27. Асқазанның ойық жарасы перфорациаланған кезде ауырсыну сипаты мен орны +А) эпигастрийда қанжар сұққандай ауырсыну
Б) оң қабырға астында ұстама тәрізді ауырсыну
В) айналмалы сипаттағы интенсивті ауырсыну
Г) кіндік маңындағы толғақ тәрізді ауырсыну
Д) оң мықын аймағында сыздап ауырсыну
28. Жүкті әйел кезекті дәрігер қарауына әйелдер кеңес беру мекемесіне келді. Жүктілдік мерзімі 28-29 апта. Тексеру барысында АҚ 160/100мм сын.бағ. көрсетті. Аяғында ісігі бар. Зәрдегі ақуыз мөлшері 1г/л дейін. Сәлден кейін әйел басының ауырғанына, көзінің қарауытқанына, құсқысы келетіндігіне шағымданды. Жедел жәрдем көмегі шақырылды. Ол келгенше сіздің тактикаңыз? +А) сульфат магний ерітіндісі 25%-20 мл тамырға 10-15 минут ішінде енгізу
Б) глюконат кальций ерітіндісін 10%-10 мл тамырға баяу енгізу
В) диазепам ерітіндісі 10мг тамырға баяу енгізу
Г) эуфиллин ерітіндісін 2,4%-10 мл тамырға баяу енгізу
Д) сульфат магний ерітіндісі 2,5%-8 мл тамырға 10 минут ішінде енгізу