1 Д. Басқару психологиясы пәні және даму тарихы



Дата26.09.2023
өлшемі70,1 Kb.
#182469
Байланысты:
дәріс 1 БП-3


1 Д. Басқару психологиясы пәні және даму тарихы


Жоспар





Кіріспе

1.1

Басқару психологиясының пәні

1.2

Басқару психологиясының даму тарихы

1.3

Заманауи басқару психологиясы




Қорытынды




Әдебиеттер тізімі



Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. Мақаланың ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құралғаны белгілі. Сондай-ақ сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселелер баса айтылған. Бұл айтылғандардың білім беру және атқарушы билік жүйелеріне үлкен міндеттер жүктейтіні белгілі. Қазіргі заманда батыл іскерлік қадамдарға барып, шешім қабылдай алатын тұлғаларға деген қажеттілік күннен-күнге артып келеді. Бұл орайда жастардың тұлға ретінде қалыптасуына, олардың ой-өрісінің кеңеюіне, болашақ мамандықтары бойынша қызмет ету барысында түрлі табыстарға жетуіне көмекші болатын, өз ой-пікірлерін, көзқарастарын дәлелдеп, қорғай алу дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастыратын басқару психологиясын элективті пән ретінде енгізу ұсынылады. Сондай-ақ оқу құралының мазмұны мен құрылымы жоғары оқу орындарына жасалған бағдарламаға сәйкес және кредиттік оқыту технологиясы талаптарына сай жазылған. Бүгінгі таңда басқару психологиясы педагогикалық оқыту саласында, кәсіби өндірістерде, ғылымдарда әртүрлі іс-әрекеттерді жүзеге асыруға көмегін тигізуде. Осыған орай елімізде туындаған объективтік жағдайларға байланысты қазіргі кезеңдегі жоғары оқу орындарындағы барлық педагогикалық мамандықтар үшін басқару психологиясының білімі жан-жақты және толық меңгерілуі қажет. Әсіресе басқару психологиясы бойынша жоғары оқу орындарында қазақ тіліндегі оқулықтар мен оқу құралдарына сұраныс жоғары.

Оқу құралының жарыққа шығуына еліміздегі жастардың білім алуына қойылып отырған талаптың күшеюі, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық белсенділіктің артуы және ғылыми-практикалық әдебиеттердің жетіспеуі себеп болғаны байқалады. Басқару психологиясы әлеуметтік құбылыс ретінде, басқару ғылымы пән ретінде, оның негізгі басқару мәдениеті, дамуы және даму үрдісі қарастырылады. Оқу құралында басқару психологиясының теориялық негіздері мен практикалық басқару іс-әрекетінің үздіксіз байланысы қарастырылған. Бұл орталық идея оқу құралының құрылымын айқындайды. «Басқару психологиясының әлеуметтік-теориялық негіздері» атты бірінші тарауында баяндалады. Оқу құралының «Басқару іс-әрекетінің маңызы, мәні» атты екінші тарауында басқарудың қызмет түрлері қарастырылып ашылады. Жетекшінің ұйымдастыру жүйесіндегі жеке іс-әрекеті негізгі орын алатындықтан, оны зерттеу басқару іс-әрекетінің басты мәселесі болып табылады. Бұл іс-әрекетті психологиялық зерттеудің қиындықтарын, іс-әрекет мәселесін жалпы ұйымдастырушылықтан бөліп көрсетуді ескеру қажет. Жетекші іс-әрекеті ұйым қызметінің барлық жақтарымен тығыз байланыста болады. Сонымен қатар басқару іс-әрекетінің мәселесі басқарудың барысында ерекше сала ретінде қарастырылуға тиіс. Басқару іс-әрекетінің психологиясын қарастыруда басқару теориясынан байқалатын кең ауқымды оң және теріс нәтижелері болады.
1.1 Басқару психологиясының пәні


Басқару бір уақытта өнер мен жаңа ғылым болып саналады. Ғылым ретінде, басқару өз кезегінде білімдердің жинақталған жиынтығы мен олардың әдістерінің болуын талап етеді. Басқару психологиясы адамдардың басқа адамдарға әсер ету табиғатын, топ және жалпы қоғамды түсіну мен олардың механизмдерінің әсер етуі мен оларды жетілдіру құралдарын қамтамасыз етеді.
Басқару психологиясының тек өзіне тән зерттеу пәні бар, ол- басқарушылық процесті ұйымдастыру заңдылықтарын және осы процесс кезіндегі адамдар арасындағы пайда болған қатынастарды зерттеп, басқару процесінің әдістемелік негізін анықтайды. Сонымен қатар зерттеу обьектісінің спецификасына сәйкес басқару обьектісіне белсенді әсер ету әдісі мен жүйесін құрастырады, және зерттелініп отырған болжауларды анықтайды.
Басқару психологиясының ғылым ретіндегі негізгі міндеті- психологиялық құбылыстарды анықтап, оларды жүйеге келтіру, заңдылықтарын ашып,олардың арасындағы байланыс себептерін тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстарды жасауды анықтау. Сонымен қатар, психология ғылым ретінде, басқару жүйесінің жұмыс сапасын тиімді етіп көтеру мақсатында басқарушылық іс-әрекеттің ерекшеліктері мен психологиялық шарттарын талдайды.
Басқару процесі мынадай жетекшілік іс-әрекеттің нәтижесінде іске асады, бұлардың негізгі бағыттарына: жүйелік басқарушылық ұйымның өзгеруі мен жағдайларды болжаулары және диагностикалау, басқарушылардың іс-әрекет бағдарламасын қалыптастыру, жетекшінің өз іс-әрекетін оңтайлы ету. 
Басқару психологиясы жетекшінің тұлғалық ерекшеліктерін: оның басқарушылық қажеттіліктері мен қабілеттерін, басқарушылық ойлары мен миссиялырның енуін, индивидуалды басқарушылық концепциясын, сонымен қатар, оның өз ішінде қабылдаған басқару ережелері мен принциптерін зерттейді.
Бір ғана басқару көп жағдайда тек дедуктивті және эксперименталды тану әдісіне сүйене алмайды, себебі, зерттелініп отырған құбылысты көпшілік факторлардың әсерінен шектеуге болмайды. Басқару тағыда бір ерекше – интуиция құралын алады. Әрине, интуиция зерттелініп отырған құбылыстың эмперикалық және теориялық білімінің негізінде жатыр, бірақ та интуиция механизімдері бейсаналы түрде ойша процестердің аяқастылық жағдайларын дұрыс шешімге келуін және оның нақты әдістермен байланысын куәләндырады. Жақсы жетекші яғни дұрыс шешім қабылдау кезінде немесе дұрыс жүріс-тұрысты анықтауда рационалды шешім қабылдау қиын жағдайда дұрыс жауап беретіндей басқарушылық сезімді иеленеді. Барлығын басқарып отырған адам, әр уақытта өзгеріп отырған әлеуметтік ортаның және әртүрлі адамдармен тығыз контактіде бола отырып, нақты жағдайларды есепке алып міндетті түрде шешім қабылдар алдында, өзінің тәжірибесі мен интуициясына сүйену керек.
Г. Кунц және С. О. Доннел сияқты зерттеушілердің пікірінше, басқару бұл ең алдымен өнер болып табылады. Олардың тұжырымдарына сәйкес: «барлық шынайы ситуацияда бұл ғылымды қолдану мәні болатын, басқару процесі өнер болып табылады». Дегенмен, бұл өнер мынадай ғылымға сүйенеді, яғни: «Басқару бойынша іс-әрекет өнер болғанымен де, оларды иегертін адамдар, бұл өнер ғылымының негізінде жатқандарды түсініп және қолданса ғана, жақсы нәтижеге жетеді». Егер барлық қоғамдағы топтық серіктестік тиімді әрі маңызды нәтижені көрсетсе, онда басқару- барлық өнерден де маңызды екендігін батыл айтуға болады.
Сондықтанда, тиімді басқару үшін, оның теориялық негізін біліп, практикалық тәжірибе болып, шығармашылық тұрғыда теория мен практиканы қолдана білу керек, яғни басқару ғылымы мен өнерін игеру керек.
XX ғасырдың басына дейін басқару ғылыми зерттеу аймағында жекелей болып саналмады.1911 жылы Ф.У.Тейлордың «Ғылыми менеджмент принциптері» атты кітабының шығуымен байланысты еді, бұнда негізгі басқарушылық еңбектің принциптері көрсетілген, сол себепті ең алғаш бұл жайында әңгімелер айтыла бастады. XXғасырдың 20-жылдарында атақты металлургия компаниясын басқарушы, француз инженері А.Файоль менеджмент принциптері жүйесінің нәтижесін айтып кеткен болатын. А.Фейолдың арқасында басқаруды іс-әрекеттің ерекше спецификасы деп есептеді.
Осы уақытқа дейін психологияның ғылымы ретінде, оның теориялық пен қосалқы бағыттары ретінде қалыптасып үлгерді. Басқарудың психологияға бірігуі нәтижесінде – «басқару психологиясы» деп аталатын қосалқы пәнаралық ғылым пайда болды.
Басқару психологиясын көбінесе менеджментпен шатастырады. Егер де менеджмент бізге не істеу керектігін үйретсе, ал басқару психологиясы оны біз не үшін істеуіміз керектігін, немесе қалай жұмыс жасау керектігін түсіндіреді.
Сәйкесінше, басқару психологиясының пәні болып менеджер іс –әрекетінің психологиялық негізі, яғни: еңбек іс-әрекетінің психофизиологиялық ерекшеліктері, ақпаратты өңдеудің психологиялық ерекшеліктер, адамның адамды қабылдауының механизмдері мен басқа адамдардың бір –біріне әсер ету механизмдерін, еңбек коллективінің қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері мен олардың арасындағы тұлғааралық қатынастарды, басқарушылық шешімдерді қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері мен жалпы басқарушылық іс-әрекеттің психологиялық факторлары жатады.
Басқару психологиясы ғылым мен практика ретінде жетекшілердің психологиялық басқарушылық мәдениетінің дамуы мен қалыптасуын, жұмысшы тұлғасының басқаруды қолдану кезіндегі теориялық және практикалық білімдерінің негізіне керекті жағдайларды, еңбек коллективінің заңдылықтарының қызметі мен тұлғааралық қатынастарды қалыптастырады. 
Басқарушы басқарушылық процестің табиғатын түсіну керек, басқарудың тиімділін жоғарлату құралдарын білу керек, персоналды басқарудағы керекті бұқаралық ақпарат құралдары мен қатынас құралдарын білу керек, еңбек коллективінің психологиялық қалыптасу ерекшеліктерін , адамдармен жұмыс жасаған кезде әр түрлі жағдайлар мен шарттарда болатын басқарушылық шешімді қабылдау үшін білу қажет.
Еңбек ұжымын қалыптастырудың психологиялық факторларына топтағы психофизиологиялық сәйкестік, тұлғааралық әсер ету феномені, еңбек мотивациясы, көрсетілетін шарттар, әлеуметтік – психологиялық климат және басқа да психологиялық құбылыстар жатады. Ал басқарушылық шешімді қабылдаудағы психологиялық факторларға шешім қабылдау процесі мен іс-әрекет нәтижесінің құру мақсатындағылар жатады.
Басқару психологиясы тәжірибелік психологияның саласы ретінде менеджер мамандығы мен кәсіпқой басқарушылардың пайда болуымен біруақытта пайда болған. Басқа да психологияның салалары ретінде бұл салада, индустриалды дамушы қоғамның нақты әлеуметтік тапсырысына жауап ретінде туған. 
Басқару психологиясы қоғам дамуының белгілі бір этапында пайда болған, яғни бұл жерде еңбектің максималды нәтижесін алу ғана емес, сонымен қатар, еңбек процесі кезіндегі адамдардың өзіндік білдіру ерекшеліктерін, құндылықтарының шыңдалуын , еңбек нәтижесіне жетуін есепке алу керек. 
Осыған сәйкес, басқару психологиясының пәніне басқару жағдайы көзқарасымен адамдардың қарым-қатынас мәселесі мен өзара әрекеттері келесідей болып табылады:

  • Еңбек процесі кезіндегі тұлғаның өзіндік жетілуі мен өзіндік дамуы.

  • Психологиялық тиімділік көзқарасымен басқарушылық іс-әрекет пен оның ұйымдастырылуы.

  • Еңбек ұжымындағы топтық процесі пен олардың реттелуі.

Басқару процесі кезінде тұлға және оның өзіндік жетілуі мен өзіндік дамуы маңызды ролді ойнайды. Бұл жерде минимум екі жағдай маңызды болып табылады. Біріншіден, басқару психологиясы тұлғаның барлық мінезі, қыры мен сапасын яғни, басқарушылық іс-әрекетін табысты іске асыруға көмектеседі. Екіншіден, басқару процесі кезінде тұлғаны қарастырады.


1.2 Басқару психологиясының даму тарихы

Ағылшынның «management» терминінің (лат. manus – қол) орыс тілінде баламасы жоқ, ол «басқару» және «еңбекті ғылыми ұйымдастыру» ұғымдарының синонимі ретінде жиі қолданылады. Әлеуметтік құбылыс ретінде және адам тәжірибесінің саласында басқару ғылыми зерттеу пәні болғаннан әлдеқайда ерте пайда болды. Адамдарға бірлесе жұмыс істеуге қажеттілік пен қабілеттілік тән болғандықтан, бұл олардың іс-әрекетінің үйлесуін, келісуін, кооперациялануын, яғни бірлескен әрекеттерін басқаруды талап етеді. Біздің дәуірімізге дейінгі мыңдаған жылдар бұрын Көне Мысырда басқару үдерістерін (процесс) жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, орталықтандыру қажеттілігі танылған. Оларсыз Мысыр пирамидалары, көне Ацтек қалалары сияқты ғаламат сәулет ғимараттарын тұрғызу, мысалы, римдік-католиктік шіркеу секілді күрделі әрі кең таралған діни ұйымның табысты қызмет етуі мүмкін болмас еді. Бірте-бірте басқаруды ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері туралы теориялық түсініктердің туындауы үшін алғышарттар қалыптаса бастады. Басқару теориясы дербес ғылыми пән ретінде тек XX ғасырдың басында ғана, психологияның даму тағдырын қайталай отырып рәсімделді. Басқару ақыл-ойы эволюциясының жалпы картинасын және оның негізгі кезеңдерін «басқару континуумы» ұғымы (К.С. Джордж бойынша) бейнелейді; онда басқару туралы түсініктерге революциялық өзгерістер енгізілген оқиғалар атап көрсетіледі. Мұндай оқиғаларға есептелетіндер:
1) сауда операцияларымен айналысқан айрықша түрдегі «бизнесмендердің» түзілуі;
2) Хаммурапи патша (б.д.д. XXVІІІ ғасырда) шығарған халықтың әлеуметтік топтары арасындағы қатынастарды реттейтін заңдар жинағы;
3) құрылыс пен өндіріс салаларына мемлекеттік басқару мен бақылаудың әдістерін ІІ Навуходоносордың біріктіруі (б.д.д. VІІ ғ.);
4) жаңа туындаған капитализм арнасындағы еуропалық цивилизацияның индустриялық прогресі (XVІІ-XVІІІ ғ.) нәтижесінде кәсіби менеджмент туындайды;
5) XІX және XX ғасырлардың ұштасуы кезінде болған «бюрократиялық революция».
Осы кезде басқару теориясы дербес пән ретінде пайда болды. Оның дамуы – ең алдымен оның атап көрсетілген революциялық түрленулерінің маңыздылығына қарамастан, эволюциялық үдеріс. Ол үздіксіз және қоғамдағы барлық өндірістік, әлеуметтік-саяси, экономикалық және көптеген басқа да өзгерістерге ықпал етеді. Мұндай ықпал етудің бірі – басқару тәжірибесін реттейтін камералистиканың, өзіндік сипаттаушы әкімшілік пәннің пайда болуы. Ол әкімшілік басқарудың сот ісін жүргізуден бөлінуіне, әрі қарай әкімшілік басқару ғылымы мен әкімшілік құқық ғылымына бөлінуіне ықпал етті. Басқару туралы ғылымның даму үдерісі басқару теориясының дамуын тежейтін ішкі қарама-қайшылықтармен бірге жүреді. Бұл дамуға ықпал ететін факторлар өндірістің қарқынды дамуы, оны жетілдіру мен қарқынды жүргізу жолдарын табысты ұлғайту негізі ретінде іздестірумен байланысты болады. Бұл себептердің барлығын білу – басқару ғылымының даму тарихы туралы дұрыс түсінік үшін қажет. Тек соңғы жылдарда ғана оның теориясының дамуындағы ең нәтижелі кезең болды, дегенмен мұндай мәселенің маңыздылығын ескере отырып, оны көптеген жылдар бұрын күтуге болатын еді. Коммерциялық іс-әрекет жүздеген жылдар бойы құрметке ие болған жоқ, ұят шаруа болып есептелінді. Аристотель сатусатып алуды «ақшаны жасанды табу» деп атады. Мұндай ісәрекетке теріс қатынас (көзқарас) өте берік болып, біздің уақытымызға дейін жетті. Бұл – басқару ақыл-ой прогресінің тежелу себептерінің бірі. Екінші себебі экономикалық және әлеуметтік ғылымдармен айналысқан ғылымдар өздерінің зерттеулерінде әкімшілік басқару мәселелерін қарастыруды ескермеуінен, өндірістің экономикалық мәселелерімен және саяси жақтарымен шектеліп қалғанынан көрінеді. Сондай-ақ басқа ғылымдардың, мысалы, психологияның мәліметтерін басқаруды жақсарту үшін қолданудағы қиындықтар да кездеседі. Басқару ұзақ уақыт бойы ешқандай да ғылым емес, тек қана өнер деп есептелінді. Басқарушылардың өздерінің зейіні «технология», «баға», «кіріс» сияқты ұғымдарға аударылып келді. Басқару теориясы саласындағы мамандардың пайда болуы және олардың өндірісті ұйымдастырудағы дербес әрі маңызды рөлін тану осы ұйым иелерінің, кәсіпкерлердің билігін шектеуді білдіретін еді, әрине, бұл соңғыларына жақпады. Басқару теориясын рәсімдеуде Ф.Тейлордың «Ғылыми басқару принциптері» (1911) еңбегінің маңызы зор еді. Ф. Тейлор ғылыми басқарудың негізін қалаушы болып есептеледі. Басқарудың ғылым ретінде пайда болуына үлкен бизнестің қалыптасуы әсер етті, яғни қазіргі техниканың артықшылықтарын пайдалануға тырысу және жұмысты орындаудың әлдеқайда тиімді тәсілдерін ашуға тырысқан ізденімпаз адамдардың шағын тобының жетістігі болды.
1.3 Заманауи басқару психологиясы


Басқару психологиясы ғылым ретінде еңбек ұжымының қызметін басқару мәселесін шешуде қолданылатын психологиялық білімді шығарады.
Қызметкердің жеке басын жалпы психология, еңбек психологиясы және инженерлік психология сияқты бірқатар психологиялық пәндер зерттейді. Бұл ретте жұмыс тобы немесе еңбек ұжымы әлеуметтік -педагогикалық психологиямен зерттеледі.
Басқару психологиясының айрықша ерекшелігі оның объектісі адамдардың ұйымдасқан қызметі болып табылады. Ұйымдастырылған қызмет - бұл ортақ мүдделермен немесе мақсаттармен, жанашырлықпен немесе құндылықтармен біріктірілген адамдардың бірлескен қызметі ғана емес, бұл бір ұйымға біріккен, осы ұйымның ережелері мен нормаларына бағынатын және оларға жүктелген бірлескен жұмысты орындайтын адамдардың қызметі. экономикалық, технологиялық, құқықтық, ұйымдастырушылық және корпоративтік талаптармен.
Ұйымның ережелері, нормалары мен талаптары адамдар арасында тек ұйымда болатын ерекше психологиялық қатынастарды болжайды және тудырады - бұл адамдардың басқару қатынастары.
Әлеуметтік-психологиялық қатынастар біріккен қызметтің мақсаттары, міндеттері мен құндылықтары арқылы делдал болатын адамдар арасындағы қарым-қатынас ретінде әрекет етеді, яғни. оның нақты мазмұны. Басқару қатынастары ұйымдасқан бірлескен іс -әрекетті құрайды, оны ұйымдастырады. Басқаша айтқанда, бұл қызметке байланысты емес қатынастар, бірақ қалыптасатын қатынастар бірлескен іс -шаралар.
Әлеуметтік психологияда жеке жұмысшы бүтіннің бөлігі, бөлігі ретінде әрекет етеді, яғни. әлеуметтік топ, оның сыртында оның мінез -құлқы мүмкін емес түсіну үшін.
Басқару психологиясында жеке жұмысшы да, әлеуметтік труппа да, ұжым да олар тиесілі ұйым контексінде әрекет етеді және онсыз олардың басқару тұрғысынан талдауы толық болмайды.
Ұйымдағы қызметкердің жеке басын зерттеу, ұйымның әлеуметтік -психологиялық құрылымы мен ұжымның дамуына әсерін талдау – бұл басқару психологиясының негізгі зерттеу тақырыптары.
Басқару психологиясында, еңбек психологиясынан айырмашылығы, мысалы, бұл қызметкердің өз мамандығына сәйкестігінде емес, кәсіби таңдау мен кәсіптік бағдарлауда емес, қызметкердің ұйымға сәйкестігінде. , ұйымдағы адамдарды іріктеу мәселесі және олардың осы ұйымның ерекшеліктеріне қатысты бағытталуы.
Теориялық және әдістемелік негізі «Басқару психологиясының» - бұл ұйымның жалпы және функционалды басқаруы, сонымен қатар әлеуметтану, психология және философия сияқты пәндер.
Өз кезегінде «Басқару психологиясы», ол ұйым теориясы сияқты өзара байланысты пәндерді зерттеудің іргелі негізі болып табылады; ұйымдық мінез -құлық; стратегиялық, инновациялық және корпоративті басқару, персоналды басқару және т.б.
«Басқару психологиясының» келесі мәселелер бойынша білімді алуға және кеңейтуге болады:
1. Қазіргі басқарудың негізгі концептуалды аппаратын анықтау (пайдалы терминдер мен анықтамалар);
2. Біздің елімізде де, әлемде де қазіргі басқарудың даму тенденцияларын талдау және сипаттау;
3. Басқару негіздерінің мазмұны, оның ішінде:
- ұйымды басқарудың мақсаттары мен функциялары;
-басқару объектісі ретінде ұйым;
-ұйымды басқару әдістері;
-стратегиялық басқару;
-шешім қабылдау процесі;
-адамның ұйымдағы рөлі;
-байланыс пен басқарудағы мотивация;
-ұйымның ұйымдық басқару құрылымдары;
-ұйым тиімділігін өлшеу және бағалау;
Басқару психологиясы - саланың маңызды мәселелерін зерттей отырып, әр түрлі әлеуметтік құрылымдар мен әлеуметтік психологиядағы адамдардың өзара әрекеті. Басқарудағы психологиялық білімді басқару психологиясының негізгі зерттеу пәні процестегі әр түрлі мәселелерді шешуде тиімді қолданылады. Әр түрлі ұйымдардағы, топтардағы және командалардағы әлеуметтік, әлеуметтік психология теориясының объектісі экономикалық, саяси, өндірістік мәселелерді шешуде адамдардың өзара әрекеттесуінің формасы болып табылады.
Әлеуметтік құрылымдарды басқару, адами ақыл -ойдың өзіндік ерекшеліктеріне ие, әр түрлі қателіктер мен білімдерде, жадта, еріктік қасиеттерде, қолдануды қажет етеді. Әлеуметтік психологияның бағыты, менеджмент, басқарудың психологиялық аспектілері, негізгіге бөлінеді. Біздің елде нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, белгілі бір аймақты айналып өтетін ғылыми талдау мен практикалық әрекеттерді басқару терминдерге қолданылды.
Басқару мақсаты тәжірибеде басқарудың жалпы принциптерін қалыптастыруды көздейді. Ол келесі принциптерге сәйкес келеді:
- басқарудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
- тапсырмаларды бөлу, белгілі бір түрлері мен кезеңдері;
- оларды шешу бойынша нақты шараларды өңдеу;
- әр түрлі бөлімшелердің өзара әрекеттесуін реттеу, ұжым ішіндегі міндеттерді бөлу;
- ұжымда формальды иерархиялық құрылымды жетілдіру;
- ұжымда ұсақ бейресми ариламинді есепке алу және талдау;
- байланыс процестерін дамыту және шешім қабылдау;
- адекватты мотивация, бастың стилінің тиімділігі, әлеуметтік жауапкершілікті іздеу және қалыптастыру.
Басқарушы субъект басқарады-жұмыс жасайды. Басариос жоспарлау бөлімінің әсеріне бағытталған өңдеу жүйесін, жүйелік, жүйелік менеджментті ұйымдастырды. Басқару функциялары басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Қорытынды

Қорыта келгенде, «Басқару психологиясы» пәнін меңгерудің мақсаты - шетелде де, біздің елде де ғылым мен тәжірибе жасаған ұйымды басқарудың негізгі түсініктері мен тәсілдерін зерделеу, қазіргі заманның қалыптасуы басқарушылық дүниетаным, ойлау, басқарушылық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру дағдылары мен дағдылары.
Басқарудың түсінігі мен мәні адамзат қоғамының дамуына сәйкес өзгереді, жаңа ерекшеліктер мен ерекшеліктерге ие болады. Басқарудың рөлі мен оған деген көзқарас айтарлықтай өзгерді. Қазіргі уақытта басқарудың адам қызметінің ерекше түрі ретінде маңыздылығы айтарлықтай өсті, басқарудың дәстүрлі шектері кеңейді. Студенттер басқаруы туралы көзқарастардың қазіргі жүйесі ретінде басқару туралы білімді жүйелеу қажеттілігі артып келеді.

Әдебиеттер тізімі


  1. Митин А.Н. Психология управления. – М.:ВотерсКлувер, 2011 – 400 с.

  2. Элекронный учебник. Ахтаева Н.С. «Басқару психологиясы». // "Алла Прима" 2016г. 230стр. Қазақстан.

  3. Ахтаева Н.С.,Әбдіғапарова А.І, Бакбаева З.Н. Басқару психологиясы: Оқу құралы. –Алматы: Бастау баспасы,2010-250б.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет