Қолтырауындар немесе Крокодилдер отряды (лат. Crocodylia, гр. κροκόδειλος - малта тастай құрт) — бауырымен жорғалаушылардың архозаврлар класы тармағының отряды.
. Қолтырауынның басқа бауырымен жорғалаушылардан ерекшелігі – жүрегі 4 камералы (қуысты). Өкпесі үлкен әрі күрделі құрылысты. Қуығы жоқ.
Дене пішіні кесірткелерге ұқсас. Қолтырауындардың қазіргі кезде 23 түрі мен түр тармақтары бар. Қолтырауын 3 тұқымдасқа (аллигаторлар, гавиалдар және нағыз қолтырауындар) жіктеледі. Олар Африкада, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Солтүстік Аустралияда және Жаңа Гвинея аралдарының өзен сағалары мен теңіз жағалауына жақын жерлерде, көпшілігі тропиктік және субтропиктік ендіктердегі тұщы су айдындарында (өзен, көл) тіршілік етеді.
3-деңгей
10.Құстардың ішкі анатомиясын салыстырып көрсетіңіз
Құстардың анатомиясы - құс денесінің физиологиялық құрылымы, ерекше бейімделуімен сипатталады, ең алдымен ұшуға арналған. Құстар жеңіл қаңқа мен жеңіл, бірақ күшті бұлшықет жүйесін, қан айналымы мен тыныс алу жүйесін дамытып, метаболизм деңгейіне және оттегінің жоғары деңгейіне ие болды, бұл құстардың ұшуына мүмкіндік берді. Тұмсықтың дамуы сонымен қатар тән асқорыту жүйесінің қалыптасуына әкелді. Барлық осы анатомиялық мамандандырулар омыртқалылардың жекелеген кластары үшін құстардың дәстүрлі және жалпыға ортақ жіктеу жүйелерінде оқшаулануына әкелді
Құстардың қаңқасы мықты әрі жеңіл – өйткені сүйектерінде известь тұздары жиналады және ауа болады, сонымен қатар, бас қаңқа, омыртқа жотасы (арқа сүйек, күрделі сегізкөз), аяқтарының сүйегі бірігіп кеткен. Жалпақ әрі жайдақ төссүйегінде төс бұлшықеттері бекитін күшті қыр сүйегі болады, қабырғаның кеуде және арқа бөлімдері бір-бірімен қозғалмалы байланысқан, сол сияқты төспен және сәйкес омыртқа өсінділерімен де байланысқан
Құстар қаңқасының құрылысындағы ерекшелігі - оның ұшуға жарамдылығы. Ол жіңішке, жалпақ және губкалы сүйектерден тұрады. Олардағы қуыстар қандай қызмет атқаратындығына байланысты не ауамен, не сүйек кемігімен толтырылады
Қанаттары және иық белдеуі — ұшуға бейімделуге байла-нысты ерекшеліктері болған. Иық белдеуі жауырыннан, кора-коидтан және бұғанадан құралады. Бұлардың жоғарғы жақ бастары түйісіп келіп тоқпан жілік бекитін ойықты қалыптас-тырады. Жауырынының тұрқы ұзын, түрі қылыш тәрізді иіліп келеді. Ол қабырғалардың үстінде жылжып қозғала алатын-дай болып орналасқан. Коракоид өте жақсы дамыған, оның бір ұшы төспен ұштасады да, екінші ұшы буын арқылы тоқпан жілікпен жалғасады. Құстардың оң және сол жақтағы бұғаналары бірігіп кетеді — мұны “айыр” сүйек деп атайды. Ол иық белдеуіне серпімділік қасиет береді (28-сурет). Қанат скелеті бес саусақты жануарлардікі сияқты бірнеше сүйектерден құралады. Әйткенмен иық және бұғана сүйектері “өзгермеген, керісінше нашар дамыған.
Омыртқа жотасы — мойын, кеуде, бел, сегізкез және қүймышақ-құйрық бөлімдерінен қалыптасады. Бел омыртқалары ересек құстарда күрделі құрылысты сегізкөз құрамына енеді. Бас күрделі қимылдар жасайтындықтан мойын оыыртқалары ұзын және тез қозғала алады. Құстардың мойын омыртқаларын гетероцельдік омыртқалар деп атайды. Себебі, мойын омыртқалары бір-біріне ер сияқты жалғасады. Мұнын, өзі олардың тез -қимыл жасауын да қамтамасыз етеді. Құстардың мойын омыртқаларының саны 11-ден 25-ке дейін болады. Бас сүйегімен жалғасатын алғашқы екі омыртқасы амниоттардың омыртқалыларының кұрылысына ұқсас болып келеді, оларды атлант және эпистрофей деп атайды.
Кеуде омыртқалары 3-тен 10-ға дейін бір-бірімен сегізкөз және құймышақ омыртқаларымен бірігіп кеткен. Оларда болатын қабырғалар төс сүйегіне қозғалмалы болып бекіген. Қабырға көкірек және арқа бөлімдері болып екі бөліктен тұрады. Олардың қосылған жері, қозғалмалы бекініп, денесінің артына қарай сүйір бұрыш жасайды. Қабырғалардың мұндай құрылысты болуы арнаулы бұлшық еттерінің жиырылуының нәтижесінде төс сүйегін омыртқа жотасына бірде жақындатып немесе қашықтатып отырады. Соның нәтижесінде көкірек көлемі өзгеріп отырады, мұның тыныс алу орындалуда маңызы зор.
Бел омыртқалары өз ара бір-бірімен, мықын сүйектерімен және сегізкөз омыртқаларымен тұтасып бірігіп кеткен. Құйрық омыртқаларының да бірқатары сегізкөз-құймышақ омыртқалар-мен қосылып кеткен. Соның нәтижесінде (10-22) тек қана кұстарға тән күрделі сегізкөз-құймышақ қалыптасады жая омыртқалары құстарда рептилилердегідей екеу болады. Құстар жер бетімен жүргенде денесінің салмағы алдыңғы екі аяғына түседі, сондықтан күрделі сегізкөз организмге тірек қызметін атқарады.Құстарда бос қозғалмалы құйрық омыртқалар 6-9 болады. Құйрық омыртқалары бірден қүйыршық сүйегіне айналады - мұны құйрық сүйек немесе пигостиль деп атайды. Пигостиль біріккен бірнеше құйыршық омыртқаларынантұрады. Құйыршықсүйектеріқұйрық қанаттары бекитін тірегі болып есептеледі.Құйрық сүйектері, құйрық қанаттарының бекуіне мүмкіндік береді.
23.Сүйекті балықтардың ас қорытуын жазыңыз
Балықтардың ас қорыту жүйесі үш бөлімнен тұрады, алдыңғы бөлімі оған ауыз қуысы мен жұтқыншақ жатады. Ортаңғы бөліміне өңеш пен қарын жатады. Одан ары ішек басталады. Бауыр мен ұйқы безі ас қорытуға қатысады. Артқы бөліміне артқы ішек жатады, дербес тесік болып сыртқа ашылады.
Жақсүйектерде және т.б. сүйектерде де тістері бар. Ал тұқы балықтарының желбезек доғаларында жұтқыншақ тістері де болады. Ауыз қуысына көлемді жұтқыншақ жалғасады. Қысқа өңеші қарынмен жалғасқан. Қоректік заттарға байланысты қарынның көлемі мен пішіні әр түрлі. Жыртқыш балықтардың (алабұға, шортан) қарны үлкен әрі созылғыш. Қарыннан аш ішек басталады. Сүйекті балықтардың ішегі едәуір ұзын. Кейбір балықтарда аш ішек пен тоқ ішектің түйіскен жерінде ұсақ тұйық өскіндер болады. Олар ішектің ішкі сіңіру бетін үлғайтады. Тік ішек аналь тесігімен аяқталады. Бауырлық, үйқыбездің өзектері аш ішектің алдыңғы бөлігіне ашылады. Бауыр улы заттар мен зиянды өкімдерді зарарсыздандыруға қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |