1. Дәрілік зат, дәрілік препарат, дәрілік форма туралы түсінік


Негізгі және резервті антибиотиктер туралы түсінік



бет21/31
Дата09.02.2023
өлшемі146,17 Kb.
#168190
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
Байланысты:
1. Д рілік зат, д рілік препарат, д рілік форма туралы т сінік

36. Негізгі және резервті антибиотиктер туралы түсінік.
Антибиотиктер негізгі және қосымша (резервті) деп
бөлінеді.
Негізгі антибиотиктер- тиімділігі жоғары, улылығы төмен.Емдеуді осылардан бастайды.
Қосымша(резервті) антибиотиктер – улылығы жоғары, тиімділігі жоғары, кері әсерлері көп немесе оларға микроорганизмдердің тұрақтылығы тез пайда болады.
Негізгі антибиотиктер әсер етпеген жағдайда немесе оларға аллергия, тұрақтылық болғанда қосымша антибиотиктерді тағайындайды.

37. Жұмсақ дәрілік қалыптар. Жұмсақ дәрілік қалыптардың түрлері. Рецепттердің жазу және құрастыру ережелері. Қалыптүзуші заттар.
Жұмсак дәрілік қалыптарга жағылмалар, крем, пасталар, суппозиториялар, пластырьлар жатады. Жағылмалар - Unguenia (Жағылма - Unguentum - атаусеп., ж-ше түрі; Unguenti - ілік сеп., жекеше түрі; Unguenta - ілік сеп., көпше түрі; Қысқартылуы - Ung.) Жағылмалар - консистенциясы тұтқыр, сыртка қолданылатын жұмсақ дәрілік қалып. Жағылмалар әр түрлі дәрілік заттарды (basis) жағылмалық негіздер деп аталатын дәрілік калып түзуші заттармен (constituens) араластыру нәтижесінде алынады. Жағылмалық негіз ретінде әдетте жағылғыш қабілеті бар, жақсы араласатын, бірақ дәрілік затпен әсерлеспейтін, жарық пен ауаның әсерінен өзінің касиетін жоймайтын заттар қолданылады. Аталған талаптарға мұнайдың кейбір өңдеу өнімдері (вазелин, вазелин майы), жануарлардың майы (шошканың тазартылған майы), май тәрізді зат- тар (ланолин, араның балауызы, спермацет) және синтетикалық заттар жатады. Жағылмалар дозаланбаған жұмсак дәрілік калып, рецептте жалпы мөлшері көрсетіледі. Тек резорбтивті әсер көрсететін заттарды жағылма түрінде жазғанда оларды дозаланған түрде жазу кажет. Құрамына қарай жай және күрделі жағылмаларды ажыратады. Жай жағылмалар 2 ингредиенттен - әсер көрсететін бір дәрілік заттан және бір дәрілік қалып түзуші заттан тұрады. 2 немесе одан да көп ингредиенттен тұратын жағылмалар күрделі бо- лып табылады. Қазіргі уақытта көптеген жай және күрделі жағылмалар фармацевтикалық өнер- кәсіпте дайын күйінде шығарылады. Мұндай жағылмалар официнальды және рецептте тек кыскартылған түрде, кұрамы және концентрациясы' көрсетілмей жа- зылады. Recipe.: Unguenti Zinci 20.0
Da Signa. Терінің закымданған бөлігіне жағу үшін.
Коммерциялық атпен шығарылатын жағылмаларды дәл осылай жазуға болады (мысалы, Unguentum «Efcamonum»). Магистральды жағылмалар рецептте төмендегі срежеге сәйкес жазылады: Жағылмалық негізі вазелинде дайындалған жағылманы рецептте қысқартылған немесе толық түрде жазуға болады. Қысқартылған түрде жазғанда әсер көрсететін дәрілік заттың концентрациясын процентпен немесе салмак бірлікпен көрсетеді. Рецепттің үлгісі Құрамында 1% неомицин сульфаты (Neomycini sulfas) бар вазелинде дайындалған 50,0 г жағылманы жазу. Терінің зақымданған бөлігіне жағу үшін. Қысқартылған түрде жазу
Recipe: Unguenti Neomycini sulfatis 1% - 50,0
Da Signa.Терінің закымданған бөлігіне жағу үшін. Толық түрде жазу
Егер рецептте жағылмалык негіз көрсетілмесе және жағылма официнальды бол- маса, онда вазелинде дайындалады. Мұндай жағдайларда көз жағылмасы үшін сусыз ланолиннің 10 бөлігінен және вазелиннің «көз жағылмасы үшін'» деген түрінің 90 бөлігінен тұратын жағылмалық негіз қолданылады. Жағылмалык негізі вазелин емес барлық жай және күрделі офинальды емес жа- ғылмалар тек толық түрде жазылады. Сонымен қатар әсер көрсететін заты (basis) салмақ бірлікпен емес әсер бірлікпен белгіленетін жай жағылмаларда толық түрдс жазылады.
Жұмсақ дәрілік формалар - теріге жағатын дәрінің бір түрі. Оның құрамына шипалық заттар және әр түрлі майлар кіреді. Май дәріні даярлау үшін вазелин, ланолин, шошқаның шарбы майы, глицерин, т.б. қолданылады. Ланолин - қой жүнін жуып, тазарту арқылы алынатын сарғыш қоңыр май тәрізді жабысқақ зат. Май дәрінің май, паста, гекль, крем, суппозитория деген түрлері бар.
Қолданылуы
Май дәрілер ішке арналған болады. Ішке қабылдағаннан кейін емдік әсері 10-30 минутта байқалады. Қабылдау мөлшері 10 мл-ден аспауы қажет.
Сондай-ақ, тері астына енгізетін май дәрінің түрлері де болады. Алайда, тітіркендіретін заттар болса, қолданбау керек.
Май дәрілер жасалған өсімдіктер құрамына байланысты түрлі емдік қасиеттері болады. Эфир майы мен қызыл май секілді белгілі май дәрілер қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, жараны жазу, сергіту мақсаттарында қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет