1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы


Түйсіктердің  өзара  әсері  (Сенсибилизация)



Pdf көрінісі
бет62/129
Дата10.12.2021
өлшемі1,05 Mb.
#78688
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   129
Түйсіктердің  өзара  әсері  (Сенсибилизация).
  Егер  адаптация  құбылысы 
талдағыштар  сезгіштігінің  түрлі  жағдайларға  орай  бәсеңдеуінің  кӛрсеткіші 
болса,  ал 
сенсибилизация
  -  сезгіштіктің  тек  артуын  ғана  кӛрсететін  құбылыс. 
Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. 
Әлсіз тітіркендіргіштер ӛзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің 
сезгіштігін  арттырады.  Сыныпта  температуралық  режим,  таза  ауа,  тәртіп 
болуын  қадағалай  отырып,  мұғалім  осы  шаралардың  гигиеналық  және 
педагогикалық  жағын  ғана  емес,  сол  шаралардың  оқушылардың  сезіштік 
денгейіне қандай әсері болатынын да есінде сақтауы қажет. 
Мысалы, кӛзге түскен жарық мӛлшері оның кӛру қабілетімен қатар, есту 
түйсігінің  де  сезімталдығын  арттыруға  себеп  болады.  Әдетте,  қызыл  түс 
адамның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына кӛмектеседі. Ұшқыштардың түнгі 
ұшуға  даярлану  кезінде  кӛздеріне  20-30  минут  бойы  қызыл  кӛзілдірік 
киетіндері  осыған  байланысты.  Психологиялық  зерттеулердің  кӛпшілігінде 
адамның таза ауада жиі демалуы, жеңіл-желпі дене қимылдарын жасауы, беті-
қолын салқын сумен сүртінуі кӛру сезгіштігін арттыратындығы анықталған. 
Сыртқы дүниенің заттары бір ғана анализатормен түйсінілмейді. Бір сезім 
мүшесіне түскен әсер қалған сезім мүшелеріне де әсер етеді. Түйсіктердің  бір-
бірімен  байланысқа  түсуі  сыртқы  дүниенің    құбылыстарын  толығырақ 
түйсінуге  жағдай  жасайды.  Болар-болмас  дәм  түйсігі  (қышқыл  нәрсе)  кӛру 
сезгіштігін  арттырады,  тұз  ерітіндісін  ішкеннен  кейін  таза  судың  ӛзі  тәтті 
болып  кӛрінеді.  Осындай  ӛзара  байланыс  кӛру,  сипай  сезу,  қозғалыс 
түйсіктерінде де кӛп байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет