41.Этерификация реакциясының механизмі
Этерификация (греч. αἰθήρ — эфир жəне лат. facio — жасаймын) реакциясында карбон қышқылдары мен спирттерді минерал қышқылдар қатысында əрекеттестіріп, нəтижесінде күрделі эфир мен су түзіледі.
RCOOH + R’OH ⇔ RCOOR' + Н2О
Эфирлену реакциясы кезінде карбоксил тобының гидроксилі мен спирт молекуласындағы сутектен су молекуласы түзілетіні реакцияға изотоптар енгізу арқылы анықталды.
Құрамында оттектің 180 изотопы бар спиртпен əрекеттестіргенде оттектің ауыр изотопы судың емес күрделі эфирдің құрамында екендігі белгілі болды.
Этерификация реакциясының жылдамдығы қышқыл мен спирттің құрылысына байланысты. Екіншілік спирттерге қарағанда біріншілік спирттердің реакция жылдамдығы екі есе жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |