Осылайша, шығу тегi мен пайда болуы (генезi) бойынша ойлау келесi түрлерге жiктеледi: Көрнекi-әрекеттiк ойлау -мәселенi шешу жағдаятын шынайы түрлендiретiн бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы iске асатын ойлау түрi.
Көрнекi-бейнелiк (бейнелiк) ойлау – жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетiн ойлау түрi.
Сөздiк-логикалық (пайымдаушы) ойлау –тiлдiң және тiлдiк құралдардың көмегiмен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайдаланумен сипатталатын ойлаудың негiзгi түрлерiнiң бiрi.
Сонымен қатар, психологияда ойлаудың қос классификациясы да танымал.
Мәселенiң түрiне байланысты: