1. Биполярлы және өрістік транзисторлардың құрылымын түсіндіріңіз


 Операциялық күшейткіштердің жұмыс жасау қағидасын түсіндіріңіз



Pdf көрінісі
бет50/51
Дата28.02.2023
өлшемі0,68 Mb.
#170467
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
АҚС емтихан

73. Операциялық күшейткіштердің жұмыс жасау қағидасын түсіндіріңіз 
Жұмыс істеу принципі бойынша операциялық күшейткіш кәдімгі 
күшейткішке ұқсас. Кәдімгі күшейткіш сияқты ол кіріс сигналдың қуатын 
немесе кернеуін күшейтеді. Бірақ күшейткіштің параметрлері толығымен 
оның сызбасымен анықталса, операциялық күшейткіштің параметрлері 
көбінесе кері байланыс тізбегінің параметрлерімен анықталады. Операцияық 
күшейткіштер тұрақты ток күшейткішінің сызбасы бойынша нөлдік мәндері 
бар кіріс жылжыту кернеуімен нөлді жылжытуды және шығыс кернеуді 
орындайды. Олар, сондай-ақ күшейту коэффициентімен, жоғарғы кіріс және 
төменгі шығыс кедергілерімен сипатталады. Ертеректе осындай жоғары 
сапалы күшейткіштер тек қана аналогты есептеуіш құрылғыларда суммалау 
және интегралдау сияқты математикалық операцияларды орындау үшін 
қолданылған. 
Қазіргі уақытта операциялық күшейткіштер біртұтас интегралды 
микросұлбалар түрінде орындалады және өздерінің өлшемі және бағасы 
бойынша іс жүзінде бөлек алынған транзистордан айырмашылығы жоқ. 
Операциялық күшейткіштердің іс жүзінде идеалды сипаттамаларының 
арқасында бөлек транзисторларға қарағанда олардың негізінде әр түрлі 
сызбаларды орындау айтарлықтай оңай болып табылады. Сондықтан 
операциялық күшейткіштер схемотехниканың көптеген сызықты аймағында 
бөлек транзисторларды сызба элементі ретінде ығыстырады. 
Операциялық күшейткіштің қай түрін нақты жағдайда қолдану үшін олардың 
негізгі сипаттамаларын білу қажет. Дегенмен операциялық күшейткішті 
қолданудың кейбір ерекше жағдайлары үшін олардың ішкі құрылысын білу 
қажет. 
Мұнда операциялық күшейткіштің негізгі параметрлері және анық 
шығарылатын 
элементтерді 
сипаттау 
үшін 
қолданылатындары 
қарастырылады, операциялық күшейткіштердің базасында сыртқы кері 
байланыстарды қолданып, сызбаларды құрастырудың негізгі принциптері 
келтіріледі. 
Сондай-ақ 
операциялық 
күшейткіштердің 
дәріптелген 
сипаттамаларының қолданылу шегі зерттеледі. Алынған нәтижелер келесі 
тарауларда операциялық күшейткіштің базасындағы нақты сызбаларды 
сипаттау үшін қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет