1. Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар


Риторикалық сұрау (лепті сұрау)



бет161/163
Дата20.02.2023
өлшемі475,11 Kb.
#169474
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   163
Байланысты:
Көк кітап.

Риторикалық сұрау (лепті сұрау) – ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен өзі айқан нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту.
Балалык өтті, біздің бе?
Жігіттікке келді ңбе?
Жігіттік өтті көрдің бе?
Кәрілікке сөндің бе? (Абай)
Өлең – арнайы шумақ, тармақ,ұйқас, буын,бунақ,қалпын сақтаған, кейіпкер көңіл-күйіне неғұрлым терең үңілетін поэзиялық жанр түрі.
Шумақ- өлең жолдарының буын саны тармағы ырғағы мен мағынасы жағынан және ұйқасу үйлесімі жағынан жеке жүйе құрауы, өлең ішіндегі аяқталған бір ойды білдіретін топталған бөлшек.
Тармақ- өлеңнің әрбір жолы, ол өз ішінде бунақтарға бөлінеді,олар өлең ырғағын тудырады.
Бунақ- өлеңдегі дауыс толқындарының арасы.
Буын – өлең жолындағы дауысты дыбыстар саны.
/Арқаның/ / кербез сұлу/ / Көкшетауы,/
/Дамылсыз/ / сұлу бетін/ /жуған жауын./
/Жан-жақтан/ / ертелі-кеш/ / бұлттар келіп,/
/Жүреді/ / біліп кетіп/ /есен-сауын,/ (С.Сейфуллин)
Бұл- уш бұнақты ,11буынды өлең.
Ұйқас – өлең тармақтарының соңғы сөздеріндегі үндестік.
Түрлері:
Қара өлең ұйқасы (а,а,б,а;)
Шұбыртпалы ұйқаса а,а,а,а;)
Кезекті ұйқас а,б,в,б;)
Шалыс ұйқас а,б,а,б;)
Егіз ұйқас (а,а,б,б;)
Ерікті ұйқас а,б,в,г,б;)
Аралас ұйқас (а,а,б,в,б,в,б,б,б.)
Өлең шумағының құрылымы: (Ұйқас,буын,бунақ)
Тарамақтың соңғы сөздерінің дыбыстық жағынан үндесуі: (Ұйқас)
Өлең ұйқасының белгісі: (Тармақтың соңғы сөздерінің дыбыстық жағынан үндесуі )
Өлеңнің әрбір жолы аталады: (Тармақ)
Тармақ өз ішіне бөлінеді:(бунақ)
«Алдымда неше қатар тұрса да оқ,
Тартынып бұл сапардан қалуыи жоқ.
Сұлуын дүниенің жисаң-дағы,
Бір жарымдай болмайды көңілі тоқ,»- деген жолдарда қандай ұйқас түрі қолданылған?ҚАРА ӨЛЕҢ
А,а,б,бтүріндегі ұйқас-ұйқастың қай түріне жатады? ЕГІЗ
Желп желп еткен ала ту,
Жиырып алар күн қайда?
Орама мылтық,тарс ұрып,
Жауға аттанар күн қайда? Осы өлеңдегі ұйқас түрі:ШАЛЫС'>КЕЗЕКТІ
Абайдың А.С.Пушкинді аудару арқылы тапқан ұйқасы ШАЛЫС
«Қыста,күзде,
Қырда,құмда,
Шөлде,түзде,
Сада,шыңда...»- жеген төрт жолды шумақ құрылған ұйқас : ШАЛЫС
«Гималайда қуат бар,
Қозғалды оны құрауға.
Гималайда ұлы от бар,Таянып тұр тутауға.» Шумақтағы ұйқас түрі ШАЛЫС
Өлең жолының қандай ұйқасқа құрылғаны:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан ШАЛЫС
Қара бөрік қалпайған, а
Қайратымен мал жайған , а
Қысқа түнде қырық шапқан а. Үзіндідегі ұйқас түрі: Шұбыртпалы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет