1 дәріс. Педагогикалық психология – ғылыми білімнің пәнаралық саласы ретінде (2 сағ)



бет15/30
Дата11.12.2022
өлшемі489 Kb.
#162285
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
Қосымша педагогика психология

Мәселелік сұрақ – бұл мәселелі міндеттер мен оқуға қатысты сұрақтардың негізге алынуы (сұрақ – мәселе) ойлау арқылы жауап беруді қажет етеді. Сұрақ мәселелі емес, есте сақталған заттарды қайта қалпына келтіруді талап ету. Бұған мысал ретінде оқыту сұрақтарында мәселелі немесе мәселелі емес тұжырымдарды суреттеуде: «Л.С.Выготскийдің мынадай сµзін қалай түсінесіздер: «Ескіше айтқанда, ғылыми кµзқараста басқаша тәрбиелеу мүмкін емес. Тәрбиелеуді ұйымдастыру арқылы тәрбиеші оқушыны емес, оқушы µзін-µзі тәрбиелеу керек». Ал, басқа проблемалы емес тұжырымдарға мынадай сұрақтар қоюға болады: Л.С.Выготский 1926 ж. Психологиялық кµзқарасында тәрбие процесін тұжырымдаған болатын, µзінің сол уақыттағы проблемалық түсінігін «европалық мектептердің оқыту жүйесі және тәрбиелеу процесінде кµбіне оқытушы мен оқушының тәрбиесін немқұрайлыққа алып келеді», ол мұны – психологиялық жағынан үйлесімсіз,- деп түсіндіреді»?» (16;82).
Бірінші сұраққа жауап беру үшін тәрбие процесін түсіндіру тұрғысында студенттер ойлануға тура келеді. Ал, екінші сұраққа жауап беру үшін Л.С.Выготскийдің мәселелі емес тұжырымды қандай тұрғыда айтқанын еске түсіру қажет және есте сақтау барысында психологтың қай кµзқарасын жақтайтынын анықтау керек. Бұл жерде бірінші ойлану белсенділік танытады, екіншіден – күштеп еске түсіру.
Психолог – оқушылар тұжырымдаған сұрақтардың бір сұраулы сµзі ғана ойда жүреді, ал қалғандары есте сақталады. Сондықтан да бірінші саты екіншіге қарағанда жиі қолданыста болады деп түсіндіреді.
Ойда тұжырымдалған сұрақтар сұраулы сµздер мен сµз тіркестерін тудырады, «неге», «неден», «қалай (немен) түсіндіруге болады», «қалай түсінуге болады», «қалай айқындауға болады (дәлелдеу)», «оны қалай іздеуге болады (қалай шығуға)» және т.б. Ал, «кім», «не», «қашан», «қайда», «қанша», «қандай» деген сұраулы сµздер мида әрқашан жауапты қажет етеді. Сұраулы сµздер кейде екі түрлі мағынада да қолданылады. Мысалы, «қалай»: негізгі ойдың етістігі бар шығармада жауапты талап етуі мәселелік сұрақ болуы мүмкін (мысалы, «қалай түсіндіруге болады» немесе «қалай түсінуге болады» және т.б.), ал егер мұндай шығарма болмаса, онда бұл мәселелі сұрақ болмайды (мысалы, «Италияның солтүстігіндегі суға толы µзен қалай аталады?» немесе «Шолоховтық батыр Давыдовтың «Тың кµтерілуін» қалай атаған»? »)
Мәселелі тапсырма – бұл оқытушылар, әдіснамашылар, оқулықтың авторларынан құралған мәселелі жағдайда оқыту тапсырмасы. Бұлардың мазмұны әртүрлі болуы да мүмкін: біреуі шынайы µмірге қайшы келсе (шынайы психологиялық коллизия) немесе белгілі автордың қайшылық білдіруі - психология ғылымының дамуына қарсы келеді, тіпті ғалымдар әлі шешімін таппаған мәселелерге ерекше кµзқарас білдіруі мүмкін.
Оқыту принциптерінің мәселелері – оқытудың практикалық әдістерін үйретуді кµздейтін дидактикалық процесс педагогика теориясында жоқ болып табылады. Оның соты қалай: оқыту процесін ұйымдастыруда оқу материалдарының мазмұны оқуды дайын және сақталған күйінде керісінше таныс емес мәселелі мәселелерді береді. Бұл µзіндік ойдың іздену қызметінің негізінде мәселелік мәселелердің шешімі оқытуда анық болады. Мұндай жағдайда оқыту принциптерінің проблемалары ешбірін қажет етпейді, меңгерілген белгінің мазмұнын ұйымдастыру ойлану қызметі арқылы оқытудың негізгі әдістерін кµрсетеді.
Қандай жағдайларда мәселелік жағдайларды тудыратын ойлану белсенділігін арттыратын, оқудағы µзіндік ойлау қызметін сақтау қажет.
Бірінші. Оқытушы оқушыға қажетті тақырыпта жаңа белгі мен істің тәсілін практикалық және теориялық түрде береді. Тапсырмалар біріншіден, оқушыға қатысты белгілермен таныстыра білуі керек, екіншіден, бастауышта меңгерілген белгісіз заңдылықтар мен істің тәсілін анықтау қажет және үшіншіден, оқушы арқылы жеткіліксіз белгілерді алу және оны орындау істің мативті қызығушылықтан туады.
Екінші. Мәселелі белгілер оқушының ұсынысымен ойлау мүмкіндігімен сәйкес келуі: қиыншылықтың жеткілікті болуы ойдың негізгі әрекетіне айналады.
‡шінші. Оқытушы оқытудың шынайы деңгейін ашып кµрсетуі керек.
Тµртінші. Оқушыларды мәселелі жағдайларға тап қылуға тиісті практикалық тапсырмалар, сұрақтар, оқулық міндеттері мәселелік тапсырмалар ретінде қолданылады. Оқушыларға тапсырма сұрақтары оның µзінің тапсырма шарты оқу (тыңдау) кезінде пайда болған сұрақтармен сәйкес келген жағдайда ғана мәселелі бола алады. Мысалы үшін, мынадай тапсырмамен мысал келтіруге болады, сұрақ: «От шығарудың кµне тәсілдері қайсы?» деген сұрақ, сол жерде білім алушыларда пайда болған. Ал, шындығында қандай тәсіл кµне болып табылады? – деген сұрақтарымен сәйкес келеді. Білім алушыларда мынадай сұрақтың пайда болуының µзі олардың кеңдігінің белгісін кµрсетеді.
Бесінші. Мәселелік жағдайлар бір-бірден және игеруге жататын сол сұрақтарға байланысты тапсырмалардың әртүрлі типтері жасалуы мүмкін: а) білім алушылардан лабораториялық тәжірибеде ашып кµрсеткенде әдебиеттерде жазылған немесе оқытушылардың айтқандарынан кейбір нақтылы фактілерді теоретикалық тұрғыдан түсіндіруді талап етілгенде; б) белгілі оқытылған тәсілдердің кµмегімен практикалық тапсырмаларды орындай алмаған кезде, оқушылардан, оқытушыдан алған білімнің жеткіліксіздігімен жаңа білімді қажет ететін практикалық тұрғыдан түсіндіруді талап етеді.
Қажетті нәтижеге осылай қол жеткізіледі: немесе оқушылар белгілі фактілерді түсіндіреді (теорияны µмірде қолдануды оқиды) немесе жаңа білімді алу қажеттілігін сезінеді (оқу қызметінің ықпалды себебі – қызығушылық туындайды).
Алтыншы. Егер оқушылар, мәселелі жағдайға тап болып, одан шыға алмай жатса (фактілерді теоретикалық түсіндіре алмады немесе жаңа білімнің қажеттілігін, немесе әрекет ету тәсілін жете түсінбеді), онда оқытушы пайда болған мәселелік жағдайды тұжырымдап, сонымен қатар, оның шешімі үшін қажетті оқу материалдарын түсіндіруге кірісіп, орындалмаған тапсырмалардың себептерін кµрсетіп, оған назар аударуы тиіс.
Сондықтан жаңа оқу материалын алуда алдын алып шолу жасап түсіндіргенде мәселелік жағдай білімді игеруге қолайлы психологиялық жағдай дайындады, солай болғандықтан білім алушылар тапсырманы орындауға ескі білімнің жетпейтінін, жаңа білімге қажеттілікті жете түсініп, оқытушының түсіндірулеріне қызығушылық танытуы керек екендігін түсінеді. Мұнда біз мәселелі жағдайды жасауда сақталатын алты шартты атап µттік.
Оқытушының жаңа оқу материалын түсіндіре бастаған сәттен бастап оның келесі сатыға µтеді: мәселелі жағдайды құру әрекеті сатысынан білім алушының ойлау әрекетінің ұйымы арқылы білімді игеру процесі басқару сатысына µтеді.
Мұнда да белгілі бір шарттардың сақталуы қажет.
Бірінші. Ол материалын түсіндіруде, оқушылардың мәселелік жағдайда пайда болған сұрақтарына қарау керек, сонымен қатар осы сұрақтармен жаңа білімді қажеттілікті қанағаттандырып, олардың оқу әрекетінің себебі болған танытушы қызығушылықтарына жауап беру керек. Оқу материалдарын түсіндіруде ақпаратты ұсынудың барлық қолданыстағы әдістері мен тәсілдері (әңгіме, дәріс, тәжірибені жинақтап кµрсету), осыған пайдаланатын барлық құралдар (сµз, кино, компьютер, әртүрлі техникалық және білім берудің кµрнекі құралдары) негізінде түсіндіріледі. Сµздерге байланысты айтсақ, (материалды ауызша баяндау), онда ол әртүрлі болуы да мүмкін: мәселелік ой пікірлік немесе хабарлы, бірақ ешқандай да парыздық дүмшелік образда болмайды.
Екінші. Оқу материалын баяндауда оқытушы білім алушылардың білім деңгейін есепке алуы керек. Егер студенттер µзінің жеке пікірінің күшімен, негізінен мәселені шеше алса, онда олардың игерген, ізделіп отырғандарды табуын жалпы заңдылық немесе әрекет ету тәсілі сияқты ашып кµрсетудің қажеттілігі жоқ. Оқытушының мұндай жағдайда шешімінің дұрыстығын дәлелдеп, қайтадан жауапты тұжырымдап, сонымен бірге білім алушының есінде сақтауды бекітіп береді.
Егер, студенттер мәселені шеше алмаса немесе олар басқа жолмен кетіп, дұрыс емес шешімге келді, немесе олардан алынған жауап нақты емес болған жағдайда да мәселелі жағдай білім алушыларда білімге деген қажеттілік пен оқытушының баяндамасын тыңдауға дайын екендігін кµрсететін µзінің жағымды ролін ойнайды. Мұнда, әрине материалдың баяндалуы тек логикалық дәлелде емес, сонымен бірге жаңа заңдылықты немесе нақтылы µмірлік фактілерден, процестерден оқиғаларға әсер ететін жаңа тәсілдің болуы керек.
‡шінші. Егер, оқыту лабораториялық немесе практикалық тапсырма, не семинар-пікірталас немесе семинар-практика түрінде болса, онда студенттер біріншіден қандай қажетті мағлұматтарды пайдалану керек немесе мәселелік тапсырманың қай тәсілін оқу керек екенін түсіну қажет.
Тµртінші. Егер, мәселелік тапсырма топтағы студенттерге шашадан тыс қиын болып келсе, онда мәселелік тапсырмаларды топқа қолайлы болуы үшін жеке мәселелік тапсырмаларға бµліп кµрсетілуі қажет.
Мұндай жағдайлар оқытушының материалдарын, мәселелік тапсырмалардың мазмұнын (тµрт жағдай) түсіндіру процесі оқытушының мәселелік оқудағы әдістерді пайдалану ісіне психологиялық тұрғыда жетекшілік етуімен кµрсетіледі. Оған негізгі проблемалық тапсырмалар мен проблемалық жағдай туғызып отырған оқу материалының шығармалық әдісі жүктеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет