1 дәріс. Педагогика



бет18/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51
Байланысты:
Дәрістер
Практикалық жұмыс 3 (1)

Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм берудiң iске асырылуы (1960-1980 ж. ж.)


1960-1970 жылдар аралығындағы бiлiм саласындағы басты мiндеттер төмендегідей еді: жалпы мiндеттi орта бiлiм берудi жүзеге асыру; мектептегi бiлiм мазмұнын жаңарту; оқу үрдiсiн жетiлдiру және оқушыларға коммунистiк тәрбие беру болды. Жалпы мiндеттi орта бiлiм беру үрдiсiн жүзеге асыру бiрнеше кезеңге бөлiнiп жүргiзiлдi.

Орталық партия комитетi мен КСРО Министрлер Кеңесiнiң 1966 жылғы 10 қарашада «Орта бiлiм беретiн мектептiң жұмысын жақсарту шаралары туралы» қаулысы қабылданды. Бұл қаулыда жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң материалдық-техникалық базасын жақсарту (жаңа типтi мектеп үйлерiн салу, жаңа мазмұнды оқулықтар даярлап, басып шығару, мектеп кабинеттерi мен шеберханаларын оқу жабдықтарымен және спорт құралдарымен жабдықтау), жоғары сынып оқушыларын мектепке толық тарту үшiн мектеп жүйесiн тиiмдi орналастыру шаралары қарастырылды. Сегiзжылдық мектептi бiтiрген оқушылар оқуын өз еркiмен кәсiби-техникалық және орта арнайы бiлiм беру оқу орындарында жалғастыруы көзделдi.

Осы қаулыға байланысты оқу-тәрбие үрдiсiн қайта құру қарастырылды: бұрын ғылым негiздерi V сыныптан бастап оқытылса, ендi IV сыныптан бастап оқытылатын болды; мектепте оқытылатын ғылым негiздерiне қосымша оқу жоспарына VII сыныптан бастап кейбiр пәндерден оқушылардың таңдауымен факультативтiк курстар енгiзiлдi.

Кейбiр мектептердiң жоғары сыныптарында физика, математика, кейiннен химия, биология, гуманитарлық пәндердi саралап оқыту жүргiзiлдi.



Жақсы жабдықталған селолық мектептерде жоғары сынып оқушылары машина, трактор, комбайн және ауылшаруашылық машиналарды жүргiзудi игердi. Мектептегi тәрбие жұмысын жақсарту мақсатында сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыратын педагог штатқа алынды.

Осы жаңалықтардың мектепке енуiне байланысты 1970 жылы Орта мектептiң жарғысы қабылданды. Қорыта келгенде, жастарға орта бiлiм беру халық шаруашылығында жұмыс жасай алатын кәсiби даярлықпен ұштастырылды.

Оқу орындарының жаңа типтерi. 1959 жылдан жалпыға мiндеттi сегiзжылдық мектептiң санының артуына байланысты толық орта мектеп саны да арта түстi. Одақтың географиялық және экономикалық жағдайына байланысты халық сирек орналасқан жерлерде шағын комплектiлi мектептер сақталып қалды, бұл арада бастауыш сынып оқушыларын отбасында тәрбиелеу қажеттiгi ескерiлдi.

Халықтың тұрмыс жағдайының көтеріле түсуіне байланысты балаларды жан-жақты дамыту, бала мен ананы материалдық жағынан қолдау қызметi, қоғамдық бала бақша мекемелері жүйесiнiң

өрбуi, балалар ағзасының ертерек жетiлуi, бастауыш мектептiң берілетін бiлiм көлемiн төмендетпей, төртжылдық оқудан үшжылдыққа өтуiне мүмкiндiк бердi. Педагогика, психология ғылымдарының және бастауыш мектепте оқыту әдiстемесiнiң жетiстiктерiнiң арқасында бастауыш сынып оқушыларының бiлiм деңгейi соңғы жылдары артқаны байқалды.

Сегiзжылдық мектеп сол кезеңдегi баланы жан-жақты дамыту, ғылыми бiлiм беру, саяси- идеялық, еңбек, эстетикалық тәрбие мен оқушыларға кәсiби бағдар беру мiндеттерiн шештi.

Қалалық және селолық жерлердегі орта мектеп саны өсті, бастауыш және сегiзжылдық мектептердiң саны қысқарды, яғни мектептер iрiлендiрiлдi.

Мектеп оқушыларға кәсiби бағдар берiп, еңбекке тәрбиелеу мен оқытуда үлкен жетiстiктерге жеттi. Еңбек пәнiнiң мазмұны мен оқыту әдiстерi жетiлдiрiлiп, материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Ол үшiн қоғамдық ұйымдар, кеңестiк атқару комиттеттерi, өндiрiс ұжымдары көмек бердi. Жоғары оқу орындарында еңбек мамандарын даярлайтын факультеттер мен индустриялы- педагогикалық техникумдар ашылды.

Мектеп аралық оқу-өндiрiстiк комбинаттар (ОӨК) қалыптасып дамыды, олар тұрақты қаржымен қамтамасыз етiлiп, онда қызмет етуге жергiлiктi өндiрiс орындарынан бiлiктi мамандар тартылды. Көптеген өндiрiс орындары оқу-өндiрiстiк комбинаттарды нығайтып дамытуды өз қамқорлығына алды.

Қорыта келгенде, Одақ кеңістігінде халыққа бiлiм беру жүйесi жаңа типтi тәрбие-бiлiм беру жүйесiмен толықтырылды.

Оқытудың белсендi әдiстерiнiң дамуы және бiлiм берудi жетiлдiру. 1970 жылдары қоғамдағы ғылым мен техниканың қарқынды дамуы мектептегi бiлiм мазмұны мен оқыту әдiстерiн жетiлдiру мәселесiн алға тартты. Сондықтан мектепте оқытылатын ғылым негiздерiн ғылым мен практика жетiстiктерiне сәйкестендiру қажеттiгi туындады.

Оқыту мазмұны мен оқытудың теориялық деңгейiн арттыру жалпы бiлiм беретiн мектептiң жаңа оқу жоспарын, бағдарламаларын, оқулықтарын қайта даярлау жұмыстарын қажет еттi. Осы жұмысты жүзеге асыру үшiн Кеңес одағының барлық бiлiм саласының iрi ғалымдары, белгiлi әдiскерлерi, озат тәжiрибелi ұстаздары қамтылды.

70-ші жылдары ғылым мен халық шаруашылығының жетiстiктерiн ескере отырып, жалпы бiлiм беретiн мектептiң барлық сатыларындағы ғылым негiздерi жаңа мазмұнда құрылды.

Бастауыш сыныптағы оқу бағдарламалары оқушылардың ойлау қабiлетiн арттыруға бағытталды. Оқу материалдары оқушылардың ойлау қабiлетi мен қорытыды жасау мүмкiндiктерiн дамытуға, өз ынта, қызығушылығымен фактыларды бақылай отырып, шешiм iздеу мақсатын қойды. Бастауыш сынып бағдарламалары мұғалiмдердi оқушылардың өзiндiк жұмыстарын және оқу қызметiн ұйымдастыру мәдениетiн арттыруға бағыттады.

Оқытудың жаңа мазмұнға өтуi оқу жоспарындағы гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің сағаттарын өзгерттi, соңғысының сағаттары көбейдi.

1977 жылы қабылданған мектеп құрылысына байланысты үкімет қаулысында оқу бағдарламалары мен оқулықтарын оқушыларға түсiнiксiз күрделi оқу материалдарынан арылту шаралары ұсынылды. Оқытудың жаңа мазмұнға өту тәжiрибесiнде байқалған мәселе, тиiмдi нәтижеге жетудiң басты құралы - оқытуды ұйымдастыру мен оқыту әдiстерi екенiн көрсеттi.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет