1-деңгей – теориялық Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі


Әдістемелік журналдардағы мақалаларды рәсімдеу ерекшілігі



бет23/46
Дата25.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#182322
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46
Байланысты:
Наук сессия жауап (1)

21. Әдістемелік журналдардағы мақалаларды рәсімдеу ерекшілігі
Көлемі 3 беттен 5 бетке дейін, пішімі – А 4; тек doc және rtf пішімінде ғана, MS
Word редакторын пайдалану.
Шрифтің мөлшері 12 pt Times new roman (сyr), жоларалық интервал – дара,
барлық жағынан ашық шеттері 2 см, ені бойынша түзетілген, азат жолдың басындағы бос жер 0,8 см, кітаптық бағдар, автоматты тасымалдау, «әдеттегі» стиль.
Парақта мәтінді орналастыру:
1жол – жұмыстың атауы (БАС ӘРІПТЕР, ортасы бойынша түзету, жартылай қою шрифт);
2жол – бос;
3жол – автордың (лардың) тегі, аты, әкесінің аты. Ортасы бойынша түзету;
4жол – мекеме, қала (егер де ол мекеменің атына кіретін болса, қала көрсетілмейді). Ортасы бойынша түзету;
Одан әрі бір интервалдан кейін, мақаланың мәтіні болады (ені бойынша түзету).
4.Мақала аңдатпадан (бос жерлерімен қоса 800-1000 белгі, 7-8 жолдан аспайтын) және қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі негізгі сөздерден тұруы керек. Аңдатпа оның тақырыбы және құрылымы туралы жинақталған ұғым беретін, ғылыми шығарманың мазмұнының қысқаша сипаттамасы болып табылады. Аңдатпа мәтіннен басқа, 3 т. сәйкес рәсімделген, тақырыпты, авторлардың тегін, атын, әкесінің атынан, мекемені, қаланы қамтуы керек. Негізгі сөздер мақала мазмұнының барынша толық ашылуын қамтуы керек. Әрбір нақты материал үшін, олардың мағынасы тәртібімен, 5-6 негізгі сөзді (key words) беріңіз, яғни, мақаланың ең маңызды негізгі сөзі тізімде бірінші болуы керек. Тізімді салдыр-салақ немесе дұрыс жасамау, бұл сұраныстар бойынша, сайтқа сіздің жұмысыңызға қызықпайтын, бөгде адамдардың кіруіне алып келеді. Ұсынылған мақалаға қатысты, негізгі сөздерді (key words), көптеген заманауи ақпараттық жүйелердің, мәнмәтіндік іздеуді тек ғылыми жарияланымдардың атаулары мен аңдатпалары бойынша ғана жүзеге асыратындығын есте ұстай отырып, Abstract қосу керек.
5. Жалпы қабылданған қысқартулармен ғана шектелген жөн және оған жеткілікті түрде негіз болмаса, жаңа қысқартулар енгізуге жоламау керек. Енгізілген қысқартулардың мағынасын ашып жазған жөн.
6. Кестелерде, суреттерде, формулаларда нышандарды, белгілерді белгілеген кезде әртүрлі оқылулар болмауы керек. Суреттер айқын, таза болуы керек. Мәтіндегі суреттерде және кестелерде сілтемелер болуы керек.
7. МЕМСТ сәйкес рәсімделген, пайдаланған әдебиеттің міндетті тізімі (10-нан 20-ға дейінгі дереккөздер). Әдебиеттер тізімі [12], тек шаршы жақшаларда ғана беріледі, авторлық мәтіннен дәйексөз келтіргенде немесе әңгімелегенде [12, 29 б] беріледі. Мақаладағы сілтемелердің нөмірленуі, мақала жанындағы әдебиеттер тізіміндегі дереккөздің тәртіптік нөмірі бойынша жасалады. Мұрағаттық материалдар тізімге енгізілмейді, олардың сілтемелері мәтінге дөңгелек жақша ішіне орналастырылады. Мақалада электрондық қорлардан немесе шалғайдағы қол жетімділіктен (Ғаламтордан) алынған дереккөздерді пайдаланған кезде, әдебиеттер тізімінде дереккөздің библиографиялық жазбасы мен Ғаламтордағы толық желілік мекен-жайы жазылған, желілік қорға сілтеме келтіріледі. Қорға жүгінген уақытты көрсеткен дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет