1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет74/129
Дата10.12.2021
өлшемі1,05 Mb.
#78688
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   129
11 дәріс: Ес  және елестер 
Жоспар: 
1.
 
Ес туралы ұғым 
2.
 
Ес  туралы теориялар 
3.
 
Естің түрлері 
4.
 
Естің процестері 
5.
 
Естің дара және типтік ерекшеліктері 
6.
 
Елестер және оның түрлері 
 
 1. Ес туралы ұғым.  
Адамның  қабылдағандары  ізсіз  жоғалып  кетпейді.  Үлкен  ми  сыңарлары 
қыртысында  қозу  процесінен  іздер    сақталып  қалады.  Бұл  іздер  қозуды 
туғызған тітіркендіргіштер жоқ кезінде де қозудың тууына мүмкіндік жасайды. 
Соның    негізінде  адам  есте  тұтып  және  сақтай  алады,  ал  кейін  жоқ  нәрсені 
бейнелендіреді немесе бұрын игерілген білімін қайта жаңғырта алады.Сонымен 
е
с  дегеніміз  сыртқы  дүние  заттары  мен  құбылыстарының  адам  миында 
сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. 
Ес – күрделі психикалық процесс. Ол айналамыздағы бізге әсер етуші дүниені, 
ондаған заттар мен құбылыстарды нервмізде сәулелендірудің айрықша бір түрі.  
Ӛмірге  келген  күннен  бастап  әрбір  адамның  бойына  біткен  кӛптеген 
қабілеттердің ішіндегі ең маңыздыларының бірі – қажет кезінде алған әсерлерін 
есте  сақтау  мен      қайтадан      айтып  бере  алу  мүмкіндігі  болып  табылады.  Бұл 
қабілет  есте  сақтаудың  қызметін  құрайды.  Есте  сақтау,  қабілетінен,  айрылған 
адамның  кім  болып  шығатынын  білу  үшін,  есте  сақтаудың  орасан  зор, 
ешнәрсемен  салыстыруға  болмайтын  мәнін  елестетсек  те  жеткілікті.  Себебі 
есте сақтау қабілеті жоқ адам (мұндай жайлар кездеседі, бірақ олар аурулар деп 
есептелінеді)  ӛзіне  басқа  адамдар  арқылы  берілген,  кітаптарда,  ӛнер  мен 
мәдениет  туындыларында  жинақталған  қоғамдық  тәжірибені  игере  алмаған 
болар  еді.  Ӛл  ӛзінің  жеке  тәжірибесін  де  жинақтай  алмас  еді.  Ол  әрбір  жаңа 
күнді  «ақ  қағаздай»  мӛлдір  жанымен      қарсы  алған  болар  еді.  Ол  ешнәрсеге 
үйрене  де,  ешнәрсені  игере  де  алмаған  болар  еді.  Ол  күнделікті  кездесетін 
заттарды, айтылған сӛздерді, табиғат  құбылыстарын, жаңа туған  нәрестеге тән 
бейқамдықпен,  ешқандай  әсерленіп,  ойланбастан  қабылдап,  оларға  кӛңіл 
қоймаған болар еді. Ойда сақтап қалудың, қабылданған материалды сақтау мен 
қайтадан калыбына келтіру процестері есте   сақтап қалу процесінің үш бӛлімін 
құрайды.  Адамның  есінде  нені  және  қалай  сақтап  қалуы  мен  нені
 
айтып  бере 
алуы  нені  және  қалай
 
есте  ұстап  қалуына  байланысты  болғандықтан,  бұл 
бӛлімдер ӛзара байланысты және ӛзара шарттас болады.  


 
Адам  ӛмірінде  естің  маңызы  орасан  зор,  ӛйткені  онсыз  ешбір  іс-әрекет 
болмаған  болар  еді.  И.  М.  Сеченов  ес  болмаса,  біздің  түйсіктеріміз  бен 
қабылдауларымыз  пайда  болған  бетте  ізсіз  жоғалып,  адам  мәңгі  бақи  жас 
нәресте қалпында қалар еді деп кӛрсетті. Ес  болмаса, адам кім болар еді? Онда 
адам  оқи  да,  еңбек  те  ете  алмай,  тіпті  қарапайым  дағдылардың  ӛзін  игеруге 
шамасы  келмес  еді.  Қейбір  психикалық  ауруларға  ұшырағанда  естің  терең 
зақымдануы  байқалады.  Мұндай  аурулылар  ӛздерінің  қай  жерде  тұрғанын 
есінде сақтай алмайды,  немен шұғылданғанын білмейді, олар кітап бетін оның 
мазмұнын есте қалдырмастан қайта-қайта оқи береді.  
Есте  сақтаудың  табиғаты  мен  механизмін  білуге  құштарлық  ӛте  ерте 
кезде  пайда  болған.  Ежелгі  Грецияның  біздің  эрамыздан  4  ғасыр  бұрын  ӛмір   
сүрген  ұлы        философы  –  Аристотель    есту  жұмысы  туралы  арнайы  еңбек 
жазған болатын. Осыдан бері ғалымдар адамның осы бір таңғажайып қабілетін 
түсіндіруге  сан  рет  ат  салысты.  Алайда  оны  нағыз  ғылыми  тұрғыдан   
түсіндірудің  мүмкіндігі      басқа  -  ғылымдардың,  атап  айтқанда,  жоғары  нерв 
қызметі  физиологиясының  –  адам    миы
 
мен  оның  қызметі  туралы  ілімінің 
дамуына  байланысты  туды.  Бірақ  біз  жауап  бере  алмайтын  сұрақтар  күні 
бүгінге дейін кӛп.  
И.П.Павловтың  адамдар  мен  жануарлардың  ми  қыртысында    уақытша  
нерв байланыстарының – ассоциациялардың пайда болу заңдары   туралы  ілімі 
биология  ғылымының,  атап  айтқанда,  жоғары  нерв  жүйесінің    қызметінің   
физиологиясының аса маңызды табысы болды.  
Естің  негізінде  ассоциациялар  немесе  байланыстар  жатады.  Ақиқат 
дүниедегі  бір-бірімен  байланысты  зат  немесе  құбылыстар  адамның  есінде  де 
байланысып сақталады. Бір нәрсені еске сақтау  - оны байланыстыру деген сӛз. 
Ес  процесінің  негізі  болып  табылатын  байланыстарды  психологияда   
ассоциация 
деп атайды, бірнеше объектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін 
елестетесек    не  ойласақ  бұлардың  арасында  байланыс  пайда  болады.  Кейін 
объектінің  біреуін  ғана  елестетсек  миымызда  оның  қалған  бӛлегін  тудыруға 
себеп болады.     
Ассоциациялардың   
іргелестік,
 
ұқсастық
  және 
қарама-қарсылық 
деген  
үш түрі  бар. 
1)  Іргелестік  ассоциациясы  бойынша  бір  зат  жӛніндегі  елес  ӛзімен  бірге 
оған  қатысы  бар  екінші  затты  қоса  туғызады.  Мәселен,  Республика  алаңы 
Желтоқсан оқиғасын  қоса туғызады.  
2)Ұқсастық  жӛніндегі  ассоциация  ұқсас  сипатты  екі  құбылысты 
біріктіреді,  оның  біреуінің  аталуы  екіншісін  еске  түсіреді.  Мысалы,  мұғалім 
география  сабағында  оқушыларды  Австралия  порттарының  аттарымен 
таныстырып  тұрып  олардың  біреуінің  аты  Аделаида  деген  әйел  атына  ұқсас 
екенін  айтады,  сӛйтіп  есте  сақтауды  жеңілдететін  ұқсастық  ассоциациясын 
жасайды. 
3)Қарама-қарсылық 
ассоциациясы 
қарама-қарсы 
екі 
құбылысты 
байланыстырады.  Мәселен,  шӛлейт  аймақ  ерекшелігі  орманды  аймақпен 
қарама-қарсылықта 
есте 
қалады. 
Сол 
сияқты 
қарама-қарсылық 
ассоциациясында  бір  зат  туралы  елес  оған  қарама-қарсы  екінші  затты  не 


 
құбылысты  еске  түсіреді.  (Ақ  пен  қара,  биік  пен  аласа,  айқай-шу  мен  тым-
тырыс т. б.).  
Атақты  физиолог  ғалым  И.П.  Павлов  ассоциацияларды  шартты 
рефлекстер  теориясымен  түсіндіріп,  ми  қабығындағы  екі  қозу  үрдісінің 
қабаттасып  келуінен  пайда  болып,  сан  рет  қайталау  нәтижесінде  бекіп 
отыратын уақытша байланыстар деп анықтады. Бұл ілім – естің физиологиялық 
теориясы деп аталады. Осы теорияға естің физикалық теориясы да жатады. Ол 
бойынша  нервлік  серпілістер  нейрон  арқылы  ӛткенде  ӛзінің  ізін  қалдырады. 
Бұл  нейрондық  модель  теориясы  деп  аталады.  Қазіргі  кезеңдегі 
нейропсихологиялық  зерттеулер  нейрондар  мен  молекулдық  дәрежедегі  нерв 
қызметінің  механизмдерінде  естің  сақталуы  мен  беку  жағдайына  терең  мән 
беруде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет