1 дәріс. Кіріспе. Тағамдық шикізат және тамақ өнімдерін сақтау ерекшеліктері Дәріс жоспары



бет18/18
Дата07.02.2022
өлшемі113,5 Kb.
#86425
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
№ 1 дәріс Сақтау

Бұзылу түрлері маңызды емес(незначительной), елеулі(ощутимой), маңызды(значительной), зиянды(вредной), қауіпті(опасной) болуы мүмкін.
Маңызды емес бұзылу тұтынушының Сезім органдарымен сезілмеуі де мүмкін, немесе тұтынушы оны сапалы көрсеткіштердің қатарына жатқызуы мүмкін(өнімнің қараюы, консистенциясы немесе дәмінің аздап өзгеруі). Немесе тұтынушы қандай да бір өніммен таныс болмауы мүмкін және оның ерекше қасиеттерін білмеуі мүмкін.
Елеулі бұзылу тұтынушының сезім органдарымен сезіледі, алайда ол тұтынушының әртүрлі деңгейдегі талғамын көрсететін болып саналады немесе жарамды(қолайлы) өндірістік кемшіліктер ретінде қабылданады.
Маңызды бұзылу көп тұтынушылар үшін бірінші кезекте органолептикалық қасиеттерінің қанағаттанарлықсыз болуына байланысты өнімді жарамсыз етеді. Біздің сезім органдарымыз бізді иіс, консистенция, түс, дәмнің өзгеруін сездіру арқылы жарамсыз өнімдерден қорғайды. Маңызды бұзылу өнімнің химиялық құрамдас бөліктеріндегі елеулі өзгерістерге, әдетте, күрделі заттардың ыдырауына және қарапайым, жиі зиянды және қауіпті заттардың жиналуына байланысты.
Зиянды заттар организмнің теріс реакциясын тудырады, ағзаның физикалық қабылдамауы, кейде аллергиялық реакциялардың көрінісі, созылмалы аурулардың өршуіне алып келеді.
Қауіпті заттар ағзаның органдары мен жүйелерінің жұмысына, қан мен сұйықтықтардың химиялық құрамы мен күйіне әсер етуі мүмкін, сал ауруын, тұншығуды және тіпті өлімді тудыруы мүмкін. Зиянды және қауіпті заттардың жинақталу деңгейі маңызды және белсенді екенін есте ұстаған жөн.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет