Жазық хроматография[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жазық хроматография - стационарлы фаза жазық күйде болатын бөлу әдісі. Станционарлы фаза қағаз беті, қағазға сіңірілген зат (қағаз хроматографиясы) немесе шыны тәрізді тірекке жағылған қатты бөлшектердің қабаты (жұқа қабатты хроматография) болуы мүмкін. Үлгідегі әртүрлі қосылыстар стационарлы фазамен қаншалықты күшті әрекеттесетініне байланысты әртүрлі қашықтықтарды өтеді. Белгісіз затты анықтау үшін әр химиялық заттың нақты тежелу коэффициентінн (Rf) қолдануға болады.
Қағаз хроматографиясы Қағаз хроматографиясы - бұл хроматографиялық қағаздың жолағына үлгінің кішкене нүктесін не сызығын қою арқылы орындалатын әдіс. Қағаз еріткіштің аз мөлшері орналасқан контейнерге салынып, кақпақпен жабылады. Еріткіш қағаз бойымен көтерілгенде, үлгіні өзімен ала кетіп, оны қағаз бетіне жаяды. Қағаз целлюлозадан, полярлық заттан жасалған және қоспаның құрамындағы полярлы заттар целюлозамен әрекеттесіп, онымен байланысады, сондықтан тез тежеліп қалады. Ал полярлығы төмен заттар алдыға жылжи береді.