1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар


Жиембет жырау Бортағашұлы (ХVІІ ғ.)



бет52/260
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#98649
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   260
Байланысты:
Көк кітап.Гүлнұр

Жиембет жырау Бортағашұлы (ХVІІ ғ.)

  1. XVII ғасырда Есім ханның тұсында өмір сүрген әрі әскер басы, әрі ақын болған жырау: (Жиембет)

  2. Есім ханның жанында ұзақ уақыт кеңесші, жырау, ықпалды бидің бірі болған жырау: (Жиембет)

  3. Жиембет жырау Бортоғашұлының атқарған қызметі: (Қолбасшы, әскербасы)

  4. Жиембет жырау кім болған? (Әскербасы әрі әйгілі ақын)

  5. Жиембет жыраудың қыс жайлауы қай жерде? (Жем – Сағыз бойында)

  6. «Беріктігімді сұрасаң,

Қарағай мен қайындай», - деп өзі жайлы жырлаған ХVІІ ғасыр жырауы әрі әскербасы: (Жиембет)

  1. Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүрген? (Есім ханның) Есім ханның есімі Жиембет жыраудың шығармаларында көп кездеседі.

  2. Қай ханның тұсында Жиембет айдауға жіберілген? (Есім ханның)

  3. Ханға қарсы тұрғаны үшін елінен айдалған ХVІІ ғасыр жырауы: (Жиембет)

  4. Жиембет жырау:

«Хан ие, ісің жол емес,
Жолбарыстай Жиембет,
Құрбандыққа қол емес», - деген жолдарды айтқан өлеңі: («Әмірің қатты Есім хан»)

  1. «Еңсегей бойлы Ер Есім,

Есімі сені есірткен
Есіл менің кеңесім,
Ес білгеннен Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін», - деген жолдардың авторы: (Жиембет)

  1. «Білік салып бұйырдың,

Қанын ішіп қаңбаққа,
Жанын отқа салмаққа...
Хан ие, ісің жол емес», - деп Жиембет жырау айтқан: (Есім ханға)

  1. «Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,

Соқыр бурыл байталға жайдақ мінгенсің», - деп Жиембет әшкереледі: (Есім ханды)

  1. «Бас кессе де басылмай,

Ақ ісімді жасырмай,
Атқа мінген ер едік», - деген жолдарды хан, әкімдерге бас имеген Жиембет жырау қай ханға арнаған? (Есімге)

  1. «Қайратым қанша қайтса да,

Мұныңа, ханым, шыдаман!» - деген жолдарды Жиембет кімге арнаған? (Есім ханға)

  1. «Арқаға қарай көшермін,

Алашыма ұран десермін,
Ат құйрығын кесермін», - деген өлең шумағындағы ақын ойы: (Опасыз хан қылығына қарсы үн қату)
«Арқаға қарай көшермін,
Алашыма ұран десермін», - деген жолдарды Жиембет жырау қай ханға арнаған? (Есімге)

  1. Жиембет жырау:

«Мен өлсем құнсыз кетер деме сен,
Кешегі өзің ұрып өлтірген Тілеуберді құлыңдай ...» - деген өлең шумағын айтқан: (Есім ханға)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет