1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны


«Галогендер» тақырыбын оқыту әдістемесі



бет33/85
Дата08.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#124391
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85
Байланысты:
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

1.«Галогендер» тақырыбын оқыту әдістемесі.
Галогендер топшасып оқып, үйрену. Галогендер топшасын оқып, үйренудің екі ерекшелігі бар. Біріншіден, галогендердің табиғи тобы периодтық заң жэне периодтық жүйені өтер алдында қарастырылып, физикалық, сондай-ақ химиялық қасиеттеріндегі, маңызды қосылыстарының құрамы мен қасиеттеріндегі ұқсастықтары жэне айырмашылықтары анықталған болатын. Хлорсутек, тұз қышқылының қасиеттері жэне түздары окушыларға белгілі.
Екінші ерекшелігі - бұл периодтық заңдылық пен зат құрылысы теорияларының негізінде оқылатын химиялық элементтердің алғашқы топшасы. Сондықтан периодтық заң мен атом қүрылысынын заңдылықтары оқушылардың таным эрекетін жандандыру үшін барынша толық пайдаланылады, оқушылардың өздігінен істейтін тэжірибелік жүмыстарына жол ашылады.Оқушылар галогендердің жалпы сипаттамаларымен өздігінен істейтін жұмыстар аркылы танысады. Оқуіиыларга үш тапсырма беріледі.
1-тапсырма. Галогсндердің салыстырмалы сипаттамаларын мына улгі бойынша кесте түрінде жазыңыздар: 1) электртерістілігінің кемуі бойынша химиялық таңбалары (F, CI, Br, I); 2) салыстырмалы атомдық массалары; 3) атом күрылысының электрондық жэне графикалық формулалары; 4) атом құрылысындағы: а) үксастыктары; э) айырмашылықтары; 5) жай заттарының электрондық формулалары жэне химиялық байланыстарының түрі; 6) кристалл торларының түрі; 7) агрегаттық күйі.Кестені талдау арқылы галогендердің үқсастыгы электрондык кұрылысының, әсіресе сыргқы энергетикалык деңгейлерінің бірдейлігімен, ал айырмашылығы валенттілік электрондарының ядродан алыстауымен түсіндіріледі. Жай заттар молекулаларындагы химиялық байланыстың түрлерін, кристалл торларының типін салыстырыи, физикалық касиеттерінің өзгеруіндегі заңдылықтардың беті ашылады, ол үшін окулықтағы жэне арнайы дайындалған кестелер пайдаланылады.2-тапсырма. Галогендердің сутекті қосылыстарын сипаттайтын кесте толтырыңыздар: 1) химиялық формуласы; 2) электрондық формуласы; 3) химиялық байланыстың түрі; 4) түрақтылығы; 5) кристалл торының түрі. Кесте толтырута қажетті мэліметтерді оқушылар оқулықты өздігінен оқу арқылы іздеп табады. Әңгімелесу арқылы жүмыстың корытындысын шығарғанда химиялық байланыс тузетін электрон бұлттарыныд пішініне, түзілу сызбанұсқасын сыздыруға, байланыстың сипатына, фторсутегінен иодсутегіне қарай тұрақтылығының кему себебіне назар аударылады.Жалпы сипаттамадан кейін галогендердің ішінен хлор элементі жэне оның қосылыстары толық қарастырылады. Мұның мәнісі хлор косылыстары табиғатта кең таралған, халық шаруашылығының түрлі салаларында, медицинада жэне гұрмыста жиі қолданылады, көпшілігі оқушыларға бүрыннан белгілі.Жалпы заңдылыктар тұрғысынан басқа галогендермен салыстыра отырып хлор атомының жэне молекуласының қүрылысы, алынуы, жай жэне күрделі заттармен эрекеттесуі талқыланады. Сумен эрекеттесуінің ерекшелігі жэне маңызы, бұл реакцияда хлор атомының екі жақты қасиеттер көрсететіні электрондық баланс теңдеуін талқылау арқылы нақты түсіндіріледі.Хлордың химиялық қосылыстарынан хлорсутек жэне түз кышқылы айрықша қарастырылады. Бүл косылысты өтумен байланысты газдардың мольдік көлемі, Авогадро заңы, газдардың салыстырмалы тығыздығы туралы жаңа ұғымдар беріледі. Сан есептерінің жаңа түрлері енгізіледі: 1) химиялық тендеулер бойынша газдардың көлем қатынастарын табу; 2) реакцияға кіріскен немесе шыққан заттардың берілген мөлшері бойынша көлемін табу; 3) газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеу. Бүл есептеулер оқушылардың химиялық реакциялардың сандық сипаттамалары жөніндегі білімін кеңейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет