1 дәріс Әлеуметтану ғылым ретінде Әдебиеттер



бет9/59
Дата09.01.2022
өлшемі1,2 Mb.
#110414
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   59
Байланысты:
ЛЕК 1

3.

4. Отандық социологияның қалыптасуы едәуір дәрежеде бұл ғылымның кеңестік қоғам дәуірінде дамуымен байланысты. Социология ғылымының осы кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін атап өтейік.

ХХ ғасырдың басында Ресейдегі социологияның дамуы өрлеу үстінде болды. 1917 жылғы революцияға дейін мұнда айтарлықтай жоғары интеллектуалдық әлеует қалыптасты. Ол мыналардан көрінді:

а) академиялық социологияның теориялық зерттеулері басым маркстік емес дәстүрінен - Н.И. Кареев, П.А. Сорокин, К.М. Тахтарев және басқалар;

б) саяси күресте социологияны радикалдандыру басым марксистік дәстүрмен - А.А. Богданов, В.И. Ленин, Е.А. Энгель және басқалар. [21, 72‑б.].

Ресейде ХХ ғасырдың басында басталған социологияның институттану процесі 1922 жылы Лениннің “Жауынгер материализмнің маңызы туралы” (“О значении воинствующего материализма”) мақаласы жарық көргеннен кейін тоқтап қалды, онда оқыту процесіне коммунистік бақылау туралы мәселе қойылған еді. 1918 - 20 жылдары құрылған социология кафедра­лары қудалауға ұшырады. Нәтижесінде П.А. Сорокин, Г.Д. Гурвич сияқты және т.б. қоғамтанушы көрнекті ғалымдар елден көшіп кетті, бұл социологияның ғылым ретінде дамуын мемлекеттік жүйенің қадағалауында өмір сүру және ғылыми дәстүрлерін үзіп алу қаупін төндірді. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы социология белгілі бір дәрежеде жемісті болды. Саяси өкіметтің жаңа түрі орнағаннан кейін өтпелі кезеңдегі революциялық түрленулер нәтижесінде тапсыз социалистік қоғам (буржуазиясыз тарих) - коммунизмнің алғышартын жасау үшін қажет нәрсенің бәрі деп есептелді. Бұл тұрғыдан да кеңестік социология жаңашыл сипатқа ие болды: оның объектісі қоғамдық меншік негізінде құрылатын қоғам болды Қазақстанда 1964 жылы ҚазКСР ҒА Құқық философиясы институтының жанындағы қылмыстың әлеуметтік-психологиялық проблемаларын зерделеу жөніндегі топ ұйымдастырылды, оны заң ғылымдарының кандидаты У.Жекенбаев басқарды. Топ қылмыс социологиясы саласындағы проблемалармен шұғылданды. ғылыми өмірдегі маңызды оқиға КСРО-ға Батыстың көрнекті ғалымдары Р.Аронның, Р.Мертонның, Т.Парсонстің келуі болды (1958 - 64).

1970-ші жылдары Қазақстанда мына бағыттар бойынша бірнеше социологиялық топтар құрылып, жұмыс істеді:

ұлттық қатынастардың дамуын басқару проблемаларын зерделеу жөніндегі топ (1970), жетекшісі - Сужиков М.М.;

ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) рухани-идеологиялық салдарларын зерделеу жөніндегі топ (1974), жетекшісі - Черняк В.А.;

Қазақ политехникалық институты жанындағы өнеркәсіптік социо­логия лабораториясы (1975), жетекшісі - Батырбеков М.Б. [23, 140-б.].

Осы даму кезеңінде социология марксистік әдістеме шеңберінде белгілі бір тәжірибе жинақтады. Осы жылдарда қазақстандық авторлардың - С.Н. Соскин, А.А. Рогачев, У.М. Ысқақов, А.Ш. Алтаев, Н.А. Аитов сияқты ғалымдардың социологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша алғашқы ғылыми еңбектері, социалистік қоғамның, еңбек ұжымының, қала мен ауылдың әлеуметтік құрылымы проблемаларын зерделеуге социологиялық зерттеулер әдістерін қолдану жөніндегі әр түрлі әдістемелік ұсынымдары жарыққа шықты. Л.А. Байдельдиновтің, Ө.К. Шеденовтің, Д.А. Доржтің және т.б. еңбектерінде социологиялық ғылымның қолданбалы жақтары қарастырылды. Социологиядағы жеке тұлғаның проблемалары Ғ.Ғ. Ақмамбетовтің, Т.М. Дәуітовтің [24] және т.б. еңбектерінде қаралған.

Жоғары оқу орындарындағы социологияның қалыптасуы мен дамуына 1996 жылы социологиялық ғылымдардың докторы, профессор К.Ғабдуллинаның жетекшілігімен құрылған “Социологтар академиясы” социологиялық орталығы үлкен рөл атқарды.

Қазақстандық социологияның дамуы мен қалыптасуына Нариман Әбдірахманұлы Аитов ерекше үлес қосты. Ол ондаған ғылыми еңбектер, алғашқы жаңа буын оқулықтарын жазған. А.Ә. Аитовтың жаңа еңбектерінің бірі “Тең емес адамдардың теңдігі” марксистік және қазіргі заманғы әдістемелердің өзіндік ара жігін ашушы болды.

Социология ғылымының қолданбалылық маңызы социологиялық зерттеулер нәтижелерінің мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда пайда­ланылуынан көрінді. Мемлекеттік органдардың жанынан социо­логиялық зерттеулерге мамандандырылған орталықтар құрылған және жұмыс істеуде. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанын­дағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер инстиутты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет ака­демиясының Мемле­кеттік басқару мен мемлекеттік қызмет теориялары мен тәжірибелерінің ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы Парламентінің Ақпараттық-талдау қызметі, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрілігінің Талдау және мониторинг орталығы, бұларда нақты-әлеуметтік зерттеулер, кең көлемді жобалар, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалдар мониторингі жүруде.

Социологиялық қызмет көрсету рыногының дамуы қазақстандық саяси және маркетингтік кеңістікте шынайы сипаттамаларға ие болды. Мемлекеттік орталықтармен қатар талдамалық ақпарат беру және қоғамдық сауал салу мен маркетингтік зертеулер жүргізу жөніндегі қызметтер көрсететін бірқатар жеке меншік орталықтар бар: BRІF Research Group, ЦИОМ, ЦЕССИ - Қазақстан салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институты, БИСАМ-ЦЕНТРАЛ ЭЙЖА, Алматы тәуелсіз социологтар мен саясаттанушылар ассоциациясы, КИСЭИП, КОМКОН 2-Еуразия және т.б. Бұл ұйымдардың аймақтық менеджерлер мен интервьюерлер желісі түріндегі құрылымдары, ғылыми-әдістемелік зерттеу базасы, ақпаратты өңдеудің жаңа компьютерлік технологиялары бар. Жеке меншік компаниялардың коммерциялық негізде қызмет ететіндігінен қымбат тұратын жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет