1-Дәріс Геоботаниканың мақсаты, міндеті, негізгі ұғымдар және терминдер



бет22/47
Дата24.04.2023
өлшемі2,55 Mb.
#175314
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47
Байланысты:
darister1-15. geobotania (1)

9- Дәріс
Фитоценоз динамикасы
1.1. Фитоценоз динамикасы
Тұтастай өсімдік жамылғысы және фитоценоз барлық уақытта бірқалыпты болмай, өзгеріп отырады. Мұндай құбылысты екіге бөлуге болады: 1) бір фитоценоздың шеңберінде өзгерістің болуы, яғни қауымдастықтағы эдификаторларпдың ауысуы, түр құрамының, құрылымының кездейсоқ өзгеруіне ықпалын тигізеді; 2) бір қауымдастықтың екінші түріне ауысуы арқылы болатын өзгеріс.
Фиоценоздың алғашқы өзгерісін В.Н. Сукачев (1942) фитоценоздың динамикасы, ал бір түрінен екіншісіне ауысуын өсімдіктер жамылғысының динамикасы деп атауды ұсынды. Өсімдіктер қауымдастығы өзгеру типіне қарай бөлінеді (Александрова, 1964): 1) тәуліктік; 2)маусымдық; 3) жылдық немесе әржылдық (флюктуайиялық); 4) жастық; 5) жандану процесін айқындайтын өзгерістер; 6) өсімдіктер микроэволюциясына себепші болатын өзгерістер.
а) Тәуліктік өзгеру фитоценозда байқалатын, өсімдіктердің тәуліктік ырғақтылығына байланысты.
Мысалы, өсімдіктердегі трансперация қарқыны, тыныс алу, фотосинтез, жапырақтың және гүлдің тәуліктік қозғалуы, гүлдің ашылу және жабылу ырғақтылығының өзгеруі арқылы байқалады. Бұл уақытта өсімдіктер қауымдастығын қалыптастыратын фиотклимат ерекшелігі анықталады.
Б) Маусымдық өзгеру- фитоценозды құрайтын өсімдіктердің даму ырғақтылығының ерекшелігімен анықталады. Мысалы, фитоценозда ерте көктемде эфемероидтардың мол болуы, жазда олардың орнын көп жылдық шөптесіндердің басуы.
В) Флюктуациялық (жылдық және әржылдық) – әр жылда метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне , сонымен қатар әржылдардағы фитоценоздың тіршілік ортасының өзгеруіне байланысты жүреді.
Тұқым өнімділігі, өсімдіктердің вегетативті массасының дамуы жыл сайын өзгеріп отырады.
Флюктуацияның сипатты белгілері (Работников, 1968): өсімдіктердің өзгерісінің қайтымдылығы, флористикалық құрамының тұрақтылығы, жаңа инвазии-доминанттардың болмауы, қауымдастықтың ауысу бағытына бастама болады.
Флюктуацияның белгісі ондағы өзгерістің қайтымдылығында ғана емес, егер фитоценоздың негізгі компонентінің латентті жағдайы сақталатын болса, онда флюктуация деп аталады.
Егер оның бір компонентті өзгеретін болса, фитоценоздың бір түрінен екіншісіне ауысатын сукцессия болып табылады.
Фитоценоздың қандайда бір өзгерісінің барлығы флюктуацияға жатқызыла бермейді, тек флористикалық құрамы тұрақты болғанда жатқызылады.
Мысалы, суы кепкен өзен табанына өскен жербетілік өсімдіктер, өзен суға толы жылдардағы су өсімдіктеріне қатысы болмауы мүмкін. Сондықтан өзеннің кепкен табанындағы өсімдіктер фитоценоздың бір түрінен екіншісіне ауысу болып табылады, флюктуацияға қатысы жоқ.
Күн сәулесінің қарқындылығына байланысты өсімдіктер жамылғысының ылғал сүйгіш түрлерден, ксерофиттерге кезектесіп ауысуы, яғни өсімдіктердің тыныштық күйден белсенді күйге ауысуы флюктузцияға мысал бола алады.
Т.А Работнов боцынша, флюктуайияны туғызатын процестер әржылдардағы метеорологиялық, гидрологиялық жағдайлар және адамзаттың әр түрлі әрекеттері болып табылады.
Бұл алғашқы себептер тек өсімдіктерге ғана әсер етіп қоймайды, жануарларға және микробтарға ықпал етіп, екінші реттік флюктуацияны туғызуы мүмкін.
Байқалуы деңгейіне қарай флюктуация бөлінеді:
a) жасырын-фитоценоздың тіпшілігі үшін аса маңыздыемес, тек нақты есептеулер нәтижесінде байқалуы мүмкін.
Б) қысқа мерзімді – компоненттердің және өнімдердің өзгеру ұзақтығы 1-2 жылға созылады.
в) дигрессивті-демутациялық өзгеріс – салыстырмалы ұзақ жүретін (3-10жыл), өсу жағдайының кеңірек өзгеруі нәтижесінде фитоценоздың бір немесе бірнеше компоненттерінің жаппай өлуі, сәйкесінше эксплеренттердің өсуі.
Г) жасқа байланысты өзгеру – фитоценозды түзетін өсімдіктер популяциясының жастық құрылымының өзгеруі, нақты айтқанда эдификаторлардың жастық (онтогенез) өзгерісі туындайды.
Фитоценоздағы өсімдіктердің ролі оның санымен, экологиялық ерекшелігімен анықталып қоймайды, популяцияның жастық құрамымен анықталады. Сондықтан популяцияға кіретін жеке дарақтар жас айырмашылықтары әр түрлі болғандықтан, жербетілік және жерастылық массасы, тіршілігі жағынан бір- айырмашылығы болады. Қоршаған ортаның өсімдіктерге өсімдіктерге ықпалы болса, популяцияда ювенильдердің саны жоғары болады, ал өзгеріс тереңірек жүретін болса, генеративті дарақтарға өткір әсер етіп, көптеген ересек өсімдіктер вегетативті жағдайда қалады. Бұл өз кезегінде жас дарақтардың азаюыны алып келеді. Жас кезеңдерінің ауысуы ұзақ уақытты алады, бірнеше жылдан ондаған жылға дейін.
Фитоценоздың жастық кезеңінің ұзақтығы түрдің осы фитоценоздағы жағдайына және тұқымдарының өнімділігімен өлшенеді.
Мысалы, Б.Н. Колесниковтың (1968) көрсетуі бойынша, орман фитоценозының онтогенетикалық ауысуы ондағы ағаш түрлік құрамыарқылы, сонымен қатар төменгі ярустағы орман ассоциациясы ішінде белгілі бір уақыт аралығын қамтиды, яғни кем дегенде орман түзуші түрлердің бір ұрпағының тіршілік ұзақтығына тең келетін кезеңді қамтиды (көптеген орман типтерінде 40-300 жылға созылады.) Онтогенетикалық қатардың түзілуі кезінде біртекті сатылардың (этап) морфологиялық белгілерінің ауысу шеңберге белгілі бір заңдылықпен қайталанып отырады. Нақтырақ тоқталар болсақ, орман құраушы породалардың отнтогенетикалық ауысу циклі ұрпақтан-ұрпаққа қайталана отырып, орман түзілу режиміне біртіндеп өзгерістер жинақталады, нәтижесінде орман типі қайтымсыз бағытқа өзгереді.
Жандана өзгеру үздіксіз жандану процесінің жүруіне байланысты (бір дарақтардың орнына екінші дарақтың орнына екінші дарақтың ауысуы, өсуі) фитоценоздың шеңберінде микроценоздың және жеке ттүрлердің өзгеруіне алып келеді.
Мысалы, кәрі ағаштардың орнына парцеллдің қалыптасуы. Ағаштардың бөрік басының тұтасуы төменгі ярустағы өсімдіктердің түрлік құрамын өзгертеді. Сонымен қатар, барлық уақытта ормандағы ағаштардың бір түрі өліп, оның орнын екіншісі басып отырады. Егер орманның белгеілі бір аймағын 20-25 жылдан кейін ағаштардың орналасуын қарайтын болсақ, бастапқымен салыстырғанда белгілі дәрежеде өзгергенін көруге болады. Мұндай эдификатордың жандануына байланысты болатын ауысулар орман қауымдастығында ғана байқалып қоймайды, шалғындық аймақтарда да болады. Шалғындықтардағы ересек дарақтардың өлуі кезінде байқалатын немесе әлсіз байқалатын түрлік құрамның өзгеруін көруге болады. Ересек дарақтардың жаппай өлуі метереологиялық аномалияларға , зиян-кестермен жаппай зақымдануға байланысты, нәтижесінде фитоценозда жаңа дарақтардың жаппай өсуі (бастапқы түрлерге ұқсас немесе басқа түрлер) байқалады.
Е) өсімдік түрлерінің микроэволюциясын қалыптастыратын өзгерістер. Фитоценозды қоршаған орта үздіксіз өзгеріске ұшырап отырады, өсімдік қалдықтарынан топыраққа органикалық және минералды қосылыстар жинақталады, нәтижесінде органикалық заттардың топырақта артуынан ярустың өзгеруі, өсімдіктердің арасында бәсекелестік, микроценоздың өзгеруі және т.б жүреді. Қорыта айтқанда, ценопопуляциядағы өсімдік түрлері үздіксіз табиғи сұрыптауға түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет