ХІХ ғ. 60 жылдарында психология дербес ғылым ретінде танылды. Вильгельм Вундт (1832-1920) 1879 жылы Лейпцигте Тұңғыш экспериментальды психологиялық лабораторияны ұйымдастырды. Вундт психологияны-сана құрылым ғылымы деді, бұл бағытты құрылымдық көзқарас деп атады. Зерттеуші нақтылы сыртқы жағдайларды жасай отырып, осы кездегі үрдістер ағымын бақылайды. Алайда, адамның өзін-өзі, жеке ішкі күйлерін, сезімдерін, ойларын бақылауы түріндегі бұл бақылаулар интроспекция («ішке үңілу»), өзін-өзі бақылау әдісін қолданды. Мұндай бақылауда басты ғылыми талап-обьективтілік болмайды. осының нәтижесінде ХХ ғасырдың басында, біріншіден, ғылыми обьективтік білімнің дамуы сұрауларының салдарынан және әлеуметтік – экономикалық талаптардың салдарынан, екіншіден, - интроспективтік психологияның дағдарысқа ұшырайтыны белгілі болды.
У. Джемс американдық психолог «Функционалдық көқарас». «Сана ағымы» деген теориясы бар. Сана функциясының адам өміріндегі ролі зерттеуді жалғастырды. Олар: интроспекция, өзін-өзі бақылау, уақытша міндетті шешу фиксациялық әдістерін қолданды. Джемс «үздіксіз сана» түсінігі- мазмұны мен күйінің үздіксіз өзгерісі сана қозғалысының процесі.
Эббингауз (1850-1909) ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басында, белгілі неміс психологы Г. Эббингауз психологияның тарихы қысқа, ал тарих алдындағы кезеңдері ұзақ деп психология туралы қысқа да нұсқа айтты. Бұл жерде, тарих ретінде, философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау және жеке эксперименттік әдістерді ұйымдастыру кезеңі деп аталған психиканы зерттеудің кезеңі айтылған. Эббингауз – есті зерттеу ғылымы психологиясында ең бірінші болып табылады. Ең алғаш эксперименталды әдісті қолданды.
Спенсер Жаратылыстану ғылымының ХІХ ғасырда одан әрі дамуында Ч. Дарвин жасаған эволюциялық ілім аса маңызды кезең болды, адам соған сәйкес органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді. Психикалық өмір эволюция нәтижесі деп танылды. Дарвинмен қатар бұл ойды Г. Спенсер де (1820-1903) айтты және дамытты және Рибо, Бине т.б. дамытты. Ағылшынның ұлы ғалымы Ч. Дарвин (1809-1889) - біздің арғы тегіміз адам тектес маймылдардан пайда болғанын дәлелдегенімен, мұндағы еңбек процесінің шешуші рөлін көрсете алмады.
Отандық ғылымының негізін салушы психолог Сеченов И.М. (1829-1905)- «Рефлексы головного мозга» кітабында (1863) негізгі психологиялық процесс физиологиялық трактовкадан алады.
Достарыңызбен бөлісу: |