1. Биполярлы және өрістік транзисторлардың құрылымын түсіндіріңіз


Ортақ базалы күшейткіш каскадтың жұмыс жасау қағидасын



Pdf көрінісі
бет29/51
Дата28.02.2023
өлшемі0,68 Mb.
#170467
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51
Байланысты:
АҚС емтихан

38. Ортақ базалы күшейткіш каскадтың жұмыс жасау қағидасын 
түсіндіріңіз 
ОБ бар сұлбада ток бойынша күшейту болмайды, бірақ кіріс сигналының қуат 
бойынша күшейтілуі жүреді. Активті режимде коллектор мен эмиттер токтары 
шамамен тең, ал аз көлемдегі база тогы олардың айырмасына тең. Коллектор 
тогының шамасы коллектор өткеліндегі кернеуге іс жүзінде тәуелсіз, 
сондықтан коллектор өткелінің дифференциалды кедергісі өте үлкен. Осыған 
байланысты транзисторды ток көзі ретінде қарастыруға болады, сондықтан 
коллектор тізбегіне үлкен кедергісі бар жүктемені қосуға болады, ол 
коллектор тогын өзгертпейді деп айтуға болады. Тікелей қосылған эмиттер 
өткелінің дифференциалды кедергісі өте аз. Жоғарыда айтылғаннан кіріс 
(эмиттер) тогы өзгерсе, коллектор тогы да осы шамаға тең дерлік мәнге 
өзгереді. Алайда эмиттер тізбегіндегі тұтыну қуатының өзгерісі шығыс 
тізбектің тұтыну қуатының өзгерісінен әлдеқайда аз, яғни транзистор эмиттер 
тізбегінде төмен қуат шығыны кезінде коллектор тізбегіндегі үлкен қуатты 
басқаруға қабілетті. 
ОБ қосылу сұлбасы аз кіріс кедергісімен, ток, бойынша күшейтудің 
болмауымен, кернеу және қуат бойынша жоғары күшейтумен сипатталанады 
R
k
резисторы тұрақты токтағы транзистордың жүктемесі болып табылады 
және күшейту мүмкіндіктерін анықтайды. ОБ-мен қосылған сұлбада кернеу 
және қуат күшейтіледі, бірақ ток күшейтілмейді. 
39. Ортақ базалы, ортақ коллекторлы және ортақ эмиттерлі күшейткіш 
каскадтардың өзара айырмашылығын талдаңыз. 
транзистордың ену нүктесі эмиттерде, шығу нүктесі коллекторда болса, ол 
ортақ нүктесінің базада болатынына байланысты ортақ базалы (ОБ) сұлба деп 
аталады. 50
Эмиттері ортақ болса, ортақ эмиттерлі (ОЭ), ал коллекторы ортақ болса, ортақ 
коллекторлы (ОК) сұлба болып саналады. Күшейткіш каскадтарда биполяр 
транзисторының қосылу сұлбаларын салыстыратын болсақ тағы да бір 
айырмашылық байқамыз. 


Мысалы, ортақ базаның қосылу сұлбасында кіріс кедергісі төмен, ал шығыс 
кедергісі керісінше яғни өте жоғары. Ток беру коэффициенті 0.92-0.999 
арасында. Кернеу коэффициенті мен қуат күшейтуі жоғары деңгейде. 
Ал, ортақ эмиттерде кіріс кедергісі төмен болғанымен, шығыс кедергісі 
жоғары яғни жүздеген кОм. Кернеу коэффициенті жоғары. Ал қуат күшейтуі 
өте жоғары деңгейді құрайды. 
Енді ортақ коллекторге тоқталар болсақ, кіріс кедергісі жоғары, ал шығыс 
кедергісі бірде төмен бірде жоғары. 10-1000 арасында ток беру коэффициентін 
құрайды. Кернеу коэффициенті болса бірден төмен. Қуат күшейтуі жоғары 
деңгейде. Мінекей осындай айырмашылықтары бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет