1. «Су. Ерітінділер. Негіздер» тақырыбының мазмұны мен оқыту әдістемесі.
Су. Ерітінділер. Негіздер» тақырыбында оқушыларды негіздер класымен таныстыру өтеді. Алдымен сілтілер оқытылады. Судың сілтілік және сілтілік жер металдарымен әрекеттесуі және олардың оксидтерімен әрекеттесуі сілтілерді оқытуға өтуге жағдай туғызады. Себебі осы айтылғандар сілтілерді алу әдісіне жатады. Осы реакциялардың өнімдеріне салыстыру мен талдау олардың құрамы мен жалпы белгілерін орнықтыруға мүмкіндік береді.
Гидроксотоп пен оның валенттілігі жайлы түсінік те осы жерде беріледі. Оған реакция механизмін анықтайтын реакция теңдеуін мысалға келтіру көмектеседі.
Na+H-OH=Na-OH+H
Na+H-OH=Na-OH+H
2Na+2H2O=2NaOH+H2
H-OH түрінде жазылған су формуласы мен Na-OH түріндегі натрий гидроксиді формуласын салыстыру гидроксо мен оның валенттілігі жайлы мәліметтерді қорытындылауға мүмкіндік туғызады.
Сілтілер қасиетімен танысу типтік өкілдері NaOH, KOH, Ca(OH)2 мысалында өтеді. Оқушыларды олардың сыртқы түрімен, ерігіштігіне, индикаторға қатысымен, мата, киім, қағазға әсерімен таныстырып, олармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларымен таныстыру керек. Және олармен жұмыс істеу икемділігін қалыптастырған дұрыс. Бұл сабақта оқушылар жаңа индикатор фенолфталеинмен танысады, сілтілерді анықтау дағдысын игереді. Оқу танымдық әдіс ретінде оқулықпен өздігінен жұмыс, зертханалық эксперимент және оқытушы әңгімесін алуымызға болады.
2. 11 - сынып. 13 - тарау. "Жаңа заттарды және материалдарды өндіру". Жаңа материалдарды әзірлеу және құру, физиологиялық белсенді табиғи және синтетикалық қосылыстар, дәрілік препараттарды синтездеу және өндіру, нанотехнология, бөлшектердің құрылымы, жаңа полимерлерді алу, жаңа материалдардың практикалық мәні.
Достарыңызбен бөлісу: |