Туған жері: Алматы облысы, қазіргі Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы.
Жинақтары: «Аппассионата», «Ильич» (1964), «Армысыңдар, достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?» (1968), «Мавр» (1970), «Дариға жүрек» (1972), «Аққулар ұйықтағанда (19731), «Чили- шуағым менің» (1975), «Өмір дастан» (1976)
Поэмалары: «Ару ана», «Дала шақтан болашаққа», «Райымбек, Райымбек!», «Мұзбалақ», «Ақ қайың әні», «Аққулар ұйықтағанда», «Моцарт. Жан азасы» т.б.
Прозалық шығармалары: «Құлпытас», «Әже», «Марусияның тауы», «Өзгермепті» әңгімелері, «Қос қарлығаш», «Жыл құстары» повестері.
Аудармалары: У.Уитмен өлеңдері, «Шөл жапырақтары» деген атпен шығарды, Шекспирдің сонеттері, Данте «Құдіретті комедия».
Драмасы: «Қош махаббат!», «Аманат» (1999) жыр кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Мұқағали Мақатаевтың өмір сүрген жылдары: (1931- 1976 ж.ж.)
Алматы облысының Райымбек ауданында дүниеге келген ақын: (М.Мақатаев)
М.Мақатаевтың балалық шағы өткен кезең: (Ұлы Отан соғысы кезінде)
М.Мақатаевтың қызмет еткен қаласы: (Алматы қаласы)
М.Мақатаевтың ақындыққа азаматтық тұрғыдан сипаттама берген өлеңі: («Толғау»)
М.Мақатаевтың өлеңі: («Қара өлең»)
Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен.
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі- құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естімеген,»- деген үзінді алынған Мұқағалидың өлеңі: («Қара өлең»)
«Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын,»- деген үзінді авторы: (М.Мақатаев)
«Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
................ жауып өзіне қайтарамын,»- деген Мұқағали ақынның өлең жолдарындағы көп нүктенің орнына керекті, дұрыс сөз: (Шекпен)
«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,»- деген өлең тармақтарының авторы: (М.Мақатаев)
«Поэзия! Менімен егіз бе едің!
Сен мені сезесің бе? Неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім.»- деген үзінді алынған Мұқағалидың өлеңі: («Поэзия»)
«Іздеймін тағат бар ма? Сені іздедім, маған егіз ғып жаратқан ба?»- деп Мұқағали ақынның іздейтіні: (Поэзияны)
М.Мақатаев поэзияны немен байланыстырған: (Адалдық асыл сезіммен)
«Сыри ашпайды сенің құла түздерің,
Сыр ашпайды тау- тастағы іздерің.
Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын,
Домбыраның пернесінен іздедім.»- деген өлең жолдары алынған Мұқағалидың өлеңі: («Поэзия»)
«Жасырмай ойымды айттым талай- талай.
Қайтейін кетті бәрі қарайламай» деген тармақтардың кімнің шығармасынан алынғандығы: (М.Мақатаев)
«Ұят болды- ау» өлеңінің авторы: (М.Мақатаев)
«Момын жұрттың арқа сүйер
Азаматы біз едік.
Тұлпарлардан, тұғырлардан,
Қалған бір- бір із едік.»- деген үзінді алынған М.Мақатаевтың өлеңі: (Ұят болды- ау)
«Үш бақытым» өлеңінің авторы: (М.Мақатаев)
«Үш бірдей бақытым бар алақанды,
Мені мұндай бақытты жаратар ма?» Үзінді авторы: (М.Мақатаев)
М.Мақатаевтың өлеңі: («Қайырлы түн»)
М.Мақатаевтың өлеңі: («Фантазия»)
«Бабамның қиялымен қанаттанып,
Бүгін мен айға қонып жайды ұстағам» деген үзінді алынған Мұқағалидың өлеңі: («Фантазия»)
М.Мақатаевтың өлеңі: («Ғашықпын»)
«Қызым болсаң қырымда Құралайсың,
Ұлым болсаң ұлы бір мұрадайсың»- деген өлең жолдарының авторы: (М.Мақатаев)
Қабірінде қалақ тұр»- деген өлең жолдарының авторы: (М.Мақатаев)
Төмендегі үзіндінің авторын табыңыз
Қызым менің,
Гүлім менің,
Аяулым. (М.Мақатаев)
Поэзия қыраны «Төлегенге» деп өлең арнаған ақын: (М.Мақатаев)
Т.Айбергеновке жыр арнаған ақиық ақын есімі: (М.Мақатаев)
Т.Айбергенов туралы:
«Тұңғыш көрдім шын ақынның өлгенін,
Қызарып батты ертеңгі шығатын күн»- деген өлеңнің аты мен авторы: (М.Мақатаев «Төлегенге»)
«Мен бақытсыз бола қойма сірә да,
Туған елім болса екен бақытты» деген өлең жолдары алынған Мұқағалидың өлеңі: (Елім барда)
Мыны өлең жолдарының авторы және аты:
«Іздедім де сәттерімде түңілген,
Тастап кеткен аңызыңа жүгінем.
Бабаларым, сенің ана тіліңмен!» (М.Мақатаев, «Бабаларым рахмет сендерге»)
Қуат алып Абайдың тіл күшімен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен,- деген өлең жолдарының авторы: (М.Мақатаев)
Шаламын ба, шоқпын ба?»- деген шумақтың авторы: (М.Мақатаев)
Дәуірлердің қателігін түзетіп,
Дана уақыт өтіп жатыр сырғанап...» (М.Мақатаев)
Айтарын ашып айтқан абайламай,
Дариға- ай,
Махамбеттер, Абайлар- ай»- деп тебіренген ақын: (М.Мақатаев)
М.Мақатаевтың «Автограф» өлеңінде қандай тарихи тұлғаның есімі аталады: (Махамбет)
«Адалдық, ақиқаттан сомдап соққан,
Тасқа салсам мұқалмас қаруым бар» (М.Мақатаев)- деген өлең тармақтарын ақынның танытатыны: (Қайсарлық)
Сонау бір үйді шеттегі.
........көктемі,»- деп Мұқағали жырлаған көктем: (Соғыстың соңғы көктемі)
«Аққулар ұйықтағанда», «Дариға- жүрек», «Қош, махаббат!», «Өмірдастан» шығармаларының авторы: (М.Мақатаев)
М.Мақатаевтың поэмасы: («Райымбек, Райымбек»)
М.Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек!» поэмасындағы жыраудың есімі: (Қабай)
М.Мақатаевтың поэмасы: («Аққулар ұйықтағанда»)
Қазақтың аққуды киелі санап, тіпті аққу қонған судың өзін қасиетті деп, сырқаттарын емдеуге қолданатынын жырға қосқан ақын: (М.Мақатаев)
1973 жылы «Жалын» альманахында жарияланған М.Мақатаевтың шығармасы: («Аққулар ұйықтағанда»)
Аққулар, ана, ауру бала, жылқышы қарт қатысатын М.Мақатаев туындысы: («Аққулар ұйықтағанда»)
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы оқиғаның өтетін жері: (Жетімкөл)
Алатау аясындағы Жетімкөл туралы бейнеленген М.Мақатаевтың шығармасы: («Аққулар ұйықтағанда»)
«Бала жатыр төсекте, албыраған,
Әке жатыр еденде, қалжыраған,»- деген өлең жолдары алынған Мұқағалидың шығармасы: («Аққулар ұйықтағанда»)
М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы: -Аққуменен баланы аластаңдар,- деген жолдарды айтқан кейіпкер: (Тәуіп шал)
М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы аққуды атудың себебі: (Ананың жалғыз ұлына деген махаббаты)
М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасында анаға аққуларға оқ атқызған күш: (Аналық махаббат)
М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы: «........ Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа........» - деген жолдарды айтқан: (Ана)
М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» шығармасындағы аққуды атқан ананың ұшыраған жағдайы: (Ана қайғыдан жынданып кетеді)
Ана мен жылқышының диалогі кездесетін М.Мақатаевтың шығармасы: («Аққулар ұйықтағанда»)
«Білмеймін сор аттың ба, бақ аттың ба?
Аққуға кезенерде ырым жасап,
Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?»- деген өлең жолдарын айтқан кейіпкер: (Жылқышы қарт)
Орнында екен Жетімкөл, жоғалмапты.....
Қасиетті аққулар оралмапты..... Туынды авторы: (М.Мақатаев)
М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы:
«.....Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым
Жерді аңсаймын.....
Жалғыз- ақ сол- арманым,»- деген жолдар жазылған поэманың бөлімі: (Эпилог, шығарманың соңы)
«Мөлдіреген Жетімкөл көкке қарап,
Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр.» (М.Мақатаев) Троптың түрі: (Кейіптеу)
«Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің.
Бұйрат құмдар- бұйығып шөлдегенім,
Бура бұлттар- бусанып терлегенім.» Үзінді қай ақынның өлеңінен: (М.Мақатаевтың өлеңінен, бунақ саны- 3)
«Ақынның өмірді зерттегені- алдымен өзін зерттегені. Ақын құдіреті- өмірден өзін, өзінен өмір жасай білуінде,»- деген түйінді айтқан адам: (М.Мақатаев)
«Мұқағали біздің заманымыздың ғажайып ақындарының бірі еді,»- деген сөздің авторы: (Ә.Тәжібаев)
Достарыңызбен бөлісу: |