Коррекциялық әдістер.
Қазіргі кезеңдегі психология әр түрлі жолдар
арқылы адамның практикалық әрекетіне ықпал етеді. Психологиялық кӛмек,
обьективтілік бар жағдайда ғана емеc, сондай-ақ субъективтілік сәтсіздіктерді
уайымдау жағдайларыида да кӛбірек кӛрсетіледі және тиімді болады.
Мұндай жағдайларда, психологиялық кӛмек қандай түрде жасалса да, ол
жалпы сипатымен - ӛз бағытының жекелігімен ерекшеленеді және кӛмек
сұраушының тұлғасына - оның сезіміне, уайымына, кӛзқарасына, әлем
кӛрінісіне, айналасындағылармен қарым-қатынасының құрылымына терең
үңілуіне негізделеді. Бұл үңілу, арнайы психодиагностикалық әдістерді қажет
етеді. Алайда, психодиагностика ӛздігінен мағынасыз, оның мәліметтері
баланың ӛміріне немесе дамуына ыңғайлы жағдайлар жасау үшін, психологқа
тұтынушымен немесе баламен ары қарайғы жұмыс бағдарламасын анықтауға
мүмкіндік беру үшін қажет. Осы жерде психолог жұмысының коррекциялық
әдістері туралы айту керек.
Аутотренинг.
Аутогендік жаттығулар әдісінің пайда болуы және енгізілуі
неміс психотерапевті И.Г. Шульцтің атымен байланысты. Аутогендік жаттығу -
психогигиена мен психопрофилактиканың, сондай-ақ тӛтенше жағдайдағы адам
күйін басқарудың әрекетті амалы. Бұл әдістің танымалдылығы ӛмір
жылдамдылығына, адамның нерв жүйесіне түсетін жүктеулердің артуына
байланысты болады.
Аутогендік жаттығуларда нерв жүйесінің жағдайына ықпал етудің үш
негізгі жолы қолданылатыны жайлы белгілі психотерапевт Л.Л. Примак жазды.
Бірінші жол қаңқаның бұлшық еттері мен демалу тонусының орталық нерв
жүйесіне әсер ету ерекшеліктерімен байланысты. Нерв жүйесі мен тонус
арасындағы байланыс бұлшық еттердің тонусын саналы ӛзгерту арқылы
психикалық белсенділік деңгейіне ықпал етуіне мүмкіндік береді. Адамның
сергектік күйі әрқашанда бұлшық еттің жоғары тонусын қалыпты түрде ұстап
тұруымен байланысты болады. Әрекеттің күшеюіне байланысты тонус та
кӛтеріледі. Бұл маңызды физиологиялық заңдылық аутогендік жаттығулардың
барлық жүйесінің негізіне жатады. Аутотренингті меңгеру үшін дененің
бұлшық еттерін толық босатуды алдын ала үйрену керек.
Нерв жүйесіне ықпал етудің екінші жолы сезім бейнелері мен елестетуді
пайдаланумен байланысты болады. Сезім бейнесі - бұл адам денсаулығы мен
психикалық күйіне ықпал етуші белсенді құрал.
Ағзаның психофизиологиялық функцияларына ықпал етудің үшінші
жолы айтылып қана қоймай, сондай-ақ ойдағы сӛздің реттеуші және
бағдарламалаушы рӛлімен байланысты болады. Ішкі сӛздің бұл қасиеті
жаттығулардың тиімділігін арттыру, жарыс кезінде ішкі резервтерді жинақтау
үшін спортта ертеден қолданылады.
Қиын жағдай туған кезде, ауытқыған функциялардың орнын толықтыру
үшін, нерв жүйесі тұрақты адам ағзасы бұл резервтерді ӛздігінен белсенді
қозғалтады. Алайда, кӛптеген жағдайларда бұл болмайды, ӛйткені адам ӛзінің
нерв жүйесінің зор мүмкіншіліктерін білмейді. Аутотренинг жаттығулары
адамның резервтік мүмкіншіліктерініи ӛсуіне ықпал етіп қана қоймай, сонымен
қатар мидың бағдарланалаушы механизмдерінің қызметін тұрақты
жетілдіріп отырады.
Топтық тренинг.
Топтық немесе басқаша айтқанда, әлеуметтік
психологиялық тренинг ретінде қарым-қатынас жүйесіндағы білім беpy және
іскерлікке үйретудің ӛзіндік түрлерін, сондай-ақ оларға сәйкес коррекция
түрлерін түсінуге болады. Топтық тренинг амалдарымен шешілетін
мәселелелер шеңбері кең әрі алуан түрлі, сондықтан тренинг түрлері де әр түрлі
болады. Әлеуметтік психологиялық тренингтің барлық түрлерін екі үлкен топқа
бӛлуге болады:
- әлеуметтік икемділікті дамытуға бағытталған (мәселелен, пікір сайысын
жүргізе білу, тұлғааралық дау-дамайларды шешу);
- қарым-қатынас жасау жағдайын талдау тәжірибесін тереңдетуге
мақсатталған.
Әлеуметтік психологиялық тренинг әдістері екі үлкен салаға бӛлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |