1. Дене тәрбиесі және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері - қолданбалы ғылым ретінде, оның міндеті, басқа ғылымдармен байланысы. Спорт физиологиясы – спорттық жаттығу негізінде жүретін, бұлшық ет қызметінде қалыптасатын мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін зерттеуге бағытталған адам физиологиясының арнаулы бөлімі. Ол жаттығу процесін қалыптастыра отырып, жоғары спорттық нәтижелерге жетуге негізделген. Спорт физиологиясы дене тәрбиелеу мәдениеті институттары мен университеттерінің дене тәрбдиелдеу факультеттерінде ғылыми ілім есебінде оқытылады. Бұл негізінен енді дамып келе жатқан жас ғылым және педагогикалық ілім.