2. Ресейдегі математика. .
Ресейде математикалық білімнің белсенді дами бастауы XVIII ғасырдан басталады. Сол кездері Петр патшаның бұйрығы бойынша теңіз флотын қалыптастыруға байланысты қорғаныс және азаматтық сала кадрларын дайындау үшін математикалық-навигациялык мектеп ашылған болатын. Алғашқы жылдардан бастап- ақ бұл бағыттағы жұмыстар қайнап жүре бастады. Мектепте жұмыс істеуге тек орыстар ғана емес шет елдерден де мұғалімдер шақыртылды. Олар арифметика, геометрия, алгебра және тригонометрия бойынша сабақтар жүргізді. Сол кезде олардың арасында ең танымал ұстаздар - ағылшын Эндрью Фарвархсон және орыс педагогы Леонтий Филиппович Магницкий болды. 4 Мектеп ашылысымен математикаға арналған кітаптардың шығарылуы қажет бола бастады және ондай кітаптар жазылды да. Соның бірі, орыс халқының ең алғашқы оқулығы Л.Ф.Магницкийдің атақты «Арифметика» кітабы болған еді.
3. . Лагранж теоремасын қолданып функциясының [-2,1] аралығында жататын C нүктесін табыңыз.
21 билет
Элементар математиканың дамуы.
Элементтар математика кезеңі. Ежелгі Греция. Әр түрлі арифметикалықәдістер мен аудан, көлем табудың тәсілдері жөнінде нақты материалдар жинақталғаннан кейін ғана(б.з.б.7 ғасырдан) математика Ежелгі Грецияда дербес ғылым дәрежесіне көтерілді. Грек ғалымдарының ( Фалес, Пифагор, Детель, Гиппократ, Евдокс, Аристотель, Евклид, Архимед, Аполлоний т.б.) еңбектері арқылы математика бірте-бірте практикалық мәселелерді ғана шешуге бағытталған жалаң эмпирикалықғылымнан өзінің нәтижелерін түпкі қағидаларын (аксиомалардан) логикалыққорытынды түрінде шығаратын дедукциялықғылымға айналды.
Бізге жеткен деректерге қарағанда геометриялық шындықтарды дәлелдеу практикасын Фалес енгізген болу керек(б.з.б.7 ғасыр). Фалес дәлелдепті деп саналатын теоремалар: диаметр дөңгелекті қақ бөледі; тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең болады; екі түзу қиылысқанда тең бұрыштар пайда болады; сәйкес екі бұрышы және қабырғасы тең екі үшбұрыш тең болады. Бұл теоремаларды оныңқалай дәлелдегені нақты дерек жоқ.
Грецияда теориялық математиканың туып өркендеуіне шешуші еңбек сіңірген екінші бір ғылыми- философиялық мектеп атақты Пифагор мектебі болды. Пифагор ғылымның төрт саласын( арифметика, музыка, геометрия, астрономия) ажыратып, бұл бағытта терең зерттеулер жүргізген. Бұл ғылым тарауларын гректер « математа» деп атаған, осыдан « математика» деген термин қалыптасқан.
Рим дәуірі. Б.з.б.3 ғасырдан бастап жеті ғасыр бойы грек ғылымының, әсіресе математикалық зертетулердің орталығы түрліше мәдениеттің тоғысқан жері Александрия қаласы болды. Александрия дәуірінің бірінші ғасыры (б.з.б.3 ғасыр) грек математикасының «алтын ғасыры» болып табылады. Евклид, Архимед, Эратосфен және Аполлоний Пергскийдің математикадағы жетістіктері негізінен осы ғасырға жатады.