1. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру


Дидактика педагогиканың бір бөлігі



бет57/77
Дата13.09.2020
өлшемі0,6 Mb.
#78537
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77
51.Дидактика педагогиканың бір бөлігі

Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және түрлерін, формаларын, жеке пәндерді оқыту ерекшеліктерін қоғам талабына сай қолданудың жолдарын қарастырады. Педагогикаға дидактика деген терминді тұңғыш енгізген неміс педагогы В.Радке (1571-1635). Дидактика туралы (1632 ж) «Ұлы дидактика» атты кітап жазған Я.А.Коменский оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып-сабақ жүйесі туралы баяндалған.

Оқыту процесі бес элементтен тұрады:

1.Оқытудың мақсаты

2. Оқытудың мазмұны

3.Оқыту әдісі

4.Оқытушы

5.Оқушы

Принцип- негізгі, жетекші идея, негізгі ережі, іс-әрекетке қойылатын талап деген мағынаны білдіреді. Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы – оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудағы шешуші құралы.

Оқытудың негізгі принциптері, қағидалары:

оқытудың мақсаттылық принципі;

• оқытудың ғылымилық принципі;

• саналылық пен белсенділік принципі;

• жүйелілік пен бірізділік принципі;

• оқытудың өмірмен байланыстылық принципі;( оқу материалының көлемі мен мазмұны балалардың ақыл-ой күштерінің даму дәрежесіне сай болуын олардың жас ерекшеліктерінің үнемі ескеріліп отыруын талап етеді.)

• түсініктілік және шамасына сәйкестілік принципі;

білімнің берік болу принципі;

• көрнекілік принципі;( Көрнекілік оқушыларға заттардың өзін немесе олардың бейнесін тікелей көріп, байқауға мүмкіндік береді.)

• оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру принципі.

ынталандыру принципі;( оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен формаларына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардың оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті болады. Мұғалім сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі өткізуге міндетті.)

• ізгілендіру принципі;( оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. )

• проблемалық принцип



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет