1 Билет Мұнай кен орындары ашылуының негізгі тарихи кезеңдері. ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны



бет20/55
Дата20.09.2023
өлшемі7,34 Mb.
#181656
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55
Байланысты:
Мунай билеттер (1)

Молекулалық масса мұнай және оның өнімдерінің ішіндегі ең маңызды көрсекіштердің бірі. Бұл көрсеткіш будың түзілу жылуын, будың көлемін, парциалды қысымын есептеуде, сонымен қатар қайнаудың басталуы мен аяқталу температуралары жақын мұнай фракцияларының химиялық құрамын анықтауда қолданылады. Мұнай және мұнай өнімдері жеке көмірсутектер мен кейбір қосылыстардың қоспасы болғандықтан, оларды орташа молекулалық масса арқылы сипаттайды.
Мұнай фракциясының қайнау температурасы жоғары болған сайын, оның молекулалық массасы да өседі. Әртүрлі мұнайлардан бөлініп алынған бірдей фракциялардың молекулалық массалары әртүрлі болады, себебі олардың көміртекті құрамы әртүрлі.
Мұнай өнімдерінің молекулалық массаларын анықтау үшін кең қолданылатын әдістердің бірі криоскопиялық әдіс. Бұл әдіс ерітіндіге (бензолға немесе нафталинге) мұнай өнімінің өлшендісін құйған кезде ерітіндінің қату температурасының өзгеруіне негізделген.
Молекулалық массаны анықтау үшін кейде эбулоскопиялық әдіс қолданылады. Бұл әдіс ерітіндіге (бензолға немесе нафталинге) мұнай өнімінің өлшендісін құйған кезде ерітіндінің қайнау температурасының өзгеруіне негізделген.
Молекулалық массаны эмпирикалық формулалар бойынша да есептеуге болады. Көбіне Б.П.Воинов формуласын қолданады:

мұндағы a, b, c - әрбір көмірсутектер тобына тән тұрақты шама; t - өнімнің орташа қайнау температурасы.
Парафинді көмірсутектер үшін:

Мұнай фракциялары үшін:

мұндағы К – сипаттаушы фактор.
Соңғы формула бойынша есептеулер нәтижесі эксперимент негізінде алынған нәтижелерден 3-5 % айырмашылығы болады.
А.С. Эйгенсон сипаттаушы фактордан (К) тәуелді тұрақты шамаларды (a, b, c) тауып, Б.П. Воиновтың мұнай фракцияларына арналған формуласына түзетулер енгізді. Шикі мұнайдың молекулалық массасы 240-290 аралығында болады. Мұнайдың ауыр фракцияларының молекулалық массалары шамамен 700-2000 тең болады.
Тұрақты шамалардың (a, b, c) мәндері төменде берілген:




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет