1 дəріс. Əлеуметтануға кіріспе Жоспар: Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял



бет14/52
Дата28.11.2023
өлшемі395,61 Kb.
#193933
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52
Байланысты:
1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орÑ
Әлеуметтану, Документ (15), лекциялар, Презентация (34), Реферат Тарих, Эссе Қазіргі заман тарихы, жоспар, Салыстырмалы кесте 3саясаттану, Саясаттану кесте 2, рецензия Нарчаевой Р, Адам адамзат айнасы, КТОМ леция мәтіндері 22-23, «Таби и ресурстарды тиімді пайдалану» б лімі бойынша жиынты ба
Бірегейлік – [лат. identificare – ұқсастыру, барабарландыру] – біреудің бір нәрсемен барабар келуі, ұқсастығы. Жеке тұлғаның қандай да бір топқа қатысы тұрғысынан алғандағы сипаты. Психологияда Б. – жеке тұлғаның ішкі құндылықтары мен жанкештілігі сезімі. Қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық әдебиеттерде Б. Мәселесі екі бағытта – жеке және әлеуметтік болып қарастырылады. Біріншісі, жеке тұлғаның өзін дене бітімі, зияткерлік қабілеті, өнегелік мінез-құлқы тұрғысынан сипаттауы (менің осындай қасиеттерім бар). Екіншіден, жеке тұлғаның өзін әртүрлі әлеуметтік топтар қауымдастықтар құрамына (этникалық, демографиялық, діни, саяси, кәсіби, аймақтық және т.б.) жатқызуы. Жаһандану ұлттық және мәдени бірегейленуге аса қиын сын. Ғаламданушы әлемде Б. ғылымның да, күнделікті өмірдің де негізгі өлшеуішіне айналуда. Біріншіден, көптеген қоғамдар, адамдар және жеке тұлғалар бірегейлену дағдарысына ұшырап отыр, екіншіден, жаһандану барысында бірегейлену өзгеріске ұшырауда. Жаһандану процесі барысында бірегейлену мәселесі трансұлттық экономикалық кеңістікте өз орнын белгілеуден, уайым мен үрейді жаншудан тұрады. Ұлттық мемлекет рөлінің өзгеруі мен трансұлттық кеңістіктердің пайда болуы адамдарды ұлттық сезімнен айырмайды. Бірегейлену мәселесі қоғамдардың қауымдастыққа өтуі деңгейінде, мысалы, еуропалық қауымдастық аясында зерттелген. Мұнда көпдеңгейлі плюралистік бірегейлік пайда болады. Егер еуропалық ықпалдасу ортақ ұқсастықтары бар елдер арасында жүріп жатса, онда ғаламдық деңгейде кейбір мәдени әмбебап ортақ мода, туризм, білім сияқты құбылыстарды кездестіруге болады. Еуропалық ықпалдасу жағдайындағыдай жаһандану барысында да елдердің аумақтық, мәдени, тарихи естеліктері сақталады, бірақ, өз елдерінен тыс жерлерде жұмыс істеу мүмкіндігі туады, мәдени қалыптардың ортақтығы арта түседі, біріккен жүйенің мүшесі болу мүмкіндігі туып, өзара байланыстылық кеңейеді. Сонымен қатар жеке тұлға ұлттық белгісі мен азаматтығын әртүрлі қабылдайды. Мәдениеттердің жаһандануы экономикалық қатынастардың, ақпараттардың жаһандануына қарағанда қарқынды емес. Сондықтан да барлық қарым-қатынаста мәдени ерекшелік сақталып қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет