1 Бөлім. Физикалық химия Химиялық термодинамика және кинетика



бет2/2
Дата05.06.2022
өлшемі16,79 Kb.
#146016
1   2
Байланысты:
физхим
Проф ин яз База тестов СТУДЕНТЫ (копия) 2
Химиялық реакцияның жылдамдығы деп көлем өзгермеген жағдайда реакцияға қатысатын заттардың біреуінің концентрациясының (C) белгілі бір уақыт бірлігінде (t) өзгеруін айтады: 

Реакция жылдамдығы мен концентрацияның арасындағы сандық байланыс химиялық кинетиканың негізгі постулатымен анықталады: гомогендің реакцияның жылдамдығы белгілі бір температурада реакцияға қатысатын заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал болады. Әр заттың концентрациясының дәрежесі стехиометрлік коэффициентке, яғни реакция теңдеуіндегі берілген заттың формуласының алдында тұрған коэффициентке тең. Бұл ережені басқа түрде алғаш рет Н.Н.Бекетов (1865ж.), кейін К.Гульдберг пен П.Вааге (1967ж.) тұжырымдаған. Оны басқаша әрекеттесуші массалар заңы деп те атайды. 


Реакцияларды химиялық әрекеттесудің элементарлық актісіне қатысатын молекулалардың санымен, яғни реакция молекулалығымен жіктеуге болады. Реакция молекулалығы бойынша реакциялар мономолекулалық, бимолекулалық және үшмолекулалық болып бөлінеді.


Реакция жылдамдығына әсер ететін негізгі факторлар: концентрация, қысым, температура және катализаторлар. Химиялық реакция жылдамдығының температураның өсуіне сәйкес жоғарылауын 1889ж. алғаш рет С.Аррениус теориясы дәлірек көрсетеді:
Катализатор әсерінен жылдамдығы өзгеретін процестерді каталитикалық процесс деп атайды. Егер катализатор реакция барысында түзілсе, ондай процесті автокатализ деп атайды. Кейбір заттар катализатордың әсер етуіне кедергі жасайды, ондай заттарды ингибиторлар немесе катализатор улары, ал кейбір заттар өздері катализатор болмаса да, оның активтілігін арттырады, ондай заттарды активаторлар деп атайды. 
Катализ механизімін түсіндіретін негізгі теориялар: мультиплеттік теория (А.А. Баландин), активтік ансамблдер теориясы (Н.И. Кобозев) және катализдың электрондық-химиялық теориясы (С.З. Рогинский). Катализдің екі түрі бар: гомогенді және гетерогенді. Гомогенді катализде реакция жылдамдығына әсерін аралық қосылыс теориясы арқылы түсіндіреді.
Химиялық реакциялар қайтымды және қайтымсыз болып бөлінеді. Қайтымды реакция деп, бір-біріне қарама-қарсы екі бағытта жүретін реакцияны айтады. Бір бағытта жүретін реакцияны қайтымсыз деп атайды. Тура бағыттағы реакция жылдамдығы кері бағыттағы реакция жылдамдығына теңесу жағдайы химиялық тепе-теңдік деп аталады.
Тепе-теңдік реакцияларының маңызды сипаттамасы – тепе-теңдік тұрақтысы. Қайтымды реакция үшін тепе-теңдік тұрақтысының (Кт-т) математикалық өрнегі массалар әрекеттесу заңының негізінде өрнектеледі: 


Жүйенің сыртқы жағдайы өзгермесе, оның тепе-теңдік күйі де өзгермейді, ал оның өзгеруі тепе-теңдіктің ығысуына әкеледі. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына температура, қысым және концентрация әсер ету мүмкін. Тепе-теңдіктің ығысуы Ле-Шателье принципімен (1884ж.) анықтайды: тепе-теңдік күйде тұрған жүйенің сыртқы жағдайларының бірі өзгерсе, тепе-теңдік сол өзгеріске қарсы әсер ететін процестің бағытына қарай ығысады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет