1. Білім беру бағдарламасының құрылымындағы оқу пәнінің мақсаты, міндеті мен орны



Pdf көрінісі
бет56/72
Дата21.11.2023
өлшемі3,62 Mb.
#192699
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   72
Байланысты:
Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

1.2 МӨЖ түрлері 
МӨЖ-ға бөлінген сағат көлеміне ОБМӨЖ кіреді. ОБМӨЖ - бұл білім алушы мен 
оқытушының бірлескен жұмысы. Оқу сабақтары диалогтық режимде (тренинг, пікірталас, 
іскерлік және дидактикалық ойын, презентация, кейс құрастыру, жеке, топтық жобаларды 
әзірлеу) өткізілетіндіктен, барлық білім алушылар жаңа ақпаратты бірдей тез меңгере 
бермейді, сондықтан ОБМӨЖ шеңберінде іске асырылатын қосымша қарым-қатынас 
қажеттілігі туындайды. 
МӨЖ курстың белгілі бір бөлімдері немесе бірнеше тақырыптарды, бөлімдерді 
немесе модульдерді қамтитын өзектес мәселелер бойынша жүзеге асырылады. 
Сұрақтардың белгілі бір бағыты бойынша МӨЖ айрықша зерттеу сипатына ие, көбінесе 
бұл әдіснамалық сипаттағы мәселелер болып табылады. 
МӨЖ-дің барлық түрлерін әртүрлі комбинацияларда түрлі әдістемелік әдістермен 
жүргізуге болады. 
МӨЖ-дің кең тараған түрлері:
Белгілі бір түсініктемеге тұжырымдама,қысқаша 
эссе
жазу. 
Тақырып бойынша шолу 
– баспасөзден және ғаламтордың ақпараттық 
ресурстарынан қосымша материалдарды тарта отырып, ұсынылған тақырып бойынша 1-2 
беттен тұратын шағын әдеби шолуды жазбаша түрде жазу. 
Глоссарий жазу
– берілген тақырып бойынша терминдер мен түсініктерге қысқаша 
түсіндірме беру, кроссворд құрастыруға да болады. 
Презентация
– білім алушылардың презентация үшін белгілі бір тақырыпты 
таңдауы және презентацияда қарастырылатын қандай да бір аспектіні түсінуі немесе 
түсінбеуі туралы өз көзқарасын білдіруі. Презентация уақыты 8-10 минут. Презентация 
тақырыптың ашылу деңгейіне, тыңдаушылардың қызығушылығына, және кәсібилігіне 
қарай бағаланады. 
Реферат
- белгілі бір тақырып бойынша қысқаша баяндама немесе презентация, 
онда бір немесе бірнеше көздерден ақпарат жиналады. Рефераттар ғылыми жұмыстың, 
мақаланың және т. б. мазмұнының тұсаукесері бола алады. 
Іскерлік ойын 
– рөлдік немесе командалық, болашақ кәсіптік қызметіне қажетті 
дағдыларды дайындайды. Кейде үйде дайындалуды немесе кітапханада аяқтауды талап 
етеді. 
Оқу бойынша нақты жағдаяттар 
– білім алушыдан сол сұрақтарға жауап беруді 
немесе сол проблемаға өз көзқарасын жазуды талап ететін жағдайсол мәселелер бойынша
жауап беруі керек болған немесе мәселелерге өз пайымдауын жазу керек болған 
жағдайлар. 
Топтық жоба 
– әр топта 4-5 адамнан аспауы керек, әр топ белгілі бір тақырып 
бойынша өз жобасын дайындайды. Мысалы, жоспар құру - біздің облысты еркін 


кәсіпкерлік аймағына айналдыру, бағдарламалық өнімді әзірлеу және т. б. ЭЕМ-ді, блок-
сызбаларды және т.б. қолдану ұсынылады.
Жеке жоба 
– дайындығы мейлінше жақсыбілім алушы өз қалауы бойынша жасайды. 
Жұмыс тақырыптың бірегейлігімен және зерттеу сипатына ие болуымен ерекшеленуі тиіс.
Материалдарды ауызша баяндау (presentation)
– білім алушы берілген тақырып 
бойынша өзі дайындаған өзекті материалдарды баяндайды. Презентация уақыты – 10-15 
минут. Презентация тақырыптың қаншалықты ашылғанына және қаншалықты 
қызығушылық тудырғанына (талқылау), әдебиеттің әсіресе қосымша әдебиеттің
қаншалықты қолданылғанына қарай бағаланады.
Жазбаша жұмыстар (рефераттар, эсселер) - 
әртүрлі дереккөздерді қамтуы тиіс. 
Жазба жұмысы қысқаша 1-2 бет, эссе көп дегенде 2 бетте баяндалуы тиіс.
Тест 
– әр модуль соңында өткізілуі тиіс,сондай-ақ қаралған сұрақты толық 
қамтитын болуы керек, білім алушы кез-келген тақырып бойынша студенттергеескертпей 
тест жүргізе алады. Әр түрлі тесттерді қолдануға болады. 
Кейс құрастыру – 
жағдаятты талқылау негізінде құрастырылады. Студентке 
мәселелер сипатталған жағдаят туралы ойлану ұсынылады. Сонымен бірге мәселе 
біржақты қаралмауы керек. Кейс мәселе сипаттау немесе мәселені шешу жолы 
көрсетіледі. 
Пікір - Білім алушылар бір-бірінің рефераттарына және презентацияларына 
пікір 
білдіреді
. Пікірлер баяндаманың күшті немесе әлсіз жақтарын алынған ақпарат бойынша 
қысқаша талдаудан тұрады . 
Тапсырма орындау
. Әр білім алушы оқытушыдан жазба түрде орындалуы тиіс жеке 
тапсырма алады.
Тапсырма құрастыру
. Білім алушылар дәрісте өткен тақырыптары бойынша 
тапсырма шартын құрады. Шартпен қоса тапсырма шешімі де болуы керек. 
Барлық тапсырмалар уақытында өткізілуі керек. Ағымдағы аптада тапсырмалар 
уақтылы орындалмаған жағдайда бағалау 20% - ға төмендетілуі мүмкін. 
МӨЖ ұйымдастыру үшін қажет: 
- МӨЖ тапсырмасын академиялық кезеңнің басында беру (семестр); 
- бақылаудың ағымдық және аралық түрлерін дайындау; 
- МӨЖ кеңесінің уақытын белгілеу. 
Сонымен қатар, талаптар мен жалпы нәтижелерді белгілеу маңызды, яғни 
силлабуста оқытушы білім алушыларді: а) үй тапсырмаларын орындау қажеттілігіне; б) 
орындау мерзімдерін сақтауға; в) дайындық пен жауапкершілікке бағыттауы керек. 
Интерактивтік әдістер білім алушылардың бойында қалыптастырады:
- тыңдау және қарым-қатынас дағдылары; 
- өзге адамға жанашырлық таныта білу; 
- дүниетанымды дамыту;
- мәселелерді шешу мен шешім қабылдау қабілетінінің артуы; 
- аналитикалық ойлау мен талдау; 
-экономикалық тұтас мәселелерге деген көзқарасын қалыптастыру қабілеттіліктерін 
бекіту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет