1. Цифрлық технологиялар жұмысының негізгі прирциптері


цифрлық технологияларды қолданудың педагогикалық мақсаттары



бет3/35
Дата24.04.2024
өлшемі0,86 Mb.
#201316
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Цкт жауаптары

7 .цифрлық технологияларды қолданудың педагогикалық мақсаттары :Бүгінгі таңда болашақ педагогтерді цифрлық білім беру ресурстарын пайдалануға даярлау – жоғары мектептің ең өзекті мәселесі. Олар қазіргі ақпараттық қоғам талабына сай оқу-тәрбие үдерісінің тиімді ұйымдастырылуына ықпалын тигізумен бірге, білім алушылардың тез өзгермелі ақпараттық қоғамға үйлесімді бейімделуінің, кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыра алатын құзыретті маман тұлғасын дайындаудың әмбебап құралына айналып отыр. Ең алдымен, цифрлық білім беру ресурстары дидактикалық мақсатқа жетуге немесе белгілі бір оқу міндеттерін шешуге бағытталған дайын интерактивті мультимедиялық өнім болып табылады. Қазіргі таңда оларды пайдалану тиімділігі – бұл ақпараттық білім беру ортасына қызығушылықты тудырумен қатар ақпаратқа қолжетімділік дәрежесін қамтамасыз ету және білім сапасын арттыру.
Авторлар цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы білім алушылардың өз бетімен зияткерлік әлеуетін дамытып, білім қорын молайтады. Оларды шығармашылықпен пайдалану арқылы оқу-тәрбие үдерісін қызықты да мазмұнды түрде ұсынуға болатындығын ашуға тырысқан. Мақалада теориялық-әдістемелік әдебиеттерге жан-жақты талдау жасалып, келесі ұғымдар нақтыланып, анықтамасы ұсынылған: «Цифрлық білім беру ресурстары», «болашақ педагогтың цифрлық білім беру ресурстарын пайдалануға дайындығы».
8.Қашықтықтан оқыту
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық), оффлайн (асинхрондық) және кең таралған үшінші түрі вебинар. Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы. Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы. Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы. Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылармен байланыс ең маңызды болып табылады. Тапсырманың анық-қанығын, оқу материалдарына толық қолжетімділіктің болуын және т.б. үнемі бақылау қажет. Электрондық күнделікте топтық хабарламаларды қолдануды ұсынамыз. Сондай-ақ, сіздер осы мақсатта оқушылар арасында танымал болған мессенджерді (Whatsapp және т.б.), тіпті әлеуметтік желілердің ресурстарын пайдалануға құқығыңыз бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет