Мән-мағыналарды түсiну үшiн ойлау құбылысы мен ұштастыру;
Қабылдаған нәрселердi өз сөзiмен құрастыру және өз ұғымдарыменен байланыстыру;
Сапалы түрде қайталау. Мысалы, керектi мәлiметтi жаттағаннан кейiн, сақтау үшiн 40 минуттан кейiн тағы қайталау керек. Өйiткенi бiр сағаттан кейiн есте оқылған мәлiметтiң 50% ғана қалады екен. Содан, бiрiншi күнi 2-3 рет, екiншi күнi 1-2 рет, 3-7 күннен кейiн бiр рет қайталаса, бiрiншi күнi 100 рет қайталағаннан да артық болады екен.
Мұндай талаптарды орындау адамның есте сақтауын дамытып отыруына ықпалын көрсетедi. Психологияда естi дамытуға арналған жаттау тәсiлдерiн – мнемоника немесе мнемотехникалар деп атайды. Солардың кейбiреулерi тақырыптың соңында берiледi.
Есте сақтаудың ерекшелiктерi болады. Психологтардың зерттеулерi бойынша мәлiметтiң басындағысы мен аяқталғандағысы есте жақсы сақталады екен. Сол үшiн маңызды және керектi нәрселердi жақсы есте қалдыру үшiн, мысалы, баяндаманың басына немесе соңына қою керек.
өзақ мерзiмдi есте сақталған мәлiметтердi қайта санаға келтiрудi қайта жаңғырту дейдi. Ол ерiктi және ерiксiз бола алады. Ерiксiз қайта жаңғырту дегенiмiз – мақсатсыз өзiмен өзi есiне түсұдi айтады. Арнайы қайта жаңғыртуда белгiлi мақсат болады және ерiк-күш жұмсалынып, арнайы әдiс-тәсiлдер қолданады. Қайта жаңғыртудың iшiнде тануды мен есте қайта елестетудi ажыратады.