Байланысты: 1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11
1.ХОӘ ғылымының дамуына үлес қосқан орыс және қазақстандық ғалымдардың еңбектері Химияны оқыту әдістемесі - мектептегі химия курсының мазмұны мен оны оқушылардың меңгеру заңдылығын зерттейтін педагогикалық ілім. Химияны оқыту әдістемесінің мәні химияны оқыту процесінің заңдылықтарын анықтауда жатыр. Бұл процестің негізгі құраушылары: оқыту мақсаты, мазмұны, әдістері, формасы мен құралдары, оқытушы мен оқушы әрекеті. Химияны оқыту әдістемесінің зерттеу нысаны – осы пәнді оқыту әрекеті. Оқыту педагогика, дидактика және әдістеме тұрғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып табылады. Химияны оқыту әдістемесінің негізгі функциясы оқушылардың негізгі факті, түсінік, заңдылық пен теорияны мектептегі химия курсында меңгеріп, химиялық терминологияның ерекшелігіне сай қабылдауы үшін қолайлы жолдарды анықтау.Басқа ғылым салалары тәрізді химияны оқыту әдістемесінің де өзіндік даму тарихы бар. Химияны оқыту әдістемесінің дамуы химия ғылымының деңгейімен тығыз байланысты. Әр заманның химиктерінің өздері ұсынған теориялық тұжырымдар тұрғысында оқытушылық қызметпен де айналысқаны бәрімізге мәлім. Сондықтан да химияны оқыту әдістемесі ғылым ретінде тек химия ғылымы орныққаннан кейін ғана қалыптасты.
В.Н. Верховский, Л.М. Сморгонский, Я.Л. Гольдфарб химияның жүйелі курсының бағдарламасын жасады, тұрақты оқулықтарын және тұңғыш әдістемесін жазды (1933-34ж.ж). бұдан кейінгі кезеңде орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылымын ғылыми жағынан негіздеуге Л.А.Цветков, Ю.В.Ходаков және С.Г.Шаповаленко, т.б. көп еңбек сіңірді. 1940 жылдардан бастап Қазақстанда химияны оқыту әдістемесін жасау және жетілдіру ісі қолға алынды. Бастапқыда озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін кеңінен тарату және мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатымен біраз еңбектер жазылды. Солардың ішінен О.А.Суворованың «Химияны оқытудың социалистік құрылыстың практикасымен байланысты» негізгі құралы (1940ж.)еңбектерін атап өтуге болады.
Қазақстанда химияны оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты – орта мектеп химиясының өзге пәндермен және өндіріспен байланысын ғылыми жағынан негіздеу. Д.Қоянбаев – Қазақстанның оңтүстік аймағындағы оқушылардың ауыл шаруашылық тәжірибелік жұмыстарындағы химия, С.Мұсабеков – химияны оқытудың биология және ауыл шаруашылық өндірісімен байланысы, А.Г. Гатауллин-ауыл мектептерінде химияны оқытудың топырақтану негіздерімен байланысы, Л.П. Калашникова - химияны оқытудың жер туралы ғылымдармен байланысы, Л.З. Дюсюпова - органикалық химияны оқытудың физикамен байланысы, К.А. Сарманова - химияны оқытуда оқушылардың IV-VI сыныптарда жаратылыстану - математикадан алған білімін пайдалану мәселелерін зерттеді.Қазақстандағы органикалық химияның дамуы белгілі ғалымдар –Д.В.Соколький , Т.К.Чумбалов, И.Н.Әзербаев, А.Ф.Сейтжанов есімдерімен тығыз байланысты. Бұл ғалымдар өздерімен бірге органикалық химия саласында іргелі және қолданбалы зерттеулердің дамуына маңызды үлес қосқан дарынды шәкірттер тәрбиеледі. Химияны оқыту әдістемесі жөнінде зерттеу жұмыстарының бір тобы аса маңызды дидактикалық мәселерлерді шешуге бағытталған. З.П.Петренко- металдармен байланысты оқушылардың өздігінен істейтін жұмыс формаларын салыстыру, О.Хаймолдин – химияны оқыту әрекетінде оқушылардың таным әрекетін жандандыру, А.Мырзабаев - химиядын кластан тыс жұмыстар жүргізумен байланысты оқушылардың практикалық дағдылары мен иекемділіктерін қалыптастыру, М.Д.Жадрина – химияны оқыту әрекетінде оқушылардың оқуға икемділігін дамыту мәселелері бойынша зерттеулер жүргізді. И.Нұғманов қазақ тілінде химия терминологиясының шығуы мен дамуы барысын, химия терминдерін оқыту әдістемесін, кейіннен ғылым тілінің оқыту әрекетіндегі дидактикалық қызметтерін зерттеді.
Егеменді еліміздің қоғамды қайта құру саясатына орай мектеп реформасы, оқыту тұжырымдамасы халыққа білім беру саласын кеңінен қамтып отыр. Осыған байланысты химия пәнінің мазмұны қайта қаралып, жетілдірілді. Химиядан базалық білім беретін, тереңдетіп білім беретін мектептер, орта білім беретін мектептер, оларға арналған бағдарламалар жарық көрді. Орта мектепте химияны оқытуда экологиялық, ізгілік, ұлттық, аймақтық сипат беру, оқу мазмұнын түрлендіру, демократияландыру қазіргі кезде жалғасын тауып отыр. Осы мәселенің бәрін жіктеп, талдап, саралау химияны оқыту әдістемесінің үлесіне тиеді.
1930 жылдан химияны оқыту әдістемесі - дамуының жаңа кезеңі. С. Г. Крапивин (1863-1926) «Химияны оқыту әдістемесі бойынша жазбалар» бұл алғаш рет мұғалімдерге арналған химияны оқыту әдісі туралы жазылған үлкен еңбек болды. Онда мектепте химиялық экспериментті қою, химиялық тіл туралы пікірлер берілді. В.И. Верховский химия оқулығының мазмұны мен құрылымын құрды. Мемлекеттік бағдарлама, мектеп оқулығын, мұғалімдерге арналған кітаптар жазды. Ең маңызды еңбегі «Орта мектептегі химиялық эксперимент техникасы мен әдістемесі».
1940 жылдардан бастап Қазақстанда химияны оқыту әдістемесін құру және жетілдіру басталды. Химияны оқыту әдістемесінен зерттеу жұмыстары 50-ші жылдары қазақтың Абай атындағы педагогика институттарының химия кафедрасы, республикалық Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институты жанынан аспирантура ұйымдастырылғаннан кейін жандана түсті. Л.П. Калашникова химияны оқытудың жер туралы ғылымдармен байланысы, Л.З. Дюсюпова – органикалық химияны оқытудың физикамен байланысы, К.А. Сарманова химияны оқытуда оқушылардың ІV-VI кластарда жаратылыстану, метематикадан алған білімін пайдалану мәселелерін зерттеді. С.Мұсабеков химияны оқытудың биология мен ауылшаруашылық өндірісімен байланысын зерттеді.