциклопедиясының” 10 томы, Н.Ә.Назарбаевтың “Ғасырлар тоғысында”, “Сындарлы онжылдық” т.б. еңбектері, 10 томдық “Тарихи және мәдени ескерткіштер” жинағы, Мұстафа Шоқай шығармаларының екі томдығы, Қытай мұрағаттары негізінде қазақ тарихына арналған бес кітап, бес томдық Қазақстан тарихының үш томы жарық көрді. Қазақ халқының 125 томдық ауыз әдебиетін, “Алаш мұрасы” атты көп томдық серияларын, Ә.Марғұлан еңбектерінің 14 томдығын, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин тағы да басқа қазақ әдебиеті классиктерінің көп томдық серияларын басып шығару қолға алынды. Алдағы кезеңде республика мәдениетін дамыту үшін барлық мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, оған қолайлы жағдай жасау міндеті тұр. Осыған байланысты Президент Н.Ә.Назарбаев “Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары” Жолдауында мәдениетті дамытудың нақты жолдарын “Мәдени-тарихи мұраны сақтау” деген бөлімінде ерекше атап көрсетеді. Онда мынадай нақты міндеттер қойылған: Біріншіден, халықтың орасан мол мәдени мұрасын, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениетін, фольклорын, дәстүрлері мен салттарын зерделеудің біртұтас жүйесін жасау. Екіншіден, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету. Үшіншіден, ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту және кеңейтілген көркем, ғылыми, өмірбаяндық дестелер жасау. Төртіншіден, мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды қорын жасау.
Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп қарулы көтеріліс жолымен емес, ұтымды саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында қазақ халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның әрекеттері кейініректегі Алаш қозғалысының бастамасы болды.Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов жетекшілігімен ұлттық зиялылар ұлт азаттығы үшін саяси күрес жолдарын меңгере бастады. Олар түрлі қозғалыстарға қатысып, үгіт-насихат жұмыстары үшін газеттер, кітаптар шығаруды жолға қойды. 1911 жылдан «Айқап» журналы, 1913 жылдан «Қазақ», артынша «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақжол» газеттері ұлт-азаттық күрес жолын айқындауға қызмет етті. Алаш қозғалысы- қазақ елінің өзін- өзі басқару және біртіндеп дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне қоныс аударуға шек қою, адам құқын қадір тұту, экономиканы дамыту, қазақ тілінің беделін арттыру жолындағы күресті басты мақсат етті. Алаш қозғалысы арқасында 1917 жылы қазақ комитеттері, Түркістан автономиясы және Алашорда үкіметі құрылды. 1917 жылыпайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылды. Алаш қозғалысының барлық жақтаушылары қуған-сүргінге ұшыратылып, өлім жазасына кесілді. Бірақ Алаш қозғалысынан басталған ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Одан кейін ұлт-азаттық жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С.Спандияров, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев сынды зиялылар қызметінде жалғасын тапты. Алайда тоталитарлық билік оларды Алаш қозғалысы ізбасарлары ретінде жаппай жазалады. Сөйтіп, Бірінші орыс төңкерісінен бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30-жылдарға дейін жалғасты.
Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды:
1. Мемлекеттік құрылыс. 2. Қазақ автономиясы. 3. Жер мәселесі. 4. Халық милициясы. 5. Земство. 6. Оқу мәселесі. 7. Сот мәселесі. 8. Дін мәселесі. 9. Әйел мәселесі. 10. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы. 11. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі. 12. Қазақ саяси партиясы. 13. Жетісу оқиғасы. 14. Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу.
Сиез қабылданған қаулы бойынша Ресей «демократиялық федеративтік республика болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» болды. Делегаттар жер туралы мәселені аса ұкыптылықпен талқылап, 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Онда: «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін» деп көрсетіліп, бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді кері қайтару талап етілді. Делегаттар «жер туралы қазақ өз алдына заң жобасын жасасын» деген ұсыныс білдіріп, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының болашақ депутаттарына жиналыста бұл мәселені талқылап, оған депутаттыққа кандидат етіп 81 адамнан тұратын тізімді бекітті. Олардың ішінде Ә.Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Айдархан Тұрлыбаев, А.Сейітов, М.Дулатов, А.Бірімжанов, С.Қадырбаев, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, Мұхаметжан Тынышбаев, Ы.Жайнақов, С.Аманжолов, М.Шоқай, Ә.Кенесарин, Қ.Қожықов, Ғ.Оразаев, Б.Құлманов, У.Танашев секілді белгілі қазақ зиялылары болды. Сондай-ақ, депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылғандардың арасында Г.Н. Потанин, В.Чайкин, Т.Нарботабеков, Ә.Диваев сияқты басқа ұлт өкілдері де бар еді.
Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сиез шешімімен Ақмоладан А.Тұрлыбаев, Семейден Ә.Сәтбаев, Торғайдан Ә.Байғарин, Оралдан Досмұхамедұлы, Бөкей ордасынан У.Танашев, Жетісудан Б.Мәметов, Сырдариядан М.Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланды. Бірінші жалпықазақ сиезі қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуы тиіс деп есептеп, бұл партия бағдарламасының жобасын Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Сиездің шешімі бойынша, құрылатын партия парламенттік негізде демократиялык ұстанымдарды басшылыққа алған, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғауды мақсат тұтқан саяси партия болуы тиіс еді. Сиез жұмысы барысында бір топ делегат партия құру ісіне байланысты сөйлеген Бөкейханұлынан ресейлік кадет партиясына қатынасын ашық мәлімдеуді талап етті. Соған байланысты болашақ партия басшысы кадет партиясынан шығатынын мөлімдеді. Сиез өз қаулыларында «осы күнгі тұрақты әскер орнына халық милициясы құрылсын» деп, ұлттық әскер жасақтауды, «көшпелі елдерде отырықшылардікі секілді тоқтаусыз болыстық земство ашылсын» деп, земстволық басқару жүйесінің қазақ тұрмысына бейімделген түрін ұйымдастыруды, «қазақтың народный сотын» жойып, оның орнына «қазақ тұрмысына лайық сот - айрықша сот» құруды жақтап шықты. Сиездің оқу-ағарту ісі, әйел теңдігі және дін мәселелері бойынша қабылданған шешімдері қазақ зиялыларының бұл қоғамдық мәселелерді түсініп, шешуде өз заманындағы қоғамдық ойдың алдыңғы қатарында тұрғандығын айғақтайды. Оқу-ағарту ісіне байланысты «бастауыш білім жалпыға міндетті болсын, бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде жүрсін, мектеп оқулықтары және мерзімді басылым «Қазақ» газеті емлесімен жазылсын» деп көрсетіп, ал әйел теңдігі жөнінде «әйелдер саяси құқықта ерлермен тең, ерге шығу еркі әйелдің өзінде болсын, қалыңмал жойылсын, 16-ға толмаған қызға құда түсу болмасын, неке қиярда әйел мен еркекті беттестіріп, ризалықтары ескеріліп отырсын» деп қаулы етті. Сиез Жетісу облысында туындап отырған жағдайды талқылап, Ресей ішкі істер министрі атына: «Жетісудағы қазақ-қырғызды атып-жаншып жатқан мұжықтардың және соғыстан қайтқан солдаттың қолынан қару-жарағын жиып алып, халықты тыныштандырсаңыз екен», - деген мазмұндағы жеделхат жолдады. Сонымен бірге Жетісу облысындагы ашаршылықтан қырылып жатқан қазақ-қырғызға «алаш баласының жәрдем беруін» өтініп үндеу тастады. Киев қаласында тамыз айында өтуі тиіс федералшылар сиезіне Бөкейханды, Досмұхамедұлын және Танашевты жіберу жөнінде шешім қабылданды. Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына С. Кенжеұлы баратын болып белгіленді. Сиездің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қабылданған қарарлар кейінірек, 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланған «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасында басшылыққа алынды.


2) КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды». Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен баскарудың екі түрін көруге болады: 1.Орталықтандырылған басқару Территиориялық басқару 2.Салалық халық шаруашылық министрлік Кеңестері 1957 жылғы реформаның кемшіліктері : 1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға басшылық ету ісін қайта құру ойдағыдай нәтижелер бермеді. Керісінше, 1) экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік болмады, 2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне нұқсан келтірді, 3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды, 4) бұрын кәсіпорындар министрліктер тарарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері жүргізетін болды, 5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді. Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кәсіпорын жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың тиімсіздігін ашық айтып жүрді. Сәтсіздіктер күйгеліктік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді. Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен байланысты болды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды. Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия үйымдары болып бөлінді. Сөйтіп, жасалған реформалар басқару аппаратындағы абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркілістерді туғызды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.
Қарағанды облысында Қазақстанның тау-кен металлургиясының бірден-бір орталығын құру жоспарланды. Теміртауда Бүкілодақтық комсомол-жастар құрылысы мәртебесіне ие болған Қазақстандық «Магнитка» металлургиялық зауытының құрылысы іске қосылды. Республикамызға өзге де одақтас республикалардан, сондай-ақ социалистік мемлекеттер достастығы елдерінен жұмысқа келушілер саны көбейе бастады. Теміртау халқының күрт өсуіне байланысты жұмысшыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі алда тұрды. Барлық жұмысшыларға бірден пәтер жетіспей, олардың көпшілігінің вагондар мен барактарда, брезент палаткада өмір сүруіне тура келді. Сонымен қатар медициналық қызмет көрсету, мәдени демалыс орындары (клуб, жөндеу орындары мен шеберханалар), білім беру (мектептер) және дүкен, асхана, буфеттерден, әсіресе жаз күндері ауыз судан жергілікті халық тапшылық көрді. Бірақ бұл қиыншылықтардың барлығы өткінші ауыртпалықтар ретінде қарастырылды. Алайда өндіріс аясындағы дағдарыс одан әрі тереңдей берді. Мысалы, құрылыс материалдарының әкеліну кестесінің бұзылуы, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, апаттардың жиілеуі, техниканың бүлінуі, тұрып қалуының салдары құрылыстағы кадрлардың тұрақтамаушылығына әкеліп соқтырды.
Осындай жағдайға байланысты жұмысшылар арасында наразылық туа бастады. 1959 жылдың тамыз айында жұмысшылардың жергілікті өкіметпен қақтығысы болды. 1 тамызда сенбі күні кешке жұмысшылардың бір тобы ауысымнан кейін бірде-бір ашық асхана таппады. Бұл жұмысшылардың наразылығын туғызды (89 мың жұмысшыға әрқайысысы 2120 орыннан 178 асхана болды). Асханалар мен дүкендерде ойран салу әрекеттері басталды, көшелерде ереуілдер мен бүліншіліктер ұйымдастырылды, қалыпты өмір-салты бұзылды.
1959 жылдың казан айында Мәскеуде болған КОКП ОК-і Президиумының мәжілісінде Теміртаудағы оқиғаларға байланысты «Қарағанды металлургия зауытын салу мәселелері туралы» қаулы қабылданды. Осы бойынша кінәлілер анықталып, жауапкершілікке тартылды. Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы П.Н.Исаев пен «Қазметаллургқұрылыс» тресінің бастығы Вишневский кінәлі деп жарияланды.
Теміртаудағы бүліншіліктің негізгі себебі — жұмысшылар арасында тәрбиелік және саяси үгіт-насихат жұмыстарының қанағаттанарлық жағдайда жүргізілмеуі деп есептелді.


3) Қазақстанның шаруашылығы: ежелгі уақыттан егемендікке дейін. Біздің Отанымыздың қазіргі шаруашылығы бірнеше ұрпақтың еңбегімен жасалған. Оның қалыптасуына қоғам дамуының тарихи жағдайлары үлкен әсерін тигізді. Бұл ұзақ та күрделі үрдісті 4 кезеңге бөлуге болады.
1.Көшпенді – мал шаруашылығы экономикасы-5000 жыл бұрын-ХІХ ғ.ортасында
2.Нарықтық экономиканың пайда болуы- ХІХ ғ. ортасы-1920 ж. Аяғы
3.Жоспарлы экономика –1920 ж. Аяғы-1990 ж. Басы
4.нарықтық экономикаға қайта оралу –ХХ ғ. 90ж. Басынан қазіргі уақтқа дейін
Бірінші кезең өзіндік ерекшелігі бар көшпенді мал шаруашылығының ұзақ уақыт бойы қалыптасу уақытын қамтиды.
Екінші кезеңде (XIX ғ. орта-сы – 1920 жж. аяғы) Қазақстан нарықтық экономика пайда бола бастаған Ресей құрамында болды. Жаңа қалалар, кен өндіру және фабрика-зауыт өнеркәсібі пайда болды. Түсті металл, алтын, кө-мір, ас тұзын өндіру басталды. Жер астынан алғашқы мұнай фонтаны атқылады. Зырян кенішінде Ресейдің алғашқы су электр станциясы ток берді. Тамақ өнімдерін, сабын, мата, аяқ киім, құрылыс материалдарын, қарапайым еңбек құралдарын шығаратын жүздеген шағын кәсіпорындар жұмыс істей бастады. Егістік жерлер аумағы ұлғайды. Жиналған астықтың 1/3 жуығы базарда сатылды. Үй жануарларының саны көбейді.
ХІХ-ХХ ғғ. аралығында алдымен «подъездік», сонан соң Орынбор-Ташкент және Трансібір темір жолдары пайда болды. Сауда дамып, жәрмеңкелерде сауда қызды, Ресей банктерінің бөлімдері ашылды. Сарыарқаның солтүстігінде Қазақстандағы алғашқы Шортанды-Бурабай курорттық зонасы құрылды. Білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерінің негізі қаланды.
Қазастанның ең кірісі мол кәсіпорындарында американ, ағылшын және француз компаниялары орныға бастады. Дегенмен, Қазақстан Ресейдің шеткі аймақтарына тән артта қалған, ауыл шаруашылықты (аграрлы.) экономикалық аудан болып қала берді. Халықтың негізгі бөлігінің тұрмыс жағдайы өте төмен болды.
Үшінші кезең (1920 жж. -1990 жж. басы) біздің тарихымыздың кеңестік кезеңімен сәйкес келеді. Кеңес Одағында нарықтық қатынастар ығыстырылып, жоспарлы экономика қалыптаса бастады. Ел индустрия-ландыру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға бет бұрды. Бұл кезең 3-ке бөлінеді.
Соғысқа дейінгі кезде (1928-1940 жж.) Қазақстанда 860 зауыт салынып, одақтық маңызы бар отын базасы мен түсті ме­таллургия қалыптасты. Қарағанды көмір алабы игеріле және көлік қатынасы жылдам дами бастады. Алғашқы тұрақты әуе жолы Қызылорда мен Мәскеу арасын байланыстырып тұрды. Қазақстандағы ең ұзақ Түркістан-Сібір темір жолы мен Гурьев-Орск мұнай құбыры іске косылды.
1940 жылы Қазақстан КСРО бойынша өндірістік өнім шығарудан 6-орынға ие болды. Оның халық шаруашылығындағы үлесі 60%-ға жетті. Экономика аграрлық сипаттан индустриалды-аграр­лы сипатқа айналды.
Қазақстан Ұлы Отан согысы кезінде тылға көшірілген 1360 за-уыттар мен фабрикалардың 140-тан астамын өзіне қабылдады. Олар республиканың индустриалдық қуатын нығайтып, оның жаңа салаларының пайда болуына негіз болды.
Тылға көшірілген кәсіпорындар темір жол қатынасы бар қалаларға (Оралда, Петропавлда, Ақтөбеде, Көкшетауда, Семейде, Алматыда, Шымкентте, т.б.) орналастырылып, жылдам іске қосылды. Республика экономикасы қалыптасқан соғыс шаруашылығына, майданның ірі арсеналдарының біріне айналды. Бүл кеңес халқының герман фашизмін талқандаудағы Ұлы Жеңісіне Қазақстанның зор үлесін қосуына себеп болды.
Қазақстанның ғылыми базасы да кеңейе түсті. Республика эва-куацияланған 13 ғылыми мекемені қабылдап алды. Жаңадан 14 ғылыми-зерттеу институттары (ҒЗИ) ашылды. Мұның өзі акаде­мик Қаныш Имантайүлы Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын 1946 жылы құруға мүмкіндік берді.
Соғыстан кейінгі уақытта (1946-1990 жж.) экономикада орасан зор өзгерістер болды. Олар тың игерумен, өнеркәсіп алыптарын салумен, көлік қатынасы мен халыққа қызмет көрсету саласының қарқындап дамуымен байланысты болды.
25 млн га тың жердің игерілуі Қазақстанды КСРО-ның ірі астықты өлкесіне айналдырды. Бүкілодақты бидай өндіруде оның үлесі 1/5-ге жетіп, ал оның ең бағалы сорты- қатты бидай өндіруде 1/2 бөлігін құрады. Республика елдегі жан басына шаққандағы мал саны жөнінен алдыңғы орынға шықты. Қой басын 50 миллионға жеткізу көзделді.
Өзіне «алтын онжылдықтар» болып саналған 1960 жылдары өндіріс аса жоғары қарқынмен дамыды. Жүздеген өндіріс орындары іске қосылды. Олардың көпшілігіне «ерекше» (Шевченкодағы суды тұщыландыратын атом қондырғысы), «Әлемдегі бірінші» (Шевченко атом электр станциясындағы жылдам нейтронды өндірістік реактор) немесе «Әлемдегі өңірі» деген сияқты ерекше атақтар берілді.
Дамудың үшінші кезеңінде, 1940 жылдардың аяғынан бастап Қазақстан экономикасына ғылыми-техникалық революциясының (FTP) әсері күшейе түсті.
Оның негізін мүлдем жаңа техника мен технологияга қол жеткізген ірі ғылыми ашылулар құрады. Олар қысқа мерзім ішінде өндірісті, еңбекті, мәдениетті, адамзаттың тұрмысы мен психологиясын толығымен қайта өзгертті. ҒТР-ның символы болып электронды есептегіш машиналар мен атом электр станциялары (АЭС), ғарыш кемелері мен өнеркәсіп роботы, реактивті ұшақ пен теледидар, ұлы телефон мен Интернет жүйесі саналады.
Біздің елімізде FTP тек өнеркәсіпті ғана қамтыды. Оның атомдық, титан -магнийлік және басқа да маңызды салалары пайда болды. Шығыстағы Өскемен қаласында дүние жүзіндегі ірі Үлбі ме­таллургия зауыты, атом электр станциялары үшін отын өндіре бастады. Қорғаныс зауыттары байланыс құралдары мен зымырандар, микросызбалар және басқа да күрделі өнімдер шығарды.
Қазақстан жері күрделі инженерлік-техникалық кешендердің — әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы Байқоңыр мен аты шулы Семей атом полигонының құрылысы үшін таңдап алынды. Осы жерде адамзаттың ғарыштық дәуірі басталды. Қазақстан жерінен Кеңес Одағының азаматы Юрий Гагарин ғарышқа «аяқ басқан» тұңғыш адам болды.
Семей полигонындағы сынақтар КСРО-ның «ядролық қалқанын» жасау үшін «жұмыс істеді». Алайда ол сан мың адамға қайғы мен қасірет әкелді. Аумақты жерлер радиоактивті ластануға ұшырап, соның салдарынан халықтың ауруға шалдығуы мен өлім-жітім күрт өсті. Сондықтан ел Президенті Н. Ө. Назарбаев 1991 жылдың 29 тамызында арнаулы бұйрықпен полигонды жапты. Бірақ оның ғылыми-техникалық базасы Қазақстан Республикасындағы түңғыш технопарктің — атом технологиясы паркінің ядросы бо­лып қалады.
Үшінші кезеңде Қазақстан артта қалған аграрлык шет аймақтан елдің ірі өндірістік және ауыл шаруашылықты ауданына айналды. Ол өндірістік өнім өндіруден КСРО-да 4-орынға және ауыл шаруашылығы өнімі жөнінен 3-орынға шықты. Оның экономикасы КСРО-ның біртұтас шаруашылық кешенінің құрамдас бөлігі ретінде дамыды. Қазақстанда жасалған тауарлар-дың 1/3 республика аумағынан сыртқа шығарылды. Оның кәсіп-орындарының жалпы Одақ бойынша мыңдаған серіктестері бол­ды.
Бірақ жоспарлы шаруашылық күрделі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді де тудырып отырды.
Ұлттық кірістің өсу деңгейі де төмендеді, ал 1987 жылдан бастап мүлдем азайып кетті. Республика алдыңғы қатарлы елдерден еңбек өнім-ділігі жөнінен артта қала бастады. Қазақстандық жұмысшы 1990 ж. американ жұмысшысына қарағанда өнімді 4,5 есе кем өндірді. Ауыл шаруашылығында бұл айырмашылық 11 есеге жетті. Өнім сапасы, әсіресе, халық тұтынатын тауарлар сапасы төмендеп кетті. Экономика адам қажеттілігіне қызмет етуден гөрі отын, шикізат, металл өндіруді арттыруға бағытталды. Қазақстан 5 млрд доллардың өнімін шетке шығара отырып (әлемдік бағамен алғанда) өзін-өзі дамытуға қаржы жеткізе алмады. Оның 1/5 КСРО-нын мемлекеттік бюджетінен демеуқаржы алу арқылы қамтамасыз етілді. Азық-түлік, киім, аяқ киім және басқа қажетті тауарларға тапшылық күшейді. Олардың кейбір түрлері карточка бойынша таратыла бастады. Айлар бойы еңбекақы алмау «әдетке» айналды. Экономикалық жағдай КСР Одағын ыдырата бастаған мәселелермен күрделене түсті.
Сонымен бірге қоғам ел өмірінде түбірімен өзгеріс жасау қажеттілігін анық түсіне бастады.
Осындай жағдайда 1990 ж. басында Қазақстанның дамуынын жаңа төртінші кезеңі – мемлекеттік егемендік пен нарықтық экономикаға қайта оралу кезеңі басталды. Оның алғашқы кезі – тығырық кезі -өте күрделі болды. Кеңес Одағы жойылғаннан кейін алып елдің біртұтас шаруашылығы ыдырады. Жекелеген республика кәсіпорындарының арасындағы байланыс әлсіреді немесе мүлдем үзілді. Көптеген зауыттар тоқтап қалды. Қазақстан өндірісі 1994 жылы 1990 жылға қарағанда өнімді 2 есе кем өндірді. Мал басының саны 3 есе азайып, астық өндірудің 1/3-і ғана қалды. Баға мен жұмыссыздық қаулап өсті. Халықтың тұрмыс деңгейі құлдырап кетті. Тығы-рық жағдайы нарықтық реформаны жылдамдата түсті. Бұл реформаның мақсаты – Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағынан қайта өрлеуін, ұлттық экономиканың гүлденуін, халықтың жағдайының жақсаруы мен қазақ мемлекеттігінің нығаюын көздеді.
Экономика «ырықтандыру», (либерализациясы), жекешелендіру, ұлттың теңгенін енуі жөне саяси тұрақтылық іскерлік белсенділік пен кәсіпкерліктің өсуіне әсер етті. Елге ұзақ уақыттан кейін «үлкен» шет елдік капитал қайта оралды. Экономикадағы жағдай біртіндеп түзеліп, 1996 жылдан бастап ол көтеріле бастады.
Қазіргі Қазақстандағы экономикалық жағдай тауар өндіру мен қызмет көрсетудің өсуімен, халықтың тұрмыс деңгейінің көтерілуі мен сипатталады. Он жыл көлеміндегі төмендеуден алғаш рет халық саны көбейе түсті. Жұмыссыздық азайды. Елде отандық кәсіпкерлердің сансыз көп «таптары» «өсіп шықты». Үлкен ақша қорлары жинақталды. Ондаған қазіргі заманғы зауыттар, жаңа темір жолдар мен құбыр желілері салынды. Өз теңіз сауда флоты пайда болды. Көптеген қалаларда өзгерістер жүргізілді. Тұтыну тауарларының тапшылығы мен дүкендердегі кезектер жойылды. Қоғам кедейшілік, жұмыссыздық, ауылды көтеру, тұрғын үй салу және басқа да маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге кірісті.
2004 жылы елдегі тауар өндіру, қызмет көрсету алғаш рет 1990 жылғы деңгейді басып озды. Ол экономиканың өсуін қалпына келтіру кезеңі аяқталып, келесі даму кезеңіне аяқ басқандығын білдіреді. Оның негізгі мақсаты — экономиканы қайта құру құрылымын қамтамасыз ету, Қазақстан тауарларының бәсекелесу қабілетін көтеру және елде тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет