1-деңгей Органикалық синтезі пәнінің мазмұны мен мақсаты


Экстракция (шаймалау), Сублимация әдісі



бет15/129
Дата01.03.2022
өлшемі5,06 Mb.
#133736
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   129
Байланысты:
хим синтез сессия жауап
ҚЗХЖ толықтырылғын, 7 класқа арналған тест тапсырмалары
9. Экстракция (шаймалау), Сублимация әдісі
Экстракция (немесе шаймалау). Экстракциялау дегеніміз қатты, немесе сұйық заттарды қоспалардан басқа бір еріткіштер арқылы бөліп алу. Мұның мәні мынада: суда немесе су мен қышқыл қоспасында еріп тұрған затты бұл ортаға органикалық еріткіштер кұю арқылы ерітіп, бетіне қалқытып шығарады да, судан бөліп ағызып алады. Экстракциялауды көп жағдайда бөлгіш воронкаларда жүргізеді .
Экстракциялау үшін органикалық еріткіштер: диэтил зфирі, бензол, толуол, хлороформ, дихлороэтан, төртхлорлы көміртегі ,петролейн эфирі, этилацетат және т. б. жиі қолданылады.
Экстракция жүргізудің әртүрлі жолы бар. Олар мына төмендегі әдістер:

  • Мацерация — қалыпты жағдайда немесе бөлме температурасында қатты затты бірнеше қабат аздаған мөлшерлі еріткіште ерітіп экстракциялау;

  • Дигерлеу — қатты затты еріткіштің порцияларымен қыздырып экстракциялау;

  • Перколяция — қатты заттың үстінен еріткішті үнемі ағызып өткізу арқылы экстракциялау;

  • Перфорация — заттың ерітіндісінің ішінен еріткішті үнемі айналдыра өткізіп отыру арқылы (циркуляциялау арқылы) экстракциялау;

  • Қарама - қарсы ағында бөлу — затты және еріткішті бір-біріне қарама-қарсы ағызып, екі түрлі сұйықтық фазаның арасында экстракциялау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет