1 Билет Мұнай кен орындары ашылуының негізгі тарихи кезеңдері. ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны



бет50/55
Дата20.09.2023
өлшемі7,34 Mb.
#181656
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
Мунай билеттер (1)

Оттекті қосылыстардыңмұнай құрамындағы үлес салмағы көп жағдайда 10%-тен аспайды. Олар қышқылдар, эфирлер, фенолдар және т.б. түрінде кездеседі. Мұнай фракцияларындағы оттектің үлес салмағы оның қайнау температурасы артқан сайын өсе түседі. Мұнай құрамындағы оттектің 90-95% мөлшері асфальтендер мен шайырлардың үлесіне тиеді.Азотты қосылыстарды азотты негіздер мен нейтрал азотты қосылыстар деп үлкен екі топқа бөледі. Күкірт мұнай және мұнай өнімдері құрамдарындағы бірден-бір кең тараған гетероэлемент болып саналады.
Мұнай құрамында күкірт еріген элементар күкірт, күкіртті сутек, меркаптандар, сульфидтер, дисульфидтер мен тиофеннің туындылары түрінде, сонымен бірге құрамында бір мезгілде күкірт, азот және оттек атомдары болатын күрделі қосылыстар түрінде де кездеседі.Минералды қосылыстар мұнайлар құрамында металдар, қышқылдар тұздары, металдардың комплексті қосылыстары түрінде, сонымен бірге минералды қосылыстардың коллоидтық ерітінділері түрінде кездеседі.

3. Физикалық қасиеттері. Мұнай – газтектес жəне қатты заттар ері-
ген, сұйық көмірсутектердің табиғи дисперсті жүйесі. Сыртқы түріне
байланысты, мұнай – қызыл-қоңыр, кейде қараға жақын немесе əлсіз
жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі. Ультра-күлгін сəулелерден
жарық шығаратын сұйықтық. Өзіне тəн исі бар, ол судан жеңіл жəне
суда ерімейді.
Мұнайдың тығыздығы 0,65-0,95 г/см3 аралығында, оның тығыздығы жоғарылаған сайын, қайнау температурасы арта береді. Қайнау
температурасы 40-300°С аралығында, қату температурасы -20°С-тан
+20°С-қа дейін болады. Орташа молекулалық массасы – 250-300, жылу
бергіштік қабілеті – 4000-4400кДж/моль. Мұнай сумен қосылғанда
тұрақты, берік эмульсия береді.
Электрлік қасиеттері. Мұнай өз бойынан электр тогын өткізбейді.
Сондықтан ол электроникада изолятор (айырғыш) ретінде
қолданылады. Мұнайдың электрлік кедергісі аса жоғары. Электр
өткізгіштігі 2,10-10- 0,3·10-18ом-1·см-1, диэлектрлік өткізгіштігі 2-2,5.
Сусыздандырылған мұнай мен мұнай өнімдері диэлектрик болып
табылады. Мұнай өнімдері бетінде статикалық электр заряды жина-
лады. Статикалық электр заряды жарқыл тудырып, қопарылуы неме-
се өртенуі мүмкін.
Мұнай өнімдерінің химиялық қасиеттері, олардың элементтік құрамы тұрғысынан қарағанда, негізінен ұқсас, өйткені бұл заттардың барлығында көміртегі мен сутегі бар. Бұл екі элемент әртүрлі құрылымдағы қосылыстар құрайды.Оларға
газдар (көміртек С1-С4);
Көмірсутекті сұйықтықтар (С5-С16);
Парафиндер (С17-ден) жатқызуға болады

26-билет

  1. Мұнайдың негізгі қасиеттерінің бірі- тұтқырлық, оны қалай түсінесіз?

Тұтқырлық – қазандық және дизель отындарының, мұнай майларының, басқа да мұнай өнімдерінің эксплуатациялық қасиеттерін сипаттайтын маңызды физикалық константа. Тұтқырлық деп сұйықтың берілген күшке кедергі көрсету мүмкіндігін айтады. Тұтқырлықтың мәні бойынша мұнайдың және мұнай өнімдерінің құбырлар немесе түтікшелер бойымен қозғалыс мүмкіндігін анықтайды. СИ жүйесі бойынша тұтқырлықтың өлшем бірлігі мПа·с өлшенеді. Тұтқырлық динамикалық, кинематикалық, шартты және құрылымды (тиімді) болып бөлінеді. Динамикалық (абсолютты) тұтқырлық () немесе ішкі үйкеліс деп сұйықтықтың қозғалыс күшіне кедергі келтіре алатын қасиетін айтады. Бұл қасиетті сұйықтық қозғалыс кезінде ғана іске асыра алады. СИ жүйесінде динамикалық тұтқырлық Нс/м2 шамасымен өлшенеді. Бұл бір-бірінен 1 м ара қашықтықта орналасқан ауданы 1 м2 сұйықтықтың екі қабатының көрсететін кедергісі. Қабаттардың араласуы үшін сырттан жылдамдығы 1 м/с болатын 1 Н күш әсер етуі тиіс. Н/м2 = Па екендігін ескеріп, көп жағдайда динамикалық тұтқырлықты Пас немесе мПас арқылы көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет