2. Негізгі зерттеу әдістері.
Ұйымдастыру әдістері кӛбіне жас ерекшеліктер психологиясында қолданылады. Психологияның осы жүйесінің азды-кӛпті ӛзіндік ерекшеліктері бар. 1)салыстырмалы әдіс.Әр жастағы баланың психикасын зерттеп, әр жас туралы табылған мағлұматтар статистикалық жолмен салыстырылады.
Салыстыру жолының мұндай түрін «кесінді» тәсіл деп аталады. Себебі салыстыру кезінде бала психикасы үздіксіз зерттелінбейді, оның әр жастағы психикасын тиіп-қашып зерттейді.
Зерттеудің келесі жолы генетикалық жол. Бұнда баланың бір қасиетін алады да, соны ұзақ уақыт(1 жыл немесе 3 жыл, одан да кӛп жылдар зерттейді). Осы әдісті лонгитюдтік әдіс те атайды. Зерттеудің бұл жолы тым сирек кездеседі. Себебі бір немесе бір топ баланы (10, 20, 30) үздіксіз зерттеу қиын. Психикалық дамуды кӛлденең немесе кескінді зерттеулердің мәні мынада: дамудың ерекшеліктері туралы қорытындылар, әр түрлі жастағы, әр түрлі даму деңгейіндегі, әр түрлі тұлғалық ерекшеліктері, клиникалық реакциялары және т.б. бар, салыстырмалы балалар топтарының бірдей сипаттамаларын зерттеулер негізінде жажүйесіды. Бұл әдістің негізгі ерекшелігі: зерттеудің салыстырмалы жылдамдығы - қысқа уақыт ішінде нәтижелерге жету мүмкіндігі.
Салыстырмалық әдістің мәні: даму барысындағы жекелеген психологиялық актілер мен мінез-құлық механизмдерін қарастырып, басқа ағзадағы ұқсас құбылыстармен салыстыру. Бұл әдіс зоопсихология мен балалар психологиясында кең таралған.
Эмпирикалық әдістер. Бұл әдістер тобы негізгі әдістер болып саналады.
Байқау әдісі.
Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінүшінің мимикасын (бет құбылысын), сӛз реакцияларын, түрлі қимыл-қозғалыстарын, мінез-құлқының жекелеген жақтарын байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері мен темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сӛйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сӛздері мен сӛйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде қарапайым аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелетін объектіні суретке түсіру үшін - фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сӛз тіркестерін жазып алып, кейін оны қайтадан жанғырту үшін магнитофон, диктофон т.б. пайдаланылады.
Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:
Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің ӛзі бірнеше рет қайталанып зерттелуін қамтамасыз ету;
Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелінүшінің сӛз реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқият талдау жасау; мұндағы басты фактілерді іріктеп алу - осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.
Сан рет жүргізілген байқаудың нәтижесіне байланысты (егер байқауға студент алынған болса) ұстазбен бірлесе отырып, студенттің оқу әрекетін одан ары жаксарту үшін нақтылы шаралар белгіленеді.
Бұл әдіс адамдардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде жиі қолданылады. Байқау әдісінің кейбір кемшілікгері де бар. Біріншіден, зерттеуші мұнда ӛзіне керек құбылыстарды әп сәтте зерттей алмайды да, кӛп уақыт жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. Бұл әртүрлі кездейсоқ объективтік жағдай(байқауға алынған оқушының сабаққа келмей қалуы) субьективтік жағдай (бақылаудың қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің жоқтығы т.б.) себептердің кездесетіндігіне байланысты. Мысалы: Біз екі баланың ойынын байқайтын болсақ, күнде сол балалар ойнайтын жерге берып, олардың ойындарын байқап, мұны қағаздарға жазып отырамыз. Олардың ойнайтын, әрекет ететін жағдайлары қандай болса, бізде сол жағдайларға байқау жүргіземіз. Егер сол балалар күндегі ойнайтын жеріне, күнде келіп тұрмай, бірінші күні бір жерде басқа күнде басқа жерге баратын болса, байқауды жүргізу үшін бізде олардың артынан баруымыз керек, күнде ойнайтын балалардың саны да ӛзгеріп отыруы мүмкін.Осы айтылғандарға қарай бұл әдістің ғылыми деректері кейде кӛмірек болады.
Байқауды жүргізіп болған соң, байқаушы толық психологиялық анализ жасап, байқаудың қорытындысын шығарады, бірақ бұл қорытындыға ӛзіндік пікірін қоспай, байқалған әрекеттердің қорытындысын объективтік түрде шығарғаны жӛн. Міне, осы айтылған шарттарды орындағанда ғана объективтік байқау әдісі ғылыми әдіс бола алады. Байқау әдісінің бірнеше кемшіліктері бар:
Байқаушы адам оны ӛне бойы белсенсіз болады, ӛздігінен байқауды ұйымдастыра алмайды. Байқалатын адамдардың әрекеттеріне қатысып, оларды ӛзгерте алмайды. Байқаушы кӛбінесе байқалатын адамның ықпалында болып, ол қандай әрекет істесе соны ғана байқап, жазып отырады;
Байқау жүргізгенде, әр уақытта байқалатын жағдай бір қалыпта болып келе бермейді. Сол себептен байқаудың нәтижесі әр уақытта әр түрлі болып шығуы мүмкін. Қорытып айтқанда, объективтік байқауды жүргізгенде жағдай бір қалыпты болмайды, сондықтан байқау нәтижесін де бірыңғай толық түрде объективтік болып шықпайды;
Байқаудың нәтижесін қорытқанда, байқаушы адам қорытындыға ӛінің жеке субъективтік пікірлерін қосып жіберуі мүмкін. Байқау жӛнді болу үшін, объективтік байқау жүргізгенде осы кемшіліктерді еске алып, бұлардың басқа әдістер арқылы жойып, объективтік байқау әдісі арқылы алынатын материалдардың кемшіліктерін толықтырып отыру қажет.
Байқау әдісіне қарағанда психикалық құбылыстарды эксперименттік әдіспен зерттеудің біраз артықшылықтары бар. И.П.Павлов: "Байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды, ал тәжірибе табиғаттан ӛзінің тілегенін алады",- деп тегін айтпаған.
Достарыңызбен бөлісу: |