1 дәріс. Психология ғылымының жалпы мєселелері. Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері



бет135/135
Дата08.02.2022
өлшемі1,11 Mb.
#121014
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135
Байланысты:
Психология дәріс толық
1589713958, саясаттану., 1444302169283 (1), Cave Coordinates 1
§ 4. Қабілетті дамыту
Кез келген бейімділік, ең әуелі қабілетке айналу үшін дамудың үлкен жолынан өтуі тиіс. Көптеген адам қабілеттері үшін бұл даму адамның туған кезінен басталады және егер ол қабілеттілігіне сәйкес дамитын әрекеттің сол түрімен шұығлдануын жалғастырса, өмірінің соңына дейін ол тоқталмайды.
Қабілеттің дамуын шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады. Әрбір адам өзінің даму барысында қандай да бір әрекет түрін меңгеруге, сол немес басқа да ықпалға көтеріңкі сезімталдылық кезеңінен өтеді. Мысалы, баланың екі-үш жас шамасында сөйлеу тілі қарқынды дамиды, бес-жеті жасында ол оқуды меңгеруге дайынырақ болады. Мектепке дейінгі жастағы орта және аға буынды балалар рөлдік ойындарды ойнауға құмартады және рөлге жаттығып, түрленуі төтенше қабілетті жария етіп жатады. Ерте ме, кеш пе аяқталынатын арнайы әрекет түрлерін игеруге ерекше дайындық осы кезең екенін атап өту керек, және де қандай да бір қызмет қолайлы кезеңде өз дамуын иемдене алмаса, онда мұның салдарынан оның дамуында төтенше қиыншылықтар болады. Сондықтан баланың қабілетін дамыту үшін тұлғалық сияқты оның барлық кезеңдері маңызды. Бала есейген сәтте жібертіп алған толықтырып алады деп ойлауға болмайды.
Кез келген қабілетті дамытудағы бірінші кезең ол үшін қажетті органикалық құрылымның жетілуімен немесе олардың негізінде қажетті функционалдық мүшелердің қалыптасуымен байланысты. Әдетте бұл туғаннан бастап алты жас аралығында өтеді. Барлық анализаторлар жұмысының жетілдіріліуі, ми қабығының жекелеген бөліктерінің функционалдық дифференциациясы және дамуы осы кезеңде өтеді. Бұл балада арнайы қабілеттердің келешекте дамуы үшін алғы шарт ретінде көрінетіндердің белгілі дейгейін, жалпы қабілеттілікті қалыптастыру мен дамытуды бастау үшін қолайлы жағдайлар туғызады.
Осы сәтте арнайы қабілеттің қалыптасуы және дамуы бастау алады. Арнайы қабілетті дамыту сосын мектеп, әсіресе, бастауыш және орта сыныпта жалғасады. Арнайы қабілеттің дамуына бастабында әр түрлі балалардың ойыны көмектеседі, сосын барып оқу мен тәрбие әрекеті мәнді әсер ете бастайды.
Біздің көріп білгеніміздей, балалардың ойыны ерекше қызмет атқарады. Қабілеттің дамуына бастапқы түйткіл болатын ол ойын. Ойын барысында көптеген қозғалыс,құрылғыштық, ұйымдастырушылық, көркем-суретшілік және басқа шығармашылық қабілеттердің дамуы болады. Сонымен қоса ойынның маңызды ерекшелігі онда бір ғана емес, қатарынан қабілет жиынытығы дамуы болып табылады.
Бала шұғылданатын барлық әрекеттің түрлері ойын, жапсыру және сызу болсын, қабілетті дамыту үшін бірдей мәнге ие екенін атап өту қажет. Қабілеттің жақсырақ дамытатын балаларды ойландыратын шығармашылық әрекет. Мұндай әрекет әрқашан өзіне жаңа мүмкіндіктер ашқанда, өзі үшін жаңа білім ашқанда, кез келген жаңаны құрумен байланысты. Бұл пайда болған қиыншылықтарды жеңуге бағытталған қажетті күштерге қосымша, онымен шұғылдануға күшті және мәнді ынта болып табылады. Оынмен қоса, шығармашылық әрекет өзіне қол жеткізген жетістіктерінен қанағаттылықты сезінуге және өзіне сенімділікті туғызып, талаптылық деңгейін көтеріп, өзін-өзі бағалауын бекіндіреді.
Егер орындап жатқан әрекеті оңтайлы қиындықта тұрса, яғни, баланың шамасынан тыс болса, онда ол Л.С.Выготский жақын даму аймағы деп атаған дамуды іске қоса отырып, өзінің қабілетін дамытады. Бұл аймақта орналаспаған әрекет қабілеттіліктің соншалықты төмен деңгейде дамуына тірейді. Егер ол өте қарапайым болса, онда ол барлық қабілетті ғана жүзеге асырады; егер де ол төтенше күрделі болса, онда орындалынбайды, ал мұның салдары жаңа іскерлік пен дағдының қалыптасуын жасамайды.
Қабілетті дамыту елеулі көлемде бейімділіктерді іске асыруға мүмкіндік беретін шарттарға тәуелді екенін білесіздер. Сондай шарттардың бірі жанұялық тәрбиенің ерекшілігі болып табылады. Егер ата-аналар балаларының қабілеттілігінің дамуына қамқаорлық жасаса, онда балаларда өздерінің кішкентай кезінде өздігінен анықталынған кез келген қабілетінің жоғары дамуына мүмкіндік болады.
Қабілетті дамыту шарттарының басқа топтарын көбінесе макроорта анықтайды. Макроорта деп адамның туып-өскен қоғамының ерекшелігін есептейді. Макророртаның неғұрлым позитивті факторы қоғамның өз мүшелерінің қабілетін дамытуына қамқаорлық жасаған жағдайлары болып табылады. Қоғамның бұл қамқорлығы білім беру жүйесінің тұрақты жетілдірілуінде, сонымен қатар өскелең ұрпақтың кәсіби бағдарын дамыту жүйесінің дамуында көрініп отыр.
Кәсіби бағдарланудың қажеттілігі әрбір адам тап келетін - өмірлік жолын таңдау және кәсібін анықтаудағы мәселелер, төтенше өзекті мәселелермен шарттастырылған. Кәсіби бағдарланудың француз психологы А.Леон диагностикалық және тәрбиелік деп атаған екі тұжырымдамасы тарихи қалыптасқан. Бірінші – диагностикалық - жеке тұлғаның кәсіби жарамдылығын анықтауға таңдау жүргізеді. Кеңесші тест көмегімен адамның қабілеттілігін өлшейді және кәсіпке қойылатын талаптармен оларды жинастыру жолымен оның аталмыш кәсіпке жарамдылығы немесе жарамсыздығы туралы қорытынды жасайды.
Көптеген ғалымдар кәсіби бағдарланудың осы тұжырымдамасын механистикалық деп бағаланады. Оның негізінде ортаның ықпалы шамалы, тұрақты білім сияқты қабілеттілік көзқарасы жатыр. Аталмыш тұжырымдаманың шеңберінде субьектіні енжарлық маңызға әкеп соғады.
Екінші – тәрбиелік – жеке тұлғаның тәрбиенің ықпалымен жоспарланумен және өзінің анықтағанының сәйкестігінде кәсіби өмірге дайындығына бағытталынған тұжырымдама. Негізгі маңызы әр түрлі әрекетті меңгеру барасында тұлғалық дамуды үйрету. Алайда, мұнда субьектінің тұлғалық белсенділігі, өзінің таңдау мүмкіншілігі, өзін-өзі тәрбиелеу және дамыту толығымен бағаланылмайды. Сондықтан отандық психологияда осы мәселелерді шешу кешенді жүріліп жатыр. Кәсіби бағдарланудың бұл мәселелерін шешу екі тәселдеме де: жеке тұлғаның қабілетін анықтау және оған келешек мамандығының дайындығына көмек, тізбекті қатар ұсынғанда ғана мүмкін деп есептейді.
Е.А.Климов мамандыққа талап пен қабілеттің сәйкестігін қарастыра отырып, кәсіби жарамдылықтың төрт түрлі дәрежесін бөліп көрсетті. Бірінші – аталмыш кәсіпке жарамсыздығы. Ол уақытша немесе нақтылы жеңе алмайтын болуы мүмкін. Екінші - қандай да бір кәсіпке немесе солардың тобына жарамдылығы. Ол адам еңбектің қандай да бір саласы қатысына қарама қайшылығы болмауымен сипатталынады, бірақ көрсеткіші де болмайды. Үшінші - әрекеттіәң сол саласына сәйкестігі: қарама қайшылығы жоқ және белгіл бір кәсіпке немесе кәсіп тобының талаптарына анық сәйкес келтін кейбір жеке қасиеттері болады. Төртінші – аталмыш әрекеттің кәсіби саласына әуестенген. Бұл адамның кәсіби жарамдылығының жоғары деңгейі.
Климов кәсіби бағдарлануы жұмыстары бойынша кәсіптерді жіктеу сауалнама түрінде әзірленіп, іске асырылған. Осы жіктелімнің негізінде кәсіптің адамға ұсынатын талаптарының ережелері болған. Мысалы, “адам – адам”, “адам – табиғат” және т.б. өзара қатынасты жүйелер сияқты әрекеттің барлық түрін бөліп қарауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет