1 Билет Мұнай кен орындары ашылуының негізгі тарихи кезеңдері. ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны


HC3 - CH=CH - CH3 + /O/ → 2CH3 - COOH



бет30/55
Дата20.09.2023
өлшемі7,34 Mb.
#181656
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55
Байланысты:
Мунай билеттер (1)

HC3 - CH=CH - CH3 + /O/ → 2CH3 - COOH


8. Алкендердің жануы. Сапалық құрамы алкандардай — көміртек пен сутектен тұратын болғандықтан, алкендер де жанады. Бірақ алкендер алкандарға қарағанда шала жануға (CO немесе күйе түзе) бейім болады. Оттек жеткілікті болғанда, алкендердің толық жануы нәтижесінде су мен көміртек (IV) оксиді түзіледі. Мысалы, этилен ауада жаркырап, жылу бөле жанады:
С2Н4 + 3О2 2СО2 + 2Н2О + Q
Бірақ алкендерді отын ретінде пайдалану тиімсіз болғандықтан, олар энергия көзі ретінде қолданылмайды.
Алкендердің жеке өкілдері және олардың қолданылуы
Этилен (этен) Н2С=СН2 түссіз, иіссіз, суда нашар еритін, ауадан біраз жеңілдеу, жанғыш газ. Метан сияқты этилен де оттекпен және ауамен қопарылғыш қоспа түзеді. Этиленнің жемісжидектердің пісуін тездететін ерекше қасиеті бар. Алмұрт, қызанақ, қауын, лимон сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерін жақсы сақтау үшін оларды піспей тұрғанда жинап алып, қоймада пісіреді. Ол үшін жабық қойма ауасына этилен жібереді.
Құрамында еселі байланыстары бар, реакцияға түскіш қосылыстар болғандықтан, алкендерден бағалы химиялық қосылыстар алады. Этиленнен полиэтилен, синтездік каучук, этил спирті, этиламин, этилбензол, стирол, сірке альдегиді мен сірке қышқылын, т.б. заттар алады. Полиэтилен диэлектрик болғандықтан, электр сымдарын және кабельдерді оқшаулағыш материал ретінде электротехникада қолданылады. Су мен газды өткізбейтіндіктен, тағамдық өнімдер мен әр түрлі бұйымдарды орап сақтауға және жылыжайлар мен саяжайларда шынының орнына, сонымен қатар тұрмыста полиэтиленнің кеңінен қолданылатынын өздерің білесіңдер. Этил спирті — медицинада, тамақ және химия өнеркәсібінде кең пайдаланылатын зат. Одан каучук, резеңке, т.б. заттар алынады. Пропилен (пропен) СН3—СН=СН2 — суда нашар, спирт пен эфирде жақсы еритін түссіз газ. Пропиленнен полипропилен, глицерин, изопропил спиртін, ацетон, фенол, синтездік каучук, т.б. заттар алынады.
Алкендер тұрмыс пен техникаға аса қажетті әр түрлі полимерлер (жоғары молекулалы қосылыстар) алуға қолданылады.
3сұрақ
3. Бензиндердің, нафтаздардың, керосиндердің қышқылдығын анықтау (ГОСТ 6041-51)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет