1-деңгей акт пәнін оқытудың мақсаттын жазыныз


Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту туралы талдау жасаныз



бет36/72
Дата24.12.2023
өлшемі7,1 Mb.
#198864
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72
Байланысты:
АКТ сессия жауабы

20.Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту туралы талдау жасаныз
«АКТ» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаттарының бірі – тыңдаушылардың түрлі аудиториясымен тиімді қарымқатынас орнатуға қабілетті азаматтарды дайындау. Осы мақсатқа жету үшін қажетті дағдыларды дамыту оқушылардың өз ойын еркін білдіре алатын ынталандырушы және қолдаушы орта қамтамасыз етумен бірге жүргізілуі қажет.
Коммуникативтік оқыту технологиясы дегеніміз -пікір алысуға негізделген әдістеме. Ал, адамдар тілді сөйлем түрінде қолданғанда ғана бірін-бірі түсініп, пікірлесе алады.
Айтылым дағдысы.Айтылым дағыдысы туралы ақпаратпен танысу
Оқушылардың функц. сауаттылығын қалыптастыру қағидасы тур.ақпарат беру,айтылым дағдысы бойынша ой бөлісу
Жазылым дағдысы
Жазылым 4 дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін, мұғалімнің өнім алатын дағдысы болып табылады. Кейбір оқушылар табиғатынан шапшаң болады да, тілді игеруде сөйлеуден, тыңдаудан ерекше қабілеттілік танытады. Ал, біреулері қабілеттері бола тұра бетпебет сөйлесу мен тыңдауға келгенде қиындықтарға кездесіп жатады, яғни тым жай қабылдайды.
Жазылым дағдысы қарапайым стратегиялардан бастау алады.
-шимай жазу;
-сызбалар түсіру;
-сөздерді құрастыру;
-белгілеу;
-көшіру;
Оқылым дағдысы
Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу – мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу. Нақты ақпараттарды табу үшін оқу – мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу. Бұл дағдыда тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажет пайыздық көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып алу.
Тыңдалым дағдысы
Тыңдалым дағдысы бойынша: негізгі ойды түсіну, ақпаратты анықтау, түсінгенін практикада қолдана білу бағаланады; Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғышарты – тыңдалым әрекеті болып табылады.Өйткені күнделікті өмірде оқушы көптеген ақпаратты сағат сайын естіп, көріп тыңдайды. Бірақ кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсіну сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Егер оқушы өзіне керек мәліметті тыңдау арқылы тауып үйренсе, ол басқа үш дағдыны (айтылым,жазылым,оқылым), яғни айтылып жатқан мәліметті түсінеді; өз пікірін білдіре алады және басқалармен қарым-қатынас жасай алады; тақырыпқа қатысты деректі түсініп оқиды; көтерілген мәселеге өз көзқарасын жазбаша жеткізе алады.
Ал тыңдалым дағдысы дегеніміз не? «Тыңдалым – «аудирование» деген терминнің білдіретін
мағынасы – «есту арқылы түсіну». Бұл айтылған не техникалық ақпараттарға жазылған аудио мәтіндегі сөздерді, сөйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау және түсіну деген ұғым». Ал «Шет тілдерді игерудің жалпы еуропалық құзыреттері: зерттеу, оқыту, баға» кітабында тыңдалымға келесі анықтама берілген: «Тыңдалым кезінде тілді меңгерген тыңдаушы бір не бірнеше адам айтқан ауызша ақпаратты қабылдап өңдейді». 1.Тыңдалымның мақсаты оқушыны: аудиожазбаның мазмұнын түсінуге, белгілі бір ақпаратты қабылдауға, мәтін детальдарын түсінуге, айтылған ойды толық түсінуге, сөйлеушінің сөзін еш қиындықсыз ұғынуға, ауызекі, анық құрылмаған сөйлеу тілін өзге адамдардың көмегінсіз түсінуге, бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадиобағдарламаларды еркін, түсініп қабылдауға, таныс және бейтаныс тақырыптағы сөйлесімнің негізгі ойын түсінуге, т.б. үйрету.
2.Тыңдалымға арналған белсенді жұмыс түрлері: оқушыларды қоршаған ортадағы кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсінуге бейімдеу керек. Ол үшін сабақ барысында түрлі белсенді жұмыс түрлерін пайдалану көп септігін тигізеді. Оқушыда тыңдалым дағдысын қалыптастыру үшін белсенді жұмыс түрлері өзекті, қызықты, әр түрлі болуға тиісті.
Қорытынды.Жаңа педагогикалық технология - жаңа оқыту амалдары мен ісәрекеттерінен ізденуді талап ететін, яғни, білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізіп, жаңа ізденістерді ұтымды пайдалану арқылы жоғары көрсеткіштерге жету дегенді білдіретін ұғым. Қазақ тілін оқытуда пайдаланылатын маңызды технологиялардың бірі коммуникативтік оқыту технологиясы. Бұл технология өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеп, көптеген мұғалімдердің тәжірибесінен орын алды. Коммуникативтік технологияда тілдік қарым-қатынас алдыңғы орынға шығарылады да, басқа жұмыстар осы бағдарға бағытталады. Қай сыныпта болмасын, оқытудың коммуникативтік мақсаты негізге алынады. Оқулық бағдарламасы оқушылардың өтілген тақырыптарға сәйкес ауызекі сөйлеу дағдысы мен шеберлігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Коммуникативтік / қатысымдық / әдіс оқушы\ мен мұғалімнің тікелей қарым – қатынасы арқылы жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет