1-БӨлім ислам және дінтану мәселелері шамшәдин керім


Кайраккан, Кайраккан! Алас! Алас!



бет2/2
Дата08.07.2018
өлшемі2,25 Mb.
#48596
1   2

Кайраккан, Кайраккан! Алас! Алас!


* * * *

Чулпан бабай мал бирсен,

Зәңге бабай юл бирсен,

Умай-ана углы бирсен,

Кызыр-Батман кул бирсен! [15;30].

Бұл үзіндіден татар халқының «Ут Ана», «Бөек Тәңрем», «Күк Тәңрем», «Умай-ана» тірек сөздерін жиі қолданып, құрмет тұтатыны, қазақ халқындағы «От ана», «Көк Тәңірі», «Умай ана» культтік сөздермен мәндес, лексикалық мағыналары ұқсас дүниетанымдық бірліктер..



Жоғарыда келтірілген алғыс мәнді культтік фразеологизмдер адамның жағымды көз-қарасын білдіретін, бір-біріне деген достық, жолдастық, туыстық, ізгілік қарым-қатынасы әрекетіне қатысты пайда болған. Ал, қарғыс мәнді культтік фразеологизмдер жағымсыз жағдайда айтылады. Балаға да, үлкенге де айтылатын ортақ қарғыстар: құдай атқыр, құдай төбеңнен ұрғыр, құдай жазаңды бергір, құдай көрсетсін, құдай ұрсын, алла бұйыртпасын, алла жазаңды берсін, тәңір тапсын, тәңір алғыр, т.б. Мысалдар, қарашай-балқар тілінде: «Аллах урсун!» – Құдай ұрсын! түрік тілінде: «Allaһ cezasіnі versіn!» – Алла жазасын берсін! «Allaһ canіnі alsіn!» – Алла жаныңды алсын! деген мағынада жұмсалса, ұйғырша: «Худайым урсун!» – Құдай ұрсын! «Алла жазасын берсин!» – Алла жазасын берсин! деген мағынада жұмсалады. Бейтарап мәнді фразеологизмдерге сөйлеу стилінде, кітаби-жазба стильдерінде болсын жалпылама қолданылатын тұрақты сөз тіркестері жатады. Олар: тәубешілік сөздер, шошынғанда айтылатын сөздер, кешірім сөздер, табалау сөздер. Тәубешілік сөздерге: Құдайға шүкір! Аллаға шүкір! Бергеніңе шүкір! Құдая тоба! Құдай тағала! Тәубе! Тәубе! Тіл, көзден сақта! Пәле, жалаңнан сақта! Шүкір-шүкір! Құдай куә! Құдай ақы! Құдай деген! т.б. сөздер және сөз тіркестері жатады. Өзінің тағдырына, Құдайдың бергеніне риза болған, жұмысының оң басқанына, жолы болғанына риза болған, бала-шағасы, өзіне жететін дәулеті бар адамдар соған тәубе қылып, тәубеге келіп, қанағаттанарлық сезімін білдіргенде осы сөздерді айтады. Бұл адамгершіліктің, парасаттылықтың белгісі. Мысалы, «Құдайға шүкір» – бұл күніме тәубе деген мағынада; бір нәрсеге көңілі толып, қанағат ету кезінде айтылады. Құдайға шүкір, оң қолым таза, аузым оймақтай! /Ж.Аймауытов/. Шошынғанда айтатын сөздер: Астапыралла! Алла-ай! Алла сақтасын! Құдай-ай! Сақтай гөр! Жасаған-ай! Ойбай-ай! О, тоба! Құдая тоба! О, тәңірім! Қу құдай! Жаппар құдай! Шұнақ құдай! т.б. Мұндай сөздер және сөз тіркестерін тосын жағдайда, қорыққанда, шошығанда жағасын ұстап тұрып айтады. Осыдан келіп «Жағасын ұстады» деген әдет шыққан. Кешірім сөздер: болары болды, оқасы жоқ, қайтер дейсің, өтті-кетті, құдай үшін кештім, құдай үшін, т.б. Кешірім сөздері көбінесе, кешірушінің аузынан шығады. Жай, баяу айтылады, қатты сөз де, күлкі де болмайды. Құдай үшін, құдай үшін айтып бер дегендер өтіну, жалыну, жалбарыну кезінде айтылады. Табалау сөздер: Құдай тапқан екен! Құдай тапсын! Алла жазасын берсін! Тәңірі тапсын! Қарғыс жібермеген екен! Көрінде өкірсін! Асқанға тосқан! Әй, бәлем-ай! Бәлемге сол керек! Оған ол да аз! т.б. табалау сөздері халық ішінде бір-біріне қас-жаулар немесе біреуден зәбір көріп өш ала алмағандар өз дұшпандары бақытсыздыққа ұшырағанда әдет бойынша айызы қанып, отырған орнында құйрығын жерге түйіп табалаған кезде айтылады. Бейтарап мәнді тіркестерге тағы мынадай: аққа құдай жақ, құдайға расы, құдайға қылып наланы, құдайға шет болу, құдай сәтін салса, құдайдың зарын қылды, құдай сүйер қылығы жоқ, алла сүйер қылығы жоқ, құдайын ұмытты, құдай алдында сұраусыз, құдай тұзымды көтерсе, құдайы берді, құдайы қонақ, құдайы көрші, алланың болар әмірі, тәңір жолы, тәңір бұйрығы, алла ісі, т.б. сөз тіркестері жатады. Мысалдар, «Құдайға шет болма» – құдай алдында айыпты, күнәкар болма. Тұнғышбай кетсе, енді мен оқи алармын ба? әлде үйді құдайға тапсырып, кетіп қалам ба? Қой … құдайға шет болармын … /Ж.Аймауытов, Шығ./. Мысалы, «Құдай сүйер қылығы жоқ» – оңып тұрған жоқ, жексұрын, сүйкімсіз, қылығы теріс, мінезі шәлкестеу адам жайлы айтылады. Рас, айтасыз, Абай, бұ қаланың Есберген, Кәріпжандай саудагерлерінің де құдай сүйер қылығы жоқ. Қырдың момын керуені кездессе, «құдайға қарайық» деп біз де тұрмаймыз – деп қалжың айтқан /М.Әуезов/.

Түркі тілдес халықтарда «құдай», «алла» концептісі мақал-мәтелдер де кездеседі. Мысалдар, қарашай-балқар тілінде: «Аллах адамны джарлы этерге тебресе, алгъп бурун акъылын алады» – «Алла адамды бақытсыз етейін десе, ақылынан адастырады». «Аллах берген да этер, алгъан да этер» – «Алла өзі береді, өзі алады»; түрік тілінде: «Allaһ gumus kapіyі kaparsa altіn kapіyі acar» –«Алла күміс есікті жапса, алтын есікті ашады» дегенді білдіреді.



Қорыта келгенде, ұлттық дүниетанымдағы «жаратушы күштер» концептісінің когнитивтік моделін - «Құдай», «Алла», «Тәңірі» синонимдес концептілер арқылы анықтап, этностық дүниетаным мен салт-дәстүрге, наным-сенімдерге қатысты байырғы лексикадан қалыптасқан когнитивтік бірліктерге этнолингвистикалық талдау жасалды. «Құдай», «Алла», «Тәңірі» тірек-сөздерімен келген культтік фразеологизмдердің түркі халықтарының дүниетанымдық жүйесінде алатын орны айырықша, мифтік-танымдық бірліктер болып табылады. Адам санасында дүниенің көрінісі когнитивтік құрылым, когнитивтік бірліктер арқылы іске асырылады. Бейне когнитивтік модель қалыптастыратын адам есімдері: Құдайберді, Құдайберген, Құдайқұл, Аллаберген, Алдаберген, Алла, Аллажар, Тәңірберген, Жаппар, Жаппарқұл, т.б. кездеседі.

Әлемнің тілдік бейнесі «Алла», «Құдай», «Тәңірі» концептілер негізінде құрылып, когнитивтік бірліктер алғыс, қарғыс, бейтарап мағынада қолданылады. Ал, араб тілінен енген құдірет, жаппар, хақ, раббы және қазақ тіліндегі жаратқан, жаратушы, жаппар, жасаған, жасаған ием, ие деген культтік сөздерден туындаған когнитивтік бірліктер тек қана алғыс, тілек мағынада қолданылады. Алғыс, қарғыс және бейтарап мәнді сөз тіркестері ауызекі тілде көп қолданылатын тілдің лексикалық байлығының бір көрсеткіші және қазақ тілінің лексика-фразеологиялық жүйедегі орнын, функционалды-семантикалық мүмкіндігін кеңейте түсер мағыналық когнитивтік тілдік бірліктер. «Құдай», «Тәңірі» культтік сөздері тұрмыстық тілде қолданылса, «Алла» культтік діни рәсімдер мен мәтіндерде жұмсалады. Араб тіліндегі Алланың 99 эпитеттері қазақ тілінде стихиялық түрде қолданылады. Бұл дегеніміз, қазақ топырағында мәдениет пен дүниетанымның түрлері қаншалықты болса, ұлттық менталитетімізге, дүниетанымымызға, рухани санамызға соншалықты әсер ететіндігінің бір көрінісі.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика. -Минск, 2004. -256 с.

  2. Ислам А. Лингвомәдениеттану. Тіл әдебиет контексінде. А., 2004. - 242 - б.

  3. Махмутов А. Архаизмы и историзмы в казахском языке. Автореф. дисс. ... канд. филол. наук. – Алматы, 1963.

  4. «Ислам» Энциклопедия /Бас ред. Р.Нұрғалиев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1995. -287 - б.

  5. Құран Кәрім. /Ауд. Р.Нысанбайұлы, У.Қыдырханұлы. – Алматы: Жазушы, 1991. Қазақшасы -578 б.

  6. Халифа Алтай. Құран-Кәрім мағына мен түсінігі. -Медие, 1991, 59-сүре, 22-24-аяттар.

  7. Әбілов М. Қарақалпақстандағы қазақ ақын-жыраулары поэзиясындағы діни-ағартушылық ағым (ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы). 122-б.

  8. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Көп томдық. –Алматы: «Ғылым», 1976-1986.

9. Абай тілі сөздігі. – Алматы: «Ғылым», 1968. -734 б.

10. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Көп томдық. –Алматы: «Ғылым», 1976-1986.

11. Қазақ тілінің сөздігі. /Жалпы ред. бас.Т.Жанұзақов. –Алматы: «Дайк-Пресс»,1999. -776 б.

12. Малов С.Е. Остатки шаманства у желтых уйгуров. «Живая старина». ХХІ. СПб., 1912. С.62.

13. Қазақ ССР тарихы. –Алматы, 1957. І т. -114-б.

14. Күлтегін: Көне түркі жазба ескерткіші. /Көне түркі тілінен аудар. М.Жолдасбеков. – Алматы: «Жалын», 1986. -80 б.

15. Безертинов Р.Н. Древнетюркское мировоззрение «Тэнгрианство», Татарский электронный библотека. 2009. 75 с.
Шамшат ӘДІЛБАЕВА,

Ph.D доктор, Нұр-Мүбарак университетінің оқытушысы
МӘУЛІТТІ АТАП ӨТУДІҢ ДІНИ НЕГІЗДЕРІ
«Мәуліт» араб тіліндегі «уәләдә» түбірінен туындаған сөз. Мағынасы «туылған жер, туылған уақыт, туған күн» дегенді білдіреді. Мұсылман мәдениетінде мәуліт сөзі Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) туған күні үшін қолданылған. Ал ислам тарихшыларының басым көпшілігі пайғамбарымыздың (с.а.с.) туылған күнінің 571 жыл Рабиул-әууәл айының дүйсенбі күніне (571 жыл сәуір айына) сәйкес келгенін айтады. Соңғы жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен елімізде мәулітті, яғни пайғамбарымыздың (с.а.с.) туылған күнін атап өту қолға алынып, игі шаралар ұйымдастырылып жатқаны баршаға мәлім. Дегенмен, қазақ бауырларымыздың арасында осы шараларға қарсылық білдіріп, «Мәулітті тойлау – бидғат» деушілер де бар. Ендеше мәулітті атап өтудің діни үкімі не? Бұл іс-шара қандай негіздерге сүйенеді? Баяндамамызда осы мәселелерді саралауға тырысамыз.

Негізінен діни үкімдер Құран мен хадистен алынады. Ал мәулітті атап өтуге үзілді-кесілді тыйым салған Құранда аят немесе хадистің жоқ екені мәлім. Олай болса, мәулітті тойлау «бидғат, харам, адасушылық» деудің ешқандай шариғи негізі жоқ. Қайта керісінше, ғалымдарымыз Құран аяттары мен хадистерден дәлел келтіре отырып, мәулітті атап өтуге болатындығына бір ауыздан келіскен. Яғни бұл мәселеде «ижмағ» бар. Ижмағ шариғатта дәлел боп саналады. Өйткені пайғамбарымыз (с.а.с.): «Үмбетім адасушылықта бірлеспейді»1,- деп айтқан.

Мәулітті атап өтудің негізінде пайғамбарға деген сүйіспеншіліктің жатқаны аян. Алғашқы үш ғасырда (сахаба, табиғин, әтбағут-табиғин) мәулітті ресми түрде тойлау әдеті болмаған. Дегенмен, сахабалар кезеңінде жыл санауды белгілеуге қатысты айтылған ұсыныстардың ішінде пайғамбарымыздың туылған күнінің де аталуы, сахабалар арасында осы күннің ерекше болғандығын көрсетсе керек. Сонымен қатар мәуліт тойлаудың діни негізі бар екенін Мүслим, Әбу Дәууд пен Ахмәд ибн Ханбалдің жинақтарында риуаят етілген мына бір сахих хадис растайды:

Пайғамбарымыздан дүйсенбі күні ұстайтын ораза жайлы сұралған кезде ол: «Дүйсенбі – менің туылған әрі маған пайғамбарлық берілген күн»1, – деп жауап берген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) жылда бір рет емес, әр дүйсенбі сайын ораза ұстау арқылы туған күнін атап өткен. Кей ғалымдар осыған сүйене отырып, мәулітті атап өтуді ең алғаш бастаған пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзі дейді2.

Адамзаттың асылы (с.а.с.) дүниеге келген Рабиул-әууәл – көктем айларының алғашқысы. Бұл қайта жаңарудың белгісі, бейнебір қыстан кейін адамзаттың қайта тірілуін көрсеткендей еді. Пайғамбарымыздың Рабиул-әууәл айының 12-сінде туған күнін атап өту әдеті Адамзаттың мақтанышының шыр етіп дүниеге келген үйінде басталған. Пайғамбарымыздың Меккеде туылған үйін «Мәулидун-Нәбии» деп атаған. Сонау ерте замандардың өзінде қажылық пен умраға келгендердің пайғамбарымызға деген сүйіспеншіліктері мен сағыныштарының белгісі ретінде осы үйді зиярат етуге ағылып келулерінен мәуліт мейрамының ең алғаш атап өтілген жерінің осы жерден басталғанын көреміз. Адамдардың көп келуіне байланысты келгендердің дұға-тілектерін жасауына ыңғайлы болуы үшін аббаси халифасы Һарун ар-Рашидтің анасы әл-Хәйзурән. (қайтыс болған жылы 790 ж.) Ол пайғамбарымыздың туылған үйін жөндеп, мешітке айналдырған. Сондықтан мәуліт мереке ретінде хижраның 2 ғасырында атап өтіле басталған десек артық айтқандық емес3. Ал мәулітті ресми түрде тойлау фатимилер мемлекетінде Муиз Лидинилләһ билік басына келген кезеңінен (972 ж.) басталады4.

Мәуліт тойлаудың тарихына қысқаша тоқталғаннан кейін енді ғалымдардың мәулітті атап өтуге байланысты айтқан көзқарастары мен дәлелдеріне тоқталайық:



  1. Дүйсенбі күнгі ораза. Жоғарыда хадисте келтіргеніміздей Адамзаттың асылы дүйсенбі күні туылған күнін атап өту үшін ораза ұстаған. Бұл хадистің сахихтығында ешқандай күмән жоқ. Әрі дүйсенбі күні ораза ұстау төрт мазһабта да сүннет. Пайғамбарымыздың туылған күнінде ораза ұстауы сол күні басқа ізгі амал істеуге болмайды деген сөз емес. Үмбеттің сол күні ораза ұстауы, шариғатқа қайшы келмейтіндей түрде атап өтуі, ақирет үшін оңтайлы пайдалануға тырысуы бидғат емес. Керісінше, сол күні Құран оқу, мәуліт оқыту, салауат айту, конференциялар, кездесулер өткізіп, діни уағыз-насихат жасау сауапты іс болмақ. Бұлардың бәрінің астарында мәуліт күнін ескеріп, ерекше атап өту, осы арқылы пайғамбарымыздың (с.а.с.) дүниеге келгеніне Аллаһ тағалаға шүкіршілік айту мақсаты бар. Сондықтан жылда бір мәрте емес, әр дүйсенбі күні де пайғамбарымыздың (с.а.с.) дүниеге келгенін еске алуға болады.

  2. Ашура күні ораза ұстау. Ибн Аббастан келген риуаят бойынша «Пайғамбарымыз Мәдинаға келген кезде яһудилердің ашура күні ораза ұстағандарын көреді. Олардан «Не үшін осы күні ораза ұстайсыңдар?» деп сұрайды. «Бұл ұлық күн. Аллаһ дәл осы күні Мұса мен қауымын (өлімнен) құтқарды. Перғауын мен қауымын суға батырып жіберді. Хазірет Мұса да шүкіршілік ретінде осы күні ораза ұстады. Біз де осы күнді ұлықтап ораза ұстаймыз» деп жауап берді. Пайғамбарымыз осы күні ораза ұстады әрі басқаларға да ораза ұстауды әмір етті»1.

Ғалымдар осы хадиске сүйене отырып, нығметке бөленген және қатерден аман қалған күнді еске алу мақсатында сол күні салиқалы амал жасап, игі шара өткізуге болатынын көрсетеді дейді2. Мұхаммед әл-Әләуий «Пайғамбарымыз тарихта орын алған маңызды діни оқиғалар мен олардың болған уақыты арасында байланыс бар екенін ұқтыратын. Сол оқиға орын алған уақыт келген кезде сол оқиғаны еске алып, ұлықтау үшін маңызды мүмкіндік ретінде бағалайтын. Өйткені сол сәттер, әлгі оқиғалар үшін бір себеп. Осы қағиданы пайғамбарымыздың өзі белгіледі. Өйткені бұны ашура күні ораза ұстау арқылы нақты көрсетті»3 дейді. Міне біздер үшін де мәуліт күні осындай бір еске алу мен ұлықтау үшін ең пайдалы уақыт мерзімі болғандықтан, оны атап өтудің пайғамбарымыздың ұстанымдары мен Құран рухына сай екенін көреміз. Сондықтан да мұсылман қауымның қараңғылық қапасындағы күллі адамзатты надандық пен адасушылықтан құтқарып, екі дүние бақытының кілтін ұсынған Аллаһ елшісінің туылған күніне шүкіршілік мақсатымен ораза ұстап, Жаратқанның разылығына бөлейтін өзге де шаралар жасауы исламның негіздеріне қайшы келмейді.

Ал хадис саласының майталман ғалымы, «хафыз» атағына ие болған Ибн Хажар әл-Әсқалани жоғарыдағы хадиске сүйене отырып, ашура күні қалайша Мұхаррам айының онында атап өтілетін болса, мәулітті де арнайы бір күнде атап өтуге болатындығын айтқан1.

Негізінен мәулітті атап өту түрлі қайырымдылық шаралардың өтуіне себеп болуымен қатар, халықтың жүрегінде пайғамбарымызға деген сүйіспеншілікті жаңғыртуға да қосар үлесі мол. Сондай-ақ Рамазан әл-Бути: «Мәулітті атап өту – Расулаллаһты күллі ғаламға рақым ретінде жібергені үшін Аллаһқа шүкіршілік болып табылады»2 дейді.

3. Аллаһ тағаланың күндері. Құран Кәрімде «Мұсаны да «Халқыңды қараңғылықтардан нұрға шығар және оларға Аллаһтың күндерін еске сал» деп аяттарымызды жібердік. Шын мәнінде, мұнда сабырлық танытып, шүкіршілік жасаған әр кімге ғибраттар/дәлелдер бар» делінеді3. Шейх Мұхаммед әл-Фадыл ибн Ашур (1909-1970) пайғамбарымыздың дүниеге келген күнін «әййамуллаһ», яғни Аллаһ тағаланың күндері дей отырып: «Суюти, Әсқалани және Хәйтами секілді ғалымдар мәулітті бидғат деушілерге тойтарыс бере отырып, мәулітті атап өтуді истихсан еткен. Оған «Аллаһтың күндерін еске сал» (14/5) деген аятты негіз етіп алған. Өйткені Бәйхақидің жеткізуі бойынша, пайғамбарымыз осы аяттағы «күндерді» «Аллаһ тағаланың сыйы мен нығметері (нің ең мол болған күндері)» деп тәпсірлеген. Ал пайғамбарымыздың дүниеге келген күні нығметтердің ең үлкені»1 дейді.

Сондықтан Жаратқанның осындай үлкен сыйы болған мәулітті шүкіршілікпен, қуана қарсы алу оның ырыс-берекесін арттырып, бізді нығметтердің қадірін білуге баулиды.

4. Пайғамбарымыздың өзі үшін «ақиқа» құрбанын шалуы. Жәләлуд-дин әс-Суюти мәулітті атап өтудің діни дәлелі ретінде: «Ибн Хажар әл-Әсқаланидің мәулітті атап өтудің дәлелі ретінде алған ашура оразасының тысында, қосымша ретінде сүннеттен мен де бір дәлел таптым. Ол Бәйхақидің (ө. 1066) тіркеген Әнәс хадисі: Пайғамбарымыз (с.а.с.) пайғамбарлық келгеннен кейін өзі үшін ақиқа құрбанын шалған»2,-дейді. Алайда, пайғамбарымыздың атасы Әбдүлмүттәліп немересі дүниге келгеннен жеті күннен кейін ол үшін ақиқа құрбанын шалған-ды3. (Ақиқа – адам баласының өмірге келгеніне шүкіршілік ретінде шалынатын құрбандық.) Бұл құрбандық өмірде бір-ақ рет шалынады. Демек, Аллаһ елшісінің өзі үшін екінші рет ақиқа құрбанын шалуы – Хақ тағаланың өзін күллі ғаламға рақым ретінде жаратқандығына деген шүкіршілігінің белгісі һәм үмбеті үшін де бір үкім қайнары. Өзі үшін ақиқа құрбанын шалуы – өзіне арнап салауат айтқанмен тең. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзінің дүниеге келгеніне қуанышын көрсете отырып, шүкіршілік мақсатында құрбандық шалуы – біз үшін де пайғамбарымыздың жарық дүние есігін ашқан күнінде Жаратқанға шүкіршілігімізді білдірудің мұстахаб екенін көрсетеді. Осылайша бір жерге жиналу, ас беру, Хақ тағаланың ризашылығына жетелейтін басқа да іс-шаралар мен қуанышымызды жария ету арқылы шүкіршілігімізді білдірудің ізгі амал екенін ұқтырады»4.

5. «Сол күн мейрам болсын». Құран Кәрімде Иса (а.с.) өзі әрі хауарилары (көмекшілері) үшін көктен бір дастарқан түсіру үшін Раббысына дұға жасап, жалбарынғаны: «Уа, Ұлық Раббымыз! Бізге көктен бір дастарқан түсіре гөр. Біздің әуелгілеріміз бен ақырғыларымыз (үмбетіміздің барлығы) үшін сол күн мейрам болсын әрі Сенің жіберген бір мұғжизаң болсын. Бізді ризықтандыр, өйткені Сен рызықты берушілердің ең абзалысың!»1-деп беріледі. Иса әл-Хумәйри осыған қатысты: «Егер хазірет Иса материалдық нығметтердің төбелерінен жауып, қарындары тойдырылған күнді мейрам деп алса, пайғамбарымыздың жарық дүниеге келуі (мәуліт) мұсылмандар үшін Аллаһ тағаланың ең ұлық сыйы. Олай болса, неге осы мәулітті қуаныш әрі шаттық күні деп алмасқа»2 дейді.

6. «Дүйсенбі күні тозақ азабының азайтылуы». Бұхаридың хадис жинағында Уруә ибн Зүбәйрден риуаят етілген мына оқиға мәуліттің қасиеттілігі мен атап өтуге болатындығына бір дәлел: Әбу Ләһәб қайтыс болғаннан соң оны жақындарының бірі (Пайғамбарымыздың көкесі Аббас) түсінде көреді де одан «жағдайың қалай?» - деп сұрайды. Әбу Ләһәб «Тозақтамын. Алайда әр дүйсенбі күні кешкісін маған тозақ оты пәсейтіледі, саусақтарымның арасынан бас бармағымдай көлемде су ішемін» дейді де, мұның себебін «Мұхаммед дүниеге келген күні қатты қуанып, оның дүниеге келгенін айтып сүйінші сұраған күңім Суәйбаны азат еткен едім. Әлгі күңім оны емізген еді» деп түсіндіреді3.

Осыған қатысты Хафиз Шәмсуд-дин Мухаммед Насируддин әд-Димашқи «Мәуридус-сәди фи мәулидил-Һәди» атты кітабын: «Егер Құранда «қолдары құрысын!» деп қарғысқа ұшыраған әрі тозақта мәңгі қалатыны айтылған кәпір Әбу Ләһәб – риуаят бойынша хазірет Мұхаммед дүниеге келген күніне қуанғандықтан сый ретінде дүйсенбі күндері азабы жеңілдейтін болса, өмірде пайғамбарымызбен қуанып, тәухид сенімін ұстанып өткен кісінің ақиреттегі қарымының қандай боларын өзіңіз ойлай беріңіз»4 деген мағынаға саятын өлең жолдарымен аяқтаған екен.

7. «Аллаһтың рақымына қуану». М. Әләуий: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) үшін қуану Құранның бұйрығы. Раббымыз «Аллаһ тағаланың сыйы һәм рақымымен, міне, осыларға қуансын! Өйткені бұл олардың жинағандарынан (дүниелік байлықтарынан) қайырлы»,– деп айт»,1 деп жасалған рақымдылық үшін қуануды әмір етуде. Ал біздер үшін ең үлкен рақымдылық – Адамзаттың асылы болған пайғамбарымыз (с.а.с.). Бұны Жаратқанның өзі: «Біз сені күллі ғаламға тек рақымдылық ретінде жібердік»2, - деп білдірген. Бір мұсылманның мәулітті тойлағандарға «Сендер мәулітті неге тойлайсыңдар?» деп сұрауынан асқан мәнсіз сұрақ жоқ. Өйткені бұл «Сендер неге пайғамбарға қуанасыңдар?» дегенге саяды. Бұл сұрақтың жауабы әрине «Ол (с.а.с.) үшін жан рақатына бөленіп, қуанғандықтан мәулітті тойлаймын. Оны жақсы көргендіктен жаным жай тауып, өзімді бақытты сезінемін. Мұсылманмын, сондықтан да Оны жан-тәніммен жақсы көремін» болмақ»3, – дейді.

8. «Алтын ғасырдағы қасидалар мен мәуліт жырлары». Мәулітті тойлауға болатындығын білдіретін дәлелдердің бірі – мәуліт кештерінде оқылатын мәуліт жырлары. Ал оның негізі алтын ғасырдағы, яғни пайғамбарымыз бен сахабалар кезіндегі қасидаларға барып тіреледі. Ардақты пайғамбарымыз өзін мақтап, мадақ айтқан ақындарға қарсы шықпаған. Тіпті, оларға ризашылығын білдіріп, сый-сыяпат беріп отырған. Мысалы, Кағыб ибн Зухәйр «Бәнәт суад» деп аталатын өлеңін пайғамбарымызға оқығанда, ол ерекше толқып, үстіндегі «бүрдә» деп аталатын шапанын шешіп, Зухәйрдың иығына жапқан еді. Осыған орай, әлгі өлең «Қәсидәтул-бүрдә» деген атпен танымал болып, кейінгі пайғамбарымызға арнап өлең жазғандарға әсер еткен. Алтын ғасырда пайғамбарымызды мадақтаған өлеңдердің арасында әлі күнге дейін мұсылмандардың арасында кең тараған, сүйспеншілікке толы туынды – «Тәләәл-Бәдру әләйнә» деп басталатын өлең-жыр.

Міне, мұсылмандар арасында мәуліт оқыту алтын ғасырдағы «шуараун-нәби», яғни пайғамбар ақындары деп аталған Кағыб ибн Зуһәйр, Хассан ибн Сәбит, Абдуллаһ ибн Рәуәхалардың пайғамбарымызды мадақтауы әрі пайғамбарымыздың оларға қарсылық білдірмеуімен үйлесуде4.

9. Пайғамбар қиссалары. Жаратқан иеміз Құранда, пайғамбарымыз өз хадистерінде егер бұрынғы өткен пайғамбарлардың өмірлеріндегі ғибраттық қиссаларды адамдарға ой салып, ғибрат алу үшін баяндайды. Олай болса, түпкі мәні пайғамбарлардың мырзасы, екі дүниенің гүлінің (с.а.с.) нұрлы ғұмыры, мұғжизаларын баяндау болып табылатын мәуліт жырларын оқыту, тыңдау әрі осы мақсатта көпшілік үшін жиындар өткізу – Құран мен сүннетте рұқсат етілген ислами әдет.

Бұны біраз тарқатып айтайық. Жасаған Ие өз кітабында «Шындығында олардың (бұрынғы өткен пайғамбарлардың) қиссаларында ақыл иелері үшін көптеген ғибраттар бар»,1 – деп пайғамбарлардың қиссаларынан ғибрат алуға шақырады. Құран Кәрімде пайғамбарымыз бен үмбеті үшін алдыңғы пайғамбаралрдың басынан өткен оқиғаларды баяндап, тура жол нұсқаған әрі көңілдеріне медет сыйлаған осы мәндес аяттар көптеп кездеседі. Мысалы, «(Ей, Елшім!) Олар дегендерін дей берсін. Сен сабырлы бол. Күшті, қуатты Дәуітті есіңе ал.., Құлдарымыз Ибраһим, Ысхақ пен Жақыпты есіңе ал...»2, «Кітапта Ибраһиды да зікір ет»3 деген секілді.

Міне, пайғамбарымызға қарата айтылған «Зікір ет, есіңе ал, ұмытпа» деген сияқты бұйрықтар, үмбеті үшін де ғибрат. Сондықтан да жасалған мәуліттің түпкі мәні – пайғамбарлар пайғамбары болған Мұхаммед мұстафаның өмірін «зікір ету, еске алу, ұмытпау». Демек мәуліт – Құран мен сүннеттің негізінде қалыптасқан ғибрат, тәлім-тәрбие, рухани құлшынысты арттырудың себепкері4.

10. Мәуліт – бидғат емес. Әр бидғат – харам емес. Егер солай болса, онда Әбу Бәкір (р.а.), Омар (р.а.) мен Зәйдтің (р.а.) Құранды жинастырулары және Құранды жатқа білген сахабалардың дүниеден озуына байланысты Құраннан айырылып қалармыз деп қорқып бір кітап ретінде жаздырулары нағыз бидғат болар еді. Егер солай болса, хазірет Омардың «Бұл қандай жақсы бидғат» деп тәрауих намазын адамдардың бәрін бір имаманың артына жинап оқытуы, барлық пайдалы ғылымдардың жинастырылып, жүйеленуі де харам болар еді. Тіпті, мұнараға шығып азан шақыру, керуенсарай, мектеп, аурухана, түрмелер салу да харам болар еді. Сондықтан ғұламаларымыз «әр бидғат – адасушылық» деген үкімді «бидғату-сәииәмен», яғни тура жолдан тайдыратын адастырушы бидғаттармен ғана шектеген. Бұл өз кезегінде сахаба, табиғин әрі пайғамбарымыздың кезеңінде орын алмаған (мухдәсат) кейін шығарылған нәрселердің мәнін ұқтыруда1. Олай болса, пайғамбарамыз бен алғашқы мұсылмандардың кезінде болмаған нәрсенің бәрін бірден «бидғат, ал бидғаттың бәрі адасушылық» деп үзілді кесілді үкім шығарудың ешқандай да мәні жоқ. Сол секілді мәуліт тойлауды да «бидғат, ал ол өз кезегінде адасушылық» деу дұрыс емес.

Бұған пайғамбарымыздың мына бір хадисін де дәлел ретінде келтіруге болады. Аллаһ елшісі «Кімде кім исламда «сүннәту хәсана», яғни жақсы жол, бастама жасаса, оған соның (ізгі бастама көтергенінің) сауабы әрі одан кейін амал еткендердің сауабындай сауап жазылады. Олардың сауабынан ешбір нәрсе кемімейді де»2 деген. Міне, көптеген сенімді хадис жинақтарында риуаят етілген осы хадиске сүйене отырып: «Шариғатқа қайшы әрекет жасау мақсаты жоқ, мазмұнында күнә саналған нәрсенің орын алмауы әрі діни дәлелдердің де негізінде жасалған әрбір жақсылық діни болып есептеледі. Ал кейбір дүмшелердің «Оны сәләфтарымыз жасамаған» деген желеуі оған қарсы дәлел бола алмайды. Мұны дін негіздері мен методологиясынан хабары бар жандардың бәрі біледі. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тура жолға бастайтын бидғаттарды «сүннет» деп атаған. Онымен амал еткенге сауап жазылатынын да баяндаған. Демек, егер бір нәрсе діни негізге сүйеніп, шариғаттың ешбір қағидасына қайшы келмесе әрі діни тұрғыдан бір пайда тигізер болса, ол «бидғат хасәнә», яғни жақсы бидғат деп саналады. Сондықтан мәулітті атап өту шаралары да осындай «хасәнә», яғни жақсы сүннеттерден3.

11. Мәулітті атап өту – әлеуметтік қажеттілік. Алғашқы үш ғасырда мәулітті неге тойламаған дегенге келсек, пайғамбарымыздың нұрлы шуағын көріп өскен бақыт ғасырында пайғамбарымыздың туған күнін атап өтудің, пайғамбарымызды еске салудың қажеті жоқ болатын. Еске салу, ұмытқандарға немесе ұмыта бастағандар үшін қажет. Сахаба Сағыд ибн Әбу Уаққастың «Біз пайғамбарымыздың өмірін балаларымызға Құраннан сүре үйрететіндей үйрететін едік» дегеніндей алғашқы ғасырларда оның естеліктері халық жадында әлі сол жаңа күйінде жаңғырып тұрған-ды. Ал, атап өтіп еске алу бір қажеттілікке яки себепке байланысты жасалады. Қазіргі таңда қандай да бір мұсылман елі болмасын Хақ елшісін (с.а.с.) естеріне алып, жадында ол жайлы мәліметтері мен білімдерін жаңғыртуы үлкен қажеттілік. Әрі халықтың бір жерге жиналып мәулітті атап өтуі пайғамбарымызға деген сағынышын оятып, сүйіспеншіліктерін арттыра түседі. Пайғамбарымызды (с.а.с.) еске алу – мұсылман қауымын Аллаһ тағалаға лайықты құл, Оның елшісіне ақиретте мақтан тұтарлық үмбет болдым ба деген ойға жетелеп, мұсылмандығына қайта көз тастауына сеп болары сөзсіз. Мұсылмандардың осындай игі мақсат үшін бір жерге жиналуы араларындағы бауырластықтың күшеюіне де жол ашады. Адамзат баласын жақсылыққа шақыратын мұндай іс-шараның пайдалы екені, ал әрбір пайдалы да сауапты іс-әрекетті ислам дінінің қолдайтыны баршамызға мәлім.


Гаухар БАЛТАБАЕВА,

филология ғылымдарының кандидаты,

ҚазМҚПУ-дің доценті
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕСІНДЕГІ ИСЛАМИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ КӨРІНІСІ
Қазіргі қазақ прозасындағы көңіл аударар келісті мәселенің бірі - тұмшаланып келген дін тақырыптарының көрініс табуы. Мәселен, Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с), сахабалардың өмірі мен ізгілікті істерін арқау еткен көркем шығармалар тобы бір шоғыр. Ұзақ жылдар үстемдік еткен кеңестік жүйенің тұсында мұсылмашылдықты дәріптеу, пайғамбарлар өмірінен мөлтек сыр шерту екінің бірінің қолынан келе бермейтін дүние еді. Бұған, біріншіден, социалистік қоғамда үстемдік құрған атеистік тәрбиенің ықпалы болса, екіншіден, қалам тартып жазғысы келгенімен мұсылмандық сауаты, мағлұматы аз болғандық себеп болса, ал үшіншіден, бұл тақырыпқа бел шешіп кірісу үшін исламдық діні берік, мұсылмандық махаббатқа толы үлкен жүрек иесі болуы шарт еді. Бұл өзі көзге көрінбейтін, жүрекпен ғана сезілетін жайт. Сондықтан да поэзиямен салыстырғанда, прозада бұл тақырыпқа қалам тербеу анағұрлым күрделі болатын. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас!» - деп ұлы Абай жырлап кеткендей Аллаға, Мұхаммед пайғамбарымыздың атын дәріптеп, құрметтеп жазған шығармалар санаулы-ақ.

Ой-сана еркіндігі, тәуелсіз рух қаламгерлердің тың тынысын ашты. Бұл исламдық тақырыпқа қалам тербеген туындылардан анық байқалады. Мәселен, А.Кемелбаеваның «Ғибадат» [1. 104] әңгімесі де исламдық тақырыпқа өзіндік тұрғыдан келуімен ерекшеленеді. «Асыл пана Алланың нығметтері есепсіз болатын» бұл әңгіменің лейтмотиві -Аллаһқа мадақ пен Жаратушы Иеге деген шексіз махаббат. «Ғибадат» – адам баласының Құдайды қалай іздеп тапқаны туралы әңгіме, шынайы құлшылық, сүйіспеншілік. Мұнда ислам дінінің негізгі қағидалары сақталады. Адамзаттың жаратылысы туралы ойлар қасиетті Құранда бар шындыққа қиғаш келмейді. Мұсылман дінінде Аллаһ тағаланың 99 көркем есімі бар. Автор Аллаһты «Асыл пана» деп атаса, Құрандағы сүрелердің басталуында бар сөз: аса мейірімді, рақымды Аллаһ. Аллашылдық идеясы қалай ашылады? Қазақтың өз аңыздарынан алынған идеяны автор шебер пайдаланады. Ол - исі мұсылманға ортақ тажал туралы ой. Ақырзаман болғанда жер бетіне тажал шығып, тіршілік атаулыны жалмап қояды. Ақырзаман азан даусы естілмегенде болады. Әңгімедегі жасөспірім қыз баланың ауылда намаз оқитын кемпір-шал азайған сайын шошынатыны туралы ой - бұл гуманизм мұраттарын биік қоятын үлкен әдебиеттің өз еншісі. Егер осы бір көркем ойдың түбін қазса, мәңгүрттікке қарама-қарсы ұлы идеяның тап өзі болып шығар еді. Бұл кейінгі көркем прозада сирек кездесетін құбылыс. Әдебиеттанушылар мен философтардың терең зерттеуін қажет ететін таңғажайып бір мезет осы. Әңгіме мәтінінің тіпті, діни трактатқа ұқсап тұратын тұстары мол. Автор ислам дінін шала білетіндерден емес. Себебі діннің ғылыми негізі көркем прозада сақталады, долбар мен жаңсақтық жоқ. Адам санасы мен психологиясы туралы терең иірімдер бар. Ал әңгіменің Құран сүрелерінің аяттарымен аяқталуы дүниежүзілік әдебиетке тән тәсіл. Исламдық сарын аталмыш автордың «Тобылғы сай» атты әңгімесіне де етене тән. Ұлы дене бәрін аңдауы құдайшылдық идеясы. Бұл әңгімедегі «әңгіме ішіндегі әңгіме» тәсілімен берілетін төрт әңгіменің түпкі ой, сарыны да осы Құдайдың құдіретін ұлықтау болып табылады. Алмұрт ағашы-өмір ағашы туралы аңыздың желісіне сәйкес. Бұл фәниде киелі заттар болатын себебі, оны Аллаһ жаратқаннан деп түйіндейді автор. Ал «Мұнара» атты романның тұтас сюжетін Аллаһқа деген сенімімен көмкерген. Сонымен қатар, қаламгердің «Қияда» әңгімесінде ажал тақырыбы құдайшылдық сеніммен берілген. Сырғауыл тиелген арбаның астында бір түн басылып жатқан жас жігіт Аллаһты қарғамайды, себебі жақсылық тек Аллаһтан, жамандық адамның өзінен деп дүние таниды.

Қаламгердің «Тобылғысай» [1.87] әңгімесіндегі исламдық сарын мүлде бөлек. Бұл әңгіменің сипаттары: «Нәресте жержүзін анасындай аймалап, жарылқап тастайды» – күнге теңестірілген. Әңгіме кейіпкері Бижан − ауыл жігіті. Ол терең сайлардан шөп шабады. Адам мен табиғат үндестігі тұнып тұр. Әңгіме идеясы туған жердің қасиет-киесі адамды жамандықтан қорғап қалуы, ұлы Жатарушының пенде атаулының ғана емес, тіршілік атаулының қорғаны екендігін еске салуы. Ол қазақ халқының өзіне тән өмір философиясымен астасып жатыр.

«Беймәлім ұлы дене адам ұланын күтіп жатқандай, көзінің астымен әр қимылын бағып, бұға қалғанға ұқсайды. Көзге мұқтаж емес, бірақ көреді, одан таса жер жоқ. Ауасы балдай даланың шегірткесі шырылдауық, құсы сайрауық болған соң, ұлы дене һәм сергек, қауіпшіл, һәм кінәмшіл қарауыл екенін ұғыну қиын емес. Табиғатты меңіреу деп қабылдау адасқанды жарға жығады», – бұл Құран сүрелеріндегі аяттардан алшақ кетпейді. Исламда Аллаһтың өзіне тән көру, есту қабілеттері бар, ол көрнеуді де, көмескіні де көреді делінген. «Сондайда көкек шақырады сайдан. ... уызы кеппеген мынау момақан тыныштықтың астарында асқан мейірім құпия сырдай, тұңғиық судай тұнып тұрғаны» – аят басы «Аса мейірімді, рақымды Аллаһ тағаланың атымен бастаймын», – деп басталады.

Мұсылмандық құндылықтардың көркем прозадағы бедері кейінгі жас толқын қаламгерлердің де қуатты тегеурініне айнала бастаған сыңайлы. Мәселен: Ерболат Әбікенұлының «Тақуа» атты әңгімесі әзәзіл-шайтанның сан түрлі қыспағымен шырғалаңында сыр берілген жанның төзімділігімен сабырын алғы кезекке шығарады. Ең аяулы жандарынан балаларынан айырылса да, тілі мен жүрегіне медет тілеген Аю пайғамбар Жаратушының ықыласына бөленеді. Өйткені тіл – Жаратушы Аллаһқа мадақ айтушы, зікір етуші, дұға айтушы құрал болса, жүрек иман мен мейірім орыны ретінде дәріптеледі. Жас талапкер исламдық уағыздың ең мәнді де мағыналы тұсын таңдай білген. Кейіпкерін жан азабы мен тән азабының ауыр сындарынан өткізіп, адам иманының қалыптасуы, оны ұстап тұрудың оңай еместігін аңғарта білген. Яғни, мұсылмандық ілім жаттанды жалаң идея емес, терең тағылымды, жан сілкінісін қажет ететін тағылым екендігін меңзеген.

Аталмыш тақырып идеясын ашуда әрбір қаламгердің өзіндік өрнек нақышы бар екендігіне И.Құттықожаевтың «Тасбақаның тағдыры» атты әңгімесін талдау арқылы көз жетізуге болады. Шығарма он екі мүшесі сау, жалғанды жалпағынан басқандай күй кешіп, тәубәсінен жаңылып жүрген жанды қиын халде қалдыру арқылы иманын оятуды суреттейді.Тірі тасбақаны жәбірлеп, үй шатырына тірідей қамауы, оны шағаланың асырап-күтуі, апаттан арбаға таңылған жанның тырбаңдаған тасбақа тіршілігіне қызығып, ата өсиетін есіне алуы, тағдырына налуы, Жаратушыдан жалынып кешірім тілеуі шығарма өрімінде шеберлікпен орын тапқан. Бұл денсаулықтың қадірін сау кезінде біл, әрбір игілік Жаратушыдан деп ұқ дейтін исламның адамгершілік қағидалармен астасып жатыр. Яғни, жазушы осы идеяны айтуға өзіндік көрермендік жол таңдаған. Аллаһтан кешірім өтіну, бақыт пен бақытсыздық жайлы хадистерді автор ұтымды пайдалана білген. Ол көбіне ата өсиеті, уағызы арқылы беріледі. Мұсылмандық сенім арқылы тәубесіне ғана келтіріп қоймайды. Болашағына үмітін оятады. Мәселен, атасының:

«Пайғамбар (с.ғ.с) айтты: «Аллаһты есіңнен шығарма, сонда оны алдыңнан табарсың, Аллаһты бақытты шағыңда ізде, ол да сені бақытсыздыққа душар болғанда табады. Саған кезігу керектің жолықпай, ал жолыққанның сені айналып өтуі мүмкін емес екендігін біл. Сондай-ақ, көмек – сабырдан соң, қуаныш – қайғыдан соң, ал жеңілдік – қиындықтан соң келетіндігін ұғын» деген әңгімесінің жадында жатталып қалғандығы шығарманның негізгі лейтмотиві.

Д.Рамазанның «О дүниенің қонағы» атты әңгімесінің кейіпкерлері – бірі кезіндегі аюдай ақырған әкім, екіншісі қатардағы мұғалім. Автор әдейі кейіпкерлерінің екі түрлі қайшылықты болмысын ала отырып, тағдыр-талайлары таусылған кезде терезелері тең болып о дүниге бірге аттанбақ. Суреткердің айтпағы, адам қаншалықты тоқтық пен барлықта немесе жоқ-жітік өмірі сүргенімен дүние есігін ашқан кезде және бұл фәнидің есігін жабар сәтте ғана терезелері теңеледі. Бүкіл ғұмырларын екі түрлі өмір сүріп келген екі қарияның дүиеден өтер сәттері де екі түрлі. Қаламгер біздің танымымыздан тысқары жатқан о дүниенің, адам бақи дүниеге сапар шеккен кездегі о дүние заңдылықтарын суреттей отырып, өмірі біреудің ала жібін аттап, тірі пендеге ешбір қиянатын тигізіп көрмеген кейіпкерінің Аллаһтың ризығы мен періштелердің қолдауына тап болғандығын өте нанымды суреттеген. Жазушы шеберлігінің өзі «ақ» түр-түсті қолдануы. Жалпы қазақ әдебиетінде, соның ішінде, прозаға қарағанда поэзияда түр-түсті қолдану жиі кездеседі және бұл жеке сындарлы зерттеуді қажетсінетін тақырып. Автор бұл жерде «ақ» түсті қолданып отыр. Қазақы танымда «ақ» сөзінің ақ тілек, ақтық сапар, ақ ниет, ақ көңіл, ақ жол, ақиық, т.б. қолданыстар бар. «Ақ кебін» сөзі өліммен ассосацияланып алынса да «ақ» сөзінің мөлдірлігі мен тазалығына шүбә келтірмейді.Өйткені «ақ кебін» мұсылман қауымның о дүниеге киіп барар таза киімі. Бұл туындыда әрбір адамды еріксіз терең ойланып, толғануға итермелейтін, Аллаһ тағаланың құлдарынан құпия ұстаған – ақирет күні жайлы әңгімеленеді. Сонымен қатар, ақирет күніне сену иман тіректерінің бірі, ол күнге иман келтіруге үндеу – барша пайғамбарлардың дағуаты, оған сенбейтіндерге айтар ақыл-кеңестер, ақирет күніне сенбейтіндердің ақыл-ойына түрткі салады.

«Иман тіректерінің бірі – ақирет күніне сену. Иман дегеніміз – Аллаһқа, (оның) періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақирет күніне, тағдырға және ондағы жақсылық пен жамандықтың тек Аллаһтан екендігіне сену. Демек, ақиретке сену-иманның ажырамас бір бөлшегі. Онсыз иман кәміл болмайды. Ал ақирет күні дегеніміз – Аллаһ тағаланың адамдарды есеп-қисап үшін қайта тірілтіп, қабірлерінен тұрғызып, олардың арасына төрелік етіп, іс-амалдарының қарымтасын беретін күн.Аллаһ тағала өзінің кітабында: «Бірақ кім Аллаһқа және ақирет күніне иман келтірсе, сол игі (іс)» (Бақара, 177). Автордың мақсаты әрбір мұсылман ақирет күніне сенудің діндегі орнын, маңыздылығын және онсыз иманының толық болмайтындығын әрдайым жадында сақтап, бұл күн жайлы мағұлматтарды алдын ала ізденіп, оқып-білуге тырысқаны жөн. Өйткені адамзат баласына жіберілген барша пайғамбарлардың міндеті өз үмбетін бір Аллаһқа құлшылық етуге шақыру және жасаған амалдарының қарымтасын алар ақирет күніне иман келтірумен ескерту еді.

Суреткердің адамзат пендесінің өміріндегі беймәлім, белгісіз ең қорқынышты сәтін сюжет желісіне айналдыра отырып, о дүниеге таза қалпында аттану концепциясын ұсынады. Қалай болғанда да суреткердің қолданып отырған «ақ» түсі бұл жерде тазалық пен мөлдірліктің, имандылықтың рәмізі болып тұр.

Қаламгер алған «Қара» түс тағы да шығарма идеясына қызмет етіп тұр, Көңілі, ниеті қара адамның шығар жаны да қара болады екен. Жалпы осы бір-біріне қарама-қарсы «ақ пен қара» түс әрдайым қатар жүргенімен, екеуі қатарласса жарасымды контраст беретіні де рас. Автордың сюжет желісіне арқау етіп алып отырған періштелер, ажал періштелері аңыздық, мифологиялық танымға байланысты шығып отыр. Мәселен, адамның екі жағында екі періштесі − жасаған жақсылық, ізгілік ісін оң жағындағы періштесі, ал сол жағындағы періштесі барша жасап отырған жаманшылық, арам оймен істеген істерін амал дәптеріне барлығын тізіп жазып отырады дейді қазақ мифологиясы. «Жазушы періштелер» жөнінде Құранда: «Оның оңына да солына да екі (сөздері мен амалдарын) байқаушы отырады» (Қаф, 50/17) (53),- делінген.

Аллаһ тағала осы Кирамун Катибун періштелеріне: «Егер де құлым жамандық істегісі келсе, оны жасағанша күнә жазбаңдар. Ал жасаса, бір күнә жазыңдар. Ол істі Мен үшін тәрк етсе, бір сауап жазыңдар. Ал жақсылық істегісі келіп, істемесе де бір сауап. Жақсылық істесе, он сауаптан жетпіс мыңға дейін сауап жазыңдар», (Бухари, Риқақ, 31; Таухид, 35; Муслим, Иман, 203-204), – деп бұйырған. Яғни жасамаса да адамның жақсылыққа ниет етуі – сауап, ал жамандық жасалғанда ғана күнә болып жазылуын Аллаһтың құлдарына деген мархабаты, рақымы деп түсінуге болады.

Суреткер о дүниеде істеген ісіңе, жасаған жақсы-жаман қылықтарыңа және ең негізгісі Аллаһқа деген адалдығың жайлы Аллаһтың алдында жауап бересің деп ескертетін тәрізді. Автор кейіпкерін егер құдай жолымен жүрмей, Ібілістің айтқанын істеп, азғыруына ілессе, жалын атқан тозаққа түсер еді. Ал міне, о бастан мәңгілік мекенін өзі таңдап алып отыр. Адам баласы қалай өмір сүрсе, о дүниеде де сондай өмірге тап болады. Мәселе, суреткерлік таныммен байлықпен, барлықпен шалықтап өмір сүруде емес, иманын жоғалтпауда деп ой салады. Тіршілікте жасаған бір түйір жақсылығы бақи дүниеде таудай болып алдыңнан шығады деп уағыз айтқандай болады.

Жазушы Ақ пен Қараны біріне қарсы қойғандай, бұл жерде екі түрлі өмір кешіп, екі түрлі тіршілік еткен екі қарияның Ар алдындағы жауаптары да екі түрлі болып шығуының өзі табиғи заңдылық деп ой түйдіреді. Тіршілікте екі жолмен жүрсе де, қазіргі бара жолы бір болып, бірі жұпыны ғана қоңыр тірлік кешсе, екіншісі, бастық боп жалғанды жалпағынан басса да өлім алдында бірдей, Аллаһтың алдында тең болып тұр. Тіршіліктегі өмірлері тәрізді о дүниедегі өмірлері екі жолмен басқаша жалғасын тапты. Тек керісінше, біреуі жұмақта, екіншісі тозақта... Бұл қалай? Себебі неде? – дейді авторлық таным. Жалғанды жалпағынан басып, Құдайдан қорықпай, иманын ұмытқан пайғамбар жасындағы қарияның өз жауабы өзіне үкім кестіреді. Бірде хазірет Суфиян ибн Уйайнадан бір адам келіп: «Егер адам жақсы амалға ниеттеніп, оны жасай алмаса, Кирамун Катибун періштелері не жазбақ?» – деп сұрағанда, Суфиян ибн Уйайна: «Адамның жақсылығы мен жамандығын жазатын періштелер ғайыпты білмейді. Бірақ адам ізгі амалға ниеттенсе, ол адамнан жұпар иіс шығатын көрінеді. Сол жұпар иісті сезетін періштелер ол адамның ізгі амалға ниеттенгенін біледі. Ал теріс амалға ниет етсе, жағымсыз иіс шығады екен. Ізгі ниетті іске асырмаған күннің өзінде де періштелер сауап жазады. Ал теріс, зиянкес іске ойы кетсе де оны жасамайынша күнә жазбайды. Бұл Аллаһтың бізге деген мейірімділігі», – деп жауап берген екен.

Кез келген адамның жасаған жақсылығы, күнәсі, қылмысы еш уақытта із- түзсіз кетпейді, сондықтан қаламгер ар мен Аллаһ алдында жауап беруге әр пенде даяр болса деген тілек иесі болып көрінеді. Жазушының тағы бір шебер қолданып отырған көркемдік шеберлігінің бірі – иіс болғанда жағымсыз теріс пендені тыжырынтатын иіс. Адам фәни дүниеде қанша арамдық істеп, қараулықпен байыса да істеген ісінің бәрі майдай жаққандай, айы оңынан туғанмен әр нәрсенің өз орны барлығын меңзейді. Жасаған барша жамандықтары, арам ойлары пендешілік іс-әрекеттері бойына еріген қорғасындай жайылып, сіңгенмен ертеңгі күні бақи дүниеге аттана салысымен, екі дүниенің аралығында тұрып-ақ адам төзгісіз сасық иіс болып қайта шығатынын ескерткендей болады автор. Неғұрлым адамның күнәлары көп болса, соғұрлым иісі сасық келеді, яғни иісінен-ақ оның қандай адам болып өмір кешкені бесенеден белгілі болады. Сонымен суреткер иісті шартты түрде алғанымен, ар өлшемі қызметін атқарып тұр.

Бұл жағдайда автордың басты мақсаты – жағымсыз иісті жоюдың мүмкін еместігін және одан құтыла алмайтындығын көрсету. Әңгіменің ерекшелігі болып нарративті ракурсты таңдау табылады. Негіз ретінде таңдалған объект – иіс оқырмандардың алдында ерекше психологиялық тұрпатта беріледі. Иіс – бұл кез келген тәннің сипаты.

Қаламгер кейіпкерлерінен бойынан шығатын иісті жасырын мүмкіндіктерін ерекше манипулятивті сапа ретінде көрсетеді. Бұл жерде постмодернистік әдебиеттерге тән әдістер қолданылғаны анық: Иіс рухтың, яғни, жанның эквивалеті ретінде қарастырылады. Кейіпкердің өзіне тән иісінің болмауы оның рухының жоқтығын білдіреді.

Ольфакторлық агрессия, яғни, бүкіл кеңістікті жайлап алған және адамдар амалсыздан иіскеуге мәжбүр болған иістің қатты шығуы.

Әңгіме белгілі мұсылмандық шарттарға құрылғанымен жазушы шеберлік таныта білген. Тылсым дүниенің сыры көп. Адамзат санасынан тысқары тұрған жұмбақ әлем ол – жұмақ пен тозақ. Адам өмірге келгенен бері жасаған ісі мен қаракеттері, қандай тіршілік кешсе сонша өмірі жақсылық пен күнәға толы болады. Мейірімді Аллаһ мен жаратқан ие өзі жаратқан пенделерімен амал сұрақтарын сұрайды. Адам санасынан тысқары жатқан әлемді танып білуге, сырын ашуға деген талпыныс қай заманда, қай кезде болса да адамзаттың құштарлығын, оятқан. Сонысымен адамның білсем, танысам деген ойлары көркем әдеби шығармашылық арқылы жүзеге асып отыр. Сонымен адамзаттың санасы, қолы жетпеген «тысқарыға» енді өрісі жетіп жығылатын дәрежеге жетті. «Алланың өзі де рас, сөзі рас» дегендей Аллаһтың шарапатымен берілген дүниенің бәрі тылсым. Сол тылсым дүниенің есігін ашуға көркем әдебиетте қадам басып отыр. Ол қадам мейлі, үлкен прозада, повесть немесе әңгімеде болсын оны өздерінің тар шеңберімен шығарып тастай алмайды. Алтын ғасырдың алтын адамы іспетті кез келген салмақты ой иесі өзінің өткені мен бүгініне баға беруі тиіс. Алдымен ол бағаны − Аллаһ береді. Алла бағасын жай бермейді, өлшеп, таразылап несебесіне қарай береді. Аллаһтың атын жамылып, күнәкарлық жасаған пенделер тозақтан, ал Аллаһтың ризығы үшін өмір сүрген ақ адал адамдар жанға жайлы жұмақтан орын алады. Жалпы жұмақ пен тозақ ұғымы адамзат пендесі өмірге келгенен бастап пайда болады. Жақсы адам − жұмаққа, жаман адам −тозаққа дегендей, ақ пен қараны ажыратып, әділ бағасын да берер кез – о дүниенің есігінің алдында тұрып есеп береміз. Ол есептің ақ-қаралығы, біздің сүрген тірлігімізге тікелей байланысты. Ақ пен қараның өзара байланысы тәрізді, бірін - бірі толықтырып тұратын, бірінсіз-бірі тұл соншалықты сұлулық болмағанымен жиған-тергеніңді бір күнде тәрк етіп, о дүниеге аттанып жүре береміз. Тірі пенденің барлығының тұз-дәмі таусылар тұсы барлығын еске салу арқылы тәубеге шақыру шығарманың негізгі идеясы.

Бізге беймәлім дүниенің есігі қалай ашылатыны да әрқашан өзімізге байланысты екендігі ешуақытта естен шығармайтын заңдылық екенін және Аллаһ тағаланың құдіретіне сену керектігін ескерту әңгімелері деп айтуға болады. Қай автор не туралы жазбасын, айтпақтары біреу-ақ. Ол – Аллаһ алдында жауап беруге дайынсың ба? - деп жалғыз сауал ғана.

Ислам дінінің негізі – Аллаһқа деген сенім, ал Аллаһқа деген сенімнің негізі – Аллаһтың жалғыздығын мойындау болып табылады.

О дүниедегі есебіміз ақ па қара ма, әйтеуір бір жауапқа ие болады. Сондықтан Аллаһтың атына лайық, күпірлік жасамағанға не жетсін. Қазір заманауи мәселелерге байланысты қаламгерлер қиын да күрделі тақырыпқа қалам тартып отыр. Бұл өте ауыр да киелі тақырып болғанымен аса қызықты да жұмбақ тақырып. Бұл тақырыптың аясын кеңіте айту үшін, үлкен білім, жай білім емес мұсылмандық білім қажет. Бірақ дегенмен, мұсылмандық білім барлығында болмаса да, мұсылмандық иман мен таным, түсінік болуы қажет. Осының барлығын жинақтай келе ғана аталмыш тақырыпқа баруға болады. Бұл тақырып аясы кең суреткерлік жауапкершілікті талап етеді деп тұжырымдауға болады.

Жазушы Д.Ахметұлының «Пайғамбардың оралуы» атты әңгімесі діни тақырыпқа, аңызға құрылған. Жазушы әңгімесінің кейіпкері етіп Нұқ пайғамбарды алған. Әңгімеде Аллаһ сөйлейді, оның періштелері де кәдімгі адамдар тәрізді сөйлеседі, сөйтіп тұлғаландыруға бой ұрады. Алайда, жазушы діни сарынның құпия астарын толық аша алмағаны айқын, себебі мұндай күрделі тақырыпты ашу тек талант қана емес, терең тарихи-діни танымды да қажет етеді. Өйткені шығармаға негізгі өзек етіп, арқау етіп алып отырғанымыз − Аллаһтың пайғамбарлары мен сахаббалары. Бұл тарихи тақырып болмағанымен, біздің санамыздан тысқары, болмысымыздан биік жоғары тұрған көзге көрінбейтін шындық, сезілмейтін шындық. Ол шындықты тек о дүниеге аяқ басқанда ғана сезіп, біліп, танисыз. Сондай жұмбақ, ғаламат әлемді жазу, суреттеу деген сөз Аллаһтың құрметіне бас ие, оның жалғыздығы мен құдіреттілігіне мадақ айту деген сөз. Бұл кез келгеннің қолынан келе бермейтінін іс. Шариғатқа, мұсылмандық танымға жат, қайшы жайттарды жазу Аллаһтың алдында күнәға бату болып саналады. Сондықтан қазіргі қазақ прозасындағы исламдық сарын үлкен мәдени құбылыс. Біздің әдебиетіміз аяқ басқан ұлттық таным, ұлттық рухани сарын өзіміздің ел-жұртымыздың рухани құндылығын ұмытпауға, қадірлеуге шақырады. Ұлттық құндылық дегенде бағзы заманнан ел санасына сіңген Аллаһтың құдіреттілігіне бас иген халықтың жадынан шығарған мифологиялық, діни аңыздардың жетегімен шығару болып табылады. Құран Кәрімде жазылған барша аяттардың өзі − ел санасындағы аңыз болып табылады. Аллаһтың сөзі әрқашанда хақ, рас. Жаратқан Аллаһтың құдіреттілігіне басымызды ие отырып, ислами құндылықтардың қазақтың ұлттық прозасынан көрініс беруі өте үлкен ыждағаттылықты талап етеді. Суреттеп отырған кейіпкері жай адам емес жалғыз Жаратушы Аллаһтың сөзін растаушы оның пайғамбарлары мен сахабалары емес пе? Бір жерден мүлт кетіп, жалған жазу үлкен күнә болып есептеледі.

Сондықтан Аллаһтың алдында өзі де аз емес пендешілік күнәлардың үстіне одан да екі есе үлкен күнәны жамап алып жүрмейік ағайын дегім келеді.

Сонымен қорыта келгенде, Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасындағы үлкен бір жаңалық − дін тақырыбы. Бұл – туған әдебиетімізде үлкен шектеуге ұшырап, әдебиет ішінен өз орнын ала алмай жүрген тақырып. Міне, осындай рухани мешеулік жайлаған атмосферадан кейін С.Досанов, Т.Ахметжан, Д.Амантай, А.Кемелбаева, Д.Рамазан, Е.Әбікен, т.б. қазақ қаламгерлері өте жаңашыл, ірі қадам жасады. Қаламгерлердің бірқатары – А.Кемелбаева мен Д.Амантайлар өздерінің дінге бет бұруын жалған бояулармен әсірелемей, ішкі болмысты таза қалпында көрсетулері құптарлық жайт. Ал, Д.Рамазан сынды жазушыларымыз дін тақырыбындағы сонылықты Құраннан тікелей аударма жасап, интерпретация әдісіне жүгінеді. Сонымен қатар, Құранның ең қадірлі, ірі маңызды сүрелеріне үлкен мән беріп, Құранға үстірт мойын бұрмай, үлкен суреткерлікпен қарап жазған көркемсөз шеберлері де баршылық. Құран сүрелерінен үзінді келтіру арқылы дүниеге келген туындылар − автордың бар идеялық-эстетикалық тұжырым, байлауын көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер


      1. Кемелбаева А. Тобылғысай. – Астана: «Елорда», 2001. -120 бет.

      2. Рамазан Д. О дүниедегі кездесу. – «Жас Алаш», 30 наурыз, 2010, ж.


Айдынгүл ХАВАН,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ізденушісі
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ «МИН ӘСИЛӘТИЛ ЛӘМИҒА ИЛӘ ӘЖУӘӘБ ӘЛ-ЖӘМИҒА» (СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАР) ТРАКТАТЫНДАҒЫ ЕЛШІЛЕРДІҢ (РАСУЛ) ХАБАРЛАРЫ ЖАЙЫНДАҒЫ ХИКМЕТТЕРІ
Әл-Фараби: «Адам өзіне тасыған қуаттың арқасында хакім, философ және толығымен ақылмен пайымдаушы болады, өзінің қиялдаушы күшіне тасыған нәрсенің көмегімен ол адам келешекте болатынды болжаушы (ескертуші) және қазіргіден хабардар етуші пайғамбар болады. Бұл адам болудың ең жетілген мәртебесі және бақыттың дәрежелерінің ең биігі»,- дейді [1.130]. Ойшылдың келтірген көзқарастарының айқындығы, тереңдігі уахилік түсінік пен пайғамбарлық шабытты түсіндірудегі ұтымды жауабы екені сөзсіз.

Ибн Синаға келсек, «Адам жанының рухани әлеммен және періштелер жанымен байланысты немесе жан өте қуатты болғандықтан, оны сезімтал, дарынды адамдар бір мезгілде сөйлей, тыңдай және жаза алатындығына ұқсас, сондай әрекеттен ұстап тұра алмайтындығынан пайда болады. Осындай жан түсінде не көрсе, соны өңінде көре алады» дейді. Мұнда Ибн Сина ой қуатының арқасында төменнен жоғарыға дейін жете алатындығын және жанға жоғарыдағымен байланысқа түсуге болатындығын айтады.

Әл-Ғазали «Адасушылықтан құтқару» атты кітабында: «Мәртебелі жасаған Алла жолымен жүруші дәл осы сопылар, олардың жолы ең дұрыс жол және олардың жан дүниесі ең таза екендігі айқын. Олардың барлық харекеттері, барлық құпия және жария ойлары – пайғамбар хұзырынан құйылған нұрдан, ал жер бетінде адамдар өз бағытын түзейтін пайғамбар нұрынан өзге еш сәуле жоқ»,- дейді [2.143].

Пайғамбарлық туралы теория орта ғасырда шығыс және батыс ғұламаларының ең маңызды зерттеу тақырыптары бола отырып, әл-Фарабиді де философия тарихында үлкен бір белеске көтерді.

Ойшыл өзінің «Китәбул милласында» /Дін кітабы/ қалауға қатысты «Парасатты дінде қабылданған көзқарастар...» деп басталатын бөлімде «Екінші қалауға қатысты көзқарастарға өткен замандарда бірінен соң бірі жіберілген пайғамбарлардың, парасатты қағандардың, жақсы басшылардың тура жолды сілтеген көсемдердің сипаттары, әрбірінің ортақ келісімге келген мәселелер мен әрбіріне тән жақсы амал-істердің түсіндірмесі тән» [3.14],- деп сипаттама береді.

Аталмыш көзқарастардың пайғамбарлар мен бұрынғы өткен патшалар туралы хабарлардан, тарихи еңбектер мен қиссалардан алынғандығы анық. Ахмед Атеш ең бірінші болып, өзінің «әл-Фараби шығармалары» атты мақаласында «Әбу Насыр Әл-Фарабидің сұрақтарынан....Таңдамалы» деген атаумен берілген Айя София мешітіндегі (қолжазбаның кітапханадағы сақталған № 4855) қолжазбаға сілтеме жасайды. Фарабитанушы Мухсин Маһди: «Бұл еңбекпен 1961 жылы жазда Стамбул қаласында таныстық. Еңбекте Адам (а.с.) нан Мұхаммед (а.с) ке дейінгі бұрынғы пайғамбарлар туралы мағұлматтар келтірілген. Жинақтағы мәтіндер «Кутуб әл-ахбар» мен «Пайғамбар қиссаларынан» таңдалынып алынған. Кітапты оқи отырып, еңбектің әл-Фарабидікі екендігіне көз жеткізуге болады. Бірақ, әл-Фараби шығармалары мен ол туралы жазылған еңбектердің ешқайсысында «Сұрақтарға жауаптар» деп аталатын трактаттың атауы кездеспейді. Бұл – бірден-бір қолжазба. Мәтін: «Әбу Насыр әл-Фарабидің жарқыраған сұрақтардан жалпы жауаптары. Таңдамалы. Адамдар мен жындарды өзіме ғибадат ету үшін жараттым...» деп басталып, «жасыл жемістердің орнына жыңғылдар мен арам шөптерді бастырды. Сәбә халқы сусыздық пен аштықтан қырылды» деп аяқталады. Беттерінің қатары 17-19 қатардан тұрады» [3.24] дейді.



Осы мақаламызда әл-Фарабидің аталмыш трактатының арабшадан аудармасын беріп отырмыз.


  1. «Адамдар мен жындарды өзіме ғибадат ету үшін жараттым» (Зүрият сүресі, 26-аят). Тәпсір ғалымдары сөйлемдегі «ғибадат ету үшін» сөзін «бірігу үшін» деген мағына береді деп санайды.

  2. «Біреу, жалғыз» (аһад) сөзі «бірінші» (уааһид) сөзінен жоғары. Өйткені, «аһадтың» көптікке қатысы жоқ әрі оның көзбен де, жүрекпен де ұқсасы қабылданбайтын «уаһиид»( жалғыз).

  3. «Мүмін» құлшылығы тек Аллаһына болған, дүниеге қызықпайтын, азығы тақуалық және сөзі зікір етуден тұратын адам.

  4. Дана ілім үйренуден ұялып, оны тәрк етпеңдер әрі оны үйретуде менменсінбеңдер!- деген.

  5. Ілім – жоғары, төмен болу оған тән емес әрі ол жоғарылықпен жүзеге асады, төмендікпен емес деп айтылады.

  6. Тіл ғылымдары: "Ақыл" сөзі араб тілінде "ұстап қалу, ұстап жібермеу" деген мағына білдіретінін айтады. Сонда "ақылды" деп "әр нәрсені өз орнында ұстаған" және өз орнына қойған кісіні айтады. "ақала лисанаһу" сөзіне келсек, ол "тілін қажетсіз сөзден тыйды" және "тілін өзіне қатысы жоқ әңгімеден ұстап қалды" дегенді білдіреді.

  7. «Табиғи әлемге» ай ғаламшары мен жер кіндігінің арасындағылар жатады.

  8. «Ас-сабыр» – жан қалауына қарсы күресу.

  9. Хакімнен: «Қожанасыр деген кім?»- деп сұралады. Ол (хакім): «Қожанасыр – болмысынан көңілді адам. Оның мінез-құлқы, іс-әрекеті міндеттен тұрмайды», - деп жауап берген.

  10. Күн «күн» деп, ал «ай» ай деп аталады. Өйткені, күн жазда жақындайды, ал, қыста алыстайды. Бұл «қыңыр аңға» ұқсатылады. Бұл хайуан кейде жақындайды, бағынады, кейде, қашады, алыстайды. Ай /қамар/ болса, бірде ұзарады, бірде қысқарады. Сондықтан да, «ойынхана» (казино) /мақаамир/ «ойын алаңы» /мақаамир/ деп аталады. Өйткені, онда бірде ақша ұтасың, бірде ұттырасың.

  11. Кім ысырап жасауды азайтса, сол рақатта күн кешеді.

  12. Тәпсірде: «...жасыл ағаштан от жаратты»,- деп айтылады (Ясин сүресі, 80-аят). Сондықтан «Юбба ағашынан» басқа от шығаратын ағаш жоқ.

  13. Хакімнен «өсиеттердің ең абзалы қайсы?» - деп сұралады. Ол (хакім): егер науқас адамға баратын болсаң, оның жанында көп отырма, адамдардың бәрі ауырады. Біл және түсін!-деген.

  14. Былай айтылады: «Жаннаттағы жаннаттың жеті қайырлысы – ата-аналарына, туысқандарына зиярат ету және пайғамбарларға зиярат ету, періштелерге қызмет ету, Аллаһтың нығметіне бөлену, Аллаһты зікір ету, Аллаһқа сәлем беру, Аллаһты елестету».

  15. Былай айтылады: Әдеп /адаб/ – өзінің қалауын шектейді, яғни иігілікті істерді атқарып, харам істерден аулақ болуы дәріптейді. Шынайы әдеп – жақсылықтың игіліктерінен тұрады. Мысалы: ма’дуба – түбірі адаба – банкет, жиын-той дегенді білдіреді. Мұндай кезде дәмді әрі тәтті тағамдар қойылады яғни жақсы игіліктер жинақталды.

  16. Хакімдер айтады: Шын мәнінде, Аллаһ тағала елшісіне өзіне дейінгі болған елшілер мен пайғамбарлардың (нәбилердің) хабарларын және бұрынғы өткен тайпалардың хикметтері туралы жеткізетін пайғамбарлықты аяқтауды бұйырды.

Бірінші: пайғамбарлығы мен міндетінің белгілерінің көрінуі. Өйткені, оған (Мұхаммед с.а.с.) өзіне дейін жіберілген пайғамбарлар мен елшілер туралы хабарларды Жебірейіл періште арқылы (Аллаһтың оған салауаты болсын!) Аллаһ үйретті.

Екіншіден: жүрегін тасбит ету, көңілін орнықтыру – Аллаһ тағаланың сөзі. «(Мұхаммед ғ.с.) саған пайғамбарлардық қиссасын көңіліңді орнықтыру тұрғысынан баян етеміз» (Һұд сүресі, 120-аят).

Үшіншіден: Оның зікірі мен дәрежесін айқындау. Аллаһ тағаланың (азза уа жәлла – бәрін білуші әрі ұлы) сөзі – «Мұхаммед (ғ.с.) өстіп, саған кейбір болып өткен уақиғаларды баян етеміз. Сондай-ақ, саған өз қасымыздан Құранды бердік» (Таһа сүресі, 99-аят).

Төртіншіден: үмбетінің өнеге боларлық ақыл иелерінен болуы– Аллаһ тағаланың сөзі «Әрине, пайғамбарлардың қиссаларында ақыл иелері үшін өнеге бар» (Жүсіп сүресі, 111-аят).

Бесіншіден: пайғамбарлар туралы қиссаларды уахи арқылы хабарлайды – Аллаһтың (азза уа жәлла) сөзі - «(Мұхаммед ғ.с.) міне, бұлар білінбеген әңгімелерден. Оны саған уахи етеміз. Бұдан бұрын оны сен де, қауымың да білмейтін еді» (Һұд сүресі, 49-аят).

Алтыншыдан: шын мәнінде, Аллаһ тағала оған (пайғамбарға) дұрыс әрі салих үлгі-өнеге болу үшін елшілер мен салих пайғамбарларға лайықты мінез-құлық туралы айтты.

Жетіншіден: Оған және оның үмбетіне нығыметтер жайында баян етті. Аллаһ тағаланың сөзі – «...сендерге көрнеу, көмес нығметтерін толықтастырды» (Лұқман сүресі, 20-аят). Көрнеу нығыметтер – шариғатты жеңілдетеді. Ал, көмес нығыметтер –нығымет жасаушының сауабын арттырады.

Расул мен нәби арасындағы айырмашылық

  1. Былай айтылады: расул (елші) мен нәбидің (пайғамбар) арасындағы айырмашылық мәселесіне келсек, расул шариғатпен келеді, ал нәби алдынғылардың заңын (шариғатын) сақтайды. Расул адамзат пен періштелерді қамтиды (ортақ).

  2. Былай айтылады: расулдарды жіберудің пайдасы – шариғатты таныту. Ал, кітаптарды түсіру – Хаққа ғибадат жасауды тану.

  3. Былай айтылады: «нақты шешім» /азм/ жүрек қалауымен іс-әрекетті орындауға шешім қабылдау. Сондай-ақ, ол белгілі бір «мақсат» /қасад/ емес, ол іс-әрекеттің алдында келетін «қалау» /ирәдә/. Өйткені, мақсат – іс-әрекетпен бірге келеді, ал нақты шешім – іс-әрекеттің алдында болады. Сол сияқты «ниет» те іс-әрекетпен бірге емес, оның алдында келеді. Былай айтылады: «нақты шешім» – бір нәрсеге деген қалау және оны жүзеге асыру. Құранда: «(Мұхаммед ғ.с.) пайғамбарлардан майталмандар (сабыр еткендей сабыр ет!)» (Ахқаф сүресі, 35-аят) деп келеді. Мұндағы «русул» (елшілер) сөзі туралы бір риуаятта жетеуінің атын атайды. Олар: Нұх (а.с.), Ибраһим (а.с.), Исхақ (а.с.), Аюуб (а.с.), Яқұб (Жақып) (а.с.), Жүсіп (а.с.), Шұғайып (а.с.), ал, келесі бір риуаятта төртеуінің аты беріледі – Нұх (а.с.), Һұд (а.с.), Ибраһим (а.с.) және Мұхаммед (с.ғ.с.). Тағы бір риуаятта бес расулдың атын келтіреді – Нұх (а.с.), Ибраһим (а.с.), Мұса (а.с.), Иса (а.с.), Мұхаммед (а.с.).

  4. Шариғат иелерінен болған пайғамбарлардың саны алты (қалғандары – бұлардан кейін келгендер) – Адам (а.с.), Нұх (а.с.), Ибраһим (а.с.), Мұса (а.с.), Иса (а.с.), Мұхаммед (а.с.).


4-Адам (а.с.)

  1. Ән-нәбидің (а.с.) «Аллаһ тағала Адамды өзінің (Адамның – А.Х.) бейнесінде жаратты» сөзінің мағынасы – Адамның бейнесінен басқалары бір түрден екінші түрге өзгереді, алмасады дегенді білдіреді деп айтылады. Адам (а.с.) Аллаһтың /аззә уә жәллә/ адамзатқа байланысты айтқан «Расында адамды нағыз балшықтан жараттық. Сонан кейін оны жатырда тұратын тамшы қылдық» (Мүминұн сүресі, 12-13 аят) сөзіне сәйкес ана құрсағында болып, одан дүниеге келіп, балалық, ержеткен шақтарды басынан өткерген жоқ.

  2. Адам (а.с.) ның мұғжизасы періштелер де білмеген әлемдегі барлық заттардың аттарын білуі. Пайғамбарларға келген мұғжизалардың басы – Адам (а.с.) ға түссе, соңы Мұхаммедпен (а.с.) аяқталады. Ендеше, екеуінің де мұғжиасы – сөйлеуден тұрады (Адам (а.с.) әлемдегі барлық заттардың аттарын білген болса, Мұхаммедке (а.с.) түсірілген мұғжиза Құран, бұл да – сөзден тұрады – А.Х.).

  3. Былай айтылады: Аллаһ тағала Адамға (а.с.) әлемдегі заттардың аттарын Өзінің құлдары сөйлейтін барлық тілде үйретті.

5-Ыдырыс (а.с.)

  1. Ең алғаш рет қаламмен жазу жазған және ең алғаш киім киген Ыдырыс (а.с.) деп айтылады.

  2. Хабарларда былай айтылады: Оның Ыдырыс аталуының себебі, ол Аллаһ туралы кітаптарды көп оқитын еді. Бұл кітаптар Адам (а.с.) мен Шиис (а.с.) ға түсірілген парақтар болатын. Оның есімі Ахнух деп аталды – [Адам ұлы Шиистің ұрпағына жатады – Аллаһ тағала оны күпірлік еткен Қабылдың әулетіне оларды иманға шақыру үшін шариғатпен жіберді].

  3. Былай айтылады: Ыдырыс көктің төртінші қабатына көтерілді. Кейбір хабарларда алтыншы қабатқа дейін көтерілді дейді. Тағы бір хабарларда оның мүмін сәбилердің рухымен бірге жаннатта екендігі айтылады.

6-Нұх (а.с.)

  1. Хабарларда былай айтылады: Нұх – пайғамбарлардың шейхы деп айтылады [Ахнұхтың ұрпағына жатады].

  2. Хабарда: Нұхтың кемесі суда алты ай қалған. Оның алғашқысы Аллаһтың ережеп айының он күні, ал соңы – аш-шура айының соңғы күндері. Және оның шариғаты қалпына келтірілді,- деп келеді.

  3. Хабарда: Қабыл мен Шиистің ұлдары бір-бірімен некелесті, сөйтіп, барлық жағдайларды ластады. Шиистің ұрпақтары жақсы амалдардың бәрін тәрк етіп, Қабылдың ұрпақтарының артынан азғындады. Осылайша, Аллаһ тағала оларға Нұхты жіберді,- деп келеді.


7-Һуд (а.с.)

  1. Былай айтылады: [Нұхтың ұрпағынан] Һуд – Аллаһ тағала оны тура жолдан тайған Нұхтың қауымына Нұхтың шариғатымен жіберді.


8-Салих (а.с.)

  1. Хабарда былай келеді: [Нұхтың ұрпағына жатады] – Аллаһ тағала оны Сәмуд тайпасына жіберді [Өйткені, олар Аллаһтың әміріне қарсы келіп, Аллаһтан басқаға ғибадат етті. Оның (Аллаһ тағаланың) көптеген мұғжизаларын көре тұра Оған сенбеді] – Шын мәнінде, олардың «Сәмуд» деген атауды – судан тапшылық көргендеріне байланысты берген. «Әс-сәмд» араб тілінде «аз су, суға тапшылық» деген мағына береді.


9-Ибраһим (а.с.)

  1. Былай айтылады: шын мәнінде, Ибраһимді (с.а.) «Халил» деп атаған. Өйткені, ол үнемі Хақтың әміріне ықыласпен тағзым етіп, ғибадат қылатын. Адамдарға қонақжай еді әрі олардың өмірін молшылыққа кенелуге тырысатын [Ол Нұх ұлы Сәмның ұрпағынан]. Тағы былай айтылады: Оның «Халил» деп аталуының төрт себебі бар: (Оның «Халил» деп аталуы төрт нәрсеге байланысты) өзін оттан аямауы, жүрегімен Рахманға берілуі, баласын құрбандыққа қиюы, мал-мүлкін туысқандарына таратуы. Аллаһ тағала оны Нұх ұлы Сам ұлы Ирм ұлы Каус (Кауш) ұлы Намрұттың қауымына жіберген; олар пұттарға табынатын еді.



10-Лұт (а.с.)

  1. Былай айтылады: Лұт – арабша есім. Түбірі: әлуат – байланысу, байласу деген мағына береді. Әлуат сөзі әл-лизуқ (жұғу жабыстыру дегенді білдіреді) сөзімен да мағыналас. «Лұт» деген атауды оның Ибраһим (а.с.) ға деген ыстық ықыласына қатысты берілген. Бір хадисте: «жүрегімен берілген бала» деп те айтылады. Харан ұлы Тарих ұлы Ибрахимнің ағасының ұлы Лұт. Аллаһ оны Иордания жерінде орналасқан «муғтафиқат» деп аталатын бес қалаға жіберген (Дадума, Амура, Сеуам, Садум және Суғар – А.Х.). Қауымының ешқайсысы Лұтқа мойынсұнбады әрі жаман іс-әрекеттерінен тыйылмады.


11-Исмайыл және Ысқақ (а.с.)

  1. Көпшілік тәпсіршілер: құрбандыққа шалынған Ысқақ дейді. Ал, кейбірі – Исмайыл деп айтады. Дұрысы – Исмайыл, өйткені ән-нәби (а.с.): «әнә ибни зәбихәйни» («мен екі құрбандықтың ұлымын»),- деп айтқан. Бірінші құрбандық – Исмайыл. Мұхаммед (а.с.) – Исмайылдың ұрпағынан. Ал, екінші құрбандық – Мұхаммедтің (а.с.) әкесі Абдолла. Бұл оның нағашы атасы Абдмүтәліптің нәзірі бойынша.


12- Яқұб (Жақып) (а.с.)

  1. Оның тегі Ысқақ ұлы Яқұб (Жақып).

  2. Былай айтылады: Жақып «Исраил» деп аталады. Бұның себебі, иср – көне еврей тілінде құл деген мағынаны береді. Ал, ил – Аллаһ тағаланың есімдерінің бірі. Мағынасы – Абдуллаһ яғни, Аллаһтың құлы.

  3. [Сұрақ: Жақып Жүсіптің түсі арқылы ағаларының оған қастандық жасайтынын біле тұра, неге оны ағаларымен бірге жіберді? Жауап: Өйткені, ол, тағдырына жазылса, қара жердің де оймақтай болатынын білмеді]1.



13-Жүсіп (а.с.)

  1. Көпшілік ғалымдар былай айтады: Жүсіп – көне еврей тіліндегі ат. Кейбір ғалымдар бұл арабтардың асифиһуоны кейітті яғни ағдадүһүоны ашуландырды деген сөздерінен келіп шыққан дейді. Аллаһ тағала: «Сөйтіп олар бізді кейіткен кезде, олардың тиісті жазасын бердік...» (Зухруф сүресі, 55-аят).

  2. Былай айтылады: Шын мәнінде, нәбидің (а.с.) сахабалары «Бізге әмір пен тыйым туралы айтылмайтын әрі оқыған кезде жүрегімізді тыныштыққа бөлейтін (тыныштандыратын) бұрынғы ғасырлар туралы хабарларды баяндайтын сүре керек» деп айтты. Аллаһ тағала осы сүрені түсірді. Былай айтылады: яһудилер Омар Ибн Хаттабқа: «Сендер, біздің кітабымызда барлық нәрсе бар деген едіңдер. Қалайша, Жүсіп қиссасын білмейсіңдер?»-деді. Осыған байланысты Аллаһ тағала: «Ұғымын Алла біледі. Бұлар ап-айқын Құранның аяттары» (Жүсіп сүресі, 1-аят):,- деген сүрені түсірді, яғни, Аллаһ біледі әрі қайғы жұтқан шейх (Жақып (с.а.) пен қайғыға душар болған Жүсіпті өзінің қамқорлығына алды.

  3. Нәби (а.с): «Сәби кездерінде тіл бітіп, сөйлеген төрт бала бар. Олар: перғауын қызының қызметшісінің баласы, Жүсіпке куәгер болған сәби, Жариһ әр-Рахибтің иесі және Иса»,- деп айтты.


14-Айюб (а.с.)

  1. Айбю Ысқақтың ұрпағынан болды. Ол Ибраһимнің шариғатымен келді. Тегі – Рум елінен еді. Аллаһ тағала оны Шам жеріне жіберді.


15-Шұғайып (а.с.)

  1. Былай айтылады: Шұғайып Нұайып ұлы, Анқа ұлы Мудайын ұлы Ибраһим ұлы (а.с.). Аллаһ тағала Оны аһл ал-мадианға Мадиан еліне жіберді. Мадиан елі – ну ағаштар мен төбешіктердің арасында орналасқан.

  2. Риуаят етіледі: қашан Аллаһтың елшісі Шұғайыпты есіне алса, оның мәнерлі әрі шешендігіне тәнті болып, «бұл пайғамбарлардың шешені» деп айтатын.

16-Муса (а.с.)

  1. Мусаның тегі туралы былай айтылады: Ол Имран ұлы Язһар ұлы Қаһас ұлы Лауий ұлы Жақып ұлы. Бұл туралы Қаһас риуаятында баян етіледі.

  2. [Шын мәнінде, Муса ағасына пайғамбарлық келуін тіледі. Әрі солай болды да. Мұхаммед (а.с.) Мусаның мәртебесін көрсету үшін Мусаның нағашысына Аллаһтан иман сұрады. Пайғамбарлықтың дәрежесі – ең жоғары дәреже. Ал, иманның дәрежесі одан төменірек. Бұның басқа қандай баяны бар?]1.

ж) Аллаһтың ілімінде Харун пайғамбарлардан болды. Әрі Муса дұға жасады. Аллаһтың ілімі бойынш, Әбу Тәліб мүмін болған жоқ. Аллаһ тағаланың сөзі: «(Мұхаммед ғ.с.) расында жақсы көргендеріңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ, Алла кімді қаласа, оны тура жолға салады» (Қасас сүресі, 56-аят).
17-(әл) Қыдыр (а.с.)

  1. [Былай айтылады: «Қыдыр» деп аталуының себебі, ол намаз оқыған жерінің бәрі жап-жасыл болып кететін].

  2. Айтты: «Жердің бәрі жап-жасыл болып кететін».

  3. Мусаның қайтатын уақыты келген кезде Қыдырға: «маған өсиет айт» деді. Қыдыр Мусаға: «артық сөз сөйлеме, қажетсіз жерге барма, қателескендерге күлме, оларға ұрыспа, сен де қателік жасаушылардансың, ей, ибн Имран» деді.


18-Ілияс (а.с.)

  1. Ілияс Харун (а.с.) ның ұрпағы еді.

  2. Былай айтылады: ол теңіздерге жіберілді. Ал, Қыдыр сахараға жіберілді. Екеуі де сүр үрленген уақытқа дейін мәңгілікте қалды. Екеуі жыл сайын маусым айларында кездесетін. Оларды кейбір салих, дұрыс адамдар көрген болуы керек.

  3. Ілиясқа қауымы бойсұнбаған кезде, олардың арасынан кетіп, биік тауға шығып, онда Аллаһқа ғибадат етіп отырды. Жердің өсімдіктерін, ағаштың жемістерін жеді. Онда бес жылдан артық тұрды. Кейін, қауымынан қашып шықты. Бұдан кейін оны оттан жаратылған құлан (ат) бейнесіндегі жануар кездестірді – арыстан бейнесінде деп айтылады – оған мінді, желден де басып озды. Аллаһ оны адам әрі періште сипатында жаратты – яғни адам бейнесінде және періште табиғатынан етіп жаратты. Ілияс үңгірден шығуды қалаған кезде Әл-Ясағты көрді.


19-Әл-Ясағ

  1. Әл-Ясағ үңгірге кіргенге дейін оның шәкірті болды. Оның ізімен жүретін еді. Оған суфтан /жүннен/ жубба /кең жеңді киім/ беріп, өз қауымына халифа етіп тағайындады. Кейін жануарға мінді де, ғайып болды. Әл-Ясағ қауымына барып, оларды Аллаһқа шақырды.


20-Зүлкафил

  1. Оның уақыты жақындаған кезде Ілиястың ғибадаты мен дағуатындағы уазаифтерінде әмір еткеніндей өзінен кейін мұрагер етіп Зүлкафилді қалдырды. Шын мәнінде, оған Зүлкафил есімі Әл-Ясағты ілімге үйретуді өзіне міндеттеп алғанына байланысты берілді. Оның ілімі күндіз ораза ұстап, түнде тұрып, адамдардың арасында болу және ашуға бой алдырмау, асығыстық жасамау болатын.


21-Ишмуил (а.с.)

  1. с) Аллаһ тағаланың сөзі: «(Мұхаммед (а.с.)...... Израил ұрпақтарының бастықтарын көрмейсің бе? Сол уақытта олар өз пайғамбарларына: «Бізге патша сайлап бер, Алла жолында соғысамыз» десті» (Бақара сүресі, 55-аят). Кімді сайлады: нәбиді ме, әлде патшаны ма?

ж) Тәпсіршілер: Ол - Ишмуил Һалқана ұлы /Һалқаза/ және патша Талут. Ол екеуі Жақыптың ұрпақтары деп айтады.

  1. с) Аллаһ тағаланың сөзі: «.... оны періштелер көтереді ...» (Бақара сүресі, 248-аят), яғни, табыт және сәкина /тас/. Табыт деген не? Сәкина деген не?

ж)Табыт Адамнан кейін алдыңғылардан соңғыларына мұраға қалған. Оның ішінде Мусаның аса таяғы, Харунның сәлдесі мен аса таяғы, Ысқақтың белдігі, тақта бөлшектері – бұл сынған тақталарды Муса кездестірген еді. Сондай-ақ, оның ішінде Тәуратта айтылатын екі тақта, Израил нәбиіне түскен өлшеу құралы, Жүсіптің са’асы /сусымалы денелерді өлшейтін құрал/ және пайғамбарлардың жүрегін жуған табақ, Сүлейменнің мұғжизасы болған сақина болды. Сәкинә – мысықтың басына ұқсас бір зат деп айтылады, екі көзді, екі қанатты, беті адамдың бетіне ұқсас, одан өлім күні одан дұшпанының зәресін алатындай арыстанның дауысына ұқсас дауыс шығады. Оның дауысымен соғыста жеңіске жететін деп айтылады.

  1. Былай айтылады: Аллаһ Талут патшаны жіберді. Олар нәбилерінен патша жіберуді сұраған еді. Оларға нәбилері: «Оның патшалығының белгісі; Раббыларының тарапынан көңілге тоқтау болатын табыттың келуі»,- деді. (Бақара сүресі, 248-аят). Табыт Жалуттың тобынан болған кәпірлердің пұтханаларында еді. Аллаһ тағала періштелерге табытты Талут патшаға алып келуге әмір етті. Олар оны алып келді.


22-Дәуіт (а.с.)

  1. Былай айтылады: Дәуіт Жақып ұлы Яһуданың ұрпағынан еді.

  2. Былай айтылады: Аллаһ оған пайғамбарлық пен даналықты және патшалықты берді (Аллаһ оны пайғамбарлықпен, даналықпен және патшалықпен ерекшеледі). Тауларды оған бағындырды құстар онымен бірге мадақ айтатын, оған жақсы дауыс берді әрі темір илейтін өнер үйретті [сауыт жасау өнерін үйретті – ол өз еңбегімен тапқанды ғана қорек ететін] қарапайымдылықты, әділдікті, шындық пен жалғандықты ажырата білуді үйретті – осылайша, алдау мен арандатушылық пайда болған еді. Аллаһ тағала осы заңды /силсәлә/ түсірді – ғибадат ету үшін қуат, мықты ижтиһад берді. Дәуітке ибрани тілінде жазылған жүз елу аяттан тұратын Забурды түсірді. Мұнда халалды, харамды, нені істеу керек, неден аулақ болу керек т.б. хикметтер туралы жазылмаған. Онда тек уағыздар берілген. Оның он жеті ұлы болды.


23-Сүлеймен (а.с.)

  1. Дәуіт ұлы Сүлеймен Дәуіттен де ұлы патша, Дәуіттен де әділ қазы болды /Дәуіттен де артық қазылық ететін/. Ал, Дәуіт болса, Сүлейменнен де артық ғибадат ететін.

  2. с) Мұхаммед (а.с.): «Шын мәнінде, пайғамбарлардың салықтарын мұрагерлікке қалдырмаймыз және қалдырылмаймыз»,-деді. Ал, Аллаһ тағала: «Сүлеймен, Дәуіт (а.с.) ке мұрагер болды да»,- деп айтты. (Нәміл сүресі, 16-аят). Мұның мағынасы қалай?

ж) Хадис сахих: шын мәнінде, пайғамбарлар дирһамдер мен динарларды мұраға қалдырмайды.
24-Жүніс (а.с.)

  1. Былай айтылады: Жүністің (а.с.) анасы Мәттә – пайғамбарлардан Оның қауымында өтірік сөйлегендерді өлтіретін әдеті болған. Қауымына Жүніс уәде еткен азап уақытында келмеген кезде, Жүніс өзін өлтіре ме деп қорқып әрі ашуланып, олардың арасынан әмірге келмей әрі күреспей шыққан еді. Қауымына сабыр етпей, олардан жасырынды. Аллаһ тағала Мұхаммедке тыйым салып: «Балық иесі (Жүсіп Ғ.С.) құсама»,-деді (Қалам сүресі, 48-аят).


25-Ғұзайыр (а.с.)

  1. Былай айтылады: Ғұзайыр Бәйтул-Мұқаддастағы ауылдардың біріне есегімен келіп жеткен кезінде онда сусын, жүзім мен інжір салынған себеті болған еді. Ол есегінен түскенде ауыл тұрғындарының бәрінің өлі екендігін көрді. Ол : «Аллаһ бұны өлгеннен кейін қайтып тірілтеді?»,- деп айтты. (Бақара сүресі, 249-аят). Мұнда Ғұзайыр Аллаһтың құдіретіне қарсы келіп немесе таңданып айтқан жоқ, тек Аллаһтың өліні қалай тірілтетінін көргісі келді. (Ол «әннани?» – яғни «қалай?» деді) – «Аллаһ оны жүз жыл өлтіріп, сосын тірілтті» (Бақара сүресі, 259-аят).

  2. Былай айтылады: Аллаһ оны жіберген кезде бір дауыс естілді: «Қанша жаттың?» (Бақара сүресі, 259-аят), ол айтты: «Бір күн» (Бақара сүресі, 259-аят), кейін күнге қарады, батайын деп қалған екен. Сосын айтты: «немесе күннің бір бөлімі жаттым» (Бақара сүресі, 259-аят) Оған сөйлеуші былай «Жүз жыл жаттың» деді. (Бақара сүресі, 259-аят). Сусыны да, жүзімі де, інжірі де өзгермеген – Аллаһ тағаланың сөзі «Есегіңе қара» (Бақара сүресі, 259-аят), есегінің сүйектері ағарып, буындары бөлініп кетіпті: «Ей, шіріген сүйектер! Мен сендердің жаратушыларыңмын және сендерге рух беріледі (барлығы өз орнына)»,-деген дауыс естіді сөйтіп олар жиналып, барлығы орнына келгенінше жинақталды. Осы жердегі «сүйектер» (Бақара сүресі, 259-аят) Ғұзайырдың сүйектері еді деп те айтылады. Өйткені, Аллаһ ең алдымен оның басындағы көздерін тірілтті, содан кейін өзінің сүйектерінің етпен қалай қапталғанын көзімен көрсін деді. Аллаһ тағаланың сөзі: «Сені адамдарға үлгі үшін өстідік» (Бақара сүресі, 259-аят), яғни өліні тірілтудің белгісі еттік.

  3. Былай айтылады: Таңғаларлығы, Ғұзайыр қырық жаста еді, ал баласы жүз жиырма жаста. Кейбір хабарларда: ол екеуі ағайынды еді, тату-тәтті болды, екеуі бір ананың құрсағынан туды әрі екеуі бір күнде қайтыс болды. Ол екеуінің біреуі қырық жаста, ал, екіншісі, жүз қырық жаста еді,-деп айтылады.

26-Зәкәрия (а.с.)

  1. Былай айтылады: Зәкәрияның әкесі Азан болды – Масан ұлы Жақып және Бәни Израил патшаларының ұлдарының бірі болған Мәсан ұлы Имран. Аллаһ тағала оны Израил еліне олар Бәбал жерінен Бәйтул-Мұқаддасқа келгеннен кейін жіберді.


27-Яхия (а.с.)

  1. Былай айтылады: Яхия деп аталуының себебі, Яхияны (хаийа – араб тілінде тірілу, өмірге келу дегенді білдіреді. Яхия осы түбірден туындаған зат есім – А.Х.) өмірге әкелу арқылы анасы әйел атанды (жатырына жан бітті), себебі ол бедеу еді.

  2. Тарихшылар:[Яхия мен Исаның туыстық байланыстары туралы] Мәриям Яхияның нағашысының қызы әрі Исадан алты ай үлкендігі бар еді. Яхияны патша өзінің қалаған нәрселеріне қарсы болғаны үшін Иса аспанға көтерілгенге дейін өлтіртті,- дейді.

  3. Былай айтылады: Төрт адам: Жүсіп, Сүлеймен, Яхия және Иса жас кездерінен пайғамбар болды.


28-Иса (а.с.)

  1. Былай айтылады: Шын мәнінде, Иса Мәсіх Мариям ұлы Имран қызы Масан ұлы Дәуіт ұлы Сүлеймен ұрпағынан еді. Оның мәсіх деп аталуы ол ауруларды сипау арқылы емдейтін еді (мәсіх – араб тіліндегі «масаха» сөзінен шыққан – сипау, жағу деген мағына береді). Бұл аурулар емделейтін аурулар еді (емделмейтін аурулардан еді). Мәсіх сөзі – араб тіліндегі «فعيل» үлгісімен жасалып тұр. Бұл «رحيم» /рақым етуші/, «عليم» /бәрін білуші/ атаулары сияқты «فاعل» үлгісіндегі мағынаны береді, яғни «ماسح» (жағушы/. Басқа бір деректерде «мәсіх» сөзіне қатысты: «Иса аяқты алақанымен сипаған кезде бәрі теп-тегіс болып жазылып кететін»,-дейді. Мұнда «أمسح» сөзі «مفعول» үлгісіндегі мағынаны беретін «فعيل» үлгісімен жасалып тұр. Аллаһ оған анасының құрсағында жатқанда-ақ хикмет пен Тәуратты үйретті.

  2. Бір деректерде Иса анасының құрсағында бір сағат жатты десе, басқа бір деректе үш сағат дейді. Ал, тағы бір деректе жеті сағат, келесі бір деректе толық бір күн жатты дейді. Тағы бір дерек бойынша, тоғыз ай деп айтылады. Әһл әл-хикмалар /даналар/: ол анасының құрсағында сегіз ай жатты. Өйткені, сегіз айлық балалар туылғаннан кейін шетінеп кетеді (яғни, сегіз айлық бала болмайды, не жеті ай, не тоғыз ай – А.Х.). Бұл тек Исаға ғана берілген Аллаһтың кереметі еді,- дейді.

  3. Былай айтылады: Аллаһ тағала оны ерекше құрметпен Аллаһ рухымен жаратты, яғни Аллаһтың үйі сияқты құрметті етті [Жебірейілді осы үшін рух-ул амин, рух-ул-қудс деп аталған /шыншылдық рухы, қасиет рухы/]. Хабарларда: Оның бар болуының себебі Жебірейілдің үрлеуінен болған. Аллаһ тағаланың сөзі: «Сондықтан рухымыздан үрлеген едік...» (Тахрим сүресі, 12-аят); тағы бір деректерде: Аллаһ ол арқылы өлілерді тірілтті,- деп айтылады. Басқа бір деректе: Исаның Аллаһтың сөзімен жаратылды деп айтылуының мағынасы – ол Аллаһтың «Бол!» (Мариям сүресі, 35-аят) деген сөзімен бар болғандығы үшін. Анасы оны басқа сәбилер сияқты дүниеге әкелген жоқ (яғни оның дүниеге келуі басқа сәбилерге ұқсамайды),- деп келеді Басқа бір деректерде: Аллаһ оны «... әрі Мәриямға жалғастырған сөзі...» (Ниса сүресі, 171-аят), бірақ, мұның қандай сөз екендігі белгісіз,- деп айтылады.


29-Мұхаммед (а.с.)

  1. Былай айтылады: Пайғамбарымыз (а.с.) Мұхаммед Абдуллаһ ұлы Әбдулмүттәліб ұлы Хашим ұлы Әбдүлманап ұлы Құсай ұлы Киләб ұлы Мурра ұлы Кәғб ұлы Лууай ұлы Ғалиб ұлы Фәһр ұлы Мәлік ұлы ән-Надыр ұлы Кәнәна ұлы Хазима ұлы Мудрикә ұлы Ілияс ұлы Мадар ұлы Нәзаар ұлы Магадд ұлы Ғидман ұлы Әдд ұлы Әдәд ұлы Әл-Һамисиғ ұлы Ясшаб ұлы Нәбат ұлы Хамал ұлы Қайдар ұлы Исмайыл ұлы Ибраһим ұлы. Аллаһ тағала оны жарқын болашаққа, күшті дәлелдермен жіберді.

  2. «Расында Біз Перғауынға пайғамбар жібергендей сендерге де күә ретінде пайғамбар жібердік» (Мүззәмміл сүресі, 15-аят).

ж) Былай айтылады: Мусаның бес дұшпаны болды. Олар: Перғауын, Хаман, Мусаның бөлесінің ұлы Қарун, Самри және Ауж ибн Ұнқ. Аллаһ тағала олардың әрбіріне бәле жіберіп, опат етті. Мұхаммедте де бес дұшпаны болды. Олар: Әбу Жәһил, Аса бин Уаил, Асуад бин Әбд Яғус, Асуад бин Әбд Мүттәлиб және Харис бин Қайыс. Аллаһ оларға әртүрлі опат жіберді.

  1. Тарихшылар былай дейді: шын мәнінде, Мұхаммед піл жылының он екінші түнінде, көктем айының басында, дүйсенбіде, таң сәріде дүниеге келді. Ол төрт немесе бес айлық болған кезінде әкесі қайтыс болды, бірнеше күндерден кейін анасы дүниеден өтті. Сөйтіп, оны атасы Әбдмүттәліп асырап алды. Кейін Бәни Сағдтан бала емізуші іздеді. Хауазин тайпасынан Бин Бәкр деген кісінің әйелі Халима бинт Әбу Зуайбқа баланы емізуге берді. Мұхаммед оларда бес жасқа дейін болды. Мұхаммед (а.с.) тың сөзі: «Мен шешендік сөзді арабтардың қолында болып үйрендім. Өйткені, мен құрайыш тайпасынан едім. Және Бәни сағдтық Бин Бәкрдің қолында өстім. Енді, қалайша, мен арабша сөйлеуде қателесемін /қалайша арабша судай сөйлемеймін/». Кейін Аллаһ оған елшілік міндетті жүктегенге дейін ағасы (әкесі жағынан) Әбу Тәліптің тәрбиесінде болды.

  2. с) Неге Аллаһ тағала


30-Һарут және Марут

  1. Һарут және Марут деген екі періште Вавилондағы үңгірдің ішіндегі құдықтың су тартып шығаратын арқанына айқасқан күйлерінде жабысып тұрған. Бұл екі періште Ыдырыс заманында өмір сүрген – күндіз екі періште адам бейнесінде адамдардың арасында болып, түнде періште бейнесінде аспанға оралатын. Ол екеуі жүгенсіздікпен болған нәпсіқұмарлыққа лайықты азап әкелуге міндеттелген періштелер еді Бір деректерде: Ол екеуі Зуһра есімді әйелге бірдей ғашық болған. Сол себепті олар о дүниедегі азаптың орнына бұ дүниедегі азапты таңдады. Осы таңдаудан кейін Аллаһ оларды ана жақта азапқа салды,- деп айтылады.


31-Кәлиб

  1. Кәлиб бин Юфна. Бұл туралы Кәлуб риуаятында баян етіледі.

  2. [Былай айтылады: Ол халифа Мусаның ізбасары (халифасы)– яғни Юшағ бин Нун бин Ифраим бин Жүсіп бин Жақып]. Ол дүниеден өткеніне дейін ең жақсы халифалардан болды. Қайтыс болғанына дейін шариғат әмірлері бойынша ұлы Юсақұсты Бәни израилдықтарға өзінің мұрагері етіп қалдырды.


32-Хазқиал

  1. Аллаһ одан кейін Хазқиал (а.с.) ға уаһи етті. Ол өлімнен қорқып, үйлерінен шыққан мыңдағандарды Аллаһтың жіберген дұғасы арқылы тірілткен адам. Бұл, Аллаһ тағаланың мына сөзі: «(Мұхаммед ғ.с.) ол мыңдағандардың өлімнен қорқып, жұрттарынан шыққандарын көрмейсің бе?» (Бақара сүресі, 243-аят).

  2. Былай айтылады: Шын мәнінде, оба ауруы келіп жеткен кезде олар жерлерінен жүгіре шығып, үйлерін тастап қашты. Бәрі де өлді.

  3. Былай айтылады: олардың жандарынан Хазқиал өтіп бара жатып, оларды иманға шақырып, өзінің дұғасымен тірілтті.


33-Асхабул кәһф

  1. Былай айтылады: Асхабул кәһф (үңгір иелері) Самадтағы Дақиянус патшаның кезіндегі бір патшаның жас балалары еді. Олар Дақиянус патшаның қарапайым істерді атқарудағы әлсіздігі мен үй жануарынан қорықандығын көріп, өздерінің тәңірлерін іздеу үшін қашып кетті. Олардың біреуі ит еді. Бір деректерде бұл иттің оларды қорғау үшін жіберілгені туралы айтылады. Олар үңгірді кездестіріп, оның ішіне кірді. Ит үңгірдің есігінің алдына ұйықтады. Олар онда ояу адам күйінде ұйықтап жатты. Аллаһ оларды ұлылық киімдерімен киіндірді.



34-Асхабул рақим

  1. Былай айтылады: Әр-рақим – асхабул-кәһфтің (үңгір иелері) аттары мен олардың қиссалары туралы жазылған, қорғасыннан жасалған тақта – бұл «мафғуул» мағынасындағы «фағиил». Деректе: әсхабул рақимда үңгірдің айналысындағы оазис тұрғындарының да аттары жазылған,- деп келеді.

  2. Былай айтылады: әсхабул рақим үш адамнан тұрды және олар отбасыларын зерттеуге шықты. Аспан бұлттанған кезде үңгірге барып тығылды. Таудан жартас құлап, үңгірдің есігін жауып тастады.


35-Асхабул фил

  1. Асхабул фил (піл иелері). Былай айтылады: Хабаши патшасы адамдардың тауаф әрі зиярат ететін үйлері Қағбаны қиратуға шешім қабылдады. Ол Әбраһа Бин Сабахты әскер басы етіп, көптеген пілдерді қосып беріп, қарулы әскерлерді аттандырды. Олар Тихама тауына келіп жеткен кезде Мұхаммедтің (а.с.) атасы Абдул Мүттәлібке Абраһаның келгені туралы хабар жетті. Ол (Абдул Мүттәліб) оларды кездестіруге шығып, оларға: «Шын мәнінде, бұл үйді иесі сақтайды, маған біріншісін қалдырыңдар»,- деп уағыз айтты. Ол оның сөзіне көңіл бөлмеді. Абдул Мүттәліб кеткен кезде олар серіктерімен бірге Қағбаны қиратуға аттанды. Аллаһ оларға «топ-топ құстар жіберді» (Філ сүресі, 3-аят) – яғни бірінің артынан бірі топтасқан тізбекпен – «Құстар, оларға балшықтан жасалған тастар атып; (4) Сонда оларды желінген топан тәрізді қылды» (Філ сүресі, 5-аят, яғни сының), яғни егінін жеп қойған егістік әрі жайлау тәрізді етті. Сондай-ақ дәнін жеп, қабығы қалған тұқым сияқты деп те айтылады.


36-Асхабул раса (яһуди тайпасының аты - А.Х.)

  1. Былай айтылады: олар Хұд және Салих қауымынан қалғандары еді. Олар Аллаһтың Құранда зікір еткен (есіне алған) құдыққа түсірілген еді. Аллаһтың сөзі «... иен қалған құдық....» (Хаж сүресі, 45-аят), Бір деректе: барлық құдық сусыз әрі елсіз қалды, өйткені, ол иесіз еді. Әрбір құдық таспен және кірпішпен бекітілген. Ол – олар құдықтарды жөндеп, сонда тұрақтап, бұзылған сарайларды (қорғандарды) тұрғызды. Олар абыройлы (пәктігінен айырылмаған) қыздар мен күңдерге табынатын. Олардың жасы отызға келгеннен кезде өлтіріп, басқасына айырбастайтын еді. Аллаһ оларға бір айда отыз нәби жіберді, олар бұлардың бәрін өлтірді. Аллаһ оларға тағы бір нәби жіберіп, ол жеңіске жетті. Ол кек алғанша Аллаһтың қолдауында болды. Кейін олардың жайылымдарына жан-жақтан жел жіберіп, оларды быт-шыт етіп, қиратты. Сосын барлық құдықтарға Жебірейіл арқылы құрғақшылық жіберді,- деп айтылады.

  2. Былай айтылады: Олардың саны алты жүз мың еді, барлығы да шөлден қаза тапты.


37-Асхабул ухдууд

  1. Асхабул ухдууд. Әл-ухууд бұл қазылуға әмір етілген шұңқыр [Иемен жақта орналасқан Нәжран қаласында]. Патша ор қаздырып, ішіне от жағып, кім Аллаһты дәріптесе, отқа лақтыратын еді. Бір сәби Аллаһты мадақтап, патшаға қарсы шықты. Сәби садақпен атып өлтірілді.


38-Лұқман (а.с.)

  1. Былай айтылады: Лұқман хакім хабашилік бір ұстаның құлы болған. Иесі оған бостандық берген. Ол ұйықтап жатқан кезінде оған хикмет берілді. Оянған кезінде хикметпен сөйлей бастады.

  2. Бір күні бір ер адам адамдарды жинап, уағыз айтып отырған Лұқманды көрді. Ол: «Хабашилік құл сен емессің бе?»- деп сұрады. Ол айтты (Лұқман): «Иә»,- деді. Ол: « Бұл дәрежеге қалай жеттің? (Менің көріп тұрғаныма қалай жеттің?)»,- дегенде, ол (Лұқман): «әңгімеде шындықты айттым, аманатты орындадым, маған қатысы жоқты тәрк еттім»,- деп жауап берді.


39-Зүлқарнайын

  1. Былай айтылады: ол Рум патшаларының ұлдарының бірі болды. Аты Ескендір бин Филфус Айса бин Ысқақ бин Ибраһимнің ұрпағынан еді. Оның Зүлқарнайын деп аталу себебі, оның басының алдынғы жағында итбалықтың мүйізіне ұқсас екі мүйізі болды. Басқа бір деректе: өйткені, ол жердің екі мүйізін, яғни Батыс пен Шығысты айналып жүрді деп айтылады. Бір деректе: онда екі әдемі зу’абасы мүйізі болды. Зу’аба «қарн, мүйіз» деп аталса, тағы бір деректе: ол жарық пен қараңғылыққа кіргендіктен Зүлқарнайын аталған дейді. Оның пайғамбарлығы туралы талас бар.



40-Аллаһтың Антакияға жіберген үш расулы (елшісі) туралы

  1. Аллаһ тағаланың сөзі: «Оларға екі елші жібердік» (Ясін сүресі, 12-аят): олардың аттары Туман, Булис [үшіншісі Шамғун].

  2. Былай айтылады: Олар Антакияға кіріп, адамдарды Аллаһқа шақырған кезде олар туралы хабар патшаға жетіп, патша ол екеуін түрмеге жапты (қамауға алды). Хауарилердің (Иса пайғамбардың қасына ергендер – А.Х.) басшысы Шамғун біліп, ол екеуіне көмектесуге келді. Шамғун патшадан оларды босатуын өтінді. Ол оның кітаптарды білетіндігін біліп, олардың сотына қатысуды сұрады. Шамғун патшаның алдында ол екеуінен «мен Исаның өлілері тірілтетіндігін естідім. Екеуіңде осыған дәлел бар ма?» деп сұрады. Олар: «иә» деді. Сөйтіп олар әлі жерленбеген мәйітті алып келді. Бұл ұста Ибн Хабиб еді – Хабиб бір Құдайға сенетіндерден еді – Аллаһ ол мәйітті олардың дұғасымен тірілтті. Хабиб онда кіріп, патшаның алдында (патшаның көзінше) ұлынан сұрады: «Балам не көріп тұрсың?», ол айтты: «аспанның төртінші қабатында бәйтул мағмурдың (аспандағы мешіт) есігінің алдында жас жігітті көріп тұрмын. Ол бұл үшеуін шақырып тұр әрі Аллаһтан олардың амандығын сұрап тұр». Патша Шамғунның олардан екенін біліп, оларды босатты. Олар патшадан шыққан кезде, адамдар оларды өлтірмекші болып, оларға: «....әлбетте сендерді таспен атқылаймыз» (Ясін сүресі, 18-аят) деді, Хабиб келіп, оларға қарсыласты. Аллаһ Тағаланың сөзі «Қаланың шетінен біреу жүгіріп келіп...», яғни Антакияның шетінен (Ясін сүресі, 20-аят). [оларға Хабибтің сезімдері арқылы иман келген кезде, олар оны өлтірді]. Бір хадисте нәби: «Жебірейіл кірпік қаққанша, Аллаһқа күпірлік етпеген үш қауым бар: перғауын кезіндегі мүмін, Ясін сүресінде айтылатын мүмін - ұста Хабиб, Әли бин Әбу Тәліп. Соңғысы басқаларынан абзалырағы»,- деген.



41-Асхабул даруан

  1. Былай айтылады: Иса қауымынан шыққан бір салих (өнегелі, дұрыс) адам Даруанда өмір сүретін еді. Даруан – Сана мен Иеменнің ортасында орналасқан жер. Даруанда әлгі адамның жыл сайын ұшыр (салық) төлеп тұратын бақшасы бар еді. Ол ұлдары үшін де салық төлейтін еді. Бұл адам дүниеден өткен кезде балалары өздерінің нығыметтерінен ешкімге бермеуге келісіп, кедей-кепшіктер жиналмай тұрып, таң сәріден барып, барлық жемістерді жинап алуды шешті. Аллаһ тағаланың сөзі -«Сол уақытта олар таң сәріден оның жемісін жинап алуға ант-су ішті» (Қалам сүресі, 17-аят). Олар осыны мақсат етіп, сонда түнеді. Таң алдында азапты көрді. Аллаһ тағаланың сөзі -«Сонда олар таң сәріден дабыстады» (Қалам сүресі, 20-аят) яғни бақша қара түтінге айналып кеткен екен. Бір хабарда «қараңғы түн сияқты» деп айтылады.


42-Сәбә қауымы

  1. Былай айтылады: «Сәбә» деген ер адамның аты. Оның атымен Палестинадағы бір елдің аты аталады. Сәбә елі халқы көп, тегіс жерде орналасқан еді. Бұл халықтың су мен жаңбыр суы жиналатын үш су қоймасы бар еді. Су қоймаларында шегелермен бекітілген қалқандары бар еді. Бұл қалқандар арқылы Сәбә халқы қажеттерінше су алатын еді. Және оларда бақшалары мен жүзім алқабтары бар еді. Олардағыдай ауқатты тұрмыс ол жерде ешкімде жоқ еді. Олар Аллаһтың нығыметіне шүкіршілік етпей, күпірлікпен айналысып, осы су қоймаларымен, оның суымен менменсіп, астамшылық жасап, нәбидің дағуатына еш құлақ аспайтын еді. Аллаһ оларға «...күшті сел...» (Сәбә сүресі, 16-аят) жіберіп (сайл – сел су қоймасының суы, ғарим – тышқандар) – олар қалқандарды сындырып, шегелерін бүлдірді. Әлі су қоймаларынан сел ағып, олардың үйлерін, бақшаларын жерлеріндегі өсімдіктерінің барлығын талқандап, ағаштар мен райхан гүлдері және жасыл жемістердің орнына жыңғылдар мен арамшөптерді бастырды. Сәбә халқы сусыздық пен аштықтан қырылды.

Пайдаланыған әдебиеттер


  1. Әл-Фараби. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. Әл-Фараби мен Ибн Сина философиясы. – 4-том. Алматы. 2005. – 130-б.

  2. Есім Ғ. Фалсафа тарихы. – Алматы: Раритет, 2004. – Әл-Ғазали.

  3. Әбу Насыр Әл-Фараби. Китәәбул миллә уа нусус әл-ухра. Бейрут, 1991.

  4. Баранов Х. Арабско-русский словарь. Ташкент, 1994.


Қанат БЕКЖАНОВ,

Нұр-Мүбарак университетінің магистранты
ИБН ӘСИРДІҢ «ӘН-НИҺАЯТУ ФИ ӘЛ-ҒАРИБ

ӘЛ-ХАДИС УӘЛ-ӘСӘР» ЕҢБЕГІ
Барлық сансыз мақтау әлемдердің Раббысы, көктермен жерді безендіріп, ондағы жаратылыстарды жүйге Келтіруші, жер бетіндегі барлық жаратылысқа адамды басшы етіп, оған түрлі білім көздерін үйреткен Аллаһқа арналсын. Жер бетіне рақым етіп жіберілген, күллі адамзатты Аллаһтың ақиқат жолына шақырған, пайғамбарлардың мырзасы, қиямет күні шапағат құқығына ие болатын Аллаһтың елшісі Мұхаммедке, соңынан ерген ізгі сахабаларына және игі отбасына Аллаһтың игілігі мен сәлемі жаусын.

Ғариб сөзінің тілдік мағынасы: Өз жерінен алыстау, бөтен деген мағыналарға саяды. Ал терминдік мағынасы: Сөздің мағынасы ашық болмау дегенді білдіреді.

Ғалымдар ғариб сөзін оқып, зерттей келе көңіл бөліп, ғариб сөзінің екі түрінің арасын ашқан. Біріншісі: Сөздің ұғымы жасырын, түсініксіз болу. Сөйтіп оны мағынасын білуде кең ауқымдағы тіл кітаптарындағы оның мағынасын іздеуді қажет етеді. Екіншісі: Сөздің мағынасынан бөтен балама шығуы.

Әс-Суюути ғариб сөзіне мағына беріп: «Мағынасы түсініксіздік, ғариб сөздер, кереметтер мен жұмбақтар бір-біріне жақын сөздер, бұның бәрі сөздің ашық мағынасын бермейтін астарлы сөздер»,-деген

Ғариб хадис ілімі хадис мәтіндеріндегі кездесетін ұғымы қиын сөздердің мағынасын ашып беріп, түсіндіруді зерттейді. Сондықтан да хадис әрбір ақыл иелерінің, әрбір білім иелерінің арасында хадис және әсәр (сахабалар мен табиғин және тәбиғ табиғиндердің сөздері) ғылыми ислами ғылымдардың құрметтілік жағынан ең ардақтысы, сөз жағынан ең көркемі, пайдасы тұрғысынан ең кемелі және сауатылығы тұрғысынан ең үлкені екендігіне ешкімнің күмәні де, таласы да жоқ. Расында, хадис ілімі исламда белгілі бір орны бар біліктердің, соған қосылған түйіндердің, ұстанылуы міндет етілетін парыздардың және үкімдер мен шешімдер анықталатын дін құқықтарының бірі болып табылуында шүбә жоқ.

Хадис - анық мән берілу мен айқын ұстаным жағдайына қоса екі бөлімге бөлінеді: Біріншісі, хадис сөздерінің мәні, екіншісі, оның мағыналарының мәні. Хадис сөздерінің мәні өз дәрежесінде қасиетті саналады, себебі хадис сөздерінің мәні айтылған сөздегі негіз және сол арқылы мағына түсінікті болады. Сондықтан егер хадис мағыналарының нәтижесі белгілі болса, онда екі бастан оның айтылуына көңіл бөлу.

Кейін сөздер: жекеше және тіркес сөз болып екіге бөлінеді және жекеше сөздің мәні тіркес сөздің мәнінен алда тұрады, өйткені тіркес жекешеліктің бір тармағы.

Ал жекеше сөздер екіге бөлінеді: Біріншісі - жалқы, екіншісі - жалпы.

Ал жалпы сөз түсінігінде араб тілі мамандарының бәрінің арасында өрбитін сөзде ортақтасатын нәрсе - мәнінде бірдей сөзді қабылдап, оны өз араларында бір-біріне айтып, жеткізген және түсінігі қажет болғандықтан аз болса да қабылдап, оны үйренген.

Ал енді жалқы сөз - құрамында тілдік сөздер және айтқан адам ғана білетін түсініксіз бейтаныс сөздер. Сөйтіп ол сөздерді сақтап, оны бейтаныс тұстарын ашқан. Сөйтіп сөздердің жалқы түрінің мағынасына мән берілу айтылуда, айқындықта өте қажет болғандықтан басқасына қарағанда, маңыздырақ, айтуға лайықтырақ, дәрежесі басқаға қарағанда алда тұратын болды.

Кейін жалқы сөзінің түсінігі затын және сипат білу болып екіге бөлінеді: Бірінші затын білу - сөздің үлгісі мен құрылымын түсінуді және әріп әріпке немесе құрылым құрылымға кірмес үшін әріптер мен оның нақтылығын жазуды білдіреді. Ал сипатын білу - істеуші іс түсушімен немесе хабар бұйрықпен немесе хадис түсінігі құралған мағыналардан басқа нәрсе араласып кетпес үшін сөздің харекеттері мен талдауын білдіреді.

Осы зерттеуді іздену барысында Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) араб тілінің ең бір шешені, сөзді анық айтатыны, тәтті тілдісі, нақты сөйлейтіні, диалекті сөзін білушісі, дәлелділік жағынан қуаттысы, әртүрлі аймақтардағы сөзді білушісі, тура жолға бастаушысы, тәңірлік қолдау, көктен мейірім, Раббылық қорғау, рухани қамқор тапқандығына көз жеткіздім. Әли ибн Әбу Тәлиб (Аллаһ оған разы болсын) оның Нәһд тайпасынан келген адамдармен сөйлескенін естіп: Уа, Аллаһты елшісі! Біз бір әкеден тарасақ та араб тайпаларынан келген адамдармен көбісін біз түсінбейтін сөзбен сөйлесетініңді көріп тұрмыз!-дегенде ол: «Мен Раббым тәрбиелеп, тәрбиемді көркем етті және Сағд тайпасында өсіп-жетілдім»,- деп жауап берген. Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған игілі мен сәлемі болсын) әртүрлі араб тайпаларымен олардың өздері түсінетін диалект бойынша сөйлескен. Аллаһ тағала оны бейне бір өзінен басқа бір атадан тараған бауырларының білмейтінін үйретіп, оның бойына алысты-жақынды арабтардың арасында жоқ сан-алуан білімдерді жинағандай. Ал оның жанында жүрген саңлақ сахабалары (Аллаһ оларға разы болсын) және арабтардан өзіне келгендер оның не айтқанын білетін, ал егер оны айтқанынан бір нәрсені түсінбеген болса, оны сұрап білітін. Сондықтан да ғариб хадистар ғылымы Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған игілігі сәлемі болсын) хадистерінде келетін ұғымы қиын, қазіргі кездегі тілде қолданыстан қалған көнерген сөздердің мағынасын ашық айқындап көрсетеді.

Осы ауқымды кітап «ән-Ниһаяту фи әл-ғариб әл-хадис уәл-әсәр» кітабы ғариб хадис ғылымында алғашқы кітап емес. Бұл кітаптың қаламгері ибн Әсир өзінен бұрынғы осы салада еңбек жазған төрт ғалымның кітабына сүйене отырып жазған, сонымен қатар ол сол кітаптарда қалып қойған кейбір сөздерді толықтырып, кең ауқымда хадис жинағының алты кітабындағы түсінігі қиын сөздерді қамтыған. Ол кітаптар: Бұхари мен Муслимнің «Жамиғ ас-сахихы», Тиремзидің «Сунәні», Нәсиидің «Сунәні, Әбу Дәуіттің «Сунәні, Ибн Мужәнің «Сунәні».

Ғариб хадис ғылымында ең алғаш болып кітап жазған Әбу Убәйда Мағмар бин әл-Мусәннә әт-Тәмими делінеді. Ол ғариб хадис пен әсәр сөздерін топтастырып, санаулы парақтардан ғана тұратын шағын кітапша жазған. Әйтсе де, оның аздығы қаламгердің ғариб хадис жөніндегі білімінің таяздығынан емес, керісінше, екі нәрсеге байланысты болған: біріншісі, әрбір қандайда бір нәрсені бастаушы, өзінен бұрын болмаған нәрсені алғаш ойлап табушының жасаған еңбегі шағын болады, кейін уақыт өте келе ұлғая түседі. Екіншісі - сол кезде адамдар ол жөнінде аздап білімдері болған. Кейін осы салада Әбу әл-Хасан ән-Надр бин Шумәйл әл-Мәзини, одан кейін Әбу Убәйданың кітабынан үлкенірек етіп ғариб хадис жөнінде кітап жазды. Ол осы кітабында сөздерді мағынасын кеңінен ашып, жеңіл әрі қысқа көлемде жайып көрсеткен. Кейін Абдулмәлик ибн Қурайб әл-Асмағи Әбу Убайдамен бір заманда өмір сүрсе де одан кейін осы ғылымда кітап жазып, көркем етіп, тың хабарлар келтірді. Сол сияқты Қатруб атымен танымал болған Мухаммад бин әл-Мустанир және басқа да тіл, фиқһ ғалымдары хадистерді жинақтап, хадистердің тілдік мағынасы жөнінде сөйлеген. Осы жағдай Әбу Убәйд әл-Қасим ибн Сулләмның заманына дейін екі жүз жыл жалғасты. Сөйтіп ол танымал, мағыналары жеңіл, пайдасы мол «Ғариб әл-хадис уәль әсәр» кітабын жазды. Сөйтіп бұл кітап осы салада үлгі-өнегеге айналды, себебі ол бұл кітапты жазуда бүкіл өмірін жұмсап, көркемдеп түсірді. Тіптен, ол бірде: «Мен бұл кітабымды қырық жыл жаздым, ал ол өмірімнің соңғы кезеңі болатын»,-деген. Осылайша адамдар оның кітабындағы мағынасы түсіндірілген хадистер мен әсәрға сүйеніп, одан пайда алуы Әбу Мухаммад Абдуллаһ ибн Муслим ибн Қутайбә әд-Динауаридың уақытына дейін созылды. Ол өзінің «Ғариб әл-хадис уәл-әсәр» атты белгілі еңбегін жазып, ол Әбу Убайдты жолын үлгі етіп, солай топтастырып, Әбу Убайдты кітабындағы хадистерге қосымша түсініктеме мен толықтыру немесе қабылдауды қажет ететін нәрселерді қоюы арқылы Әбу Убайдтың кітабы секілді не оданда үлкен кітапқа айналды. Ол кітабының кіріспесінде: «Мен Әбу Убайдтың кітабында ғариб хадистің кең түсіндірмесі топтасқанын көрдім. Көрген адам одан басқаны қажет етпейді. Сосын оны қарап, сын көзбен зерделеп, қайта қарау арқылы зерттей келей айтылған нәрсені таптым, сөйтіп ұмыт қалдырғанын зерттеп, өзі түсіндіргендей түсіндірдім. Осы екі кітаптан кейін біреудің кітабында ғариб хадиске байланысты сөз қалмайды деп үміттенемін»,-деген. Оның өмір сүрген кезеңінде имам Ибраһим ибн Исхақ әл-Харби да болды, ол бірнеше томнан тұратын «Ғариб хадис» атты үлкен танымал кітабын жазып шықты. Ол кітабында хадистерді жинап, сөзін жеңілдетіп, түсіндірді, хадистердің тізбек жолдарын терең зерттеп, хадис мәтіндері мен сөздерін толықтыра айтты және тек хадистегі хариб сөзі бар хадистерді ғана алып, сонымен кітабын толтырып, көптеген пайдаларды жинақтады.

Кейін осы аталғандардан өзге де адамдар осы салада көптеген жинақ кітаптарын жазды. Олардың кейбірі: Шамир ибн Хамдауайһ, Сағләб атымен танымал Әбу әл-Аббас Ахмад ибн Яхия әл-Луғауи, Мубаррад есімімен белгілі Әбу әл-Аббас Мухаммад ибн Язид әт-Тумали, Әбу Бәкір Мухаммад ибн әл-Қасим әл-Әнбәри, Ахмад ибн әл-Хасан әл-Кинди, Сағләбты жолдасы Әбу Омар Мухаммад ибн Абдулуахид әз-Зәһид және осылардан өзге тіл, фиқһ және хади ғалымдары да бар.

Кітап жазу жағдайы имам Әбу Сүлеймен Ахмад ибн Мухаммад ибн Ахмад әл-Хаттаби әл-Бустиды заманына дейін ұласты. Ол «Ғараиб әл-хадис» атты танымал еңбегін жазып, кітабында Әбу Убайд пен ибн Қутайбаның жолын ұстанып, екеуінің соңынан ерді.

Сөйтіп имам Әбу Мансур әл-Азһари әл-Луғауидың жолдасы Әбу Убайд Ахмад ибн Мухаммад әл-Һаруи Құран Кәрім мен хадистің ғариб сөздерін топтастырудағы танымал кітабын жазып шықты. Оны бұл кітапты жазудағы мақсаты хадис әсәр және оның тізбек (иснәд) жолдары мен жеткізушілерінің есімдерін білу емес, ұғымы қиын, беймәлім ғариб сөздерді тіл, талдама және мағына жағынан білу болғандықтан тілдік ғариб, қиын сөздерді әр жерден шығарып алып, оларды әріптер бойынша белгіліп, мағыналарын ашып көрсеткен. Сондықтан да бұл ғылым хадис ғалымдарының арасында өз алдына жеке ғылым болып табылады.

Кейін ол кітабында Әбу Убайд пен Ибн Қутайбаның кітабындағы және ғариб хадис жөнінде жазылған өзінен бұрынғы келген ғалымдардың еңбектерін пайдалана отырып, өзінен бұрынғы жазылған кітаптардың бірінде де келтірілмеген сөздерді қосты. Осылайша адамдар оның жолына еріп, оның кітабын оқып, жасаған еңбегіне рақмет айтып, ғариб хадис пен әсәрден кірмей қалып қойған сөздердің орнын толықтырып отырды. Күндер зулап, уақыт өте келе өз заманында имам Әбу әл-Қасим Махмуд ибн Омар әз-Зәмәхшәри әл-Хорезми де ғариб хадис жөнінде «әл-Фәиқ» атты танымал кітабын жазды. Ол да оз еңбегінде ғариб хадистің түсініксіз, мағынасы жасырын жерлерін ашып берді.

Одан кейін әл-Хафиз Әбу Муса Мухаммад ибн Әбу Бәір ибн Әбу Иса әл-Мәдини әл-Асфаһани өз кезеңінде әл-Һаруидың Құран мен хадистің ғариб сөздерінен қалдырып кеткендерін жинап, дәрежесі мен пайдасына сай, көлемі де ұқсас кітап жазып, әл-Һаруидің ғариб сөзді қою тәсілін ұстанып, соның жолымен жүрді және сол секілді кітабын жүйелеп: «Біліңіз, менің кітабымнан кейін маған жетпеген, оған кеңінен тоқталмаған нәрселер қалып қояды, себебі араб сөздерінің мағынасы шексіз»,-деген. Расында да, ол жалған айтпаған, араб сөзінің мағынасының кеңдігі және Аллаһ сөзі мен оны елшісінің сөздеріндегі кейбір сөздердің ұғымы терең, сондықтан да бұл ғылым маңыздылығы жоғары ғылым болып саналады. Қиямет күніне дейін хадис, фиқһ, тіл және басқа да саладағы ғалымдар Құран мен хадистің ұғымы көмес, қиын сөздердің мағынасын ашуда көптеген еңбектерін жаза да берері анық.

Сөйтіп ибн Әсирдің заманы хижра жыл санағы бойынша, бесінші ғасырда да Әбу Муса әл-Имам әбу әл-Фараж Абдурахман ибн Али ибн әл-Жәузи әл-Бағдади да ғариб хадис жөнінде өз еңбегін жазды. Ол әртүрлі ғылым түрлерінде білімі ерекше болатын және насихат, уағыз айтуда да білімі басым болған. Әл-Жәузи ғариб хадистің өзіне ғана кітап жазып, кітабында әл-Һаруидың жолын ұстанып, ғариб Құранның дәлелі бойынша жүрген және кітабының кіріспесінде Құран мен хадистің ғарибін айтқаннан кейін: «Ғариб хадис жөнінде жазатын ешнәрсе жоқ деп ойлағанмын, бірақ бұрынғы жазған ғалымдар қалдырып кеткені бар болып, Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), сахабаларының және одан кейінгі келген табиғиндердің хариб хадисін жинауда көп күш жұмсайтынымды көрдім. Осы жазған еңбегімде үлкен қателік болмауын, бұл кітабым осы ғылымда жазылған барлық кітаптардан кең әрі ауқымды болуын үміттенем», - деген.

Ибн Әсир өзінің «ән-Ниһаяту фи әл-ғариб әл-хадис уәл әсәр» кітабының кіріспесінде оның кітабы жөнінде: «Мен оның кітабын мұқият оқып, әл-Һаруидың кітабының қысқартылғаны екеніне, бөлімдері де бірдей, жолдары да бірдей және ешбір артықшылығы жоқтығына көзім жетті. Сөйтіп мен оның кітабындағы әл-Һаруидың кітабынан алып қосқан нәрсесінің арасын салыстырып көргенімде, көптеген бөлімдердегі аз ғана бөлімінде артықшылығын көрдім»,-деп пікір білдірген. Сөйтіп ол осы ғылымда жазылған басқа да еңбектердің қаламгерлері жөнінде сипаттама бере келіп: «Ал енді Әбу Муса әл-Асфаһани болса, кітабында әл-Һаруидың айтқанын айтпаған, тек айтуды қажет ететін не сөздердегі кемшілік немесе түсіндірмедегі артықшылық немесе мағынасындағы басқаша түрін ғана айтқан. Сонымен қатар оның кітабы әл-Һаруиды кітабына ұқсайды, өйткені ол кітабында әл-Һаруиды жазбаған нәрсесін толықтырған»,-деген.

Ибн Әсир: «әл-Һаруиды кітабын толықтырушы етіп жасаған Әбу Мусаның кітабын оқығанымда ол кітап жақсы әрі толық екендігіне көзім жетті. Егер адам ғариб сөздің мағынасын білгісі келсе, оны осы екі кітаптың бірінде қарауы қажет етіледі, ал егер оны сол кітаптан тапса, оны екінші кітаптанда қарауы керек, ол екі кітап бірнеше томнан тұратын үлкен кітап»,-деп олардың өте маңыздылығын көрсеткен.

Ибн Әсирдің кітабы жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерінен кейін және ол сол кітаптардың төртеуін пайдалана отырып жазған. Сондықтан оның кітабы жоғарыдағы кітаптарға қарағанда, жаңа және үлкенірек бес томнан тұратын кітапта тың сөздер және ауқымдырық болғандықтан өте кұнды еңбек болып табылады.

2-БӨЛІМ
АРАБ ТІЛІ ФИЛОЛОГИЯСЫ: ТЕОРИЯ, ОҚЫТУ, АУДАРМА

Шолпан Бәйнеш,

педагогика ғылымдарының докторы,

Нұр-Мүбарак университетінің гуманитарлық

және жаратылыстану кафедрасының меңгерушісі
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЖАЙЫ
Ғылым мен білім ғарыштап дамып отырған жиырма бірінші ғасырда шетел тілдерін оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың қажеттілігі, шетел тілінен білім мен біліктіліктің қолданылу аясының күн өткен сайын кеңеюі еліміздегі әрбір оқушының тілдік қана емес техникалық та толық білімі болуына баса мән берілуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім берудің және тәрбиелеудің сапасын жақсарту әр пәнді ғылыми негізде, заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту талаптарын қойып отыр. Білім беруді ақпараттық технология жаңалықтарымен толықтыру елімізде білім беру сапасын арттырудың басты бағыттарының бірі саналады. Кеңес Одағы кезінде шетел тілін оқыту ісінде Қазақстанда оқу бағдарламасынан бастап, оқулықтардың, кешендердің, ақпараттық технология құралдарының тек қана Ресейден шығарылып, одақтас республикаларға таратылып отырғанын біз ілгеріде атап өткенбіз. Кеңестік мектептерде ақпараттық құралдардан ең әуелі радиофондар, одан соң барып грампластинкалар шығарылып, қолданылды.

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарына дейін кеңестік мектептерде шетел тілін үйретуде қолданылған техникалық құралдардың бірі радиофон болды. Радиофон арқылы алдын ала дайындалған фонограммалар арқылы мәтіндер тыңдатылды. Өзі қалаған материалдарын фонограммаға жазуға кез келген мектеп мұғалімінің мүмкіндігі болмады, бұл радиофонның кемшілігі еді. Өйткені радиофондағы фонограммалар тек қана шетелдік диктордың оқуымен жазылуы тиіс еді. Радиофондар тек қана үлкен қалалардағы мектеп мұғалімдерінің қолына тиді, ауылдық мектептерде радиофонды қолдану мүмкіндігі болмады.

Шетел тілі пәндерін оқытуда сексенінші жылдарға дейін мектептерде ұзақ жылдар бойы түрлі жаттығулар, мәтіндер, әндер т.б. жазылған грампластинкалар пайдаланылды. Грампластинканы сабақта қолдану оқушыларды шетел тілін жақсы меңгеріп, оған деген қызығушылығын, ынтасын арттыру мақсатын көздеді. Сабақ үстіндегі тәсілдерді түрлендіру арқылы білім берудің тиімділігін негіздеген Д.Д. Остапенко грампластинкалардағы жазбаларды, фильмоскопты, эпидиоскопты, диапроекторды қолдану барысында мынадай мақсаттарды орындауға қол жететінін айтады:

1) оқушыларды шетелдіктің сөзін түсінуге үйрету;

2) жеке дыбыстарды, сөздерді, сөз тіркестерін т.б. дұрыс айтуға жаттықтыру;

3) оқушыларды дұрыс оқуға төселдіру;

4) шәкіртттерді ән айтуға үйрету;

5) өзге елдің музыкалық және т.б. мәдени мұралармен таныстыру.

Кеңестік мектептердегі шетел тілін оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешендер өткен ғасырдың сексенінші жылдары қайта толықтырылып, жаңартылды. Неміс тілінен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау Мәскеудегі Педагогика ғылымдарының академиясында (АПН) профессор И.Л. Бимнің жетекшілігімен жүргізілді. Ол кешендер, әрине, бүкіл Кеңес Одағының сол кездегі құрамында болған он бес одақтас республикалардың мектептеріне бір ғана орталықтан таралып отырылды. 1980 жылдан бастап жасалған жаңа оқу-әдістемелік кешеннің құрамы:


  1. Мұғалімге арналған кітап;

  2. Оқушыға арналған кітап;

  3. Оқу кітабы;

  4. Грампластинкалар топтамасы (жаттығулар, мәтіндер);

  5. Оқу-көрнекілік құралдар топтамасы (тақырыптық суреттер және заттық суреттер);

  6. Фланелеграфқа арналған тапсырма материалдары;

  7. Грамматикалық кестелер топтамасы;

  8. Диафильмдер;

  9. Кинофрагменттер;

  10. Кинокольцовкалар;

  11. Лингафондық практикум;

  12. Мұғалім құралы;

  13. Оқушыларға арналған көркем суретті материалдар;

  14. Үзілісті жаттығулар жазбасы болды.

Дайындалған кешен құрамындағы он бір құралдың бесеуі техникалық құрал еді. Бұл, әрине, сол кездегі кеңестік ғалымдардың шетел тілінен білім беруді мүмкіндігінше сол кездегі уақыт талабына сай етуді көздегендерін танытатын мағлұмат тұғын.

Мәскеудегі Педагогика ғылымдарының академиясы (АПН) Кеңес Одағы кезінде шетел тілі пәндерін оқытуға арналған техникалық құралдарды, олар арқылы қолданылатын үнтаспа жазбаларын шығаруға рұқсат еткеннен кейін ғана бұл құралдар түрлі студиялар мен музыкалық қорларда жазылып, мектептерге жолдама алатын. Магнитті үнтаспа жазбалары лингафон кабинеттерінде немесе жай сыныпта магнитофонмен жұмыс істеуге арналып дайындалды. Үнтаспа жазбаларының тиімді жағы - , онымен оқушылар сыныпта да, үйде де жұмыс жасауға мұмкіндігі әрі үнтаспа жазбаларын грампластинка жазбаларына қарағанда ұзағырақ қолдануы..

Ресейдің «Школфильм» атты арнайы студиясы мектеп оқулығындағы материалдарға сай лексика-грамматикалық материалдарды түсіндіріп, пысықтауға, қайталауға арналған транспоранттар сериясын жасап, мектептерге ұсынып отырды. Бұл жұмыс, әсіресе, 1980-1990 жылдар аралығында жан-жақты жүргізілді.

Шетел тілін үйретуде мектептерде кеңінен қолданылған, қазір де қолданыста бар техникалық құралдардың бірі – диафильмдер. Диафильмдер белгілі бір тақырыпқа арналып дайындалды. Диафильмнің пән мұғаліміне ыңғайлы жағы мұғалімнің өз қалауынша диафильмге арнайы үнтаспа жазып қолдануына мүмкіндігі болуы еді. В.М. Глускин мұғалім мұнда әр сынып оқушыларының білім деңгейін, мүмкіндіктерін ескеретіндіктен, бұл фонограммалардың тиімділігі жоғары болатынын айтады.



Диафильмдер мектептегі барлық сыныпқа арналған оқулықтардағы тақырыптарды қамтыды. Олардың авторлары И.Л. Бим мен А.А. Галотина болатын. Диафильмдерді қолдану тәсілі бүкіл Кеңес Одағына «Мектептегі шетел тілі» журналы арқылы таралып отырды. Диафильмдер негізінен оқушының сөйлеу тілін ұштап, коммуникацияға жетелеуді мақсат етті.

Диапозитивтер, әсіресе, 1980 жылдан бастап арнайы түрде дайындалып, жан-жақты қолданыла бастады. Бұл кезге дейін кеңес мектептері оқулыққа арнайы қосымша жасалған диапозитивтерді емес, қолда бар диапозитивтерді пайдаланған-ды. Ал жаңа диапозитивтер мазмұны оқушылардың тыңдап түсінуі мен сөйлеуіне, күрделі мәтіндерді оқуға, білім беру арқылы тәрбиелеуге бағытталды.

Диафиьмдерді Ресейдегі «Диафильм» студиясы дайындады. Оларды жасауға А.В. Кузина, И.И. Серебряников, Е.В. Писаренко сияқты т.б. мұғалімдер мен ғалымдар атсалысты. Диафильмдерде шетелдік ғалымдар мен атақты музыканттар, ақындар, жазушылар, т.б. өмірі мен еңбегінен өнеге, тәлім берерлік материалдар қамтылды. Мысалы, неміс ақындары Г. Гейне, И.В. Гете, өнер шеберлері Ф.Шуберт, Ф.Лист, Л.Бетховен т.б. өмірі мен шығармалары туралы материалдар берілді.

Кеңес Одағы кезінде тілді үйретудің дәстүрлі тәсілдерін неғұрлым тиімді ету үшін проекционалдық және дыбыстық техникалық құралдар да қолданылды. В.М.Глускин өзінің «Шетел тілін оқытудағы техникалық құралдар» атты зерттеуінде бұл құралдарды қолданудың практика жүзіндегі мынадай пайдалы жақтарын атап көрсеткен:

– мұғалімнің ақпараттық мәліметті беру мүмкіндігін молайтады;

– сабақ барысында оқушылардың атқаратын іс-әрекеттерін реттеп, оларға бағыт-бағдар беруге көмектеседі;

– ауызша іс-әрекеттердің кейбір түрлерінен жасалатын жаттығуларды қызықты әрі белсенді етеді.

Шетел тілін оқытуда дыбысты техникалық құралдар ішінде бүкіл Одақтас республикалар мектептерінде ең кеңінен қолданыс тапқаны магнитофон болды. Магнитофонға мұғалім алдын ала өзіне керек сабақ материалдары бойынша фонограмма дайындады немесе диктордың оқуындағы фонограммаларды пайдаланды. Әсіресе, фонетикалық жаттығуларды жасау үшін шетелдік диктордың оқуындағы жазбалардың шетел тілін дұрыс меңгертуге тигізген пайдасы өте үлкен болды. Мұғалімдер лингафон кабинетінде қажетті лексиканы пысықтауға және ауызша сөйлеуге, жаттықтыруға қажетті өздерді қалаған материалдарды жаттығу ретінде үнтаспаға жазып, «оқушы-лингафон» тәртібінде жұмыс жүргізіп, тақпақтар, мәтелдер қолдану арқылы дұрыс оқу техникасы мен екпіндерді шетел тілінде дұрыс айтқызуға, сөздердің ырғағын жақсы меңгертуге мүмкіндік алады.

Лингафон кабинетінің тиімді жағы сол, оқушылардың бір-біріне кедергі жасамай, жеке-жеке өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Мұғалім кезек-кезек өзіне керек оқушыны тыңдап, сұрақ қойып, жауап алады. Лингафонды қолдану, білік, дағдыларды тезірек қалыптастыратынын айта келе Г.М.Глускин лингафон кешенінің бірнеше тиімді жақтарына тоқталады:

– лингафонмен жұмыс істеудегі көзделетін ең басты мақсат – тыңдағанын түсіне алу және сөйлей алу;

– қиын материалдарды меңгертуге мұғалім алдымен сыныпта дәстүрлі түрде жаттықтырады да, одан кейін барып, лингофон кабинетінде пысықтайды;

– оқушылар бір-біріне кедергі келтірмей бір мезгілде бәрі дауыстап сөйлей алуға мүмкіндік алады;

– лингафон кабинетінде оқушылар тілді үйренумен қатар өз бетімен еркін, ешкімнен қымсынбай, ұялмай сөйлеуіне, белсенді болуына жағдай туады;

– оқушылардың барлығының шетелге барып, шетелдіктермен араласып, қарым-қатынас жасап, сөйлесуге мүмкіндіктері жоқ екендігі ақиқат, ал олардың өз елінде жүріп-ақ шетел тілін дұрыс үйреніп, дұрыс сөйлеу дағдысының қалыптасуына лингафон кабинетінің қосар үлесі үлкен-ақ;

– лингафон кешенінің көмегімен дұрыс сөйлеуге қол жеткізе отырып, тіл үйренуші оқушының сөз мәнері мен сөйлеу жылдамдығының шетелдіктің сөйлеу нормасына жақындауына тікелей себеп болды;

– лингафонға арналған жаттығулардың көмегі арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы әрі шетел тілін оқып, үйренуге дағдыланып, белгілі бір деңгейде білігі артады.

Шетел тілін оқытуда мұғалімге ең қиын тиетіні тіл үйренушілерді тыңдап түсінуге дағдыландыру. Оқушы үнемі күнде өзіне сабақ беріп жүрген мұғалімнің шетел тілінде сөйлеген сөзін түсініп, дағдыланып алады, ал шетелдікпен сөйлесе қалатын жағдайға кез келсе, оны бірден түсінуі қиынға түсетіні тәжірибеден белгілі. Осындай жағдайды болдырмау үшін оқушыларға түрлі үнтаспа жаттығуларын, мәтіндерді, түрлі әндер мен жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді мақсатты түрде тыңдатып, түсіну дағдыларын жан-жақты қалыптастыру керек. Техникалық құралдардың көмегімен жасалынатын тыңдап түсінуге арналған түрлі жаттығулардың жүйелі түрде, үнемі жүргізілуі білімді сапалы етері сөзсіз.

Сонымен, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағындағы мектептерде компьютерді шетел тілін оқытуда қолдану ең әуелі Ресей мен Балтық бойы республикаларында өткен ғасырдағы сексенінші жылдардың басынан бастап қолға алынды. Сол жылдарда кеңестік ғалымдар компьютердің қолдану ауқымын, міндетін т.б. енді ғана зерттей бастаған болса, АҚШ-тағы оқу орындарының 99 пайызы компьютермен қамтамасыз етілген еді.. Оқу үрдісіндегі компьютерге арналған жаңа бағдарламаларды, қолданылатын тәсілдерді, мақсат-міндеттерді, білім мазмұнын т.б-ды КСРО ғалымдары Е. Азимов, В.Н. Алалыкин, А.В. Зубов, И.А. Дьяченколар т.б. зерттесе, Германияда Е. Бухгальц, Венгрияда А. Дебречене т.б. зерттеді. Ұлыбританиялық ғалым К. Джонс, М. Кеннинг т.б. компьютерге арналған ойындық және диалогтар түріндегі еліктіру-модельдеу бағдарламасын жасады.

Шетел тілін оқу үрдісінде жаңа мультимедиалық технологиялар үздік әдістемелік тәсілдермен шебер әрі дұрыс ұштастырылса өте тиімді нәтиже берерін уақыт өзі көрсетіп отыр.

Шетел тілі сабағында компьютер арқылы атқарылатын жұмыстарды екі түрге бөлуге болады. Танымдық, білімдік бағдарламаларды және материалдарды түсіндіру, пысықтау, тексеруге мұғалімнің өзі құрған қосымша бағдарламалары.

Компьютерге арналған танымдық әрі білімдік бағдарламалар сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді қолдануға өте қолайлы. Ойын элементтері бар бағдарламаларды қолданып мұғалім оқушылармен жеке және топтық жұмыстарды жасай алады. Төменгі сынып оқушылары заттарды атау, суреттердегі сөздерді оқу,қысқа әндерді айту арқылы жаңа тілді табиғи әрі жеңіл түрде меңгереді.

Компьютерлік бағдарламалар: бастапқы, ортаңғы және жоғарғы болып үш деңгейге бөлінеді. Тапсырмалардың бұлай үш деңгейлі болуы балаларды бір деңгейден екінші деңгейге өтуге талпынтып, ынталануға жетелейді. Тапсырмалардың алуан түрлі болуы оқушыларды қызықтырады әрі мұғалім жеке тапсырмалар беру арқылы олардың білім деңгейін нақты анықтай алады.

Кез келген қиын материалдармен жұмыс жарыс түрінде ұйымдастырылған жағдайда оқушылар оларды еш қиындықсыз-ақ меңгере алады. Оқу материалдарын Microsoft Word-та да, Microsoft Power Point-та да жасауға болады.

Сабақтан тыс кезде компьютер мен мультимедиалық технологияларды шетел тілін үйрену үшін қолданудың пайдасы деп мыналарды айтуға болады:

– мультимедиалық технологиялар оқу үрдісін жеделдетеді;

– оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарының өсуіне сеп болады;

– материалдың меңгерілу сапасын арттырады;

– оқу үрдісінің оқушының жеке басына арналуына мүмкіндік береді;

– білімді бағалаудың субъективті болуына жол бермейді.

Компьютерлік технологияларды шетел тілін үйрету үрдісіне ендіру білім беруді жеделдетуге тікелей ықпал етеді. Олар іс жүзінде психологиялық-педагогикалық мәселелерді қолдануға жағдай тудыру арқылы білімді механикалы түрде меңгеруден өз бетінше жаңа білім алуға қажетті білік, дағдыларды қалыптастырады. Компьютерлік технологиялар білім алушылардың жеке басының қабілеттерін ашып, сақтап және жетілдіре түседі. Шетел тілін үйрену барысында техникалық құралдар мен әдістемелік тәсілдерді қатар, кешенді түрде қолданған жағдайда ғана ойдағыдай білім нәтижесіне қол жеткізуге болады.

Шетел тілі сабағында Интернет жүйесін қолдану қазіргі кезде дүниежүзінің дамыған елдерінде дұрыс жолға қойылған. Интернет сөзі «халықаралық жүйе – international net» дегенді білдіреді. Кибернетика саласын оқу, білім мақсаттарына пайдалану жалпы дидактика мен әдістеме ілімінің ең жаңа бағдары болып отыр. Өзге тілді үйренудегі басты мақсат – балалар бойында мәдениетаралық коммуникацияны қалыптастыру болғандықтан, Интернеттің атқарар қызметі өте үлкен. Өйткені интернет халықаралық көпұлтты қоғамды қамтып, ол арқылы әлемнің миллиондаған адамдары электрондық қарым-қатынасты жүзеге асыруда. Ал шетел тілін меңгерген адамға әлемнің ақпараттар ағымындағы түрлі мәліметтер есігі кеңінен ашылып отыр.

Интернет арқылы оны қолданушылар электронды пошта, телеконференция, бейнеконференциялардан мәліметтер алып, өзінің мақалаларын, еңбектерін жариялап, өзіне керегін Web-серверге жинап, анықтама каталог жасап, іздеу (Alta Vista, Hot Bob,Open Text т.б.) және желідегі сөйлесу (Chat) жүйесіне ене алады. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы Е.В.Сычаева өз тәжірибесімен бөлісе келе, Интернет желісін қолдана отырып, оқу үрдісін интеграциялап, шетел тілін оқытуда төмендегідей бірнеше дидактикалық міндеттерді шешуге болатынын айтады:

а) оқушылар бойында Интернеттегі түрлі мәліметтерді қолдану арқылы оқуға қажетті білік, дағдылар қалыптасады;

ә) жүйеден алынған материалдар арқылы монолог және диалог түріндегі сөз біліктілігін жетілдіруге болады;

б) әріптестерімен қарым-қатынас жасай отырып оқушылар рефераттар дайындауға, шығармалар жазуға төселеді, яғни жазу шеберлігін ұштайды.

Әлемнің барлық беделді газеттерінің Интернетте арнайы Web-беттері бар, сондай-ақ ВВС ақпарат агенттігі тарататын әлемдегі адам баласының өміріне байланысты жаңалықтарды оқып қана қоймай, тыңдауға да мүмкіндік бар.

Электронды поштаны қолдану барысында балалар өзара достық қарым-қатынас орнатып, шетел тілін түрлі салада, түрлі деңгейде қолдануға жаттығады. Электронды пошта кәдімгі поштаға қарағанда тез, ыңғайлы және арзан. Электронды поштаны қолданудың шетел тілін үйренуде мынадай тиімді жақтары бар:

1) электрондық коммуникация тіл үйренудің өте тиімді практикасы;

2) хат жазу арқылы оқушылар өз қателерін түзетуге дағдыланады;

3) e-mail қолдану шетел тілін үйренуге деген қызығушылықты арттырады.

Ал Интернет арқылы жер шарындағы басқа ел өкілдерімен біріккен жоба жұмыстарын орындау кезінде оқушылар сөз қорын байытып, өзге ел мәдениетін үйреніп, әлеуметтік және қоғамдық ерекшеліктерін таниды, тілдік әдеби этикетке, түрлі халықтардың салт-дәстүрінің ерекшеліктерін біліп, өздерін қызықтыратын мағлұматтарды ала алады.

Егемендігін алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 28 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы жұмыс қорытындысы және 2002 жылғы міндеттері» атты №1 А қаулысында сол кездегі министр Ш.К. Беркімбаеваның нұсқауымен республиканың білім беру саласын ақпараттандыруды міндеттеді.

Аталған Қаулы негізінде мектептер мен жоғары оқу орындарында барлық пәндерден электрондық оқулықтар шығару Ғ.Қ. Нұрғалиева басқаратын республикалық «Білім беруді ақпараттандыру республикалық ғылыми-әдістемелік орталығына» жүктелді. Шетел тілі пәндерін ақпараттандыруға байланысты соңғы жылдары жаңа зерттеулер жүргізіліп, игі істер атқарылуда. Ағылшын тілінің маманы Б.Қ.Исабаеваның атсалысуымен қазір ағылшын тілінен 5-9 сыныптарға арналған электрондық оқулықтар жасалып, республикаға таратылуда.

Білімді ақпараттандыру мәселесін ұзақ жылдар бойы зерттеп келе жатқан ғалым Е.Ы. Бидайбеков өзінің «Білімді ақпараттандыру хақында» атты еңбегінде ақпараттың философиялық категория ретіндегі материя семантикалық қасиетін төмендегіш сипаттайды:

– ақпарат материяның қасиеті бола тұра әр материалдық нысанға тән;

– материяның семантикалық қасиеті бола тұра әр материалдық нысанның мағыналық жағын көрсетеді;

материаның бар болуының жалпы түрі оның оның қозғалысы болып табылатындықтан, ақпарат осы қозғалыстың бағытын, оның мақсатын беретін материя қасиеті болып табылады.

Ақпараттың мағыналық (семантикалық), мәнерлік (синтаксистік) және бағалық (прагматикалық) құрамдас бөліктен тұратынын көрсете келе Е.Ы.Бидайбеков жалпы әлемдегі ақпараттың пайда болу жүйесіне төмендегідей сипаттама береді:

Бірінші ақпараттық революция тіл мен адамның анық сөйлеуінің пайда болуымен байланысты жасалды.

Екінші ақпараттық революция жазудың ойлап табылуына байланысты болды.

Үшінші ақпараттық революция ХV ғасырда ақпараттық технологиялардың алғашқыларының бірі болып саналатын кітап басып шығаруды ойлап табудан туындады.

Төртінші ақпараттық революция ХІХ ғасырда ақпаратты жіберу мен таратудың телеграф, телефон, радио және теледидар сияқты құралдары ойлап табылды.

Бесінші ақпараттық революция адамзат есептеу техникасын белсенді пайдалана бастаған кезде, ХХ ғасырдың ортасында болды.

Республика Үкіметінің жіті қадағалауының арқасында білім беру саласы қарыштап алға басып келеді. Мектептер ақпараттық техникалық құралдармен қамтамасыз етілуде. Күні бүгін республиканың мектептерінде шетел тілі пәнін оқытуда мұғалімдер қауымы жаңа ақпараттық технологияларды мүмкіндігінше кеңінен қолдануда, өйткені ақпараттық технологияларды қолдану қоғам мен уақыт талабы болып отыр. Компьютерлік телекомуникативтік жүйені қолдану арқылы дистанционды түрде білім алу да іске асырылуда. Білім алудың мұндай жолын қазір білім беру саласындағы басты реформаның бір түрі деп те айтуға болады, себебі қашықтықтан білім берудің тигізер пайдасы жан-жақты. Олар мыналар:

– ересек адам немесе жас түлектердің өз жеке басын, көзқарасын, ұстанымдарын қалыптастыру;

– қоғамда азамат ретінде өзінің идеалын, саяси көзқарасын т.б. өмірде жүзеге асыра білу;

– ата-ана болып, әлеуметтік индивид ретінде еңбекте де өзін көрсете алу;

– өзі қалаған қоғамдық қажеттіліктерді болашақта пайдалана алуына мүмкіндік туады.

Қашықтықтан білім берудің тағы жетістігі – оның тездігі, әрі уақыт жағынан шектелмеуі, алынатын білім ауқымының әр түрлі, әрі мол болуы.

Компьютерлік технологияның тағы бр жаңалығы – интерактивті бейнетаспа. Оқушылар мұнда оқу фильмінің іс-әрекетіне қарай жауап беріп, сөйлеп үйренеді.

Электронды пошта (Е-mail), телеконференция, бейнеконференция, хабарландырудың электронды тақтасы да телекомуникациялық жүйенің ұсынатын қызметтері шетел тілінен білім беруде кеңінен қолданылуда.

Қазір біздің республикамызда оқулықтарға қосымша аудиоматериалдарды «Мектеп» баспасы дайындап, таратып отыр. Жаңа төл оқулықтардың авторлары дайындаған оқулыққа қосымша аудиомәтіндер Қазақстанға Германиядан келіп жұмыс істеп жүрген неміс мұғалімдерінің атсалысуымен жазылды.

Күні бүгін республикамызда түрлі әдістемелік құралдарды, оқу фильмдерін кешенді жүйелі түрде дайындап, мектептердің құзырына ұсынатын арнайы студиялар, фабрикалар т.б. әлі күнге дейін жоқ. Болашақта дамыған елу елдің қатарына қосылу мақсатына жету жолында білім беру саласының мамандары күні бүгін аянбай еңбек етуде. Болашағы жарқын, аспаны ашық, жан-жақты білімді, елі үшін еңбек ететін ұрпақ тәрбиелеп өсіру игі мақсат болып отыр.

Сонымен, бұл еңбекте Қазақстанда шетел тілінің жеке пән ретінде жалпы орта білім беретін мектептерде оқытылуының тарихына, оқыту мақсаттары мен міндеттерін, білім мазмұнын тиімді етіп оқытуға қатысты зертеулермен танысып, тілді оқыту әдістемесінің қалыптасып, дамуы қарастырылды:

1. Шетел тілін оқыту тарихын зерттеу арқылы осы пәннің методологиялық, ғылыми-педагогикалық, әдістемелік негіздері оқыту кезеңдеріне бөліне отырып қарастырылды. Өткен жиырмасыншы ғасырдың басынан бастап қазірге дейінгі мектептегі шетел тілі курсының оқытылу тарихын зерттеу оны оқытуды болашақта әлемде тіл білімі саласында болып жатқан жаңалықтармен байыту, уақыт талабына сай ету мақсатымен астасып жатады.

2. 1917-1990 жылдарда Қазақстандағы қазақ тілді мектептерде шетел тілі пәнін оқыту кеңестік дәуірде өзінің білімдік, тәрбиелік, жетілдірушілік міндеттерін жан-жақты, жүйелі, жоғары деңгейде орындамады. Қазақ тілді мектептерде бұл пәннің ұзақ жылдар бойы тек орыс тілі негізінде оқытылуы көптеген қиындықтар туғызып, республиканың білім саласының өзіне тән ерекшеліктерінің ескерілмеуі, оларды зерттеулердің өте аз, мардымсыз жүргізілуі оқыту ісіндегі проблемаларды шешуге дәрменсіз болды. Жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап шет тілі пәнін оқытудың мақсаты, міндеттері, білім мазмұнының құрылымы т.б. біздің елдегі тарихи өзгерістерге байланысты зерттелді.

3. Қазақстанда өткен ғасырдың басында орнаған социалистік қоғамның кейбір саяси, қоғамдық ұйымдастырушылық шаралары салдарынан болған қиын жағдайларға байланысты қазақ тілді мектептерде Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңде неміс тілі пәнінің оқытылуы өте төмен деңгейде болды. Одан сабақ беретін жоғары білімді мұғалімдер жоқтың қасы еді. Мәскеуден бертін келе шыға бастаған оқу құралдары орыс тілінің негізінде жазылды. Барлық Кеңес Одағына қарасты республикалардағы мектептерге неміс тілінен бір ғана бағдарлама мен оқулықтар жіберіліп отырылды. Қазақ тілді мектептердің материалдық базасы Кеңес Одағы жылдарында толық болмады. Осының бәрі мұғалімдердің және оқушылардың бұл пәннен кең ауқымда білім беріп, білім алуын және шығармашылықпен жұмыс істеуін шектеді.

4. Шет тілі пәні мектепте түрлі кезеңдерде түрлі әдістер арқылы оқытыла келе жан-жақты толық мектеп курсы болып қалыптасты. Шет тілін оқыту әдістемесі дамуының басты кезеңдері, республика мектептерінде осы пәнді оқыту барысында қалыптасқан тәжірибелер бойынша алынған деректердің пәнді күні бүгін шығармашылықпен оқытуға, үйретуге септігі тиері сөзсіз.

5. Шетел тілін оқытуда ақпараттық технологиялардың өткен ғасырдағы кеңес мектептерінде қолданылуы мен дамуы, қазіргі кездегі өріс алып отырған арналарына ғылыми-педагогикалық тұрғыда талдау жасалды.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. С.Ә.Әбдіғали. Шетел тілін оқытудың негіздері.-А.; «Ғылым»,-2009.-67б.

2. Ш.Б.Бәйнеш. Шетел тілін оқыту үрдісінің дамуы.А.;2010.-219б.

3. К.Канчи.Шетел тілінен білім беруді жаңалау талаптары.-Рига; «Университет»,-2006.-28-б.

4. Т.Әлдібаева. Қазақстандағы білім мазмұнын жаңалау,-А. Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА, -2008. 22 б.

5. Шетел тілін оқыту тұжырымдамасы.-А.;ҚБА,-2007.,-108 б.


Гүлім ИМАШЕВА,

филология ғылымдарының кандидаты,

Нұр-Мүбарак университетінің оқытушысы
МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АРАБ СӨЗДЕРІНІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, тіларалық қарым-қатынасқа байланысты тілде өзге тілдік элементтер бой көрсетеді. Кірме сөздердің сөздік қорды байытуда, өзге мәдениеттің табиғатын танытуда өзіндік үлесі бар. Кез келген тілдің сөздік құрамы сол тілдің ежелгі, төл сөздерінен және шет тілдерден алынған кірме сөздерден тұратын күрделі құбылыс екені мәлім.

Алаштың ардақты ұлдарының бірі, ағартушы, қоғам қайраткері, ақын, публицист-жазушы М.Дулатұлы шығармашылығын зерттеу барысында қаламгердің еңбектерінде кездесетін араб сөздеріне тоқталып, олардың лексика-семантикалық ерекшеліктерін ашып көрсетуді мақсат еттік.

Ақын шығармаларындағы араб сөздерін бірнеше лексика-семантикалық топтарға жіктедік:

1. Оқу-ғылымға қатысты сөздер: тағылым, мағариф, ғылым, мәдресе т.с.с.

2. Ислам дініне байланысты сөздер: мәсжід, мәзһәп, тәубә, шариғат т.с.с.

3. Абстракт мағынадағы сөздер: ғақыл, ризық,зікір, фаһим, хәят т.с.с.

4. Адамның рухани және физикалық қасиетін білдіретін сөздер: фазыл, ғаділ, фасық, ғафил т.с.с.

5. Адамдардың қызметі мен кәсібін білдіретін сөздер: мударрис, хадим, һаким т.с.с.

Осы тақырыптық топтардың ішінде діни лексика, адамның мінез-құлқына, оқу-ғылымға қатысты сөздер көбірек кездеседі.

1. Оқу-ғылымға қатысты сөздер: мағрифат, тағлим, ғылым, мәдресе т.с.с. Мағрифатﻣﻌﺮﻔﺔ) ) – білім, ағарту, ғылымтану, өнер [1,153-б.]. «Келер ме өздігінен бізді іздеп, Қол созып ұмтылмаймыз мағрифатқа» [М.Д]. Тағлым ﺗﻌﻠﻴﻢ) ) – 1) оқу, оқыту; 2) білім; 3) шынығу; 4) тәрбие. «Тағлым, тәртіп үшін жүргендеймін, Іздеумен жері болса табылатын» (М.Д). Ғылым (ﻋﻠﻢ) - 1) білім; 2) теория. Медресе (ﻣﺪﺮﺴﺔ) - діни. жоғары оқу орны. Қираәт (ﻘﺮﺍﺀﺓ) -1) Құранды музыкалық әнге, сарын мен ырғаққа келтіріп, дауыстап, жатқа оқу; «Онан соң қираәт, яғни сураһи фатиха оқисың (Абай). Әліф-би (ﺒﺎﺀ ﺃﻠﻴﻒ) – араб әліпбиіннің бірінші, екінші әріптері. Әбжәд (ﺃﺒﺟﺩ) 1) сонау еврей халқынан арабқа ауысқан сандық мәні бар әліпби; 2) әліппе (есеп). Харф (ﺤﺮﻒ) – 1) дыбыстың жазудағы таңбасы; 2) дауыссыз дыбыс (әріп) [1, 45 б.]. «Жүргеннен тіпті қарап файдалырақ, Күнінде үйренсең де жалғыз харіф» (М.Д).

М.Дулатұлының мақсаты, арманы оқу-білім, өнер болатын. Сондықтан ақын өлеңдерінде кірме сөздердің элементтерін өз мақсатына қарай қолданып отырған:

Жан фида ғылым үшін, мал тәрк ет,

Артылсын күн-күн сайын мағрифатың...

Надандықтың шәрбәтіне мас болдық,

Зарарға дос файдамызға қас болдық.

Үлкеніміз қадимләкқа жазылып,



Жәдид деген партияға жас болдық

Біздің жұрттың зәрредей жоқ намысы,



Ғайрылардың һүнерменен жарысы.

Мағарифлі озып кетіп милләтләр

Көз жетпейтін арамыздың алысы...

Әр елді өз көзіммен көрейін деп,

Себеп боп мұталиғам ашылатын..

Осы мысалдардағы зарар, қадим, жәдид, зәрре, ғайры, мағариф, милләт, мұталиға араб сөздері қазіргі әдеби тілімізде ұшыраспайды. Бұл сөздердің Н.Оңдасыновтың «Арабша-қазақша түсіндірме сөздігінде» берер мағыналары мынадай: зарар(ﻀﺮﺮ)1) зақым келу, мертігу; 2) зиян, залал, шығын; «Мәселен, біреу сүйіп шариғатты // Зарарына хүкім етсе қайта қашты» (М.Д). «Мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста зор. Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек» (Абай). Қадим (ﻗﺪﻴﻢ) – 1) ескі; 2) арғы; 3) ескілікті; 4) көне; жәдид (ﺠﺪﻴﺪ)1) жаңа, өте жаңа; 2) жаңадан болған; 3) ауыс. төте; «Біздің ғасырдағы татарда, оқытудың екі әдісі бар ғой: Қадимше, яғни ескіше, жәдитше, яғни жаңаша» (С.Мұқанов); Қадим оқуы – діни білім беру. Жәдит – 19 - ғасырдың 2- жартысында Ресейде болған жаңа оқу жүйесі. Зәрре (ﺫﺮﺓ)1) тозаң, ұнтақ; 2) атом (заттың өте ұсақ бөлшегі); «Зәрәшә халыққа файда келе ме деп, Бұл еткен сол ниетпен қызыметім» (М.Д). Ғайры (ﻏﻴﺮ) - 1) басқа, өзге, бөтен; 2) емес; бір нәрсенің жоқтығын көрсететін демеулік; «Білімсіз топас болсаң, мойынға алып, Бола ма ғайрыларға «біл» демеске?» (М.Д). «Бұл... мұсылман хакімдері, болмаса ғайри діннің хакімдері дүниенің һәм адам ұғлы өмірінің сырына жетсе де... » (Абай). Мағариф(ﻣﻌﺎﺮﻒ) – білім, ағарту; (ﻣﻌﺮﻔﺔ) – ма‘рифатун сөзінің көпше түрі. Милләт (ﻣﻠﺔ) - 1) халық, ұлт; 2) діни. қауым мәзһан; 3) сену (дінге) «Аз білген ғылымымның саясында, Милләтке қызмет ету ижтиһадым» (М.Д). Мұталиға (ﻣﻄﺎﻠﻌﺔ) – 1) чтение; 2) изучение [2,18-б.].

2 Ислам дініне қатысты сөздер. М.Дулатұлы дінге қатысты сөздерді жалпы халықтық тілден алады. Ағартушы тіліндегі діни лексика ұлттық рухани мәдениеттің көрсеткіші. Мысалы, Алла, иман, мешіт, тәубе, фәни, молла, шариғат т.т. «Насихат ғұмумия» өлеңінде:

Бұйырған, тыйған ісін шариғаттың:

Секілді фарыз, уәжіп мұны ұғуың.

Хат жазып, түркі танып, құран оқып,



Қираәт, қағидамен жүргізуің (І т.,80 - б.).

«Шариғат» (ﺸﺮﻴﻌﺓ) – Құранға негізделген мұсылмандық ережелер жинағы [3, 366 - б.].

Келтірілген мысалдардағы: шариғат, қирәат, қағида, фарыз, уәжіп, құран, низам, никах, талақ, мирас, мұсылман, ислам, дін, ғибадат, ләкиін, муафиқ, машауарат, хадим, сахаби, мұхаббат сөздері араб тілінен енген тілдік бірліктер. Ұлтымыздың мәдениеті мен рухани өміріне ислам діні қайтадан оралып отыр. Сол себепті де діни сөздер қазіргі кезде белсенді қолданылуда. Құран (ﻗﺮﺁﻦ) – 1) оқу; 2) ислам дініндегілердің ең басты, қасиетті кітабы. «Мұсылман» (ﻣﺴﻠﻢ) – ислам дінін қабылдап, Алланың әміріне мойынсұнған адам . Ғибадат (ﻋﺒﺎﺪﺓ) – 1) мәпелеу, сыйлау, құрметтеу; 2) бас ию, табыну (Құдайға). «Ғылымсыз ақырет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды» (Абай). Сахаби (ﺻﺣﺎﺒﺔ) – діни. Мұхаммед пайғамбардың серіктері. Уәжіп (ﻮﺍﺟﺐ) – қажетті; міндетті. Никах (ﻧﻛﺎﺡ) – неке, семья болу. «Жас қызға хұтба оқиды молла тағы, Ризалығын білмейді сондадағы, Жанжал болса, «мен никах оқығам» деп, Куәлігін береді соңыра тағы» (М.Д). Талақ (ﻄﻻﻕ) – 1) неке бұзу, ажырасу, айрылысу. 2) ауыс. бір нәрседен безу. Мирас (ﻤﻴﺭﺍﺚ) – атадан балаға, баладан немереге қалатын үлес, мал-мүлік. Ләкин (ﻠﻛﻦ) араб тілінің жалғаулығы. Бірақ, дегенмен, алайда, сөйтсе де деген мағына береді. «Ләкин екеуі оңаша жолығуға ешбір реті болмай жүрді» (М.Д). Муафиқ (ﻣﻮﺍﻓﻖ) – 1) мақұлдаушы, ұнатушы; 2) үйлесімді, қолайлы, сәйкес мағыналарына ие. «Мақсатқа муафиқлы сөз шыққан соң» (М.Д). Машауарат (ﻣﺸﺍﻮﺮﺓ) – кеңес, мәслихат деген мағына береді.

3. Адамның рухани және физикалық қасиетін білдіретін сөздер: фазыл, ғаділ, фасық, ғафил, қадари хал, бәхил, ғариб, зағиф, ғайрат т.с.с.

Фазыл (ﻔﻀﻞ) – 1) адамгершілік, намыс; 2) жәрдем беру; 3) пайда; 4) молшылық. Уақыф (ﻮﻗﻴﻒ) – 1) бақылаушы; 2) қараушы. Ғафил (ﻏﺎﻔﻞ) – 1) салақ, ұқыпсыз; 2) жайбарақат, аңқау. «Әлі де болса бұрынғыдай қозғалмай ғафилдықта жата берсек, енді аз заманда нешік болашақпыз?; «Таңдағы тәңіріден» деп біздің қазақ, Жетті ғой түбімізге сол ғәфилат» (М.Д).

Қадари хал біреу шықса талапкер,

Рәд қылып хәсәдлікпен сөкпелік...(Іт.,86-б.).



Қадари (ﻗﺪﺮﻯ) – шама-шарқы жеткенінше, қабілетіне қарай. Рәд (ﺮﺪ) – кері қайтару. Хәсәд (ﺣﺴﺪ) – қызғанушылық, күндеушілік.

«Мал бітсе, соған бітсін!» – деп айталық,

Халыққа жомарттықпен болса басшы.

Не файда бәхил болып құр жинаса,

Ондай пасық сараңнан алыс қашшы.

Мұндағы бәхил (ﺒﺧﻴﻞ) араб сөзі сараң деген мағынаны береді. Автор араб сөздерінің қазақша мағынасын да қатар қолданып отырады. Ғариб (ﻏﺮﻴﺐ) сөзінің араб тілінде беретін мағыналары мынадай: 1) бөтен, басқа, жат жерлік; 2) қызық, таңғажайып, бұрын-соңды болмаған. М.Дулатұлы бұл сөзді қазіргі қазақ тілінде тұрақтап қалған «байғұс» деген мағынасында қолданады.

Мысалы:

Бишара өздігінен жол таба алмай,

Ғазиз бас әуреленіп даң болғандай.

Көрініп ғәриб халі тұр емес пе,

Бір міскін халық ішінде жан болғандай.

Бір шумақ өлеңнің өзінде «бишара» мағынасын беруде ғәриб, міскін араб сөздерінен синонимдік қатар түзген.

Міскін (ﻣﺴﻛﻴﻦ) – 1) кедей, сорлы; 2) бишара; 3) бақытсыз. Зағиф (ﺿﻌﻴﻒ) – 1) әлсіз, нашар; 2) ауру; «Жаман мен жақсы қалайша тең болады? Зағиф адам һәр қашан кем болады».

4 Абстракт мағынадағы сөздер: ғақыл, ризық, зікір, фәһім, хәят, мұталиға т.с.с.

«Қазақ әдеби тіліне енген араб-парсы сөздері: а) жаңа затты (немесе құбылысты), көбінесе, абстракт ұғымды атайды; ә) тілдегі сөздің өзгеше семантикалық оттеногы бар дублетін құрайды» [4,91-б.].

Мысалы:

Қадірмен халық билеген, ақсақалдар,



Бұл іске фәһім назар саласың ба?

Темірді қызуында соқпай қалып,

Нәсіліңнен көз жазып қаласың ба?

Моншаға зияраттың тасын алып...



Тәқдим, тәфһин, тәхрисдә жұмысы жоқ.....

Күштейді әліф-би мен әбжәдқа...



Зиһінім хайыршының дорбасындай,

Қайткенде артылады мағлұматым?

Фәһім (ﻔﻬﻢ) – 1) түсінік, түсіну, ұғыну; 2) көргіштік, қырағылық; 3) ақыл, ой. Зиярат (ﺰﻴﺎﺮﺓ) – 1) бару, қатынау; 2) қажылық; «Зират (зиярат) деген сөз араб тілінде діни ұғыммен байланысты қасиетті жерлерге бару, қатысу, болу деген ұғымда қолданылған болса, қазақ тілінде мола, қабір деген мағынада айтылады» (Ә.Болғанбаев). Тәқдим (ﺘﻗﺩﻴﻢ) – ұсыну, арнау. Тәфһим (ﺗﻔﻬﻴﻢ) – өзара түсінісу. Жаһил (ﺠﺎﻫﻞ) – надан, білімсіз; 2) ақымақ. Әһмият (ﺃﻫﻤﻴﺔ) – маңыз; мағына. Мағишат (ﻣﻌﻴﺷﺔ) – 1) өмір, күнкөріс; 2) өмір сүруге керекті жағдай. Афзал (ﺃﻔﻀﻞ) – 1) жақсы, жақсы көретін. Уафа (ﻮﻔﺎﺀ) – 1) дұрыстық, ниеті түзулік, адалдық. Хәят (ﺤﻴﺎﺓ) – 1) өмір, өмір сүру; 2) тұрмыс, тіршілік, күн көру. «Ол алтауының бірі- хаят, яғни, тірлік» (Абай). Һиммәт (ﻫﻤﺔ) – 1) жігерлілік, қайраттылық; 2) әрекет. Хайыр (ﺨﻴﺮ) – 1) жақсы, мейірман; 2) өте жақсы; 3) жақсылық, игілік. Ихсан (ﺃﺤﺴﺎﻦ) –1) жарылқаушылық, жақсылық; 2) қайыр, садақа. Иғанат (ﺇﻋﺎﻧﺔ) – 1) жәрдем, көмек; 2) қайыр, садақа. Зиһін (ﺫﻫﻦ) – зейін-ақыл, ес, ұғым, сана [1,266 б.]. Тәхрис (ﺗﺤﺮﻴﺺ) – 1) стремление; 2) хранение; 3) осторожность [2,155 б.]. Хикмәт (ﺤﻛﻤﺔ) – 1) даналық; 2) даналық нақыл, мақал. «Ғажайып хикметтің кілтін ашқан» (М.Д). Ғақыл (ﻋﻘﻞ) –1) ес, сана; ұғу, түсіну; 2) даналық. «Қайтіп тұрсын үндемей білген адам // Ғақылы – дария, көзі – өткір, көңіл – шебер?» (М.Д).

5 Адамдардың қызметі мен кәсібін білдіретін сөздер: мударрис, хадим, һаким, молла, мұсанниф, муәзин, мұхаррир, нашир т.с.с. «Белгілі бір сөздердің пайда болуы, қайта өркендеуі немесе қолданыстан шығып қалуы қоғамдық-тарихи жағдайларға байланысты. Агентивтік зат есімдердің ішінде түрлі өндірістік және қоғамдық-тарихи жағдайларға байланысты неғұрлым динамикалы, жылжымалы, тұрақсыз болып келетіндері – адамдардың кәсібін білдіретін атаулар» [5,75-б.].

М.Дулатұлының шығармаларында кездесетін адамдардың айналысатын кәсібінің атаулары араб сөздеріне жол берген. Мысалы: Мударрис (ﻣﺪﺮﺲ) – медреседе сабақ беруші, мұғалім, оқытушы. «Мударрис үлкен ғалым болғың келсе, Шаһардағы ғали медресеге тұр кіруің» (М.Д). Мұндағы ғали сөзі «жоғары; атақты» деген мағынаға ие. Хадим (ﺨﺎﺪﻢ) 1) қызметкер; 2) үй қызметшісі, малай. «Сіз болып Исламның хадимінен, Сахаби болып тұрсыз, зор мұхаббат (М.Д). Һәким (ﺤﺎﻛﻢ) 1) басқарушы; 2) ауыс. үстемдік етуші, билеуші. «Һәкимлер харамидан болғаннан соң, Ұры-қары кетпей қайтсін атқа мініп» (М.Д). Молла (ﻣﻻ) – сауатты, білімді адам; 2) дін қызметкері [1,165-б.]. Бірақ ұлт танымында, жазушының түсінігінде керісінше мағына береді. М.Дулатұлы әр кез ауыл молдаларын сынға алып отырады. Мысалы, «Қазақ халқына діни уағыз» өлеңінде:

Заманға қарай моллалар наданырақ,

Көбі қара қазақтан жаманырақ.

Білер-білмес оқумен молла болып,

Орынсыз сөзге ұмтылып көбі ұрыншақ,-дейді.



Мұсанниф (ﻣﺻﻨﻒ) – автор, құрастырушы, жазушы; «Мұсанниф һәр халықтан өткен сайрап, Заманның кемшілігін айтқан зарлап» (М.Д). Муәзин (ﻤﺆﺫﻦ) намазға шақырушы. «Указной һәм кандидат һәм муазин, Екі учитель бес жылда бір сайлайсың» (М.Д). Мұхаррир (ﻣﺣﺭﺮ)1) азат етуші; 2) редактор. Нашир (ﻨﺎﺸﻴﺮ) – 1) таратушы; 2) жариялаушы, бастырушы. «Бұл сөздің мұхаррирі һәм наширы, Дулат-оғлы Мир-Яғкуб - өзім атым». Яғни, бұл насихатты «шығарушы, айтушы, таратушымын» деп өзін айтып отыр. Мұсанниф, мұхаррир, нашир араб сөздері автор өмір сүрген кезеңдегі жаңа мәдениетті білдіретін атаулар.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Оңдасынов Н.Д. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. ІІ т. – Алматы: Мектеп, 1989. – 284 б.

  2. Баранов Х. Арабско-русский словарь. – Ташкент: Камалак, 1994. І т. – 456 c.

  3. Құралұлы А. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2002. – 367 б.

  4. Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. – Алматы: Арыс, 2004. – 613- б.

  5. Умирзакова З.А. Этносоциолингвистический аспект изучения наименований лиц по профессии // Сборник АГУ, – Алматы,1999. – С. 75-78.


Жадыра КҰЛМАМЫРОВА,

филология ғылымдарының кандидаты,

Нұр-Мүбарак университетінің оқытушысы
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АРАБ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫНЫҢ САЛҒАСТЫРМАЛЫ ЛИНГВИСТИКАДАҒЫ СИПАТЫ
Әлемнің туыс емес әртүрлі тілдерінің бір-бірімен қатысындағы арнайы тілдік көрінісі мен типтік айырмашылықтарын салғастырмалы бағдарда анықтау грамматикалық категорияларды үйретуде туындаған қиыншылықтар мен өзгешеліктерді табу арқылы жүзеге асады.

Жалпы тіл білімі ғылымы ХІХ ғасырдың жартысында тілдерді құрылымдық ұқсастықтары мен айырмашылықтарына қарай жіктеу арқылы тіл құрылымындағы неғұрлым ортақ, аса маңызды морфологиялық белгілерін негізге ала отырып, оларды төрт типке топтаған. Грамматикалық категорияларды белгілі бір топқа жатқызу б.з.д. IV ғ. Аристотель, әл-Фараби, Панини, Яска және грек, үнді, араб ғалымдары еңбектерінен бастау алатын дәстүр болғанымен, одан бері он жеті ғасыр өтсе де, күні бүгінге дейін сөздерді тапқа бөлу жалпы тіл білімінде түбегейлі шешілмеген. Дүниежүзі тілдерін типологиялық құрылымы жағынан топтап немесе қарама-қарсы қойып зерттейтін жалпы тіл білімінде бірқатар сөз таптары сөзжасам саласында немесе морфологияда зерттелуі құпталмауы кездеседі. Мәселен, «типологиялық тұрғыда есімдік пен сан есімді жеке сөз табы ретінде қарастыру күмәнді деп есептеледі» [1, 304-б.]. Сондықтан өзге тілдің жүйелік-құрылымдық ерекшеліктерін түсіну үшін, оның грамматикалық сөз зерттеу әдістері арқылы қандай сөз табы берілетіндігін және ана тілімізде сол сөз табының зерттелу үрдісін танып, ажырата білу аса маңызды болмақ. Ал қазіргі тіл біліміндегі علم الأنماط اللغوية лингвистикалық типология әдістері арқылы салғастырылушы тілдердегі маңызды, елеулі, мәнді ерекшеліктерін талдап, жете тануға болады [2, 40 с.]. Типологиялық зерттеу нәтижесінде қазақ және өзге де түркі, банту тілдері - жалғамалы, славян, балтық және араб тілдері - қопармалы тілдер қатарына қосылды. Тілдік типінің алшақтығы сияқты қазақ және араб тілдерінің грамматикалық категорияларды топтау ерекшеліктері де сан-қилы.

Отандық тіл білімінде шығыстану саласы Еуропа тілдерін зерттеуге қарағанда, зерттелуі кенжелеп тұрған сала болғандықтан, қазақ және араб грамматикалық категорияларын арнайы салыстырған еңбектер өте сирек екендігі белгілі. Қазақ және араб тілдері салыстырмалы грамматикасын жеке сала ретінде қалыптастырып, оның тәсілдерін даралап, жан-жақты зерттеуге мүмкіндік туғызу – ана тіліміздің қыр-сырын тануға мол мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Қазіргі қазақ тіл білімінде грамматика кең мағынада қарастырылады. Грамматика ауқымын морфология және синтаксиспен шектемей, оның аясын сөзжасамдық, фонологиялық деңгейлермен кеңейте отырып, зерттеу үрдісі қалыптасқан. Қазіргі араб тілі грамматикасы морфология мен синтаксистен тұрады. Сөз таптары есім сөз, етістік және көмекші сөз деп үш топқа жіктелген араб грамматикасы сөздің жасалу тәсіліне, грамматикалық формаларына, сөз таптарына бөліну ерекшеліктеріне қарай зерттеу үрдісі сөйлеу бірліктері арасындағы дағдылы синтаксистік байланыстың бұзылуы [3, 16 ص.] - анаколуф негізінде қалыптасқан. Морфологияда есім сөздер жиырмадан аса сөз табынан тұрса, етістік шаққа байланысты өткен және осы-келер шақ етістіктері толымсыз және толымды, салт және сабақты т.т. жіктеліп, көмекші сөздер тұрақты және мағыналық деп бөлінеді. Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыру үшін қолданылатын, тіркескен сөздеріне әртүрлі реңк, грамматикалық мағына үстейтін көмекші сөздер, яғни шылаулардың الادوات араб тілінде 546 түрі бар екендігі мәлім болды. Ал қазіргі қазақ тілі морфологиясында он сөз табы бар деп зерттеліп жүр. Оларға зат есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай, модаль сөздер сияқты сын есім де ең алдымен, сөздерді әуелі мағынасына, одан кейін тұлғалық түрленуіне және сөйлемде атқаратын қызметіне қарай жеке сөз табы болып танылады.

Алайда сын есім сөз табы ретінде бірқатар тілдерде сөз топтарын ұйымдастыратын және басқа да сөз таптарымен салыстырғанда морфология-синтаксистік жағынан ерекше сипаттағы есім сөздер болса, енді бірінде сөз таптарына қатысты тұрақты белгілердің жүйелі принциптері негізінде жеке сөз табы ретінде көрінбейді [4, 397 с.]. Сын есім синтаксистік функциясы мен мағынасы жағынан әр текті және басқа сөз таптарына қатысты грамматикалық категория болғандықтан, көптеген тілдерде жеке сөз табы ретінде зерттелмейді. Ал қазіргі араб тілі грамматикасында صفة - сын есім – есімдер тегіне жататын موصوف - зат есімнің әртүрлі сапасын, затқа, құбылысқа меншіктілігін атрибуттық байланыста көрсететін сөйлем мүшесі. Ал қазақ тіл білімінде сын есімнің дербес сөз табы болуының негізгі белгілері мынадай: лексикалық мағынасының болуы; шырай жұрнағын жалғай алуы; зат есімге тән қосымшалардың тікелей қосылмайтындығы мен сөйлемде анықтауыш мүше қызметін атқаруы. Араб тіліндегі صفة - сын есім есім тұлғаларының әуелі анықтауыштық қызметке ие болуына, соның нәтижесінде сол тұлғалардың сындық мән алып, сол мәнде тұрақталуына негізделген. Ал қазіргі қазақ тілінде сын есімнің өзге сөз таптарынан ерекшеленіп, жеке сөз табы болып қалыптасу тарихы мен ақиқатын зерделеуші М. Томанов, Ж. Сарбалаев сынды ғалымдар тұжырымы бойынша, «адъективация – сын есімдердің сөз табы болып қалыптасуының негізгі әрі оның жаңа лексемалармен толығуының өнімді жолы» [5, 231-б.]. Бірнеше туыс емес тілдер аясында сын есімнің грамматикалық ерекшелігіне, құрылымына байланысты салғастырмалы-типологиялық зерттеу жүргізген ғалымдардың бірі В.А. Плунгян олардың адъективті, етістікті, есімді типтерін анықтаған.

Араб тілінде الصفة - сын есім (сипат) немесе النعت - анықтауыш терминдері абсолюттік синонимдер. Белгілі араб лингвисі ибн Һишам бұл терминдердің мағынасы және қолданылуы жағынан бір-біріне толық сәйкес келетін сөздер десе, грамматикада олардың айырмашылығы жайлы кейбір араб ғалымдары: «النعت - анықтауыш түрленетін де, түрленбейтін де сөздерді қамтыса, وصف - сын есім түрленетін сөздерге негізделуімен ерекшеленеді», – дейді [6, 380 .ص]. Ғалым М. Ризқ сын есім (сипат) мен анықтауыш терминдерін Сибауайһидің «әл-Китаб» еңбегінде синоним ретінде қолданылғанын басшылыққа ала отырып, «сын есім (сипат) термині морфологияда туынды сөз таптарға қатысты, ал анықтауыш термині синтаксисте қолданылуына қарағанда, грамматикада анықтауыш термині сын есім (сипат) терминінің жалпы мағынасы екендігін білдіреді», – деген тұжырымға келеді [7, 194 ص.].

Қазақ тілінде сын есімнің негізгі қызметі – сөйлемде анықтауыш болу. Анықтауыш анықтайтын сөзінің заттық не пысықтауыштық сапасын қосымша, жанама қасиет ретінде айқындауына байланысты айқындауыш болып бөлінеді. Анықтауыш анықтайтын сөзінің алдында тұрып, оның басқа заттан ерекше сынын, сапасын білдірсе, айқындауыш анықтайтын сөзінен кейін тұрып, көбінесе оның лексикалық мағынасын, мүшелік қызметін басқа сөздермен дәлелдеп толықтырады немесе қосымша, көлденең сапасын көрсетеді. Айқындауыш айқындалатын сөз зат есім болса, оның қай зат, не оның қай бөлшегі мен қай тобына, қай түріне жататын зат екенін білдіреді. Алпамыс батыр, Жамбыл ақын т.с.с. тіркестерде батыр, ақын сөздері – айқындауыш. Алайда Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан (Абай) сөйлемінде бұлт пен түс зат есімдерінің сынын білдіріп тұрған сұр сөзі анықтауыш, ал суық сөзі предикаттық қатынаста тұрған баяндауыш. Араб тілінде الصفة - сын есімнің сөйлемдегі орны тұрақты. Ол сипатталушы зат есімнен кейін келіп, оған тәнتخصيص - жалқы, توضيح - айқын белгілерді білдіріп, қолданылуы жағынан сезіммен байланысты жағымды-жағымсыз мағыналарды көрсетеді [6, 380ص. ].

النعت - анықтауыш құрамы туынды (اسم الفاعل - негізгі есімше, اسم المفعول - ырықсыз есімше, الصفة المشبهة - сапалық сын есім, صيغة المبالغة - күшейтпелі шырай мен اسم التفضيل - салыстырмалы шырай) және түбір (المنسوب - қатыстық сын есім, اسم العدد - сан есім, اسم الإشارة - сілтеу есімдігі, التشبيه - теңеу, ما - сұрау есімдігі мен كل - күллі жалпылау есімдігі т.б. ) сөз таптардан тұрады [8, 175ص. ]. مصطفى الرجلُ الكاتبُ والشاعر - Мұстафа жазушы әрі ақын кісі, وقرأت رسالته المكتوبة - оның жазылған шығармаларын оқыдым. الشتاء البارد جاء - суық қыс түсті. سعيدٌ تلميذٌ أعقلُ من غيره - Саид өзгелерден ақылды оқушы тіркестеріндегі жазушы, ақын, жазылған, суық, ақылды сөздері сипатталушы зат есіммен қиыса байланысқан مفرد - дара сын есімдер. هو رجلٌ حسنٌ خُلُقُهُ - ол кісінің мінезі жақсы сөйлеміндегі حسنٌ - жақсы сөзі мінездің сипатын анықтап, сипатталушы зат есім мен сын есім матаса байланысқан سبابي - себептік сын есім (анықтауыш).

Қазақ тілінде сапалық (сын есім, сан есім, сілтеу есімдік, есімше, атау тұлғалы зат есімдерден болған анықтауыштар) және меншікті (ілік жалғауында айтылған анықтауыштар) анықтауыштардың негізгі айырмашылығы қабыса не матаса байланысуында. Қазақ тілінде сын есім – пысықтауыш, баяндауыш қызметін атқара алғанымен, негізгі анықтауыштық қызметінде жұмсалғанда тұлғалық жақтан түрленбейді, зат есім формасымен үйлеспейді, қиыспайды, тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейтін сөз табы. Жіңішке ине мен жуан иненің аралығындағы жуантық инені бәсең ине дейді (Ғ. Мұст.). الصفة – сын есім жалпы есімдерге тән белгілілік артиклін қабылдай алу ерекшеліктерімен қатар, үнемі الموصوف – сипатталушы зат есімнен кейін етістікше септеліп, көптеліп, үйлесімділік қағидасын сақтайды. Яғни, септік (атау, табыс және ілік септіктері); тектік (әйел немесе ер тегі); мөлшерін білдіретін түр (жекеше, екілік, көпше түр); хал (белгілі мен белгісіздік) категориялары арқылы зат есімнің синтаксистік белгілерімен қиыса байланысып тұрады.

Араб тіліндеالجملة - анықтауыш сөйлемдер есім немесе етістік сөйлемнен тұрса, شبه الجملة - сөйлемшелер ظرف - үстеу не جار ومجرور - ілік септігіндегі сөзден жасалады. Тілімізде дара анықтауыш бір сөзден, ал күрделі, үйірлі анықтауыштар сөз тіркестерінен жасалатындығы белгілі. Күрделі анықтауыш құрамындағы сөздер өзара атрибутивтік қатынаста келу арқылы (алдыңғылары соңғыларын анықтап) басқа зат есімдерді анықтайды: семіз көк ат, ұзын бойлы жігіт. Үйірлі анықтауыш құрамындағы сөздер бастауыш – баяндауыш ыңғайындағы предикаттық қатынаста тұрып, басқа зат есімдерді анықтайды.

Екі тілде де сын есім – зат есіммен тіркесіп, оның әртүрлі белгілерін атрибуттық қатынаста көрсететін категория. Ол әрдайым анықтайтын сөзімен тығыз байланыста жұмсалып, зат есімге тән сындық, сандық, көлемдік, салмақтық қасиетті білдіретін грамматикалық категория.

«Салғастырмалы бағдар - екі тілдің түбегейлі, астарлы, ең таңдамалы типологиясымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін ғылым» [9, 40 ص.], болғандықтан, тілдердің құрылымдық ерекшеліктерін зерттеуде қалыптасқан дәстүрлі грамматикалық категорияларды зерттеу ерекшеліктерін ажыратып, әр тілдің өзіне тән грамматикалық сөз зерттеу дәстүрін тану салғастырмалы грамматика арқылы айшықтала түседі. Демек, араб тілін оқыту мен ана тіліміздің жалпы тіл біліміндегі сырын талдаудың тиімді әдістемесін пайдалана отырып, кез келген тіл грамматикасында анағұрлым жалпы және өте маңызды грамматикалық категориялардың грамматикалық сипатын салғастыру олардағы сөз таптары жайында сұрақтарды анықтаудан басталады.

Сонымен қорыта келе, екі тілдегі сын есім сияқты өзге де грамматикалық категориялардың жалпы грамматикалық жағдаяты, олардың морфологиялық ерекшелігі жалпы тіларалық күрделі мәселелердің бірі деуге болады. Бұл, біріншіден, дүниежүзі тілдерінің сөз таптарын жіктеудегі танымдық бөлінуімен байланысты болса, екіншіден, туыс емес тілдердегі морфологияның сөз зерттеу нысанына да байланысты. Қай тілде болмасын қалыптасқан грамматикалық белгілер кеңістігінің айқындылығы мен басымдылығы сын есім сияқты өзге де грамматикалық категориялардың күрделі әрі көпөлшемді тілдік жүйесін жіктеуге мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2005.

  2. Сулейменова Э.Д. Казахский и русский языки: основы контрастивной лингвистики. – Алматы: «Демеу», 1996.

  3. محمد الطنطاوى، نشأة النحو وتاريخ أشهر النحاة، الطبعة الثالثة. – دار المعارف، 2002.

  4. Языкознание. – М.: «БРС», 1998.

  5. Сарбалаев Ж.Т. Қазақ тіліндегі конверсия мен адъективация. – Алматы, 1993.

  6. ابن هشام الأنصاري، قطر الندى وبل الصدى. – صيدا- بيروت: المكتبة العصرية، 2003.

  7. محمد رزق شعير، الوظائف الدلالية للجملة العربية، ودراسة لعلاقات العمل النحوي بين النظرية والتطبيق. – القاهرة: مكتبة الآداب، 2007.

  8. مصطفى الغلاييني، جامع الدروس العربية، الجزء الأول. – صيدا- بيروت: مكتبة العصرية، 2003.

  9. محمود فهمي حجازي، علم اللغة العربية، مدخل تاريخي مقارن في ضوء التراث واللغات السامية، – القاهرة: مكتبة غريب، 1992.

Айгүл ТАХТАНОВА,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университетінің аға оқытушысы
ТАБИҒАТПЕН ҮНДЕСКЕН КӨШПЕНДІЛЕР ПОЭЗИЯСЫ
Көшпенділер – табиғаттың тума перзенттері. Қоршаған ортасын, тау-тасын, өзен-көлін, көгілдір аспанын, жасыл жайлауын, орман-тоғайын жырлағанда, көркемдік шеберліктің үдесінен шығатын небір тамаша үлгілерін дүниеге әкелген. Адам табиғатқа қарап, өзіндік қасиеттерін табады. Пейзаж ішкі дүниесінің толқындарын сәулелендіреді.

Көркем теңеулер де – көркемдік қиялдың жемісі. Әрі қоршаған ортаны, табиғатты, тұрмыс-тіршілікті, шаруашылықты жетік білуде поэзия тілінің құлпыра түсуіне, оюлы, өрнекті сөздердің, сырлы суреттердің молая беруіне жойқын әсер етеді. Мұндай әсерлі теңеулер төрт түлік өсірген (қасиетін, мүшесін, түстерін жіті аңғарған) елдің перзенттерінің аузынан шығады.

Қазақтың халық поэзиясында табиғат суреті, жаратылыс көріністері үлкен орын алады. Бұлай болуы заңды да. Сахарада көшіп жүрген, күнделікті өмірі жазда, күзде, тіпті жыл бойы дерлік кең далада, төңкерілген ашық аспан астында, өзен-судың жағасында өтетін елдің өзін ұдайы табиғаттың аясында, құшағында отырғандай сезінуі таңғаларлық нәрсе емес. Даланың сайы, белі, тау-тасы, өзен-көлі – қыр адамы кезінде бір көріп қызықтайтын ғана көрініс емес, оның ғұмыр кешетін, ұдайы малын бағып, орын теуіп отырған ортасы, мекен-жайы. Сондықтан ол әр тасты, әр биікті, әр қырды, суды жақсы біледі, жазбай айырады. Халық поэзиясында, өлеңдерде табиғат, жаратылыс көрініс-сипаттары мол елес беруі кездейсоқ емес. Ай жарығы, күннің нұры, тау мен тастың жаңғырығы, самал лебі, су гүрілі, шөп сыбдыры, құстар үні т.б. осындай жаратылыс-табиғаттың, айналасындағы жанды, жансыз дүниенің белгі-әсерлері халық поэзиясынан мол байқалып отырады.

Арабтардың қоныстанған жері қатал да берекелі. Мұнда көктемде даланы шөптерден төсеніш – көк кілем алып жатады, ал жазда ол сарғайып қурайды, бұл жерде биік финик пальмалары, жүзімдіктері, бақшалары бар әдемі оазистер кездеседі, бірақ араб деген сөзді естісек көз алдымызға ұшы-қиыры көрінбейтін құмды шөл дала елестейді. Араб поэзиясында уасф – бейнелеудің орны ерекше. Онда ақын Арабстанның шөлейт жазықтарын, төбедегі күйіп шақырайып тұрған күн, борандар мен нөсерлі жауындар, оның кедей флорасы мен фаунасын, мінген атын немесе түйесін көркем сөзбен шебер бейнелеген. Уасф қасыданың әжептәуір бөлігін алып жатыр, ол қасыдадан тәуелсіз түрде өте сирек қолданылады Б.Я.Шидфар: «Арабтар үшін табиғат – мөлдіреген тамаша сұлулықтың, әдеміліктің өлшемі», – деген [1, 18 - бет].

Арабтар бабаларынан қалған қасыдаларды шығарғаннан үлкен ләззат алатын. Бұл бейнелеу өнерінен айрылып қалуынан қорқып, әртүрлі жануарларды және келген-кеткен жерлерді құр атаумен болды, олар өзінің поэзиясынан өмір лебін естігісі келді, сол мақсатта батыл теңеулер қолданып отырды, бұл құштарлық оларды ашық сезімге, шынайылыққа шақырды.

Ан-Набиға аз-Зубиянидің қасыдасында Евфрат өзенін үлкен теңіз ретінде көрсеткен:

Евфрат бетінде жел қатты ұрғанда,

Толқындары ұрады жағаға көбік жасап.

Дала суға әбден толды, қатты шу тұр ол жақта,

Бұтақтар мен ағаштар таудай болып жиналды.

Үрейінің көлеңкесінде теңізші отыр пана іздеп,

Кемесінде шаршап басып отыр оны уайым[2, 287- бет].

Поэзия көшпенді санасының кеңдігін көрсетеді, ол өзін қоршаған, әлі адам қолы бүлдірмеген табиғат туралы түсінігінен елес береді, өмірге көзқарасын білдіреді. Табиғат аясындағы ақын-жыраулар қиялының ұшқырлығымен, кеңдігімен бізді таң -ғалдырады. Әдемі табиғат көріністері біздің қазақ даламызда жеткілікті, сондықтан да ондай көріністерді туындыларға қоспай өту мүмкін емес, Асан Қайғы халық бақытын, ел тыныштығын ойлаған дана қария, оның іздегені – мал мыңғырып өсетін мінсіз, мүлтіксіз қоныс қана емес, жау қарысы жетпейтін мекен:

Көлде жүрген қоңыр қаз

Қыр қадірін не білсін,

Қырда жүрген дуадақ

Су қадырын не білсін! [3, 9 - бет]

Бұл жолдардан адам тағдырына сәйкестендіріп, салыстырып алынған жан иелерін көреміз. Мақұлықтардың барлығын тіршілік қамы толғандыратынын жырау көрсеткісі келді, мұнда терең көне философ – гуманист, ойшыл адам санасының кеңдігі көрінеді. Жоғарыда келтірілген жолдардан біз қырдың тамаша пейзажын көреміз, суда ойнап жүрген балық, дуадақ, сонымен қатар көлді сүзе жүзген қоңыр қазды да айтып өтеді. Қазақ тілінде төрт түлік малға байланысты ұғым-түсініктерді білдіретін сөздерді ауыспалы мағынада қолдану жиі ұшырасады. Мысалы, қоздау деген сөз көбею, туындау деген мағына берсе, ал марқаю деген сөз өсу, жетілу-толысу деген ұғымда айтылады. Баланы қозым, ботам деп еркелетіп атау қазақ тілінде қандай үйреншікті болса, нар, серке, тарланды еркектің, ер жігіттің баламасы ретінде айту да сондайлық машықты нәрсе.

Ан-Набиға аз-Зубияни қасыдасында дала жануарын өте әдемі бейнелейді:

Шарлайды шексіз даланы жабайы хайуан,

Жіңішкелігін ішінің ұқсатамын семсерге.

Түнді жарған жұлдыздар ере жүреді артынан,

Ескен қатты бұршақты жел жолды қатты ауырлатты.

Үруінен иттердің өткізеді қорқынышта ол түнін,

Табалаған үрей мен суыққа көнеді ол.

Түн ашылды, азанның сәулелері келді орнына,

Таң сәрінің ал қызыл шапағы көкжиекті алады.

Думран атты ит жүгіріп барады қасында,

Хайуан итті шаншыды ұрыс үстінде батылдығын көрсетіп.

Мүйізімен кеудесін шаншып, тесіп өтті денесін,

Тұяғымен бір тепті иығынан оның.

Вашик атты төбет досының көріп өлімін,

Өш алуға жол жоқ, төгілген қанға есе жоқ.

Жаны оған тіл қатты, ықыласым жоқ менің,

Себебі қожайының алынбаған тұтқынға, күші де аз оның [3, 295 - бет].

Бұл жерде жабайы хайуанды ақын табиғатпен байланыстыра көрсетпек болды, жанын үрейге бағындырған жұлдызды аспан мен төбеден құйған бұршақ, иттермен өмірі үшін жүргізген шайқасы, бір иттің мүйізі мен тұяғының астында қалып өлгені, соның арасында таң сәрінің ал қызыл шапағы бәйіт жолдарында өзіне тиесілі орын алды.

Қазтуған жырау туған жерінен, Еділ жағалауынан шалғайға, Қазақ хандығына келген Қазтуған өзінің ата-мекеніне деген сүйіспеншілігін, сағынышын сол жерлерді айырықша әсірелеп суреттеу арқылы береді, туған жерін бақ пен ырыс қонған, құтты қоныс етіп көрсетеді. Ол қазақ халқының өз алдына отау тігіп, жеке мемлекет құра бастаған шағындағы елге құтты қоныс іздеу идеялары мен жайлы мекенге орналасу мәселелерінің поэзиялық түрдегі шешімі деуге болады, сол себепті онда өзінің ежелгі отанын дәріптеу орын алған. Оның «Салп-салпыншақ анау үш өзен» шығармасында жайылып жүрген тайлар мен қойлар, мөңіреген сиырлар, суда ойнаған балықтар мен тоқтыдай сазандар, шулаған бақаларға дейін айтылған, қарапайым шөп шырмауықтың қалыңдығы, адамға тыныш ұйқы әкелмейтін бақа-шаянның дауыстары, олардың көптігі жырауға өте ыстық, осы табиғат құбылыстарын келтіре отырып ол елінің молшылдығын көрсетпек болды.

Шалкиіз жырау сөздің ретін келтіріп, өзін қоршаған орта – табиғат кейпін жекелеген жолдарда тамаша суреттейді, жолдардың соңында келген «шарқ ұрып, тарп ұрып» тіркестері үзіндіні шырқатып жіберген іспеттес:

Арқаның құба жонында

Арыстан ойнар шарқ ұрып,

Атайы ердің тұсында

Тұлпары тұрар тарп тұрып…[3, 29 - бет].

Шал ақын әр заттың өзіне бөлінген жүктемесі, бір зат екінші затқа көрік беріп, бұ дүниеде әр нәрсенің өзінің орны барлығын айтады, көлдің көркі аққу, даланы көріктендіретін гүл-шешек, жерді көріктендіретін тау мен төбе дейді:

Аққу құс айдын шалқар көлдің көркі.

Гүл-шешек орман өсіп желкілдеген,

Биік тау, асқар төбе жердің көркі…[3, 129- бет].

Жыраулар мен ақындар табиғат көріністерін бөліп, оған түгел ойларын арнамайды. Мұндай суреттеулерді айтылғалы отырған оймен ұштастыра қиыстырып жырлайды, Асан Қайғы табиғат көріністерін өз шығармашылығында бір нәрсемен салыстыра бейнелейді, мысалы, құйрығы мен жалы жоқ құланды, аяғы мен қолы жоқ жыланды, мүсәпір тазыны, қауқарсыз қаз балапанын көрсете отырып, өзіндік басты айтқалы отырған ғибадат сөздерін жеткізген:

Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтіп күн көрер,

Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтіп күн көрер!?

Шыбын шықса жаз болып, таздар қайтіп күн көрер,

Жалаң аяқ балапан қаздар қайтіп күн көрер!? [3,6- бет]

Шалкиіз жырау шығармалары философиялық толғаныстарға толы, ол көшпендінің ой-армандарын көрсететін, табиғат көріністері арқылы өз назын білдірмекші болды. Шалкиіз қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салды. Шал ақын перзентсіз өмірін табиғатпен салыстыра жырлап, жердің желкілдеген бозы, қойдың емген қозысы, ағаштың жапырағы, құстардың шайқалған жұмыртқасы, таулардың жылғалап аққан бұлағы, ешкілердің емген лағы бар, ал өзі ұрпақсыз екендігін күйіне жеткізеді:

Жер түрлентіп жараттың

Желкілдеген бозымен,

Қой түрлентіп жараттың

Баурынан емген қозымен,

Ағашты да түрленттің

Жапырағын жайқалтып,

Құстарды да түрленттің

Жұмыртқасын шайқалтып,

Тауларды да түрленттің

Жылғалап аққан бұлақпен,

Ешкілерді түрленттің

Баурынан емген лақпен [3, 128- бет].

Төменде келтірілген Имруульқайстың бәйіт жолдарында қарақұйрықтардың қиын қарабұрыш түйіріне, бос жазықтарды есектің аш қарнына, қасқыр ұлуын көп балалы ойыншыға теңеп табиғатты бейнелеп көрсеткен:

Дала мен жазықтар қарақұйрық қиына толы,

Қарабұрыш түйірімен ұқсатамын мен оны.

Немесе:


Есектің аш қарнындай бос жазықтардан мен өттім,

Көп балалы ойыншының даусындай естілген қасқыр ұлуын естідім [4, 5 6-бет].

Сұлу табиғаттың, көк аспанның аясында еркін, бұла өскен, аспан сырын болжаған, көкірегіне тоқыған көшпелі халықтың өмірінен елес беретін жолдарды Шалкиізден де («Аспанды бұлт құрсайды», «Ағарып атқан таңдай деп, Шолпанды шыққан күндей боп». Дулығамның төбесі, Туған айдай болмаса, Батыршылық сүрмен-ді»), Доспамбеттен де (Туған айдай нұрланып, Дулыға кидім өкінбей») табуға болады.

Халықтың наным-сенімінен туған тағдыр мен бақыттың кейіптелген бейнесі дүниежүзі халықтарының мифологиясында баршылық. «Бақыт құсы», «дәулет құсы» деген сөз-ұғымдар адамдар санасының сәби кезеңінде сенім мен қиялдан туып, оларды армандаған жақсы өмірге жеткізетін қайтарымды күштердің бірі саналғанына мысал баршылық. Табиғаттан алынған образ-символдар, қазірге дейін тілек білдіргенде «дәулет құсы қонсын», «дәулет құсы болсын» деген арнаулар төгіліп жатады, бұл тіркестің негізгі мағынасы жақсылық, бақыт, құтты білдіреді. Шығармаларда өзен, дария, бұлт, нөсер жаңбыр табиғаттан алынған образдар арқылы кеңдікті, жомарттықты білдіреді. Мысалы, Асан Қайғы ел-жұрттың татулығы, жауласып, өзара қырқысуға тыйым салу, достығы берік болып, ағайыншылықпен тату-тәтті өмір сүріп барша мұратқа жету арманын «Еділ бол да, Жайық бол» шығармасына енгізді.

Сұлу табиғаттың, көк аспанның аясында еркін, бұла өскен, аспан сырын болжаған, көкірегіне тоқыған көшпелі халықтың өмірінен елес беретін жолдарды Шалкиізден («Ағарып атқан таңдай деп, Шолпанды шыққан күндей боп»), Доспамбеттен («Туған айдай нұрланып, Дулыға кидім өкінбен») көруімізге болады, сонымен қатар, мұндай жолдар арабтың бәдеуи ақындарында да кездеседі. Ан-Набиға аз-Зубияни қасыдасынан үзінді:

Түн ашылды, азанның сәулелері келді орнына,

Таң сәрінің ал қызыл шапағы көкжиекті алады [2, 213- бет].

Адам баласының өмір белестері, жастық шақтың қызықтары мен кәріліктің қиындықтары жайлы ой-толғамдары қазақ ақын-жырауларының поэзиясында мазмұндық жағынан көп өзгеріске ұшырамай, сол күйінде қайталанып келеді. Адамның жас шамасы мен жас ерекшеліктеріне орай айтылатын моральдік-этикалық тұжырымдар жыраулар толғауларында жиі ұшырайды, Бұқарда:

Жиырма деген жасыңыз

Ағып жатқан бұлақтай.

Отыз деген жасыңыз

Жарға ойнаған лақтай. [3, 84 - бет].

- деген жолдары дәлел. Жастық шақ пен кәрілік жайлы толғана отырып, жастарға үлгі-өнеге берерліктей ғибратты сөз айтудың өзі қазақ поэзиясы үшін өзіндік бір дәстүр. Қазақта алдыңғы буын ағалар өзінен кейінгі буын інілеріне осылайша өмірдің мән-мағынасы жайлы өсиет-уағыз айтатын болған. Жастық пен кәрілік, адам өмірінің белестері жайлы сөз қозғағанда, керекті және нақты көрсететін образдарды кең табиғат аясынан алу көшпенді өмір сүрген адамға заңды.

Бәдеуи поэзиясында пейзаж «адамдандырылған», яғни онда ертедегі арабтар табиғат құбылыстарын тірі жан ретінде қабылдауы, олардың дүниетанымының әлі де сиқырға толы екенін көрсетеді. Сондай «адамдандандыру» ан-Набиғи аз-Зубъяни өлеңінде бар:

Cызылған жылан жатыр тау басында,

Қарайды ол көзімен ұялмастан, қызармастан.

Ол қу өте, кішкентай болып көрінеді,

Тыныш жатыр ойға батып кеткендей.

Күлімдесе ерні ұзын, көзі кетеді сықсиып,

Көрсетеді өткір, үшкір инедей ол тістерін [2, 124 - бет].

Бұл жерде ақын жыланды осылай әсерлі, әдемі суреттейді, мұндай суреттеулер сол кез ақындарының эстетикалық көзқарастарынан туған.

Ертедегі араб поэзиясына тиесілі дәстүрліктің индивидуалдықпен бірігуі пейзажда да орын алады. Оның дәстүрлігі белгіленген сюжеттік шекарадан асып кетпеу, олар өз кезегінде өлеңнің пейзаждық бөлімінің негізін құрайды, - найзағай мен жауын әртүрлі күйінде, бұлттар (жаңбыр бұлттары, шеттері ауыр бұлттар, көктемнің жаңбыр бұлттары, құрғақ бұлттар, т.б.), құм дөмпешіктері, бұлақтар аққан гүлді далалар, пальма тоғайлары. Ертедегі араб ақындарының ешқайсысы шөлдің өзін жан-жақты суреттемеген. Олар суреттеген шөл дала көктемде жасыл өсімдіктерге мол толатын құмды жер, ол жерлерде жайлаулар мен су көздері де баршылық. Біз мұнан көшпенді үшін қауіпті табиғат құбылысы - өзімен сансыз қатерлер алып келетін құмды борандарды, селдерді да табамыз. Сонымен, пейзаж сюжеттің белгілі эмоциялық кіріспесінде қосалқы рөл ғана атқарады, ол өзінен кейін келетін сюжеттік элементтерді алдын ала көрсетіп отырады.

Көріп отырғандай, арабтар табиғат көріністерін жан-жақты көрсетіп, пейзаждар мен жануарларды бейнелеуге олар қасыданың көп бөлігін арнаған. Қазақ жыраулары табиғат суреттерін бөлек те, бірақ көбіне, белгілі бір оймен түйіндеп, шендестіріп көрсеткен, философиялық ойларға негіздеп астарлап жасаған. Ондай жолдарды оқығанда поэзияның сұлу табиғатын сезінесіз. Екі халықтың негізгі ойға желі өзекті сөздерді аңдар мен құстар дүниесінен, шаруашылық-тұрмыс, кәсіпке қатысты атаулардан қарбытып алған.

Халық ақындарының туған жерінің көрік-бедерін, әсем-көрінісін, өскен елінің мерейін ерекше сүйіспеншілікпен жырға қосып отыруы ежелден қалыптасқан тұрақты дәстүр. Мысалы, Қазтуған жыраудың байлығы шалқыған туып-өскен жерінің ғажап болмысын ақындық көркем тілмен сипаттай келіп, тіршілікке қолайлы осынау әсем өлкені қимастық сезіммен тебірене толғауында әр өлең жолы жанды теңеумен көмкеріліп отырады. Алдымен жер байлығы мен табиғат сұлулығын бейнелі теңеулер арқылы суреттеп алып, содан соң барып мұндай өлкені қимай қоштасу сезімін айтуы Қазтуғанның, Асан Қайғының жер қадірін айрықша білетін халық өкілдері екендігін танытады. Ақын-жыраулар өз жері - өлең төсегін осындай төгілген ақындық шабытпен жырлайды. Әрине, қазақ даласына ұқсас табиғат аясында өмір сүрген көшпелі бәдеуилердің де табиғат аясына арнаған жолдарында осы іспеттес сарынды естуімізге болады.

«Үлкен әдебиет қашан да халық өмірінің белді кезеңдерін, дәуірі тудырған әлеуметтік тартыстарды, қоғамдағы саяси ағымдарды, психологиялық шытырмандарды айналып өтіп кете алмайды. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір ел басынан өткен оқиғалар өнер тілімен сөйлеп, ұрпақтар талқысына түспек» деген академик Р.Нұрғалиевтің сөздерін А.Ш.Пангереев өзінің диссертациясында айтып кетеді [5, 14-бет]. Қазақ поэзиясында туған жердің, өскен өлкенің, көші-қонның, жайлау-қыстау, күзеудегі бауыр басқан аймақтың, өзен-судың атаулары тұтаса келе, бағзы бір ұрпақтың отаны дегендей үлкен де қасиетті сезімге бөленеді. Сөйтіп, деректі тарихи-географиялық объектілер абстракцияланып (дерексізденіп), «кір жуып, кіндік кескен жер» деген киелі ұғым қалыптасады. Туған топырағын ардақ тұтатын әрбір азамат-ер өзін сол жерге «кіндігімен арқандаулы» жаратылған жандай сезініп, алыс кетсе, ауыл-аймағын, құрбылармен ойнаған жерлерін аңсап, оның әрбір жырасы мен жылғасын, қыры мен қырқасын, жусаны мен жуасын, сүрлеуі мен соқпағын және т.б. өлеңге қосып айтып мауқын басады. Мысалы, қазақ ақын-жырауларында Шалкиізде «Арқаның құба жонында», «Алма мойын сам үйрек, Ана Еділден көксіген», бәдеуилердің арасынан Ан-Набиға а-Зубияның қасыдасынан алынған бәйіті «Евфрат бетінде жел қатты ұрғанда», Имруульқайста «Оң жағы сол бұлттардың Катаңда болды төгіп тұрды жауынын, Сол жағының бұрышы Истар мен Язбульдің түнеріп тұрды үстінде» және т.б.

Ақындық, жыраулық және бәдеуилік өнердің көрігінде қорытылып шығып, неше алуан мұң-зар мен сағынышты, өзегін өртеген күйініш пен жоқтауды, арман мен аңсауды сюжеттерге арқау еткен халық поэзиясы алып жыраулардың аузымен қазақ жер-су атауларын өлеңнің өлмес, өшпес өрнегімен таңбаланды.


Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Шидфар Б.Я. "Образная система арабской классической литературы (VI-XIIвв.)", М., 1974.

  2. "تاريخ الأدب العربي" تأليف دكتور شوقي ضيف، ج. 1، العصر الجاهلي. دار المعارف – القاهرة – 1992.

  3. «Бес ғасыр жырлайды». Алматы: «Жазушы», 1989.

  4. «ﻊﺒﺴﻟﺍ ﺕﺎﻘﻠﻌﻤﻟﺍﺡﺮﺷ» ﻰﻧﺯﻮﺰﻟﺍ ﻦﺑ ﺪﻤﺣﺍ ﻦﺑ ﻦﻴﺴﺤﻟﺍ ﷲﺍ ﺪﺒﻋ ﻰﺑﺍ ﻒﻴﻟﺄﺗ، ،ﻞﻴﺠﻟﺍﺭﺍﺩ، بيروت – لبنان.

  5. Пангереев А.Ш. Қазақ поэзиясында жер-су ұғымдарының бейнеленуі, қазақ тілінде, кандидаттық диссертацияның авторефераты. 1997, Алматы.

  6. Мағауин М. Ғасырлар бедері (әдеби зерттеулер). - Алматы: «Жазушы», 1991.

  7. Мағауин М. Қобыз сарыны: XV-XVIII ғасырларда жасаған қазақ ақын-жыраулары / Өңделіп 5-басылуы. Жетінші сөз сериясы. - Алматы: «Мектеп», 2003.

  8. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: «Қазақ университеті», 1992.


Қуат ҚАБДОЛДА,

Нұр-Мүбарак университетінің магистранты
ИСЛАМ БАНК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕР
Кез келген басқа білім саласының терминологиясы сияқты экономикалық терминология да лексиканың перифериялық қабатына жатады, алайда, қызмет атқару саласы өте кең болғандықтан оның тілдің жалпы әдеби лексикасымен байланысы мейлінше, айқын әрі берік болып табылады. Бірқатар лингвистер (Е.В. Ковлакас, Г.Г. Хазагеров) келешекте жаңа интегративті ғылыми пән – лингваэкономика пайда болады деп болжайды, олар бұл жайтты елдің экономикалық жетістіктерінің, оның мәдениеті мен тілінің арасындағы айқын әрі тығыз өзара байланысымен негіздейді 1. Қазіргі заманғы лексикаграфиялық дереккөздердің деректері де ғылыми білім ықпалдастығы, терминдердің бір термин саласынан екіншісіне ауысу процесінің белсенді болуы және жалпы қолданылатын сөздердің терминдер ретінде белсенді түрде пайдаланылуы туралы куәландырады.

Біз осы зерттеу еңбегімізде арнайы ұғымдарды дәл білдіру және қызметтің экономикалық саласының арнайы пәндерін, яғни экономиканың шағын тілін белгілеу үшін пайдаланылатын тілдің номинативті бірлігін (сөзді, тұрақты сөз тіркесін немесе олардың семантикалық нұсқасын) экономикалық термин ретінде ұғынамыз.

Ислам банкі орта ғасырлық архаика қалдығы да, террористік ұйымдарды қаржыландыратын мекеме де емес. Бүгінгі таңда ол клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыратын, акциялардың өсуін қамтамасыз ететін қазіргі замандық қаржы ұйымы. Ислам арабтардың өмірінің барлық салаларына араласып реттейді. Банк саласы да шариатқа сай реттеледі. Мұсылман өз ісін тапқан пайдасының емес, тигізген пайда мөлшерімен бағалайды. Құран байлықты күнә санамайды, керісінше, материалдық жетістікті қолдайды, бірақ байлық жолында адам өмірінің басты мақсатын, Аллаһ алдындағы парызын ұмытпауға шақырады. Қасиетті Құранда банк ісінің негізгі терминдері қарыз беру, оны өтеу, өлшеу, пайда, шығын айтылып, түсіндіріліп кеткен. Ислам банктік моделінің ерекшелігі ол сонау пайғамбар, халифтер заманының тәжірибесіне, фиқһ негіздеріне, «ғарар», «мейсир», «риба» секілді ұғымдарға сүйенеді. Басты назар «рибаға» саудалық пайызға аударылады, ислам бойынша пайыз ақшадан пайда табу-харам. Сондықтан ислам банктерінде пайызсыз несиелер беріледі. Бірақ бүгін берілген ақша, ертең қайтарылатын ақшадан қымбатырақ екені белгілі. Батыстық үлгіде бұл айырмашылық пайызбен реттеледі. Ислам болса, болашақты болжау мүмкін еместігін дәлелдейді. Әл-Ғари бұны толықтырып: «Ислам банк жүйесінде пайызға орын жоқ, ақшаның уақыттық бағалылығы ескерілмейді. Несие аяушылық акті, берушіге келесі өмірде бақыт уәде етілген»,-дейді. Ислам қайырымдылықты биік қояды. Мұхаммед пайғамбар(с.ғ.с) рибаны жолдас көзіне шөп салғаннан 36 есе ауыр күнә екенін айтқан. Сондықтан исламдық үлгіде инвестор (банк) және несиегер тең дәрежелі қатынасқа түседі.

Экономикалық терминологияда терминдерге жатқызған жөн болатын етістіктердің басым көпшілігін өздерінің бір немесе бірнеше мағынасымен арнайы қолданылу саласына кіретін жалпы қолданылатын етістіктер құрайды, мәселен: حسب 1) «есептеу, санау» - жалпы қолданылатын мағынасы;

2) «дебетке жазу; кредитке жазу» терминологиялық мағынасы;

3) «әлдекіммен есеп айырысу» жалпы қолданылатын мағынасы 2,171;



استهلك 1) «тоздыру; пайдалану, тұтыну, шығындау, жұту» - жалпы қолданылатын мағынасы;

2) «өтеу (борышты); амортизация жасау» терминологиялық мағынасы;

3) «сатып алу» жалпы қолданылатын мағынасы

4) «өзін-өзі аямау, қатты тырысу» жалпы қолданылатын мағынасы 2,857

Ислам банк қарым-қатынастарындағы экономикалық терминдерді төмендегіше аударып, лексика-семантикалық жақтарын қарастырдық:

بيع السلم Байсалам немесе салам – жеткізу мерзімі кейінге қалдырылған сатып-алу шарты бойынша тауар құны алдын ала төленіп, ал тауар сатушы мен сатып алушы екеуі келісілген уақыттан соң жеткізіледі. Бай ас салам негізінде алғытөлеммен қаржыландыру және өзінің құқықтық табиғаты бойынша келісімшарттау шартына жақын. Жеткізілген тауардың саны мен сапасы және онымен бірге сатып алушыға жеткізілетін уақыты белгіленуі керек. Негізінде бай ас салам шартының затына,санына,сапасына және жұмсалған еңбек күшін бағалауға болатын жылжымалы мүлік жатады, бұған ақшаны айырбастай алатын алтын, күміс және басқа тауарлар кірмейді.

بيع بثمن عاجل Бай бисаман аджил {араб-бағасын кейінге қалдыру арқылы сату} - бағасын кейіңге қалдыру,сатып-алу шарты. Бұл шарттың талаптарына сәйкес {сатушы} бір жақ тауарды сатып алып,{сатып алушы} екінші жаққа сатушының шыққан шығындарын қосып, келісілген бағаға сатады. Тауардың ақшасы болашақта тұтас немесе бөліп-бөліп төленеді. Бұл шарт ислам банк жүйесінде банк пен сатып алушы арасындағы мәмілені білдіреді, ол жерде банк тауарды сатып алып, сатып алушы жаққа көтеріңкі бағамен екі жақ келісілген мерзімде бөліп-бөліп төлеуге сатады.

Бұл шарт мұсылман құқы бойынша рұқсат етілген, өйткені өз табиғаты бойынша сату шартының бір түріне жатып, қарыз шартына жатпайды. Осылайша, бұл шарт бойынша жасалған алыс-беріс қаржы бойынша емес, тауар бойынша болып саналады.

غرر Ғарар {араб-қауіп}:шарт затына немесе тауар бағасына қатысты анықталмаған элементті және қарапайым тілмен айтсақ, алыпсатарлық қатерді айтады.Мысалы, ғарар тауарды сату кезінде болып, ал сатушы келісімді жасаған уақытта не болмай, немесе шартта жағдайдың орындалуы бір оқиғаның болу немесе болмауына тәуелді болса {валюта бағамының түсуі және т.б.} ғарардың коммерциялық мәміледе немесе шарттың рәсімінде болуы бір жақтың екінші жақ арқылы баюына әкеледі.Құқықтанушыларда ғарар дәрежесінің шарттың заңдылығын бұзуына байланысты бірауызды келісімі жоқ. Зерттеушілердің анықтауы бойынша:а)рұқсат етілген ғарар (ал-ғарар-ал йасир)-анықталмаған элемент, шариғат бойынша рұқсат етілген,ә) уақыт аралық жағдайларды орындағанда шарттың дұрыстығын жоққа шығармайтын, және б)Артықтық ғарары (ал-ғарар ал-касир). Оның шартты бар болуы шартты дұрыс етпейді.

الاجارةИджара- банк пен клиент арасында келісім, сол арқылы банк сатып, одан соң клиент талабы бойынша жабдықты жалға береді.

Жалға беру мерзімі мен жалға беру құны алдын ала белгіленеді.Жабдық банктің меншігі болып қалады. Иджара өндірістерді , құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға және лизингке арналған тауарларды сатып алуға пайданылады.



البنك الاسلامىИслам Банкингі (Islamic Banking)-Барлық мәлімелері шариғат талабына сәйкес жүргізілетін банк жүйесі,бұл сонымен бірге банкке активтерге ие болу құқын қамтамасыз етеді және өсім негізіндегі қағидатпен болған іскерлік қатынасқа тыйым салады.

الاستثناءИстисна(араб.-тапсырыс бойынша жасау)-сатып-алу шартының заты келісім жасаған уақытта болмаған түрі.Тауар өндіруші тауарды тапсырыс берушінің талабына сәйкес жасайды(мысалы,сатып алушының тапсырысы бойынша үй салу).Истисна шартының дұрыс болу жағдайына өндірілетін тауардың бағасының және оның негізгі сипаттамасының алдын-ала келісілуі жатады.Истиснаның бай ас саламнан негізгі айырмашылығы тауарды сатып алушының тауарды алғанға дейін тауарға төлейтін ақысы бір реттік төлеу емес, керісінше, кезең бойынша тауарды өндірушінің жұмысты орындауына байланысты төленеді.

قرض حسنКард хасан(араб-жақсы қарыз)-қайырымдылық мақсаттарды, және сонымен бірге кіріс кіргізетін жобаларды қысқа мерзімдік қаржыландыру үшін берілетін өсімсіз қарыз. Қарыз алушы алдын ала белгіленген уақытта алған қарыз сомасын ғана қайтаруы міндетті.Егер қарыз беруші үшін қарыз алушының қарызды қайтара алмайтындығы алдын ала белгілі болса, ондай жағдайда берілген қаражат міндетті немесе ерікті садақасы болып қарастырылады. Ислам банк ісінде кардхасан, амана сияқты клиенттердің қаражаттарын тарту түріне жатады.

مضاربةМудараба – артық қаражат иесі (рабб ал мал)қаражатын мүмкіндігі және белгілі кәсіпкерлік тәжірибесі бар мударибке нәтижелі жұмсалуы үшін сенім білдіріп беру шартын айтады.

Айналымға жұмсалған қаражаттан түсетін табыс рабб-ал-мал мен мудариб арасында алдын ала келісілген табыс мөлшеріне сәйкес бөлінеді.Қандай бір жағдайда капитал иесі залал шегіп, ал мудариб бұл жағдайда өз күш-жігері үшін сыйақы алмайды. Мударабаның классикалық шартында рабб-ал-мал жобаны басқаруды қадағалауға құқысы болмайды.

مضارب Мудариб – мудариба шартына қатысушы, оның міндетіне келісімге қатысушылардың барлығы пайда табу үшін рабб-ал-мал берген капиталды басқару жатады. Мудараба шартында бірнеше мударибтердің болуы мүмкін.

Мудариб – мудараба шартына қатысушылардың барлығы пайда табу үшін рабб-ал-мал берген капиталды басқару жатады. Мудараба шартында бірнеше мударибтердің болуы мүмкін.



مرابحة Мурабаха(араб-алып сату) – сатушы мен сатып алушының тауарды іске асыру табысы қосып есептелінген, келісілген баға бойынша тауарды сатып алу шарты. Сатушы(мысалы, банк)шикізатты немесе жабдықты сатып алушы(клиент) атынан сатып алып және соңында оның өзіне көтеріңкі бағамен сатады.Сатып алушы талап етілген сомасы толығымен ,немесе бөліп-бөліп төлеу түрімен төлейді. Сатушы сатып алушыға тауар жеткенге дейінгі барлық шығынды, тәуекелдікті мойнына алады.

مشاركة Мушарака - (араб –серіктестік, бірлесу) – кең мағынасында: серіктестік шарты. Банк ісінде мушарака шарты негізінде банк пен клиент арасында арнайы келісім жасалады, ол бойынша, пайда аралығында алдын-ала келісілген үлес бойынша бөлінеді. Шығындар капиталға салған үлесіне сәйкес үйлестіріледі. Жобаны басқаруды аралық жақта немесе бір жақта орындай алады. Алайда, көбінесе, қосымша сыйақыны клиент мойнына алады. Сонымен бірге әр жақ басқа жақтың пайдасы үшін өзіндегі басқару құқынан бас тарта алады.

Ислам банктерінде қолданылатын терминдердің бір-екеуін мысал ете кетсек, «Аль-Риба» (Өсім), немесе «Аль-Мушарака» «серіктестік» сөздері. Яғни, бұл сөздердің қазақша баламасы бар.

Ал, «Мудараба» (сенімділікпен қаржыландыру), «истинса» (өнімді тапсырыс беру арқылы жасау келісімі), «сукук» (облигация), «мурабаха» (тапсырыс беру арқылы сатып алу) және бұдан басқа көптеген терминдерді кездестіреміз.

Сөзімізді қорытындылай келе, Құран Кәрімді, сүннетті басшылыққа алған, шариғат негіздеріне, заңдарына құрылған ислам экономикасын, банк жүйесін түсіндіруіміз үшін тілдік саласынан, фиқһ саласынан бұл терминдерге зерттеу жасап, ортақ жерін, айырмашылығын көпшілікке түсіндіріп беру бүгінгі таңда өзекті мәселелерінің бірі екенін айтпақпыз.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. КовлакасЕ.Ф. Кан.,дисс. «Семантические аспекты рыночно-экономической терминологии». Краснодар, 2003, Ст. 10-11

  2. Баранов Х.М. Русско-арабский словарь. М., 1996, ст.171

  3. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы, «Дайк-Пресс», 2008.


Оралхан СЕЙДМАНОВ,

Нұр-Мүбарак университетінің магистранты
ҚҰРАН ЖӘНЕ ХАДИС СӨЗДЕРІН КОНТЕКСТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ҚАРАЙ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ
Тарихи дереккөздер мәліметтеріне қарағанда, ислам діні қазіргі Қазақстан аумағында VІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап ене бастаған. Ал ІХ-Х ғасырларда мемлекеттік іс-шараларды атқару (бұйрықтар шығару, заңнамалық қағидаттар қабылдау, елшілік хаттар дайындау), оқу-ағарту, білім алу салаларында араб тілінің қолданылуы үстемдік алған. Уақыт өте келе, атап айтқанда, Алтын-Орда ханы Берке (1209-1266) билік басына келе салысымен исламды ресми діні етіп жариялады және осыған орай жоғары билік өкілдерінің, империя құрамындағы жалпы халықтың жаппай ислам дінін қабылдауы – бұл аумақта жоғары араб мәдениетінің таралуына жол ашты1.

Орта Азия тарихында орта ғасырлар ғылым мен мәдениеттің жоғары деңгейде өрлеуімен көрінуі. Ол жайында В.В. Бартольдан бастап түрлі маман зерттеушілер – шығыстанушылар, жаратылыстанушылар, тарихшылар, қоғам ойшылдары, әдебиетшілер мен өнертанушылар, дәл ғылымдар мен филология мамандары арнайы атап көрсетті. Бұған барлығынан бұрын сол дәуірде саясат пен діннің, ғылым мен әдебиеттің тілі ретінде қызмет атқарған араб әдеби тілін оқытумен және зерттеумен айналысқан филологтар аз көңіл бөлді. Ибн Синаның және әл-Берунидың барлық еңбектері, сондай-ақ фиқһ, дінтану, тарих және тағы басқадай ғылым салаларындағы еңбектердің барлығы түгелдей дерлік араб тілінде жазылды.

Соған қарамастан білім жүйесінде білім филологиялық алар орны өте зор болды, ғалымдар мен әдебиетшілердің жақсы филолог болуы қағидаға айналды. Филологиялық маңыздағы көптеген кітап түзілді, олардың арасында арасында өте көрнектілері де бар; Мұсылмандық Орта Азияда филология пәнінің пайда болуы мен дамуы міндетті түрде өз алдына кең көлемді және әрқилы зерттеу нысанына айналуға тиісті; бұл іс-шаралар атқарылмайынша аймақтың рухани мәдениетінің тарихын анықтау мәселесі толық емес күйінде, жеткіліксіз қалпында қалып отырады. Филологияға дұрыс көңіл бөлмеу, оның қызметін дұрыс бағаламау осы уақытқа дейін өзге де ғылымдар тарихын жүйелеуге кедергі жасап келді: филология араб тілі ғана емес, сырттан келген және Орта Азия халықтарына етене жақын емес аймақтық филология болды. Салыстыра қарағанда, осы аймақтың негізгі тілдері түркі және жаңа парсы өте сирек назар аударылды1.

Сол дәуірлерде Алтын-Орда империясының негізгі орталығы болған қазіргі Қазақстан аумағында түрлі саяси - қоғамдық, рухани-әлеуметтік салаларды қамтыған аңыздар, әпсаналар, дастандар мен жырлар және т.б. шығармалар туындады. Бұндай шығармалар жазбаша және ауызекі фольклорлық шығарма түрінде халық арасына кеңінен тарап, ислам діні мен ілімінің ықпалын күшейте түсті. Соның нәтижесінде қолданылған сөйлемдер мен сөз тіркестерінің, сөз оралымдарының, жекелеген тілдік бірліктер мен тұлғалардың, солар арқылы берілген ұғымдардың, түсініктердің халық санасына, әдет-ғұрыптарына енуі, орнығуы жүзеге асты. Араб әлемімен рухани-мәдени байланыстың дамуы арқылы қазақ тілінің сөздік қорына жаңа сөздер мен сөз оралымдары еніп, жаңа сөйленіс үлгілері қалыптаса бастады. Алғашқы орта ғасырдың соңғы ширегінде басталған бұл үрдіс әлі күнге жалғасын тауып, үнемі дамып, толығып келеді. Сөз реті келіп тұрғанда айта кетелік, араб тілі қопармалы (флективті) тілдер тобына жатады. Флективті тілдер – морфологиялық құрылысы бойынша топтастырылған дүниежүзілік тілдердің бір тобы. Оларға тән негізгі ерекшеліктер: ішкі флекцияның болуы, дыбыстық заңдылыққа сай (ассимиляция – дауыссыз дыбыстардың өзара әсерлесуі, ішінара – сингармонизм заңдылықтары) дауысты және дауыссыз фонемалардың ауысып келуі. Осы сипаттан бір сөздің әртүрлі формалары немесе түбірі бір әртүрлі сөздер жасалады2. Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген «ілім, білім, ғылым» сөздері араб тілінде бір сөздің түбір (консонанттық) тұлғасы болып табылады.

Араб тілінен енген кірме сөздердің Қазақстан аумағындағы қазіргі уақыттағы қолданысы, бүгінгі дамуы, оның тарихи-тілдік қалыптасу ерекшеліктерінің зерттелуі түрлі субъективті жағдайларға байланысты арнайы зерттеу нысанына алынуы қажет. Оның үстіне республикамыздағы жоғары оқу орындарында араб тілі мен әдебиеті, тарихы мен мәдениеті арнайы пәндер ретінде оқытыла бастағанына біршама уақыт болды, бірақ араб тілі немесе мәдениеті мен тарихы жайында түзілген арнайы оқулықтар, көмекші оқу құралдары өте аз, тіпті жоқтың қасы. Мәселе шешімін табудың бір жолы арнайы мамандандырылған сөздіктер, оқулықтар, көмекші оқу құралдарын және т.б. мәдени қажеттілікті қамтамасыз ететін еңбектердің қазіргі заманғы сұраныс талаптары деңгейіне жауап бере алатын қорын түзу қажет. Араб мәдениетінің, әсіресе әлемдік мәдениеттің ажырамас, құрамдас бөлімдерінің бірі – ислам, ал қазақ тілінде әлі де болса ислам негізі болып табылатын мәтініне арналған сөздіктер жоқ, дайындалмаған. Мұның нәтижесінде қоғамдық-әлеуметтік топтар арасында исламдағы белгілі бір қағиданың немесе қағидалар жиынтығының әртүрлі баяндалуына, түсіндірілуіне алып келетін жағдайлар кездесіп қалып жүр.

Қазіргі уақытта қазақ-араб мәдени байланыстарына қатысты бірқатар еңбектер түрік немесе араб, ішінара орыс тілдеріне қазіргі қазақ тіліне аударма жұмыстары арқылы жетіп отыр. Бірақ мұндай аударма жұмысы арқылы орындалған еңбектердің ортақ кемшіліктері де жоқ емес. Олардың бастылары: 1) қазақ сөйленісі қалпының ескерілмеуі, 2) ғылыми мәтіннің түзіл ерекшеліктерінің ескерілмеуі, 3) ғылыми-көпшілік және ғылыми стильдің арасындағы ерекшеліктердің ескерілмеуі, 5) орындаушылардың тәжрибелік шеберлігінің ортақолдығы және т.б. Осындай себептерге байланысты араб, сондай-ақ ислам мәдениетіне қатысты орындалып, республика аумағында таралымға ие болып отырған еңбектердің басым бөлігі жалпы халыққа кеңінен таныла алмай отыр. Сондықтан, бұл салада атқарылып жатқан жұмыстардың баянды болуы үшін, ислам мәдениетіне қатысты зерттеу жұмыстарын жандандыра түсу үшін, осы салада ізденушілердің мамандану деңгейін жоғарылату, көтеру мәселесіне арнайы назар аудару қажет. Әлем халықтарында мұндай мәселелердің шешімдерін іздестірудің дәстүрлі жолдары қалыптасқан. Мысалға алсақ, көршілес отырған Өзбекстан Республикасы ислам мәдениетін зерттеу ісінің бастамасы ретінде 1998 жылы Ташкент қаласында Ислам университетін аша отырып, оқуға қабылданған талапкерлер үшін ҚҰРАННЫҢ арабша-өзбекше реестрлік сөздігін баспа бетінде жариялады1. Бұл еңбекте берілген осы іспеттес іс-шаралардың маңыз-мәні туралы өзбек ғалымдарының жалпы пікірімен таныстыра отыралық: «Аллоҳ севимли элчиси Муҳаммад алайҳис-саломга нозил қилган Қуръоннинг илк сураларидан бири «Иқра» - «Ўқи» деган маънода бўлиб, Исломда илм тарғиби шундан бошланган. Мана, ўн тўрт асрки, Қуръон-и Карим инсоният тафаккурини илм нури билан ёритиб келмоқда.

Қуръон-и Каримни ўқиш, ўқиб тушуниш баробарида араб, форс, туркий ҳамда бошқа тилларда кўплаб тафсирлар, шарҳлар, луғатлар яратилди. Хусусан, туркий тилда жуда кўп тафсирлар битилди. Аммо шу пайтга қадар махсус луғатлар тузилмаган эди...». Профессор Ботирбек Хасанның бұл пікірі түркі тілдес Орта Азия аумағындағы осы салада атқарылып отырған жұмыстардың қазіргі жай-күйін, жалпы жағдайын анықтайды.

Аталып отырған сала мамандығы бойынша түзілген еңбектердің бірегейлерінің бірі – В. Ф. Гиргастың 1881 жылы шығарған сөздігі2. Бұл еңбек ХАДИСТЕР-де қолданылған араб сөздері мен сөз тіркестерінің қолданымдық ерекшеліктеріне арналған. Еңбек қос тілді, яғни арабша-орысша түсіндірме сөздік бағытында орындалған. Еңбек ХАДИСТЕР-де кездесетін лексемалардың араб тіліндегі лексика-грамматикалық және лексика семантикалық мағыналарын анықтап, олардың жеке тұлға және сөз тіркесі қалпындағы мән-мағыналарын түсіндіруге бағығытталған. Мысалы, فَانٍ FāNín лексемасының сөйлем ішіндегі байланыстық, қатыстық мазмұнын «өтпелі», «тұрақсыз» (преходящiй, тлѣнный) мағыналарында бірқалыпты салғастырмалы категориялық лексема тұлғасында береді. Хадистерде қолданылып, В. Ф. Гиргас сөздігінде келтіріліп отырған көптеген лексемалар қазақтар арасында кеңінен танымал категориялық мәнді лексема деңгейіне көтерілуі, олардың ұзақ уақыттар бойына кеңінен қолданысқа ие болуына байланысты деп есептейміз. Ал категория ұғымы 1) тілдік-лексикалық, 2) қоғамдық-философиялық, 3) тарихи-әлеуметтік, 4) рухани-моральдық категориялар деңгейлерінде қарастырылатыны белгілі. Солардың ішіндегі тілдік-лексикалық категорияның жалпы анықтамасын көрсете кетелік:

1. Грамматикалық категория біртектес грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық формалардың жиынтығынан құралады. Мұндағы біртектес грамматикалық мағыналар дегеніміз – бір грамматикалық категорияның жалпы мағынасы біреу ғана деген сөз. Мысалы, шақ категориясы осы шақ, өткен шақ, келер шақ формаларында көрінгенмен, олардың жалпы мағынасы біреу ғана, яғни шақтық мағына. Өткен шақ, осы шақ дегендер – грамматикалық мағыналар. Олардың өзіндік формалары бар. Шақ категориясы бір шақтан ғана емес, барлық шақ мағыналары мен формаларының жиынтығынан құралады;

2. Тілдегі грамматикалық мағыналар грамматикалық формалар арқылы беріледі. Мысалы, «бірінші жақ формасы», «нақ осы шақ формасы», «шығыс септік формасы» дейміз. Олар жақтық, шақтық, септік мағыналарын береді. Сөз қаншама формада қолданылса да, ол әр басқа сөз емес, бір сөз ретінде ұғынылады.

Сөз формалары деп – сөздің лексикалық мағынасына қосымша грамматикалық мағыналарды үстемелейтін формаларды ғана айтамыз. Форма, әдетте, белгілі бір мағынаны білдіреді, мағынасыз форма жоқ. Ендеше, әр түрлі грамматикалық мағыналарды білдіретін сөз формаларын – грамматикалық формалар деп атаймыз. Сөз формасы, яғни нақтылы сөздің белгілі бір (грамматикалық) формасы, әрі сол сөздің формасы, әрі жалпы грамматикалық форма, мысалы, белгілі бір септіктің, жақтың, шақтың, райдың формасы ретінде танылады. Сөз қаншама формада қолданылса да, әр басқа сөз емес, бір сөз ретінде ұғынылады.

Ал В. Ф. Гиргас сөздігінде берілген, Қазақстан қоғамы арасында ұзақ уақыттар бойына төмендегідей ерекшеліктерімен қолданылып келе жатқан «фани» лексемасының тілдік-лексикалық ерекшелігіне назар салалық:



Фани – 1) көне, тозған; 2) опасыз, орнықсыз; 3) өткінші (осы дүние жөнінде); 4) ауыс. тұрақсыз, құбылма; 5) Фани (Әлішер Науаидың парсы тілінде жазған шығармаларындағы жасырын аты). Кім жүрер тіршілікте көңіл бермей, Бақи қоймас фанидың мінін көрмей (Абай). Әлішер фарсы тілінде жазғанына «Фани» деп, түркі тілінде жазғандарына «Науаи» деп қол қойған (Айбек). Оттан ыстық дегенім – фани жалған, адамның өмірі (Балаби)1.

Бұған қарағанда, فَانٍ FāNín лексемасы қазіргі қазақтар арасында 1) қарсылықты мәнді категориялық лексема, 2) сапалық мәнді категориялық лексема, 3-4) полиметафоралық мәнді категориялық лексема, 5) антропонимиялық тахаллус мәнді категориялық лексема, 6) түсіндірмелі мәнді категориялық лексема сипаттарында қолданыста бар. Аталмыш лексема қазақ ауызекі тілінде «пани, пәни, фәни, панилық, пәнилік» фонологиялық-фонетикалық варианттарында дыбысталады.

Бұған қарай отырып, ислам мәдениетіне қатысты еңбектерді жариялау, халық игілігіне беру барысында, оларды алдымен арнайы жан-жақты зерттеу нысанына алу қажет, ол үшін осы салаға қатысты орындалған көрнекті шығыстанушы В. Ф. Гиргастың «Арабско-русский словарь Корану и Хадисам..» атты сөздігін зерттеп білу де көпшілікке берері бар, ғибратты мол жұмыстар қатарына жатады.

Жәнділлә БЕКЖІГІТОВ,

Нұр-Мүбарак университетінің магистранты
АРАБ АҚЫНЫ АБУЛ-ҚАСЫМ АШ-ШААБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ РОМАНТИКАЛЫҚ ЖАНРДАҒЫ ТІЛДІК КӨРКЕМ БЕЙНЕЛЕРІ
Ұлттық тілдің болмысын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түпкі тамыры сол тілде сөйлеуші этностың ғасырлар бойы тарихы, тұрмыс-салты, мәдениеті, дәстүрлі менталитетімен тікелей байланысты екені сөзсіз. Ұлт дүниетанымындағы қасиеттердің көркем поэтикада көрініс табуы олардың қолданыс ерекшеліктерін, тілдік айналымдағы орнын көрсетіп беру сияқты сұрақтар ауқымын жан-жақты аша түсуді қажет етіп отырғандығы ақиқат. Ақынның көркемдік әлемін архетиптік ойлау жүйесімен өлеңнің ұлттық мәдени ерекшеліктерін сипаттайтын тұрақты тілдік белгілер құрайды. Сондықтан ақынның танымы арқылы көркемделген шындықтың тілдік бейнесін (образдылығын) зерттеу – когнитивтік лингвистикадағы өзекті мәселенің бірі.

Тунистік ақын Абул-Қасым аш-Шаабидің жыр әлемін, поэтикалық сөз-образдарын талдап, оның шығармашылығын лингвомәдени негізін зерделеу арқылы араб халқының болмысын, ұлттық ерекшеліктерін танып білуге болады. Бұл мақалада (зерттеуде) Қ.Шаабидің шығармашылық өміріндегі, жыр жолдарының сөз-образдар денгейінде орын алатын жайттарды, жүйелеп көрсету және оларды тудырған тілдік, экстралингвистикалық факторларды саралау басты мақсат етілді.



Араб халқының ұлттық дүние танымына қатысты ақын тілінің өзіндік стилі. Араб әдебиетінде сөз-образдарын бейнелеуде және өз бағытымен өзгеге үлгі болған ақын Абул-Қасым аш-Шааби туындыларынан ешкімге ұқсамайтын стилін, мәнері мен машығын өзіндік қолтаңбасын айқын танимыз. Оймен сүзіп, сөзбен өлең кестесін өрнектеген ақын Абул-Қасым шығармашылығынан араб поэзиясындағы өзіндік көркем жаңалықтар мен араб халқының дүниетанымын көре аламыз. Ұлттық өлең дәстүрінің тамаша үлгісін және жаңаша мазмұндау мен өрнектеудің өлшем ырғақтарын, түрлендірудің сан қилы әдіс-тәсілінен ақын поэзиясының жаңаша қырын саралаймыз. Көркем сөз шебері өзінің ақындық дүниетаным мен идеяларын бейнелеуде көркемдік құралдарды құбылта пайдаланады. Дүниетаным-күрделі де қайшылықты құбылыс. Қазақ философы І.Ерғали оны: «Дүниетаным дегеніміз-адамның дүниеге деген рухани қатынастарының негізі болатын және солардың бәрін жалпылама түрде қамтитын, адам мен әлемнің сан алуан арақатынасын білдіретін ұғым»,- деп саралайды. Демек, ол өзінің пайда болуы және өмір сүруі жағынан қашанда адаммен және оны қоршаған, ол қарым-қатынаста болатын дүниемен тығыз байланысты. Бұл теория бойынша тіл дүниесінің бейнесін жасайды, сондықтан адамның ойлау жүйесі де, дүниетанымы да осы дүниенің тілдік бейнесіне тәуелді.

Тунистік ақын Абул-Қасым аш-Шаабидің поэтикалық тілі мен жан дүние сабақтастығы. Ол 20-ғасырдың бірінші ширегінде дүниені дүр сілкіндірген екі бірдей дүниежүзілік соғыстың орта тұсында өмір сүрген тұлғалардың бірі. Ол 1909 жылдың 24 ақпанында Тунис мемлекетінің оңтүстігінде орналасқан Тузр қаласында дүниеге келген.

Ақын жасөспірім шағынан өз жүрегіне құлақ салып,соған бас иуді жөн көрді, осы тұстардан бастап ақын жыр әлемінде биіктерге самғап, сайрап ән салды, сондай-ақ ол дәм тұзы таусылғанша ақындық өнерін жалғастырды.

Оның әкесі Мысырдағы әл-Азһар университетін тамамдаған соң, Тунистегі әз-Зайтун университетінде білімін алты жыл жалғастырып, "Татуиғ" дәрежесіндегі диплом алды. Тунистің бірнеше қалаларында қазылық (сот) қызметін атқарды. Қасым Шааби әкесінің тәрбиесі арқасында өте зерек болып өсті. Әкесі марқұм өте шыншыл және тақуа кісі еді. Сондай-ақ шындықты айтуда ешқандай сыннан қорықпайтын. Ол мұсылмандар мен ислам дінінің және халықтың жәбірленген жағдайларына, саяси әлеуметтік өктемділікке қатты ашынатын. Осы кездегі араб сахарасында болып жатқан отаршылдық саясатының ұшқыны оны қатты ойландырып қобалжытатын.

Ақын өз әкесі туралы: "Ол маған шын мәнінде, рахымдылық пен мейірімділіктің мағынасын түсіндірді. Сондай-ақ шындық осы әлемдегі ең тамаша нәрсе екенін көрсетті",-дейді.

Қасым Шааби өзінің кіндік қаны тамған өлкеде өспеді, ол бір жасқа толғанда жанұясы ол өңірден қоныс аударды. Сондықтан ол туған жері жайлы аз біледі.

Әкесінің қызмет бабына қатысты отбасының көшіп, қонып жүруі жиырма жылға созылды. Дегенмен, үй іші, Тунистің барлық қалаларында болған. Тунистің барлық жерінде өмір кешуі ақынның жастық шағында тәжірбиесінің молаюына, ақындық қанатының қатаюына жағдай жасады. Осы тұстары ақын әр жолаушыдан, әр төңіректен пайдалы тәжірибе, маңызды құндылықтар алды. Яғни тағдыр оны тар қоғамда емес, үлкен қоғамда тәрбиелеп, нағыз тунистік азамат етті.

Қасым Шааби 1920 жылы Тунис қаласындағы Әз-Зайтуна университетіне 12 жасында білім алуға келді. Ол қала өміріне тез бейімделіп, үйренісіп кетті. Оның ақындық жолы да осы кезден басталды. Ол көне ғасыр әдеби шығармаларынан және жаңа ғасыр таңдамалы шығармаларынан нәр алып тұла бойында таза арабтық мәдениетті қалыптастырды. Ол шет тілінен мүлдем хабарсыз-ды, тек өзінің үздіксіз ізденісі арқасында батыс мәдениетін жергілікті баспасөз беттерінен ұғынып отырды.

Оның алғашқы жырлары 1926-1927 жылдары "Наһда" газетінде жарияланып тұрды. Ал алғашқы жинағы "19-ғасырдағы Тунис әдебиеті" деген кітапта жарық көрді. Сол жылы "Көне садуқия" жиынында "Арабтардағы көне қиял" тақырыбында дәріс оқыды. Бір жылдан соң осы тақырыптағы кітабы шықты.

Ол білім ала жүріп, қоғамдағы саяси әлеуметтік жағдайға байланысты мұсылман жастарының көтерілуі, ұлттық мәдени мұраны жаңғырту және әйел еркіндігін қолдау сияқты тақырыптарда өз кезеңінде жыр жазып отырды.

Әдебиетті жаңартуға шақыру оның жүрегінде бірінші орын алды. Ал оның "Ақындық қиял" атты кітабы халық арасында жоғары дәрежеге ие болды. Сондай-ақ кітап жарық көргенннен кейін журналистер тарапынан сынға ұшырады. Алғашқы еңбектері әкесінің тірі кезінде жарық көрген-ді. Әкесі ұлының ұстанған бағытын теріс көрмеді. Сонымен бірге әкесі оның шығармашылық жолын қолдап, қуаттайтын еді.

Бірақ ақынды 1929 жылы әкесінің өлімі қатты қайғыртты. Ол әкесін Зағран қаласынан туған жері Тузр қаласына дейін өз науқасына қарамай, алып барып жерледі. Елу жастағы әкесінің өлімі қатты соққы болды. Үлкен отбасының жүгінің жауапкершілігін сезінген ол, қиын жолға түсіп шығармашылық өмірі ақсаңқырап қалды. Бірақ ол ақын еркіндігін ойлап, жанұяның әлеуметтік мәселелерін мансапты орындардан жағалап шешуді жөн көрмеді.

Ол туған жері Тузрде жанұя құрды, қарапайым отбасылық өмірге шүкіршілікпен риза болды. Сондай-ақ ол абзал көңілді, қанағатшыл, жақсылыққа ұмтылушы кісі еді.

1933 жылы 22 жасында ол жүрек ауруына ұшырады. Алайда, ол дәрігердің тыйым салуына қарамастан, өз шығармашылығын тастамады. Осы жылдан бастап Египеттің "Аполо" журналында жарық көрген поэмаларының әсерінен оған Шығыс Арабияның әдеби ортасында танымал болуына мүмкіндік туды. Өмірінің соңғы жылдары туған жерінен көп шықпады. Тек жаз айларында таулы аймақтарға барып қайтатын.

Ол «Өмір жырлары» атты жинағын 1939 жылы Мысыр елінде басып шығару мақсатымен жазуға кірісті. Бірақ ол мақсатына жете алмады, жанына батқан ауруы шығармашылығына тосқауыл қойды. Ауруы асқынғаннан кейін 1934 жылы 26 тамызда Мысырдан елі Туниске қайтты. Көп ұзамай сол жылдың 9 қазанында таңертең кенеттен көз жұмды. Мәйітін туған жері "Тузрге" алып барып қойды.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жарқ етіп дүниеге келген, жаңа ғасыр әдебиетіндегі романтикалық ағымның көрнекті өкілдерінің бірі Абул- Қасым аш-Шааби тұғын. Оның өмір сүрген кезі Тунистің саяси әлеуметтік өмірінде Францияның отаршылдық саясаты шыңырау шегіне жетіп, ел ақындарының Отанға деген сүйіспеншілігі арта түскен уақыт еді. Қасым аш-Шаабимен қатар үзеңгілес ақындар Сайд Әбу Бәкір, Мухаммед Әль-Фатир, Әли-Әд-Дуажи сияқты ақындар да өз шығармалары арқылы демократиялық бағыт ұстанып, патриоттық рухты жандандырып, қоғамның идеологиялық өмірдегі рөлін аша түсті [36.96]. Міне, осындай жағдайда өмір сүрген араб (Тунис) әдебиеті,оның ішінде поэзия ақындардың өмірлік тәжірибиесімен қалыптасқан талғамына, өмірлік көзқарасына қарай сыр-сипаты әр қилы шығармалар арқылы салаланды.

Абул Қасым аш-Шааби шығармашылығы-отаршылдық кезеңінде күйзелген араб әдебиетін әлем әдебиетінің деңгейіне көтерген, психологиялық-көркемдік шерімдер мен әлем поэзиясына жаңа өрнектер мен бояулар қосқан эстетикалық құбылыс, көркемдік жаңалық [36.101]. Оны ақынның "Халыққа", "إلى الشعب" деген өлеңіндегі:

Халық-ау қайда!

дүрсіл қаққан сезімшіл жүрегің.

Қайда сонда,

армандар мен үміттерің.

Халық -ау қайда,

өнерлі ақын рухың.

Қайда сонда,

қиялменен шабыттарың.

Халық-ау қайда,

дарынды сиқырлы өнерің-

Қайда сонда,

әуендер мен дәстүрлерің.

Ақиқатта айналада шуылдауда өмір өзен,

Қайда сонда,

тәуекелге бел буған батырларың,- деген өршіл рух растай түседі.


أين يا شعب قلبك الخافق الحسّاس؟

أين الطموح, و الأحلام؟

أين يا شعب, روحك الشاعر الفنّان؟

أين, الخيال و الإلهام؟

أين يا شعب, فنك الساحر الخلاّق؟

أين الرسوم و الأنغام؟

إنّ يمّ الحياة يدوى حواليك

فأين المغامر, المقدام

Ол поэзияның эстетикалық әлемін тың бояулармен, күрделі сезімдік әлеммен байытып, жаңа биікке көтерді. Араб поэзиясының ғасырлар бойы қалыптасқан бай дәстүрінен, фольклор мен ауыз әдебиеті құнарынан еркін, табиғи нәр алған ақын Шығыс пен Батыс әдебиетінен де мол сусындап, өзіндік эстетикалық әлем қалыптастырды .

Ақын шығармашылығының өзіндік эстетикалық әлемін айқындаған қазыналар ретінде бірден көзге түсетін-өзіндік образдар және образдық сонылықтары, соны толғам сарындары, арабшылдық лирикалық кейіпкердің рухани мөлдірлік қуаттандырған асқақтығы мен көлгірсуден аулақ сыршыл сезімталдығы, оның лирикалық кейіпкері бұған дейінгі араб өлеңіндегі ешкімге ұқсамайды. Бұған дейінгі араб жырларындағы кейіпкер субьективті өмірі жайында, әсіресе, жан дүниесіндегі құпияларды жайып салуға, бар шындығын ағыл-тегіл ақтарып салуға соншалықты пәрменді құштарлық білдіре қоймаса, енді лирикалық кейіпкер өзінің осалдығын да, қуатын да жасырмайды, күмілжімейді:

Өмірлік ниет қайда,

тыныштық пен өкініш.

Қараңғылық пен өлімнен басқа еш нәрсе.

Өлімші өмір, бос жүрек.

Аурулар қоздыра алмаған қан.

Өмір ойпат түнегінде ұйықтап жатыр-

Үстінен оның қиялдар өсіп келеді.

Бұл қандай өмір, қандай тіршілік.

Бар ғой одан да, қауырсыннан да жеңіл тіршілік-


أين عزم الحياة ؟ لا شيء إلا

الموت, و الصمت و الأسى, و الظلام

عمر ميّت, و قلب خواء

و دم, لا تثيره الآلم

و حياة, تنام في الظلمة الوادى

و تنمو من فوقها الأوهام

أيّ عيش هذا, و أيّ حياة؟!

ربّ عيش أخفّ منه الحمام

-деп бойын кернеген сан алуан сезім-толғаныстарын, толғамдарын іркіп, өзін-өзі сақтандырып немесе тежеп, тиып ұстаудан-мүлдем аулақ. Әсіресе, ынтық сезімдерді жасырмай, ақтарып айтуға құлықты. Жан сырын жарық дүниеден қымтамай, тұмшаламай, көз жасындай мөлтілдетіп, таң шығындай мөлдіретіп жеткізеді, не айтса да ағынан жарылып, адалын айтады. Лирикалық кейіпкер субьективті толғаныстарын былай қойғанда, әмбеге ортақ, драмалық сезім арпалыстары арасында да өз түйсігі мен өз түсінік тұрпатымен дараланады.

Осынша өр, асқақ кейіпкер - бірде бала, бірде дана. Қол созым жердегі ғашығына қолы жетпей, жалындап жаны күйіп, азап шеккендігін жасыра алмайды. Бұл – жан дүниесінің тазалығы. Қ.Шаабидің "Үлкен махаббатқа мадақ", "صلوات في هيكل الحب" өлеңінен оның нәзік сезімге сансыз теңеулер келтіргенін көре аламыз:

Сен тұщысың, қиялдағы балдайсың-

әуенсің, жаңа таңдайсың.

Көңілді кештейсің, айлы түндейсің-

Гүлдейсің, нәрестенің күлкісіндейсің.

Сен тірілтесің жүректердегі, кешегі өліп қалған

Алыстағы бақытты.

Сен әншісің, біз жайлы ән саласың,

Поэзия мен поэманың иесісің!



عذبة أنتِ كالطفولة كالأحـ

ـلام, كاللحن, كالصباح الجديد

كالسماء الضحوك, كالليلة القمـ

ـراء, كالورد, كابتسام الوليد

و تشيدين في خرائب روحي

ما تلاشي في عهدي المجدود

أنتِ أنشودة الأناشيد غنا

ك إله الغناء ربّ القصيد

Романтик кейіпкер осындай адалдығымен, риясыздығымен баурайды, сендіреді. Осындай махаббат тақырыбындағы жырлар Қасым аш-Шааби поэзиясындағы жаңалықтардың бірі деп айтуға лайықты. Қасым аш-Шааби шығармаларының жалпы араб поэзиясында, оның ішінде жиырмасыншы жылдар әдебиетіне қосқан үлес-жаңалықтарының бірі - романтикалық сарындағы туындылар. Бұл ретте махаббат пен романтизм ұғымдарының шекараларының шендес, бір-бірімен сабақтас ұғымдар болғанымен, әрқайсының өзіндік жүгі, міндеті барын да ескерген жөн. Ақын шығармашылығында махаббат та, романтизм де молынан кездеседі. Романтизм көркемдік ағым ретінде де, ойды, алаулаған ақ сезімді бейнелеудің тәсілі ретінде де, стильдік ерекшелікті қалыптастыруға атсалысады. Демек, қарапайым да қайратты сөз енді өзінің мән-қуаты арқылы ойды жеткізудің құралы қызметін атқаруды "місе тұтпай" мән - мәтіннің құрамында әлсін-әлсін дараланып көрінуі арқылы эстетикалық-философиялық мазмұнға, сол арқылы эстетикалық-эмоциялық қуатқа ие болады. Мәселен, от, қара, қарңғылық, жер, жел, жол, жұлдыз, күн, түн, сәуле, зар, өлім т.б.сөздер жай лексика емес, символ-сөз немесе образ-сөздер дәрежесіне көтерілген. Мұндай сөздер енді символ-сөздерге, символ-ұғымдарға, символ-мағына, символ-идея, символ-бояу, символ-нақыш, символ-мәселе, символ-бейнелікке ұласады. Идеялық аңсар-қағида, сарын ретінде белгі берілген. Тұстас немесе алдындағы ақындар дәл Қасым аш-Шаабидей айқын дауыспен аршындап, алға шығып, көріне бермейді.

Жиырмасыншы жылдардағы араб поэзиясына Қасым аш-Шааби әкелген жаңалықтардың бірі - бейнелеу мүмкіндіктерін молайтатын көркемдік әлемді байыта түсетін эстетикалық конструкцияны, көркемдік тұжырымдаманы жеткізуді шебер пайдалануы. Айталық "О махаббат", "أيها الحب" өлеңін ол дарынды сөз саптау қасиетімен жеткізе біледі:
О махаббат!

Сен қайғы- мұңымның, қорқыныш пен үрейімнің

Жүдеу дертімнің, мұң-машақатымның сырысың.

О махаббат!

Сен өмірімнің болмысысың, мақтаныш даңқымсың

Менің қараңғы дәуірімнің шуағысың, досымсың,

мақтаныш арманымсың.

О жүрек шабыты!

жанның уы, өмірімнің қысылтаяң кеңшілік шақтары.

Жан сарайымда лаулап барып өшкен отпысың,

әлде аспандағы нұрсың ба?

О махаббат! Қаламасам да себебіңнен қайғы мұңнан

кеселеп іштім.

О махаббат! Әдемілік үшін маған рақым етіп,

қайғымды жеңілдет.

Білсем ғой сені, о махаббат айтшы маған,

жаралдың неден, түнектен бе, әлде шуақтан?



أيها الحب! أنت سر بلائي

و همومي, و روعتي, و عنائي

ونحولي, و أدمعي, و عذابي

و سقامي, و لوعتي, و شقائي

أيها الحب! أنت سر وجودي

و حياتي, و عزّتي, و إبائي

و شعاعي ما بين ديجور دهري

وأليفي, و قرّتي, و رجائي

يا سلافَ الفؤاد! يا سُمّ نفسي

في حياتي يا شدّتي! يا رخائي!

أ لهيبٌ يثور في روضة النفس,

فيطغى, أم أنت نور السماء؟

أيها الحب ق د جرعتُ بك الحزن

كؤوسا, و ما اقتنصتُ ابتغائي

فبحق الجمال, يا أيها الحـ

ـب حنانيك بي! و هوّن بلائي

ليت شعري! يا أيها الحب, قل لي:

من ظلام خُلِقْتَ, أم من ضياءٍ؟

Бұған дейінгі поэзияда жалпы көркемдік мазмұнға кірпіш қызметін атқаратын бейнелеу қазыналарының автор шығармаларында көркемдік әлемнің эстетикалық құрылымы ретінде қоғамдасқаны соншалық, әрқайсысы жеке-дара боп, бағалауға лайықты бір-бір ансамбльдердің басын біріктерген, бұған дейін Тунис поэзиясында болып көрмеген тосын, сұсты, өзіндік жаңа бір әлем жасаған.

Жалған дүниенің опасыздығынан жалыққан, шаршап жабыққан лирикалық кейіпкердің жаны күйіп, тыныштықты сағынуы, сонша трагедияларды көріп, қиналған жүрекке араша аңсауы, қажудан сұралған, қарауытқан рухани әлемін тазартуға талпынудың бір шарасы секілді болған "Халық","الناس" деген өлеңі өкініш-құрылымның күмбезі, лейтмотиві.

Ұлы идеалды халық арасында тек-

Арман ретінде, қастерлеп бағалады.

Араларында тірі жүруіне қарамастан-

Оны жаралады және оны қорлап пір тұтты.

Тиым салынған, жоқ нәрселердің барлығына-

Адамдар табынады.

Адамдар өз ортасындағы тірі жанға әділетсіздік танытады.

Араларынан ғайып болғанда өкінеді.

Адамдардың нәпсісі құрысын, әрқашан уақыт өтеді-

Және жамандық самалы есіп тұрады.

ما قدّس المثل الأعلى و جمّله


في أعين الناس إلا أنه حلم!









و لو مشى فيهم حيّا لحطّمه

قومٌ, و قالوا بخبث: "إنّه صنم"!

لا يعبد الناس إلا كلَّ منعدم

ممنّع, و لمن حاباهم العدم!

حتى العباقرة الأفذاذ, حبّهم

يلقى الشقاء و تلقى مجدها الرمم!

الناس لا ينصقون الحي بينهم

حتى إذا ما توارى عنهم ندموا!

الويل للناس من أهوائهم! أبداً

يمشي الزمان و ريح الشر تحتدم...

Өлеңдегі осындай күрделі көркемдік құрылым, символизм арсеналы-ой-сезімді бейнелеу мен жеткізу мүмкіндіктері өмір құбылыстарын сұрыптап, саралап көркемдік микроәлем жасаудан, басқаша айтқанда, құйрығы шолтаң етіп, бірден көрінетін идеяны ишаралаудан гөрі, мазмұны байтақ микроәлем, көркемдік құрылымды бейнелеуге қызмет еткені. Демек, ақынның өзіне ғана тән, бұған дейінгі араб поэзиясында бұл кейіпте ажарланбаған эстетикалық-философиялық тұрғыдан көру мен байыптау жүйесін қалыптасқаны аңғарылады.

Ойды, эстетикалық нысанды бейнелейтін күрделі, сатылы әрі өзара сабақтас мазмұндық-көркемдік ұстындар арқылы тұтасқан өлеңдер қатарына «Халыққа», «Жоғалған бақша», «Жетім шағымы» өлеңдері де жатады.

Ақынның араб поэзиясына қосқан жаңалықтарының, жаңа үлестерінің бірі - нысанды-айшықтау мен құбылтудың сан алуан тәсілдерін табиғи, еркін және молынан пайдалануы, сол арқылы қыруар тың образдар әкелуі, образдық әлемін байытуы. Кербез келісіммен кестеленген, кезектескен, бірін-бірі толықтырып, кемелденген образды ойлармен ұжымдасып, тек Қасым аш-Шаабиге тән образды көркемдік әлемді көркейтеді.

"Махаббат", ""الحب

Махаббат аспаннан түсіп таң болып атқан,

сиқырлы нұрдың шуағы.

Уақыттың кірпігінен пердені, түндердің жүзінен,

таңның жамауын жыртты.

Аллаһтың берген махаббат қуанышы, қанатты күндері

бозарған таң мен кештен де пәк.

Шыр айналып әлемді жарқырап күлімдеген

жұлдызға айналдырады.

Онсыз әлемде ән шырқалмас,

адамдар жарасымды өмір сүрмес.



الحب شعلة نور ساحر, هبطت

من الشماء, فكانت ساطع الفلق

و مزّقت عن جفون الدهر أغشيةً

و عن وجوه الليالي برقع الغسق

الحب روح إلهيّ, مجنحة

أيامه بيضاء الفجر و الشفق

يطوف في هذه الدنيا, فيجعلها

نجماً, جميلاً, ضحوكاً, جدّ مؤتلق

لو لاه ما سُمِعتْ في الكون أغنيةٌ

و لا تآلف في الدنيا بَنو أُفق

Осындағы махаббатқа қатысты бейнелі кестелер, әлбетте, бірден көзге түсіп, ақынның шалқар талантын, шабыттылығын айқын танытады. Мұндай мәртебелі қызмет атқарған қарапайым сөздер шебер қиюласып, лирикалық кейіпкердің психологиясынан, парасатынан сыр шертеді.

Демек, бейнелік қызметі теориялық анықтамалар мен шарттарға тікелей сәйкес келмесе де, өлең контексінің, тіркес контексінің біртұтас бітімінің бір бөлігіне айналу арқылы ажарлау абыройына ие болған.

Жан ләззатын тән рақатымен бірлеген, өмір туралы толғанысын мұндай ашық, мұнша еркін, өткір де тосын ақтара айшықтау бұған дейінгі араб поэзиясында кемде-кем. Ақынның "Бұталар астында", "تحت العصون " атты поэмасында пайдаланған сөз образдарын теріп көрелік:

Бері келші қалың орманға, Синдиан, Зайтун ағаштарының

астында,


Өмірден гөрі мен саған ынтықпын, сен, масайраған

табиғаттың сұлулығынан да көркемсің.

Не нәзіктеу,тал шыбықтай денеңменен, қымбат сұлу

тамағыңмен,

"Сен ән салғанда, өмір тәттірек, мұңды үніңді тыңдаймын, -

деген жолдарда ақын өзінің санасын баурап алған әйелге деген сүйіспеншілігін өрнектейді. Сондай-ақ өзінің бұрқанып, алаулаған сезімдерінің тыншымайтын оқиғаларын суреттейді. Мұндағы саған ынтықпын, масайраған табиғаттың сұлулығы, тал шыбықтай дене, сұлу тамақ, тәтті өмір, мұңды үн сияқты тіркстерді орынды қолдана білуі, ақынның романтик екенін дәлелдей түседі. Осымен бірге "О махаббат","Сиқыршы" өлеңдерінің өзегіне айналған сезім екпіндеген сайын арнасы кеңейе келе, толассыз толқындап, кейіпкердің рухани әлеміне жетелей түседі, қапысыз бойлап, оның табиғатын танытады. Ақын өлеңдерінде физиологиялық күй, психикалық күйге ұласады да, одан әрі тебіренісі тербелген психологиялық процеске айналады:


Жастықтың бақшасында көңіл көтер,

айналаңда гүл бақша.

Мен сендікпін, құш мені,

жұлдызды түн жоғалғанша.

Гүлді жұлшы кеуде, мойын, бетімнен де,

қалағаныңды алсайшы,

Махаббаттың мастығы,

тастады оған назарын

"Сұлу әйелде дарынды сиқыр бар ма?

Мұңнан тазартатын, ұйықтататын -

-деген жолдардағы ақынның пайдаланған сөз қолданыстарынан өлеңнің романтика жанырындағы шыңырау-шыңға шыққан ойды өрнектегенін көреміз. Міне, осы ұласу мен ұлғаю бұрылыстарында үнемі белгі берген сәулелі сезім, толғаныстар тоғысынан толқындаған эстетикалық аңсар арайлап шығады, ол авторлық идеяға айналады, суреткерлік тұжырымдаманың түзілуіне атсалысады.

Ақын өмірінің соңғы жылдарында араб (Тунис) өлеңіне жаңа ырғақтар, жаңа түрлер мен тақырыптар енгізіп, бұрын жанр ретінде айқын сараланып, көзге түсе қоймаған бәйіттерді дүниеге әкелді.

Таза шындықты, көркемдікті нысанаға алған ақындар бұл кезеңде көп болған жоқ. Жаңа заман, жаңа қоғам өз талаптарын алға тартты. Барлық шығармашылық күштер сол талаптарға сәйкес ізденуге жұмылдырылды. Жиырмасыншы жылдардың аяғында теңдік, бостандық оған қабаттаса, әлеуметтік шаруашылық ұрандары бірінен соң бірі бастырмалатып қалмгердің жаңа буынын, сондай-ақ бұрыннан қалыптасқан қалам қайраткерлерін сабырмен, біліктілікпен тәрбиелеуге, олардың жаңа заманды асықпай, табиғи да терең түсініп барып, байыпты бейнелеуіне, зор көркемдік қуатпен шығуына мұрсат бермеді.

Қасым аш-Шаабидің де ақындық қарым қабілетін, өзіндік ерекшелігін дәлелдейтін өлеңдер баршылық. Символдық – философиялық мәні мен маңызы зор, ұзақ жылдар бойы көптің рухани игілігіне айналғанының куәсіндей әлі күнге дейін жатқа айтылып келе жатқан "Халыққа" деген өлеңіндегі мәңгілік мәселелер, көкейкесті ой -сезімдер шынайылығымен, болмыс шындығын өзінше өрнектеумен әрі терең қамтуымен қымбат.

Түрлі тақырыпты арқау еткен туындыларының барлығына ортақ сипаттар - ақынның қызулы екпінін, жалындаған жастың жаңа заман өзгерістеріне селсоқ қарамай, өз үнін,пікір толғанысын жедел білдіруге ұмтылу. Айшықты, айқын суреттер, ұлттық құнардың тереңінен тамыр тартқан образды да оралымды тіл байлығы, болмысты сезіну мен көруде, бейнелеуде бұған дейінгі араб поэзиясында көрінбеген жаңлықтар дүниеге келіп Қасым аш-Шаабиді бірден араб поэзиясының көрнекті тұлғаларының қатарына қосты.

Қасым аш-Шааби шығармашылығының жаңалығы тың образдарлы, араб тілінің көркемдік қазынасын молайтатын, ұлттық бояуға табиғи, терең қанықтырылған, қапысыз аударылған образдылықты дүниеге әкелуінде,араб тілінің қазынасын еркін, табиғи пайдаланып, осы тілдің көркемдік көкжиегін кеңейтуінде,сөз жасау, образ жасау мүмкіндіктерін күштеусіз еркін, табиғи толықтыруында.Ұлттық тілдің қазынасын бейнелеу мүмкіндіктерін молайту үшін пайдалануда Қасымдай еңбек еткен ақын араб әдебиетінің күллі тарихында сирек.Тың көркемдік әлем ашу үшін тосын образ, соны образдық немесе соны бейнелеуге тың тәсілі, жаңа ағым іздеп әуреленбей-ақ, ол таза ұлттық құнардың өзіне-ақ қыруар жаңалықтар ашу арқылы әлем поэзиясының бай қазынасына лайықты үлес қоса алды.Көркемдік денгейінің биіктігімен ерекшеленетін әлем әдебиетіне үлес қосқан қай классиктің де шығармаларының жаңалығы, құндылығы - болмысты сезінудегі, бейнелеудегі сонылығына сабақтас. Мұндай жаңалықтың жаралауы - әрине,ең алдымен, шеберліктің көрінісі.

Өз замандастарымен салыстырғанда, Қасым аш-Шааби шығармашылығында махаббат лирикасы азырақ, мұның сыры-сірә, жан сезімін ашып ағыл-тегіл ақтарып айтудан гөрі пернелеп, бейнелеп жеткізуге бейім ұлттық ұстамдылықты көкірегіне ұялатқан ақынның ибалылығында болар. Заман ағымы, уақыт талабы ақынды жасанды толғанысқа емес, шынайы тебіреніске итермеледі. Дегенмен, Қасым аш-Шаабидің араб тілінің ұшан -теңіз байлығын игере, оған өзі де үлес қоса білген қуатты дарыны қаламдастарына да, ізбасар інілеріне де үлкен әсер етті. Тамыры ұлттық фольклор мен ауыз әдебиетінде бейнелілік, ырғақ пен екпін табиғилығы, тегеуріндігі оның шығармаларының шоқтығын көрсететін белгілерге айналды.

Соңында айта кететін жайт, ақынның екі түрі болады, бірі көркем сөз теріп, құрап- көктеп бір сарынға салып, өзінің сөз байлығының молдығының арқасында өлең жазады. Екіншісі, шабытпенен бұрқанған, түйдек-түйдек ой айтып, тылсым күштің алай-дүлей бейнелі сөздерін төгіп-төгіп жіберетіндері. Біз жырларын саралап отырған ақынымыздың, бұрқандаған шабыт иесі екеніне араб халқы өз бағасын беріп қойған.


Еркебұлан НҮСІПБАЕВ,

Нұр-Мүбарак университетінің магистранты
АРАБ ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫН ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ

ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Араб тілін оқытуда қиынға соғатын ол – араб тілінің грамматикасы болып саналады. Бұл қиындық тек басқа тіл өкілдеріне ғана тән емес, арабтардың өзі де осы мәселеде қиналады. Көбінесе, арабтар өз тілдерін дұрыс білмейді деген шағымдар да бар. Оның негізгі себептерінің бірі араб тілінің әртүрлі деңгейде оқытылып жатқан грамматикасы мен морфологиясының қиын болуы. Араб тілінің ережелерін бұрынғы өткен ғалымдар жасаған, ол өздігінен пайда болмаған. Сондықтан оны өзі адамдардың үйренуі қиынға соғады. Араб тілінде көптеген қиындықтар бар. Мұғалімге және оқушыға жеңіл жерлері өте аз. Көптеген тіл ғалымдары бұл мәселенің шешілетінін айтады. Расында, араб тілінің ережелері санқилы және әртүрлі осының барлығы семантикаға негізделген. Кейде ол қағидаларды арабтардың өзі түсінуі қиынға соғады, тіпті, басқаша түсініп те жатады. Сондай түсініктің бірін Иса Нури: «ол - тілдік философия, онда нормалар, атаулар (наменклатура), нұсқалар, түсіндірмелер, шешімдер көп»1,-деп түсіндіреді.

Бұл арабтардың өздерінің тілдеріне деген көзқарасы, егер басқалардың көзқарасын алған болсақ арабтар өз тілдеріне белгілі бір заңдылықтар қоятын еді. Бірақ қазіргі таңда ол ережелер мен заңдылықтар бекітіліп қойған, бұның барлығы арабтардың ішіндегі араб тілінің әдеби үлгісін үйренетіндер үшін жасалған. Ал басқа ұлт өкілдері үшін бұл қағидалар сәйкес келмейді.2

Араб тілінің грамматикасын оқытудағы қиындық негізгі мәселеге айналғандай. Бірақ бұл мәселеге тек біржақты көзқараспен қарауға болмайды. Негізінен тілді толығымен үйретуге көңіл бөлу керек. Көптеген мектептер оқушыларға тілді тек қатынас құралы ретінде үйретіп, сәтсіздікке ұшырады. Бұл мәселенің негізі олар тек грамматиканы оқытумен ғана шектелген.1 Көптеген грамматиканы жақсы білетін және кез келген сөйлемді талдай алатын адамдар бар, бірақ дұрыс жазып, дұрыс сөйлей алмайды.

Араб тілін үйренетін шетелдіктерге араб тілінің грамматикасын үйретуден бас тарта алмаймыз, өйткені ол тілдің негізгі бір бөлігі. Кейбір адамдар араб тілінің грамматикасын не үшін үйретеміз деп сұрақ қояды. Бұл сұраққа былай деп жауап береміз. Араб тілінің грамматикасының қиындығына қарамастан мына үш негізге сүйене отырып, үйретеміз.



  1. Өйткені грамматика тілдің негізі және тілдің асылы.

  2. Тілді дұрыс қолдануға мүмкіндік беретін тілдік норма.

  3. Сөйлемді дұрыс түсінуге және сөйлемді дұрыс құрауға көмектеседі.

Біз бұл жауаптардан шетелдік араб тілін үйренушілерге тиімді бірнеше мәселелерді байқаймыз. Араб тілінің негізін үйренуге, дұрыс түсініп, дұрыс сөйлем құрап әрі тілді дұрыс қолдануға мүмкіндік береді. Бұл шетелдік араб тілін үйренушілер үшін өте маңызды. Араб тілімен қоса араб әдебиетін оқу шетелдіктер үшін бір қиын шаруа. Өйткені бұл екеуі тілдің негізгі аспекті десек те болады. Егер араб тілінің грамматикасын алып қарасақ, ол – тілдік негіз, тілдік норма осы негізге сүйене отырып тілдік заңдылықтарды және тілді толығымен меңгеруге өз еркімен ойланып түсінуге араб тілін үйренетін шетелдіктерге лайықты болып табылады.

Ендігі мәселе араб тілін үйренетін шетелдіктерге араб тілінің грамматикасын қалай үйретеміз. Бұл мәселені талқыламастан бұрын араб тілінің грамматикасынан нені бірінші үйретеміз деген мәселені тақылау керек.

Араб тілінің грамматикасын бірінші қандай ережеден бастап үйретеміз?

Барлығымызға белгілі жағдай, тіл үйренуші бірінші сөйлеуді үйренуі тиіс. Одан кейін оқушы грамматикалық ережелерді жаттап айтуы тиіс, одан әрі өз тіліне мәтіндерді аудару керек. Осы мәселелерде көп оқушылар сәтсіздікке ұшырап жатады. Сонымен қатар ауыз екі сөйлеуде және кейде дұрыс оқи алмай да қиналады.

Ендігі кезекте араб тілінің грамматикасын үйрету әдістерін қайта қарап, ондағы өзгертетін нәрселерді өзгерту керек. Осы мәселенің барлығы араб тілін оқытпастан бұрын талқылауды қажет етеді. Ол үшін мынандай сұрақтарға жауап табу керек.1


  • Біздің оқушыларға оқытып жатқан нәрселеріміз қаншалықты тиімді және пайдалы.?

  • Оқытылып жатқан сабақтар оқушының мақсатының жүзеге асуына қаншалықты үлес қосуда?

  • Осы беріліп жатқан сабақтар өз уақытында беріліп жатыр ма?

  • Неліктен араб тілінің грамматикасын тек бір ғана әдіспен оқытамыз? Басқа әдіс жоқ па?

  • Біздің осы сұрақтарға берген жауаптарымыз дұрыс оқытуға лайықты ережені таңдауға ықпал етеді ме?

Сұрақтарға қарайтын болсақ:

Не үшін? Қалай? Қашан? Денген сұрақтарға мұқият қарасақ міндетті түрде маңызды істерді көреміз. Шет тілін үйренушілердің көбісі сол тілдің маманы болғысы келеді. Солардың ішіндегілерден мұғалім болғысы келетіндер кемде кем. Көп адам тек қана қызығушылықпен немесе жай сол тілде сөйлегісі келеді. Сондықтан біз әрбір тіл үйренуші сол тілдің грамматикасы не үшін қаншалықты қажет екенін анықтап алуымыз керек. Көбінесе, тіл үйреткенде грамматиканы үйретіп жатамыз, бірақ олар ол ережелерді қолданбайды. Олай болса, не үшін грамматиканы үйретеміз? Өйткені біз грамматиканы тілді қолданыста жүзеге асыратын құрал ретінде емес, тек мағлұмат ретінде ғана көреміз. Осы жерде қандай қағида үйретуіміз керек соны анықтап алуымыз керек, біріншіден қандай ереже.... екіншіден қандай ереже... т.б. Біз араб тілін үйрету барысында берілетін сабақтарды тек логика тұрғысынан қараймыз. Ал берілген сабақтың маңыздылығына мән бере бермейміз. Оқушы болса, ол ережелердің барлығын жаттап алады да, оны іс жүзінде қаншалықты қолданантынына қарамайды. Көптеген шетелдіктерге араб тілін үйретуге арналған кітаптар осы негізде жазылған. Тіпті, ол кітап араб мемлекетінде немесе басқа мемлекетте оқытылса да. Тек кейбір еңбектер ғана жетістікке жеткен.1

Бізде негізгі сұрақ әрдайым қайталануы тиіс, ол оқушы грамматикалық ережені оқуға қаншалықты мұқтаж? Олар не жайлы сөйлескісі келеді? Сыныпта және сыныптан тыс уақытта қандай нәрселерді оқиды?

Оқушылар грамматикалық сабақтардан қандай дәрістерге мұқтаж, мәселен ырықты етістік пе? жоқ әлде ырықсыз етістік пе? Немесе сілтеу есімдіктерін үйренгісі келе ме әлде шылауларды ма? Сан есімдерді үйренгісі келе ме? т.б Оқушыларға қашан осы шақ немесе өткен шақ етістіктерін үйреткен дұрыс? Қай кезеңде басыңқы және бағыныңқы сөйлемді немесе сын есімдерді үйреткен дұрыс? Міне, осындай сұрақтар бізге тілді дұрыс оқыту бағдарламасын жасауға үлкен септігін тигізеді. Әрі әр кезеңге сай тақырыптар мен өтілетін сабақтарды нақтылауға көмектеседі.



Шетелдіктерге лайықты араб тілінің грамматикасын оқыту бағдарламасын нақты жолға қою:

Араб тілінің грамматикасын жеңілдетіп оқытатын жолдары өте көп, оны айтып жеткізу мүмкін емес. Осыған байланысты араб тілін арабтарға және шетелдіктерге оқытатын мамандар арасында жалпы бағыт пайда болды. Соның бірі алғашқы оқыту кезеңдерінде грамматикалық ережелерді барынша азырақ беру. Яғни қашан қаншалықты мұқтаж болады сол кезде өз кезеңіне сай жеңілдетіп оқыту. Бұл дегеніміз оларға грамматиканы оқытуды шектеу емес. Негізінен оқушылар грамматикалық ережелерді оны оқу барысында емес, еліктеудің негізінде және қайталау арқылы әр жерде байланыс (сөйлесу) арқылы бірте -бірте жүзеге асырады.1

Осындай анықтамалар бізге шетелдіктерге араб тілін бірте-бірте үйретудің үлгісін көрсетеді. Сонымен қатар араб тілінің грамматикасындағы терминдерді оқытпастан бұрын, сөз тіркестерін жеңілінен қиынына қарай қолдануды көрсетеді. Әйткенмен, жалпы тіл ережені және қолдану барысында логиканы қажет ететініне қарамастан, алғашқы кезеңде тілді оқытқанда, тек тіркестерден босату керек екенін көреміз. Кішкентай баланың тіл үйрену процесін қарайтын болсақ, бала ешқандай ережесіз бұл заңдылықтарды білместен еліктеу арқылы үйренеді. Бұл алғашқы кезеңдегі процес. Бұл кезеңнен өткен соң кейін бастауыш қайсы, баяндауыш қайсы екенін ажырата бастайды. Әуелде бала ешбір ережені яғни грамматикалық заңдылықтарды білместен жатып, сөйлей алады, тілді дұрыс қолдана алады. Дәл сол сияқты араб тілін үйренуші шетелдіктерге де осындай әдістеме қолдану қажет. Алғашқы кезеңде грамматикалық терминдерді үйретпестен бұрын жеңіл тіркестер арқылы сөйлету керек. Егер бастапқы кезеңде грамматиканы үйретуден бастасақ, онда оқушы жалығып, тілді жеккөріп кетеді, тіпті, сол тілде сөйлейтіндер де жеккөруі мүмкін. Содықтан араб тілін шетелдіктерге үйреткенде алғашқы кезеңнен бастап, оқушылардың санасына олар жақсы көретін тіркестерді сіңіру қажет. Осы жерде тағыда мынандай сұрақтар туады: алғашқы кезеңде шетелдіктерге қандай тіркестер және ережелер оқытамыз? Және қалай біртіндеп оқыту бағдарламасымен оқытамыз? Осы салада біз қандай зерттеулерден пайда аламыз?

Араб тілі грамматикасын оқытуды нақтылау барысында мынандай мәселерге кезігеміз:

1.Бұрын соңды болмаған және зерттелмеген бізге белгісіз болған шетелдіктерге лайықты бағдарламаны әрі негізгі тақырыптарды зерттеу керек болады.

2.Зерттеуді көп қажет етсе де тиімді жолдарды таңдау

3. Ең оңай ережелер мен тіркестерді оқыту және қолданыста көп жүретін сөздерді таңдау мәселен дұрыс көпше түрді ме жоқ әлде бұрыс көпше түрді үйретеміз бе? Егер бұрыс көпше түр қолданыста көп пайдаланылса, тиімдісін аламыз.1

Араб тілінің грамматикасын шетелдіктерге оқыту әдістемесін қайта қарау үшін келесі мәселелерді қамтуы тиіс:

а) оқушылар тобына байланысты лайықты граммтикалық ережелерді таңдау.

ә) оқытылатын ережелер тәрбиелік мәнге сай берілуі керек

б) сыныпқа сай әдістемені нақты белгілеу

Бұл жердегі а және ә тобындағы мәселелер өте маңызды болып табылады. Әсіресе, осы тақырыптар айналасындағы зерттеулер де маңызды. Басқа тілдегі зерттеулерге де назар салуымыз қажет.


Грамматиканы оқыту әдістемесі

Бұл мынандай бөлімдерден тұрады:



  • Грамматикалық ережелерді (стратегиялы) жоспарлы түрде оқыту

  • Грамматиканың оқыту әдістемесі және сол процестің жүру барысы

Грамматикалық ережелерді жоспарлы әдіспен оқыту бұл бүкіл тілдерде белең алған әдіс. Ол үш негізден тұрады: оқиғаны басшылыққа алып оқыту әдістемесі (көрініс арқылы), есту, сөйлеу әдістемесі, аударма арқылы оқыту әдістемесі.
Оқиғаны басшылыққа ала отырып оқыту әдістемесі

(көрініс қою арқылы)

Бұл жердегі көрініс негізінен қарапайым тілге негізделе отырып қойылу керек. Яғни күнделікті қолданыстағы тілге сүйенуі қажет. Сонымен қатар ол сөйлемдердің құралуы грамматикалық және мағыналық жағынан дұрыс болуы керек. Осы негізге сүйене отырып оқушы сол тілде қалай ойлауды және сөйлемді қалай құрау керек екенін үйренеді. Кез келген адам туған тілін үйренгенде осылай үйренеді. Әуел баста ешқандай грамматикалық ережені оқудан немесе жаттаудан бастамайды. Керісінше, айналасындағылармен араласады, сөйлеседі, ойнайды т.б. Бізде сол сияқты әрбір шет тілін үйренетін адамға осы мүмкіндікті беруіміз қажет. Оқушы осындай мүмкіндік арқылы сөйлей алатын болады және есту түсіну қабілеті де біршама жақсарады. Содан кейінгі кезеңдерде біртіндеп грамматикалық ережелерді үйрете бастаймыз.1 Осы кезде оқушының шет тілін үйренуге деген қызығушылығы артып, әрқашан білмегенін білгісі келеді.

Көрініс арқылы оқыту әдістемесі алғашқы кезде қолданылған тіркестерді грамматикалық талқыға салмайды. Өйткені кейінгі кезеңдерде оқушы не айтқанын түсінбейтін халге түсуі мүмкін. Әрі өзіне не айтылып жатқанын түсінбейтін болады. Бұл әдістің ерекшелігі оқушыға тілді шынайы қолданыста қалай қолдану керек екенін үйретеді. Әрі оқушы тілдің қолданыстағы жағдайын көре отырып, грамматикалық ережелерді де үйренуге дағдыланады, кейінгі кезеңдерде ондай оқушыға грамматикалық ережелерді түсіну қиынға соқпайды². Осы теория аясында сараптама жасайтын болсақ, оқытылып жатқан шет тілі оқушылардың өмірімен етене байланыста болады. Осы әдістемеге байланысты кейбір еңбектердің авторлары мынандай ой айтады: көрініс арқылы оқытудың бір негізгі бөлігі ол –сұхбат. Екі адамның сұхбат құруы оқушы үшін көптеген пайдалары бар. Оқушы тек естіп, сөйлеп қана қоймайды әрі сол уақытта әріптердің дыбысталуын және сол тілде сөйлейтіндердің минталитетін де үйрене бастайды. Егер қойылған көрініс барлығына, яғни үлкен және кіші жастағы студенттерге сай болса.

Кейбір мамандар бұл әдістеменің тиімсіз жақтары бар деген ой айтады: Біріншіден, оқушылар үшін қолданылатын тіркестерді түсінуі қиын болады. Ол тіркестер грамматикалық негізде түсіндірілмегендіктен бірден түсіну ауыр келеді. Екіншіден, бұл үлкен жастағы тіл үйренушілер үшін көбінесе, лайық болмайды. Өйткені үлкен жастағы адамдар жаттығуға бірден кіріспестен бұрын, алдымен оның мән-мағынасын түсініп алғанды ұнатады.2

Біз бұл әдістемемен қоса есту және сөйлеу арқылы оқыту әдістемесін де талқыға саламыз. Көрініс қою арқылы үйрету әдістемесінің негізігі бөлігі, ол – әдетте, қолданатын тіркестерді қалыптастыру. Бұл әдістеме әдеттегідей қолданатын тіркестерді қалыптастыру үшін мынандай болжамға сүйенеді: 1. Кез келген тілді үйрену үшін алдымен, белгілі бір тіркестерге машықтануы қажет. Бұл тіркестер тіл үйренушіге әрі қарай дұрыс ойлануға дамуға мүмкндік береді. Егер тіл үйренуші осындай әдістерге ынтық болған болса, күнделікті өмірде қолданса, тілді тез үйрене алады.

Негізінен студенттер теориядан бұрын тәжірибе жүзінде тез үйрене алады.

Бұл болжамдардан мынандай тұжырым жасауға болады. Студент алдымен тілге жақсылап бейімделеді. Әрі тілді сөлеу барысында қолданылған әртүрлі тіркестерді есту арқылы тыңдап үйренеді. Бұл әдістеменің мамандары грамматикалық ережелерді мысалдармен үлгілерді қолданып, жаттығу жасату арқылы жаттатып оқытқанды жөн деп санайды, яғни алғашқы кезеңде грамматикалық ережелерді түсіндірудің қажеті жоқ. Оқушы алғашқы кезеңде көптеген тіркестерді жаттап, сөйлесуге машықтануы тиіс. Сонымен қатар машықтанған тіркестерді бір-бірімен байланыстыра отырып, күнделікті өмірде қолдануы керек.



Ладо және Фрайз бұл әдістеме алты бөлімнен тұратынын айтқан:

  1. Кіріспе мысалдар болу керек.

  2. Жаңа сабаққа байланысты оқушылардың назарын аудару, сыныпта жаңа ережеге байланысты көрнекі құралдар болу қажет.

  3. Жаңа ережені әртүрлі жағдайда қолдануға байланысты бір топ мысалдар болуы тиіс.

  4. Жаңа сабақтың аясын кеңейтетін жаттығулар қажет.

  5. Жаңа сабақ төңірегінде кейбір ескертулерге тоқталу, бұл кейбір оқушылардың сұрағын қанағаттандыру үшін болады.

  6. Кіріспе мысалға қайталау жасау. (Ладо) және (Фрайз) сабақ соңында жаңа сабаққа байланысты оқушыларға түсінікті болу үшін қысқаша талқылау жасау керек деген ой айтады.

  7. Осы талқылаудан соң оқушылар жаттығу жасауы тиіс. Үй жұмысы болса, сыныпта шешімі табылған жаттығуларды қарастыру керек.

Бұл екі әдістеменің мақсаты (көрініс арқылы, стандартты оқыту) негізінен бір кезеңге арналған. Сабақ көрініс арқылы үйретумен басталады және көріністе қолданылған тіркестерге студенттер жаттығу жасаумен сабақ аяқталады. Бұл процесс келесідегідей кезеңдермен жүзеге асады:

  1. Студенттер оқытушыдан қысқаша әңгіме немесе болған оқиғаны тыңдайды.

  2. Оқытушы айтқан әңгімесін топпен және студенттермен жеке-жеке қайталайды.

  3. Студенттер машықтануы үшін оқытушы студенттерге қиын болған кейбір тіркестерді бірнеше мәрте қайталайды.

  4. Студенттер содан кейін әңгімені тағы бір мәрте тыңдайды.

  5. Енді оқытушы студенттерге нақты әрі түсінікті сұрақтар қояды.

  6. Студенттер мәтінде келген тіркестерді қолдана отырып,жауап береді. Студенттер оқытушының көмегінсіз өз бетімен тіркестерді қолданатын болған кезде, осы сабақ төңірегінде кеңірек әңгімелесуге дайындау қажет.

  7. Ендігі кезеңде оқытушы түрлі түсті борларды қолдана отырып, тақтаға мәтінде қолданылған тіркестерді жаңа сөз араластыра жазуы қажет. Түрлі түсті бор қолдану студенттердің назарын жаңа сөздерге аударады.

  8. Студенттердің барлығы тіркестерді бірдеңгейде қолдана алатын болған кезде ғана стандартты оқыту әдістемесіне ауысады. Стандартты оқыту әдістемесі дегеніміз оқытуға мақсатталған сабақты жеткілікті түрде қайталау, яғни студенттер ол сабақты жақсылап меңгеруі тиіс. Қайталау тек бір ғана сипатта емес әртүрлі немесе тіркестерді түрлендіре отырып қайталау арқылы жүзеге асуы тиіс. Мысалы: сөздердің орнын ауыстыру, сөйлемдегі бос орындарды толықтыру немесе сұрақтарға жауап беру деген сияқты болуы керек.

Барлық әдістемелерді бір ғана мақаламен егжей-тегжейлі баяндау мүмкін емес. Бұл-тек араб тілінінің грамматикасын шетелдіктерге оқыту әдістемелерінің бірі ғана.

Салтанат КӨШЕРОВА,

Нұр-Мүбарак университетінің магистранты
АРАБ ТІЛІН АРНАЙЫ МАҚСАТТА ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ, ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ҰҒЫМЫ
Араб тілін шетелдіктерге үйрету жалпы құрылымы жағынан екіге бөлінеді: Бірінші: араб тілін жалпылама оқыту бағдарламасы. Бұл бағдарламаға араб тілін күнделікті өмірде түрлі жағдайларда қарым-қатынас ретінде оқыту кіреді. Екінші түрі ол - араб тілін арнайы салаларға лайықты оқыту бағдарламасы. Яғни белгілі қажеттілік үшін оқыту. Бұл бағдарлама өз ішінде: академиялық мақсатқа арналған араб тілі, қызметтік мақсаттарға арналған араб тілі, кәсіпкерлерге арналған араб тілі, педогогтарға арналған араб тілі болып бірнеше бөлімге бөлінеді. Осы бөлімдердің барлығы арнайы мақсаттарға арналған араб тілі бағдарламасының құрамына жатады.
Ұғым және термин

Тілді арнайы мақсаттарға оқыту саласында оқушы ұқпайтын түсіндіруді және анықтауды қажет ететін терминдер мен ұғымдар бар. Егер басқада ізденушілермен келіспеушілікке ұшырасқан болсақ, ол терминдер мен ұғымдарды түсіндіруге және анықтауға мәжбүр боламыз. Егер олай болмаған күннің өзінде басқа әдебиеттерде келгендей және оған қалай анықтама берілген болса, солай ұсынамыз. Төменде солардың ішіндегі ең маңыздылары көрсетілген:


Біріншіден: Өмірлік қажеттіліктерде араб тілін үйрету.

Бұл жерде мақсат етіліп отырған нәрсе ол араб тілін жалпылама оқыту бағдарламасы. Бұл бағдарлама әртүрлі функция мен ерекшеліктерді қамтиды. Тек бұл жерде қатысушылардың (үйренушілердің) мүмкіндіктері кірмейді. Олар тек тілді жалпы өмірлік қажеттіліктерін өтеу үшін ғана үйренеді. Бұндай адамдармен тілдік қажеттілікті анықтау қиынға соғады өйткені олар тілді өмірдің әртүрлі салаларында мысалы: базарда, оқу орындарында, құлшылықта, сапарда т.б. қолданады.



Екіншіден араб тілін арнайы мақсаттарға оқыту:

Араб тілін арнайы оқыту ұғымының аясы кең және анықтамасы да әртүрлі. Кең тараған анықтамалар:



  1. Тілді арнайы мақсатта оқыту тілді оқытуға кіріспе, бұл бірнеше негізге сүйенеді. Мазмұнның мақсаты, оқыту әдістемесі сонымен қатар тіл үйренушілерді сол тілді үйренуге итермелеген себептер.

  2. Кітап негізгі төрт ерекшелікпен ерекшеленеді. Екі арнайы және екі орта деңгей бұл тілді арнайы мақсатта үйретуге қатысты.

  1. Тіл үйренушінің арнайы қажеттіліктеріне бағытталған бағдарлама.

ә. Ол мазмұнына (пәндер,тақырыптар) белгілі салаларға немесе мамандықтарға, құбылыстарға байланысты.

б. Тілді таңдауда бұрынғы өткен құбылысқа қарап, грамматикалық жағына, жеке сөздіктерге, сөйлеу мәнеріне, мағыналарына мән беріледі. Сонымен қатар сөйлеу мәнеріне сараптама жасау да бар.

в. Тілді жалпы оқыту бағдарламасына қайшы келеді.

Тілді арнайы мақсатта үйретудің ерекшеліктері:



  1. Белгілі бір оқыту бағдарламасымен (оқу т.б) ғана шектеледі.

ә. Оған машықтану белгілі бір әдістемелерге бағынышты болмайды.

Қазіргі кездегі кең ауқымды және заманауи анықатама ол Тони Дедлэй Эванз және Маги Джон берген анықтамалар болып саналады. Тілді арнайы мақсаттарға оқыту жоғарыдағыдай төрт негізге емес, үш негізге сүйенеді. Орта мектепке арналған ерекшеліктер және одан шығатын тармақтар.



  1. Тілді арнайы мақсаттарға үйретудің басты ерекшеліктері:

  1. Үйренушінің негіз қажеттіліктеріне бағытталады.

  2. Әдістемелер мен амалдар сол арнайы салаға қызмет етеді.

  3. Тілдік ережелер грамматика, сөздік және тілдік стиль барлығы осы әдістемеге сай болу керек.

ә. Бағдарламаның қосымша ерекшеліктері:



  1. Бағдарлама бір немесе бірнеше салалармен байланысты болуы мүмкін

  2. Тілді үйретудің жалпы бағдарламасымен қоса кейбір әдістемелерде түрлі жағдайлармен қолданылуы мүмкін.

  3. Көбінесе, бағдарлама үлкендерге арналған болуы мүмкін мысалы: университеттерге, қоғамдық ұйымдарға, арнайы мамандықтарға және орта мектепке арналған болуы мүмкін.

  4. Бағдарлама жоғары және орта деңгейдегі студенттерге арналады. Сондықтан осындай бағдарламалардың көпшілігі студенттердің бойында негізгі тілдік негіз қалыптастырады. Сонымен қатар оны бастапқы деңгейдегілерге де қолдануға болады.


Үшіншіден: Тілді арнайы академиялық мақсаттарға оқыту:

Университеттерде араб тілін оқытатындардың арасында кейбір айырмашылықтар бар. Араб тілін арнайы академиялық мақсатқа оқытудың алдында педагогикалық факультеттерде оқыту керек деп есептейді. Яғни осы мамандықтағы студенттерге университетте оқуға көмектесу. Бірақ педагогикалық әдебиеттерде екеуінің арасында айырмашылық бар дейді. Осы жерде арнайы академиялық мақсатқа үйрету дегенге кейбір кітаптарда жазылғандай анықтама ұсынған.

Тони Дидлэй және Маги тілді арнайы академиялық мақсатқа оқыту деген ұғымға мынандай екі анықтама берген:

Ағылшын тілін арнайы академиялық мақсатқа үйрету ол ағылшын тілін жоғары деңгейде оқыту. Ағылшын тілінде сөйлемейтін студенттер мына екі нәрседе көмекке мұқтаж:



  1. Сол тілде оқып жатқан арнайы мамандықтарына

  2. Академиялық оқуға қажетті білімді меңгеруге

Егер студенттің білім алғанда оқылатын тілі ағылшын тілі болмай өз ана тілінде болса, айырмашылық кездеседі.
Төртіншіден: Бағдарламаға қатысты әртүрлі үлгілер.

Кіріспе:

Жоғарыда айтылған терминдермен ұғымдардан шет тілін оқыту әдістемесінің бірнеше түрі бар екені анықталды. Әрі олардың бір-бірінен айырмашылықтары да бар. Бірі тіл үйретуге мақсатталған болса, екіншісі, сол тілді үйренуге мақсатталған топтар. Бұл топтар арасында мәдени айырмашылықтар және басқа да факторлар кездеседі. Сонымен ағылшын тілін оқыту, үйренуші топтарға байланысты бірнеше түрге бөлінсе, ал араб тілін үйретудің тек екі негізгі түрі бар: Біріншісі, араб тілін өмірлік қажеттіліктерге байланысты үйрету (өмірде байланыс құралы ретінде). Екіншісі, араб тілін арнайы мақсаттарға қатысты етіп үйрету (оған арнайы академиялық мақсат кіреді). Осы жерде мынандай сұрақ туындайды: араб тілін өмірлік қажеттілікке үйренетіндер олар өмірдің барлық салаларында араб тілінде сөйлейтіндер (базарда, қоғамдық көліктерде, жұмыс орындарында, асханаларда т.б) болса, арнайы академиялық мақсатта үйренетіндер кімдер?

Бағдарлама және жағдайлар:

Төменде кейбір араб тілін арнайы мақсатта үйрету бағдарламалары үсынылған:



  1. Каир қаласындаға әл-Азһар университетіне келетін араб емес студенттерге араб тілін оқыту. Бұл баағдарлама екі деңгейден тұрады: біріншісі, студенттің жалпы араб тілін түсіну мақсатында оқытылады. Ал екіншісі: студенттердің болашақтағы мамандықтарына қатысты (дін негіздері, араб тілі, Құран, хадис т.б) Бұл бағдарлама егер студент болашақта университетке дайындалған болса, педагогикалық мақсатқа арналған бағдарлама.

  2. Араб тілін ақпарат қызымткерлеріне оқыту бағдарламасы: бұл бағдарлама Еуропада, Азияда және Африкада бар. Мысалы, Африкада ақпарат саласында жұмыс істейтіндерге арналған арнайы курс бар. Бағдарламаның бұл түрі қызыметтік мақсатқа арналған араб тілі деп аталады.

  3. Мұнай компаниясында істейтін қызметкерлерге арналған араб тілі бағдарламасы. Бағдарламаның бұл түрі араб жазирасында орналасқан мемлекеттерде кең таралған, соның ішінде «Арамако» компаниясы, ол жерде шетелдіктерге арналған араб тілін үйрету бағдарламасы әзірленген. Бағдарламаның бұл түрі сауда саласына және бизнесмендерге арналған араб тілі деп аталады.

  4. Дәрігерлерге арналған араб тілін үйрету бағдарламасы. Бұл бағдарлама кейбір араб мемлекеттерінде қоғамдық ау- руханаларда өткізіледі. Әсіресе, шетелдік мамандарға оқытылады. Бағдарламаның бұл түрі медицина саласына арналған араб тілі деп аталады.

  5. Ағылшын, Америка, Қытай, Ресей, Жапон университеттері шығыстану магистратурасында оқитын студенттерге арналған араб тілі бағдарламасы. Бұл бағдарлама тек шығыстанушыларға арналған, бағдарламаның бұл түрі арнайы академиялық мақсатқа арналған араб тілі деп аталады.

  6. Дипломаттарға арналаған араб тілі. Кейбір елдерде Сыртқы істер министрлігіне қарасты өкілдіктерде оқытылады. Соның ішінде Мысырда осындай бағдарлама бар. Бұл бағдарлама елшіліктерде хатшы болып қызмет атқаратын мамандарға арналған. Бұл дипломатиялық мақсатқа арналған араб тілі деп аталады.

  7. Араб тілін арнайы технологиялық мақсаттарға қатысты оқыту. бұл бағдарлама араб емес студенттерге оқытылады. Мысалы «Мәлик Фаһд мұнай» университетінде шетелдік студенттерге оқытылады. Ол студенттер болашақта зертханаларда, цехтарда жұмыс істейтіндер. Бағдарламаның бұл түрі техникалық мақсаттарға арналған араб тілі деп аталады. Бұл бағдарламамен басқа араб тілін шетелдіктерге оқыту бағдарламасын біріктіруге болмайды. Егер олай болса, бағдарлама мазмұны өзгереді.

  8. Араб тілін ислам ғылымдарын меңгеруге және араб тілін зерттеуге арналған мақсатта оқыту. Бағдарламаның бұл түрі оңтүстік Шығыс Азиядағы ислам мемлекеттерінің университеттерінде оқытылады. Мысалы: Малайзия, Үндістан, Пәкістан т.б. Бұл университеттерде азиялық студенттер араб тілін және ислам ғылымдарын араб тілінде мамандық ретінде оқиды. Сонымен қатар ол университеттерде араб тілін оқытатын орталықтар бар. Бағдарламаның бұл түрі араб тілін арнайы академиялық мақсатта оқыту деп аталады. Осы бағдарламамен шеттен келген студенттерге арналған бағдарламаның өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені әл-Азһар университетіне келген студенттер араб тілінде сөйлейтін елге келеді, ал кейін араб тілінде сөйлемейтін елде, яғни өз елдерінде араб тілін оқытады.


Малик ШАРОВ,

магистрант университета Нур-Мубарак
ОЦЕНКА НЕКОТОРЫХ МЕТОДОВ

ПРЕПОДАВАНИЯ АРАБСКОГО ЯЗЫКА
Сегодня наше общество как никогда остро нуждается в высококвалифицированных специалистах исламского вероисповедания, подготовка которых является основной задачей религиозных исламских учебных заведений. Так как все исламские первоисточники знания написаны на арабском языке, подготовка высококвалифицированных специалистов в этой сфере без постоянного совершенствования обучения арабскому языку невозможна. Также следует отметить, что проблемы методики преподавания арабского языка, в общем, обучения арабскому языку, недостаточно, хотя в Казахстане существуют много вузов, где арабский язык преподается как основная специальность.

Термин «оптимальный» (от латинского слова optimus – наилучший) – наиболее соответствующий определенным условиям и задачам. Отсюда под оптимизацией в широком смысле этого слова понимают процесс выбора наилучшего варианта решений любой задачи при данных условиях. Соответственно, оптимизацией обучения называют научно обоснованный выбор и осуществление наилучшего для данных условий варианта обучения с точки зрения успешности решения его задач и реальности затрат времени учеников и учителей.

В целом, процесс оптимизации обучения арабскому языку состоит из совокупности способов. Цель этой статьи – рассмотреть некоторые способы оптимизации обучения арабскому языку. Правильный выбор методов и приемов обучения, учет отрицательного опыта учащихся, отбор учебного материала с учетом учащихся и учет особенностей арабского языка преподавателем при обучении.

Способы и методы преподавания арабского языка

Обучение арабскому языку ведется двумя способами: «раздельный» и «объединенный».


1. «Раздельный» способ

«Раздельный» способ – это когда все разделы арабского языка (чтение, письменная и устная речь, письмо, орфография и грамматика) ведутся раздельно как отдельный предмет со своими программами и учебниками. Достоинство этого способа заключается в том, что преподаватель имеет больше возможностей выявить недостатки студентов в каком нибудь разделе и работать над их устранением, так как для каждого раздела отводится определённое время, и он изучается как отдельный предмет. Наряду с достоинствами, у этого способа имеются и недостатки. Во -первых, от искусственного разделения язык теряет сущность. Это может привести к тому, что студенты в реальной ситуации не могут правильно и безошибочно выразить свои мысли.

Во-вторых, неравномерное развитие навыков и умений студентов в отдельных разделах. Это происходит от того, что преподаватель уделяет большое внимание одному разделу арабского языка и может ослабить внимание в преподавании другого раздела.
2. «Объединенный» способ

Этот способ не предусматривает разделение языка на несколько разделов, а выступает как единое целое. На основе отдельного текста или темы обучаются и грамматике, и чтению, и речи (письменной и устной), письму и орфографии. Этот способ является традиционным (древним). Задача преподавателя арабского языка состоит в том, чтобы использовать позитивные стороны обоих способов, т.е. оптимизировать процесс обучения арабскому языку. Преподаватель должен исходить из принципа, что язык – это явление, выступающее в виде единого целого и разделение его на несколько разделов нужно только ради облегчения обучения.

В прошлом веке возникло бесчисленное множество новых методов, претендовавших и претендующих на «лучшие» результаты обучения. Вместе с изменением методов обучения развивалось само понятие «метод обучения». В настоящее время это понятие не имеет строго однозначного термина, логического обозначения в странах мира.

Так, русскому термину «метод» в современной зарубежной литературе могут соответствовать не только термины method (англ.), methode (нем.),, т.е. термины, обозначающие «подход». В некоторых современных справочниках для учителей, термин «метод обучения» не используется, рассматривается лишь методология (methodology) обучения. В арабской литературе о терминах преподавания арабского языка этот термин обозначается словами طريقة или أسلوب. В - -нашей методике преподавания иностранных языков (ИЯ), как и в арабской методике ИЯ, термин метод (طريقة – араб.), помимо обозначения всей системы, может обозначать отдельные элементы системы (метод обучения грамматике и чтению и т. п.), что соответствует термину прием в литературе других стран. Многочисленность и разнообразие методов с одной стороны открывает преподавателю дорогу к самостоятельному выбору, а с другой стороны, накладывает на него множество дополнительных обязательств: необходимость грамотно выбирать общую стратегию обучения, конкретные приемы, соответствующие его личностным особенностям, запросам и возможностям его учеников, условиям, в которых происходит обучение; учебники, которые рекомендуется в качестве основных и дополнительных, и многое другое. Сложнее помочь преподавателям некоторые аспекты накопившегося в процессе развития методики, для решения задач сделаем небольшой экскурс.

В истории методики существовало много различных методов обучения ИЯ. Мы здесь ограничимся рассмотрением основных методов, с позиции сменивших друг друга методов, в широком понимании этого слова. В европейской и арабской литературе выделяются следующие методы:

1. Переводный (грамматико-переводный и лексико-переводный).

Этот метод известен еще под названием «традиционный». И действительно, этот метод является традиционным для обучения арабскому языку в Средней Азии. Основной принцип этого метода заключается в уделении большого внимания грамматике, чтению и переводу. Родной язык является основным средством обучения. К основным недостаткам этого метода критики причисляют следующее:



  • пренебрежение развитием речи;

  • частое использование родного языка;

  • чрезмерное увлечение грамматикой и грамматическими разборами.


2. Прямой метод.

Распространение прямого метода, пришедшего на смену переводному, было как бы прорывом от языка к речи. Согласно этому методу, большое внимание уделяется устной речи, перевод и родной язык исключается из процесса обучения. Основной принцип обучения в этом методе «подражание» и «заучивание».


3. Словесно-слуховой метод

Некоторые ученые считают этот метод новой модификацией прямого метода. Впервые этот метод был использован в обучении американских военных ИЯ после Второй Мировой войны. Основные принципы метода: язык, в основном речь, устная и письменная, процесс обучения ИЯ должен происходить по следующему принципу: слушание, говорение, чтение, письмо. Это означает, что учащийся сначала слушает, потом говорит то, что услышал (понимая), затем читает то, что говорил, а затем пишет то, что читал или о том, что читал. Этот процесс похож на процесс овладевания ребенком родного языка. Согласно этому методу, самый лучший способ овладения ИЯ – формирование навыков и умений осуществляется посредством частых упражнений, тренировок речевых образцов. Каждый язык сам по себе уникален и поэтому нет необходимости сравнения между языками. Перевод вредит изучению ИЯ. Изучающий должен овладевать языком, а не изучать правила о языке, т.е. должен часто тренировать свою речь, а знания законов языка и грамматические разборы не принесут пользы. Самый лучший преподаватель – носитель языка. У этого метода следующие недостатки:



  • он делает упор на устную речь за счет других языковых умений, значение которых не меньше, чем устной речи;

  • такой порядок, как слушание, говорение, чтение, письмо, не является обязательным, возможно обучению вышеперечисленным навыкам одновременно или возможен другой порядок с учетом особенности памяти учеников;

  • изучения ИЯ путем частых повторов возможно, но этот процесс можно ускорить при умеренном использовании грамматики;

  • умеренное использование перевода в процессе обучения сэкономит время урока;

  • носитель языка не может быть самым идеальным преподавателем, так как часто он не может знать, с какими трудностями сталкиваются учащиеся в процессе изучения, и затрудняется в процессе объяснения и исправления ошибок учащихся.

Для достижения комплексных целей обучения арабскому языку в религиозных высших исламских учебных заведениях необходимо сочетать обязательные занятия с дополнительными, на которых будут использоваться альтернативные методы.

Известно, что каждый язык уникален сам по себе, но надо учитывать то, что языки в чем-то схожи и в чем-то отличаются друг от друга. Знание об этих чертах помогают изучению арабского языка.




Қазақстан Республикасы

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Египетский университет исламской культуры

Нур-Мубарак

исламтану

және араб филологиясы мәселелері

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары

(2010 ж.)

VII

проблемы исламоведения и арабской филологии

Материалы международной научно-практической конференции (2010 г.)

Редакторлары: Самат Қалуов, Олжас Шаяхметов

Компьютерде терген – Кәріпжанова Раушан
Теруге 11.03.2011 тапсырылды. Басуға 14.04.2011 қол қойылды. Қаріп түрі Times

New Roman. Қалыбы 84/108/16. ... баспа табақ. Кітап «Телеарна» баспаханасында басылды.

Баспахананың мекен жайы: Алматы қаласы, Семиречная көшесі 9а.

Индексі: 000518

Тел: (8-72-72)-90-83-54,

Факс: 2-90-81-05;



Моб: 8-777-212-36-03.


1 Му’авийя б. Аби Суфийан (605-680 жылдар шамасы) – алғашқы омеядтық халиф (661-680) Мұхаммед пайғамбармен жауласқан Курейшид көсемдерінің бірі – Абу Суфийана Сахраның ұлы. 630 ж. Мекке алынғаннан кейін исламды қабылдап, Мұхаммед пайғамбардың хатшысы болды.

1 Ахмәд ибн Ханбәл, Мүснәд, Қабәил, 25966; Хаким, Мүстәдрәк, 1/115; Ибн Мәжә, 3950

1 Мүслим, Сиям, 197; Әбу Дәууд, Саум, 54; Ахмәд ибн Ханбәл, 5/297, 299.

2 Мухәммәд ибн Әләуий әл-Мәлики әл-Хәсәни, Хәуләл-ихтифәл би зикрәил-мәулидин Нәбәуииш-шәриф, Каир, 2004.- 15-б.

3 Хуб М. Илк Нурун догушу, Стамбул, 2008.- 100-б.

4 Хуб М. 103-б.

1 Бұхари, Саум 47, 69; Мүслим, Сиям, 127, 128; Ахмәд ибн Ханбәл, 1/291, 310.

2 Әш-Шәми. Субулул-һудә уәр-рәшәд, 1-т., 444-б.

3 Мухәммәд ибн Әләуи әл-Мәлики әл-Хәсәни, Хәуләл-ихтифәл би зикрәил-мәулидин Нәбәуииш-шәриф, 30-б.

1 М. Хуб, Илк нурун догушу, 142-б.

2 Р. әл-Бути, Әхдәфул-ихтифәл би мәулиди сәййдил-әнәм, Хира журналы, 3-сан. Стамбул, 2006.

3 Ибрахим сүресі, 5-аят.

1 Әлуси, Рухул-мәәни. 14/5 аятының тәпсірі.

2 Бәйхақи. Сүнәнул-кубра, 9/300.

3 Ибн Хажар.Фәтхул-бәри, 11/168; әл-Муттақи, Кәнзул-уммал, 12/444.

4 Суюти. әл-Хәуи лил-фәтәуә, 1/196; әш-Шәми, Субулул-һудә, 1/367.

1 «Мәидә» сүресі, 5/114.

2 Иса әл-Хумәйри. Булуғул-мәмулдан алынған. Қараңыз: М. Хуб, Илк нурун догушу, 149-б.

3 Бұхари. НИках, 20; Бәйхақи. Сунәнул-кубра, 7/162.

4 әш-Шәми. Субулул-һудә, 1/367.

1 Юнус сүресі, 10/58.

2 Әнбия сүресі, 107.

3 М. Ибн Әләуий. Хәуләл-ихтифәл би-зикрал-мәулидин-нәбәуииш-шәриф, 28-29-б.

4 М. Хуб, 166-б.

1 Юсую сүресі, 12/111.

2 Сад сүресі, 38/17, 45.

3 Мәриям сүресі, 19/41.

4 М. Хуб, 169-170-б.

1 М. Ибн Әләуий, 34-б.

2 Мүслим, Зәкәт, 69, Илм, 15; Тирмизи, Илм 16; Ибн Мәжә, Иман 14.

3 М. Ибн Әләуий, 35-36-б., М. Хуб, 178-179-б.

1 Түпнұсқада мәтіннің алдымен парсы тіліндегі нұсқасы, сосын арабша аудармасы берілген (А.Х.).

1 Түпнұсқада мәтіннің алдымен парсы тіліндегі нұсқасы, сосын арабша аудармасы берілген (А.Х.).


1 Түркістан (Халықаралық энциклопедия), -А., Қазақ энциклопедиясы, 2000, Б.212.

1 Халидов А.Б. Словари Исхака ал-Фараби и Махмуда ал-Кашгари (из истории лексикографии в Средней Азии Х-ХІ вв) // Письменные памятники и проблемы истории культуры народов востока. Москва. 1987. Ч.4.

2 Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 440 б.

1 Ҳасан Б. Қуръон-и карим сўзларининг арабча- ўзбекча кўрсаткичли луғати. Тошкент, Ғафур Ғулом номидаги Адабиёт ва санъат нашриёти, 1995, -Б.518.

2 Гиргас В. Ф. Арабско-русский словарь Корану и Хадисам. Москва – Санкт-Петербург, «ДИЛЯ», 2006.

1 Оңдасынов Н. А. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. –А., «Мектеп», 1989, Б.63.

1 حسين سليمان قورة: تعليم اللغة العربية، دراسة تحليلية و مواقف تطبيقية ،القاهرة، دار المعارف1969م،ص9

2 فولد فيشر: معالجة القواعد في كتب تعليم اللغة العربية"ندوة تأليف كتب تعليمية اللغة العربية للناطقين باللغات الأخرى، الرباط

1 من 4-7 مارس،1980. (3)JohannaS. Destefano and Sharon E. Fox: language and the language arts. Little. Brawn and Company .

1 محمد صلاح الدين علي مجاور: تدريس اللغة العربية في المرحلة الابتدائية، القاهرة ، دار المعارف (1978)/ ص.666

1 من هذه المحاولات ماقامت كل من المنظمتين (العربية و الإسلامية ) للتربية و الثقافة و العلوم مما شارك فيه المؤلفان ، و ماقامت به معاهد تعليم اللغة العربية

1 Modern Foreign language in the comprehensive secondary School. Washington D.C: Aprepeint of the Bulletin of national association of Secondary Prinsipales June (1959) p.5.

1 Kenneth Croft: Readings on English as a second Language , Winthrop Publishers , inc Cambirdge, Massachusetts(1972)p, 115

1 Kenneth Croft: Readings on English as a second Language , Winthrop Publishers , inc Cambirdge, Massachusetts(1972)p, 115

2 ) J.P.B. Allen and S. Pit Corder . (Ed), Techniques in Applied Linguistics the Edinbargh Course in Applied Linguistics. Oxford university press (1978).p.84


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет