14.2.Спорттық жаттығуларды сайыс кезеңінде құру ерекшеліктері.
Жаттықтыру бағыттылығы: спорттық пішінді сақтауды қамта- масыз ету.
Міндеттер:
– спортшылардың сайыстарда ойдағыдай шығуын қамтамасыз ету;
– сайыстың шектеулі жүктемелеріне арналған функционалдық дайындықты қамтамасыз ету;
– спортшының техникалық-тактикалық дайындығын жетілдіру;
– спортшылардың тікелей психологиялық дайындығын қамтамасыз ету.
Қолданылатын құралдар. Сайыстарға белсене қатысатын спортшылармен жұмыста орталық орынға ие болатын сайыс жаттығулары мен оның жаттықтыру түрлері кеңінен қолданылады. Жаттықтыру үдерісінің белгілері:
– спортшыны даярлау түрлерінің айрықша бағыттылығы қамтама- сыз етіледі (мысалы, дене дайындығының ағзаның функционалдық дайындығын қамтамасыз етуге арналған бағыттылығы болады):
– спортшыны даярлау түрлерінің тығыз бірлігі қамтамасыз етіледі;
– сайыс жаттығулары мен оларды орындау әдістерін кеңінен қолдану есебінен ағзаның ішкі резервтерін толық жаңарту қамтамасыз етіледі;
– біршама сайыс жүктемелерін орындағаннан кейін ағзаның қайта қалпына келу заңдылығын ескере отырып, тиімді деген сайыстарға қатысуды жоспарлау қажет;
– негізгі сайысқа дайындықтың тікелей кезеңін ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылады;
– сайыс іс-әрекетін модельдеу мүмкіндігі және сайыстарға түсу сипаты қарастырылады; – көбінесе мезоциклдердің сайыс және базалық түрлері қолданыла- ды.
Өтпелі кезеңде спорттық жаттығуды құру ерекшеліктері Жаттығу бағыттылығы: спортшының белсенді демалысын, жал- пы дене, психикалық және басқа да жүктемелер түскен ағзаны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз ету.
Міндеттер: – ағзаның қайта жаттығуын алдын ала ескерту;
– спорттық жаттығудың аяқтаушы және кезекті үлкен циклдері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету. Қолданылатын құралдар. Жалпы дайындық сипатындағы, спортшы ағзасының белсенді демалысын қамтамасыз ететін жалпы дамыту жаттығулары жиі қолданылады.
Жаттықтыру сабақтарының белгілері:
– спорттық іс-әрекеттің сипатын ауыстыруды қамтамасыз ету қажет;
– біртипті, бірқалыпты дене жаттығулары мен жүктемелер жарамайды;
– сабақ ашық жерлерде, орманда, таза ауасы бар таулы жерлерде жоспарланады;
– сабақтың ұзақтығы, орындалатын жұмыстың көлемі мен қарқындылығы біршама қысқарады;
– көбінесе мезоциклдердің қайта қалпына келтіруші-қолдаушы және қайта қалпына келтіруші-дайындық түрлері қолданылады.
Қорытынды орнына: Спорттық жаттығудың кезеңдерге бөліну мәселелерін талқылай ке- ле, спорт мамандары арасында спорттық жаттығуды кезеңдерге бөлу біркелкі емес деген тұжырым қалыптасқан. Атап айтқанда, 1988 жылы спорттың циклдік түрлері арнайы бағытқа салынған, Сеулде өткен Олипиадалық ойындарда спортшылардың ойынын талдау әмбебап спортшылардың белгілі табыстарға қол жеткізгендерін куәландырады. Мысалы, К. Отто, М. Бионди 6 және 5 медальдан иеленді (жүзуден). 2 және одан да көп медальдарға ие болған спортшылар арасында АҚШ өкілдері – 19, ГДР – 16, КСРО – 8, Венгрия – 4. Басқаша айтқанда, жоғарыда көрсетілген фактілерден шығатыны екі мектеп нәтиже- лерінің байқалуы бар: біріншісі – спортшының пәндік мамандануын және спорттық жаттығу заңдылықтары байқалуының барлық талаптарын толық сақтау қарастырылатын тар мамандандырылған мектеп, екіншісі – қатаң мамандануды ескермейтін белгілі дәрежедегі әмбебап мектеп. Бірінші мектеп шеңберінде спорттық жаттығуды кезеңдерге бөлу анық байқалады, ал екіншісінде – жоқ.
Жеңіл атлетика бойынша кенияның белгілі маманы Д. Вильзен 1966 жылы африкандық спортшыларды жаттығудың еуропалық маусымдарынан алдын ала ескертеді.
Ол спорттық жаттығудың кезеңге бөлінуін білмеді. Ол туралы оған А.Д. Новиков пен Л.П. Матвеевтің редакциясымен дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі оқулығы шыққаннан кейін 1968 жылы ғана белгілі болды. Д. Вильзен жоғары сайыс және жан-жақты дайындық жақтасы болды. Кезеңдерге бөлу идеяларымен қаруланбастан кения мамандары төзімділікке жүгіруде белгілі нәтижелерге қол жеткізді. Мысалы, Сеулдегі Олимпиадалық ойындарда олар күміс және қола медалдарды қоспағанда, 4 алтын медальға ие болды. Мұндай табысқа әлемнің жеңіл атлетикадан бірде бір құрама командасы жетпеген. Бұл ойындарда КСРО гимнастшылары 11 алтын, 5 күміс және 3 қола медаль иеленді. Сондай-ақ гимнастшылары 12 медаль топтамасына, ал спорттың циклдік түрлерінің өкілдері 92 медаль топтамасына ойнады. «Спорттық жаттығуды кезеңдерге бөлу» тұжырымдамасын белгілі профессор В.Ю. Верхошанский де көнерген деп есептейді (4). Спортшыларды жеңіл атлетиканың жылдамдық-күш пәндері, жүзу, 138 ескек, шаңғы жарысы және теннис бойынша даярлау практикасында «жаттығудың блоктық жүйесі» қолданылады. Ол жүктемелер мазмұнының белгілі бір концентрациясын (мысалы, күш дайындығы немесе жылдамдық дайындығы бойынша) және жеткілікті уақыт ішінде мамандандырылған жаттығу өткізуді қарастырады. Жоғары білікті спортшы үшін, мысалы, үш үлкен блок ұсынылады.
Ю.В. Верхошанскийдің пікірі бойынша, спортшыларды даярлаудың көне жүйесінің типтік белгісі «жаттықтыру жүктемелерін ұйымдастырудың кешенді-параллельді түрі» болып табылады. Бұл әдістемелік қағидатқа сәйкес бір жаттығу сабағында және микроциклде қозғалыс қабілеттерінің әр түрі бір мезетте дамыды (мысалы, … жылдамдығы, күші, төзімділігі). Мұндай тәсіл барлық осы түрлерді бір мезетте жетілдіруге ықпал етеді деп саналған. Ағзаны жаттықтырушы әсерлер жүктемелердің үш параметрімен: оның көлемімен, қарқындылығымен және олардың үйлесуінің толқын тәрізді белгісімен реттеледі. Ең бастысы «Егер қарсыласты жеңгің келсе, одан артық жаттығу керек». Ол жаттықтыру жұмыстары көлемінің үздіксіз артуымен қосталды. Экстра- классты спортшыда спорттық шеберлікті құрайтын – энергия көздерінің қуаттылығы мен сыйымдылығы, күш қабілеттері, қозғалыс жылдамдығы мен локомоциялар, техникалық шеберлік, спецификалық төзімділік жоғары дамыған. Олардың деңгейлерін тағы арттыру үшін энергияны көп шығындауды талап ететін бұлардың әрқайсысына жоғары қарқынды спецификалық ықпалдар қажет. Егер бұл міндетті жүктемелердің кешенді-параллельді жүйелері негізінде шешсек, бұл жүктемелерге ағзаның тиісті бейіндік реакциялары арасында қарама-қайшылық туындайды. Мұндай жағдайларда ағза олардың спецификалық белгілерін жояды және ондай жаттығуды қарадүрсін «жалпы дене дайындығына» айналдырады. Сонымен, спорттық жаттығуды кезеңдерге бөлу мәселесінде қарама қайшы пікірлер бар. Жекелеген теориялық пікірлердің қателігі туралы «Спорттық пішін заңдылықтарының байқалу ерекшеліктері мен ағзаны спорттық іс-әрекетке бейімдеу» бөлімінде толығырақ айтылған.