1 Бөлім. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ аумағының биологиясы


Баянауыл мемлекеттік саябағында сирек кездесетін жануарларды қорғау



бет6/7
Дата03.12.2022
өлшемі172,07 Kb.
#160992
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ғылыми жоба Елемес Г

2.2. Баянауыл мемлекеттік саябағында сирек кездесетін жануарларды қорғау

Баянауыл мемлекеттік ұлттық саябақ аймағы-2023 жылға дейін жүзеге асырылмақшы болған республикалық 10 туристік орталықтың бірі. Халықаралық демалыс орнына айналдыру үшін барлық жағынан дамыту қажет. Және адамдар да талаптарды бұзбай, пайдасын тигізсе жақсы табиғи саябақ болып қалары анық.Облыстың дамуы мен көркейіуіне Баянауылдың тигізер пайдасы мол. Туризм саласының дамуына осы Баянауыл пайда келтіріп отыр . Әсем таулары мен жасыл желегімен туристерді өзіне тартады.Табиғатының ғажайыбы мен тарихи жерлері де аз емес.


Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ аумағында «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктердің алуан түрі бар.
Былтыр Үкіметте еліміздің туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаға енген 10 ең перспективалы туристік бағыттардың қатарында Баянауыл курорттық туристік аймағы да бар. [9]
Мәселенің мәнісіне келсек, Үкіметтің туризм саласын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын Баянауылдағы демалыс аймағындағы бұл жерлер әлі «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағына тиесілі. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының орталығының ауданы 50688га құрайды. Орман шаруашылығы табиғи саябаққа бірден бір жауапты мекеме.


Қорытынды
Қойнауы тарих пен шежіреге толы қасиетті Баянауыл өлкесінің мемлекеттік ұлттық саябағы керемет дүние. Баянауылдың табиғаты қай мезгілде болмасын тамаша табиғатымен туристерді таң қалдырады. Баянауылдың тамаша табиғатын сирек кездесетін аң құстар да , жануарлар мен балықтарда мекен етуде.
Ұлттық саябақта аңның 40қа жуығы, құстардың 50ге тарта түрі еліміздің кең байтақ жерінде, тамаша климатында еркін жүре алады.Саябақтың тоғыз көлінде, соның ішінде ең ірілері Сабындыкөлде, Жасыбай, Торайғыр мен Біржанкөл және т.б . Ақ балық,сары балық , шортан,шабақ балықтардың түрлері Біржанкөлде көптеп кездеседі. 
Өлкемізде Баянауыл, Қарқаралы сияқты «Жер жәннәты» аталған жерлер аз емес. Олардың табиғи көркін бұзбай сақтауда табиғи ұлттық саябақтардың алар орны ерекше. Қорықтарда шаруашылыққа пайдаланатын жерлерін бөлген секілді, саябақтың да шаруашылыққа қажетті жерлерін бөлу қажет. Ол жерге туристер мен басқа да адамдардың зиян келтірмеуі қажет. Табиғи саябақтың шаруашылығын дамытуда кедергілерге тап болып жатырмыз . Әрбір табиғи саябақтың шаруашылығы мен табиғатын қорғай отыра, еліміздің әр өңірінен осындай саябақтар тізімін көбейту қажет.
Қорыта атйқанда, Баянауылда туризмді дамытуға тәжірибе жинақталып келеді. Еліміздің әсем табиғатын көруге келген әрбір турист Баянауылдың табиғатына көз салмай кетуі мүмкін емес. Келген әрбір турист әсем табиғатына тамсанып, құстары мен жануарларын көріп,әрі таза ауада тынығып қайтары анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет