Транзисторлық күшейткіштер көбінесе ортақ коллекторлық схеманы немесе
эмиттерлі қайталағышты пайдаланады. Электронды құрылғыларда кедергіні
келісу үшін жиі ортақ коллекторлы схеманы пайдаланады, ол эмиттерлі
қайталағыш деп аталады. "Ортақ коллекторлық схема" атауы қорек көзі
алынып тасталған кезде, коллекторлық электрод схеманың кірісі мен
шығысына ортақ болатындығымен түсіндіріледі. Шығыс кернеуі эмиттер
тізбегінде
R
э
резисторынан алынады.
R
б
кедергісі базалық тізбектегі
резистивті қарсылықты ескереді. Егер транзистор белсенді режимде болса,
эмиттердің кернеуі кіріс сигналын қайталайды, осыдан тізбектің атауы
эмиттерлі қайталағыш деп айтылады. Эмиттерлі қайталағышта кернеудің
күшейтілуі байқалмайды, бірақ сол уақытта токтың күшейтілуі айтарлықтай
байқалады. Токты күшейту коэффиценті шығыс қысқыштарының қысқа
тұйықталу режимінде 1+
𝞫
мәніне ие болады. Эмиттерлі қайталағыш ЖЭ
схемадан ерекшелігі кіріс сигналы фазасын инверттемейді. Эмиттерлі
қайталағыш үлкен кіріс кедергісіне және аз шығыс кедергісіне ие, бұл үлкен
сыйымдылықты жүктемемен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Эмиттерлі
қайталағыш төменомды жүктемемен жұмыс кезінде байланыстырушы
құрылғы ретінде жоғары жиіліктерде пайдаланылады. Эмиттерлі
қайталағыштың кіріс кедергісі айтарлықтай үлкен болғанымен, көп жағдайда
оның кіріс кедергісін МегаОмдарға жеткізу қажет болады. Ол үшін эмиттерлік
тізбегінде
𝑅
э
резисторды идеалды ток көзі немесе қос транзистормен
алмастырады. Бұлардың ішкі кедергісі үлкен, сондықтан қайталағыштың да
кіріс кедергісі шексіздікке ұмтылады. Ал қарапайым күшейткіште 1+
𝞫
қатынасы
100-ден
аспайды.
Осындай
ұтымды
қасиеті
болғандықтан,қайталағыш буферлік каскад ретінде кең таралған. Яғни жоғары
шығыс кедергісі болатын сигнал көзін кіріс кедергісі аз болатын тізбекпен
ұйлестіріледі. Мысалы, фотокөбейткішпен коаксиалды кабельдің арасында
эмиттерлік қайталағыштың болуы міндетті. Себебі фотокөбейткіш- ток көзі
болып табылады, шығыс кедергсі үлкен. Ал коаксиалды кабельдің кедергісі-
оншақты Ом.
Достарыңызбен бөлісу: