Латын Америка, Таяу жəне Орта Шығыс жəне Африка елдерінде,
Мұнай өңдеудің негізінен терең емес өңдеу немесе аздау терең өңдеу
Жүйесі жолға қойылды.
АҚШ-та қозғалтқыш отынының жоғары қолданысқа ие болуына
Жəне табиғи газ бен көмірдің арзан көзінің ашылуына байланысты,
Мұнайды терең өңдеу жүйесі іске қосылды.
Əлемдік мұнай өңдеу ісінде сапалы жəне санды секіріс 1970-
1980 жылдарында байқалды. Осы кезеңде мұнай бағасының күрт
Төмендеуі, оның өндірілуін жəне қазандық отыны есебінде пайдала-
Нуын төмендетті, сол кездері мұнайды терең өңдеу жұмыстары жолға
Қойылды. 1979 жылдан кейін мұнай өңдеудің көлемі, МӨЗ қосынды
Қуаты мен саны біртіндеп азая бастады, аз қуатты тиімсіз зауыттар
Жабыла бастады. Бұл өз кезегінде МӨЗ меншікті қуатын арттырды.
3)Индикаторлық титрлеу әдісімен хлоридтер мөлшерін анықтау
Реактивтер, зертханалық ыдыс, материалдар
Толуол немесе ксилол
Дифенилкарбазид, 1%-қ спирт ерітіндісі
Сынап нитраты, 0,01 қ. ерітінді
Деэмульгатор, 2 %-қ су ерітіндісі
Күкірт қышқылы, ерітінді 6 моль/л
Натрий гидроксиді, 5 %-қ ерітінді
Азот қышқылы, ерітінді 0,2 моль/л
Дистильденген су
Бөлектеп құйғы шыны сыйымдылығы 500 мл араластырғышы бар
Сынауықтар сыйымдылықтары 10, 25, 50 және 100 мл
Өлшеуір
Құты конустық сыйымдылығы 250 мл
Өлшегіш құтылар сыйымдылығы 500 және 1000 мл
Құйғы шыны конустәрізді
Сүзгі қағаз, қорғасын ацетатының ерітіндісі сіңірілген
Сүзгі қағаз, хлор иондарының қатысуын тексерген
Лакмус қағаз
Хлоридтерді анықтау сынап нитраты ерітіндісімен сулық суырындыны титрлеумен іске асады.
Талданушы мұнай сынамасы, 10 мин ағымында көлемінің 2/3-ісінен асырмай толтырылған шынысауыт ішінде сілкіленіліп, жақсы араластырылады. Сілкуден соң бірден талдау үшін, тамшуырмен мұнай сынамасы төменде көрсетілген мөлшерде алынады:
Хлоридтер мөлшері, мг/л 50-ге дейін 50-100 100-200 > 200
Мұнай көлемі, мл 100 50 25 10
Сынама массасы, г 100 50 25 10
Қателіктің, мл немесе г,
аспайтын мәндері 0,1 0,05 0,02 0,01
Талдау үшін эмульсиялық немесе жоғарышайырлық тұтқырлы мұнай сынамасы алынып, масса бойынша және тығыздық бойынша көлемі есептеледі.
Талданушы мұнай сынамасын араластырғышы бар бөлектейтін құйғыға алып барады. Тамшуыр қабырғаларынан мұнай қалдықтары толуолмен немесе ксилолмен төменде көрсетілген көлем ішінде жуылады:
Мұнай көлемі, мл 10-25 25-50 50-100
Еріткіш көлемі, мл 20 40 80-100
Құйғының ішіндегісі араластырғышпен 1-2 мин араластырылады. Талданушы мұнай сынамасына 100 мл ыстық дистильденген су қосылады және 10 мин ағымында құйғының ішіндегісін араластыра отыра, хлоридтер шайғындалады.
Егер тұздар шайғындалғанда эмульсия түзілсе, онда оны бұзу үшін оған 5-7 тамшы 2 %-дық деэмульгатор ерітіндісі қосылады. Шайғындаудан кейін сулық қабат конустәрізді шыны құйғыға орналастырылған сүзгіш арқылы конустық құтыға сүзіледі. Сүзгіш 10-15 мл ыстық дистильденген сумен шайылады. Шаюға барлығы 50 мл су пайдалынады.
Хлоридтердің шығарылуы толықтығын тексеру үшін бірнеше сулық суырындылар дайындалады, мұндағы әрбір шайғындаудың жүргізілу уақыты 5 мин-тан кем емес.
Алынған сулық суырындылар, 10 тамшы дифенилкарбазид ерітіндісі мен 2 мл азот қышқылы (0,2 моль/л) қатысуында, сынап нитраты еріндісімен титрленеді.
Хлоридтерді шайғындау біткен болып саналады, егер сулық суырындыны титрлеуге бірмезгілде жүргізілетін бақылау тәжірибесіндегідей мөлшердегі сынап нитраты ерітіндісінің мөлшері шығындалса.
Сулық суырындыда күкіртсутек қатысуынан талдау нәтижелерінде бұрмалау болмас үшін, сынауды күкіртсутек қатысуында жүргізу қажет. Осы мақсатта күкіртсутек қатысуында қараятын қорғасын ацетатының ерітіндісімен дымқылданған сүзгіш қағаз сулық суырынды буларына енгізіледі.
Егер күкіртсутек қатысса, онда сулық суырындыны, буға орналасқан ылғалды қорғасындық қағаз түссіз болып қала бергенінше, 5-10 мин қайнатады.
Егер жай қайнату күкіртсутек аластауды қамтамасыз етпесе, онда суырындының біріне 1 мл күкірт қышқылын қосады (6 моль/л) және онда сулық суырындыны, буға орналасқан ылғалды қорғасындық қағаз өзінің бояуын өзгерткенше-қарайғанша қайнатылады. Сосын сынама лакмус қағазы бойынша 5%-дық натрий гидроксиді ерітіндісімен бейтарапталады. Осыдан соң сулық сынаманы бөлме температурасына дейін суытады, және оның ішіндегі хлоридтердің мөлшеріне байланысты титрлеуге дайындық жүргізіледі:
Титрлеу кезінде титрлеуге дайындалған сулық суырындысы бар құтыға рН 4-ке дейінгі азот қышқылының ерітіндісі (0,2 моль/л) мен 10 тамшы дифенилкарбазид қосылады және 1 мин ағымында жоғалмайтын, әлсіз-қызғылтқа дейін боялғанша сынап нитраты ерітіндісімен (0,005 моль/л) титрленеді.
Хлоридтер мөлшері,
мг/л Титрлеуге дайындық
500-ге дейін Титрлеуге барлық суырынды алынады
500-2000 Сулық суырынды сыйымдылығы 500 мл өлшегіш
құтыға сандық мөлшерде апаралады және ерітінді көлемі
дистильденген сумен таңбаға
дейін жеткізіледі. Құтының ішіндегісі араластырылады, одан
тамшуырмен 100 мл ерітінді және сыйымдылығы 250 мл конустық
құты алынады
Хлоридтер мөлшері,
мг/л Титрлеуге дайындық
Сулық суырынды сыйымдылығы 500 мл өлшегіш құтыға сандық
мөлшерде апаралады және ерітінді көлемі дистильденген сумен
таңбаға
дейін жеткізіледі. Құтының ішіндегісі араластырылады, одан
тамшуырмен 50 мл ерітінді және конустық құты алынады және 50
мл дистильденген су қосылады
>5000 Сулық суырынды сыйымдылығы 1 л өлшегіш құтыға сандық мөлшерде
апарылады және ерітінді көлемі дистильденген сумен таңбаға дейін
жеткізіледі. Құтының ішіндегісі араластырылады, одан тамшуырмен
10мл ерітінді және конустық құты алынады және 90 мл
дистильденген су қосылады
Талданушы ерітіндінің түсі дистильденген судың түсімен салыстырылады.
Бақылау тәжірибесін жүргізген кезде конустық құтыға 150 мл дистильденген су, 2 мл азот қышқылының ерітіндісі, 10 тамшы дифенилкарбазид ерітіндісі қосылады және 1 мин ағымында жоғалмайтын, әлсіз-қызғылтқа дейін боялғанша 0,005 моль/л сынап нитраты ерітіндісімен (0,005 моль/л) титрленеді.
Хлоридтер мөлшері Х1, мг/л, NaCІ-ға есептелгенде, мына формуламен есептеледі
Х1 = (V1-V2) T1000A/V3,
мұндағы V1 – сулық суырындыны титрлеуге шығындалатын сынап нитраты ерітіндісінің көлемі (0,005 моль/л), мл; V2 - сулық суырындыны титрлеуге шығындалатын бақылау тәжірибесіндегі (мұнай сынамасынсыз) сынап нитраты ерітіндісінің көлемі (0,005 моль/л), мл; V3 – талдау үшін алынған мұнай көлемі, мл; T - сынап нитраты ерітіндісінің титрі (0,005 моль/л), мг NaCІ-дың 1 см3 ерітіндісіндегі; 1000 – 1 л мұнайдағы хлоридтер мөлшерін қайта есептеу үшін керек коэффициент; А – талданушы мұнайдың сулық суырындысы сұйытылғанынан кейінгі көлемінің титрлеу үшін өлшегіш құтыдан алынған (барлық сулық суырынды титрленген кезде A = 1) алынған ерітіндінің көлеміне қатынасын өрнектейтін коэффициент.
Мұнайдағы хлоридтердің массалық үлесі Х2, натрий хлоридіне қайта есептегенде, есептелетін формуласы
Х2 = X1 × 100/BCr,
мұндағы Х1 – мұнайдағы хлоридтер мөлшері, мг NaCІ-дың 1 мл мұнайдағы; В мен С - л-мен мл (1000)-де және мг (1000)-де қайта есептегендегі
Достарыңызбен бөлісу: |